Арнайы оқыту процесінің ерекшеліктері

Дамуында кемістігі бар балаларды оқыту мәселесі көптеген ғалымдар зерттеген (А.Басова, Т.А.Власова, В.В.Воронкова, А.П.Гозова, И.С.Грошенков, А.И.Дьячков, И.Г.Еременко, А.П.Ермаков, С.А.Зыков, Т.С.Зыкова, В.Г.Петрова, Т.В.Розанова, И.М.Соловьев, Ж:И.Шиы и др)

Қазіргі арнайы педагогика оқытуды адамның танымдық іс – әрекетінің түрі ретінде сипаттайды. Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық – тарихи тәжірибесімен танысады, зерттейді, қоршаған әлем құбылыстармен танысады. Оқу іс – әрекетіне байланысты оның бойында білік пен дағдылар қалыптасады. Оның ми шындықтың зерттейтін обьектілерін бейнелейді. Сондықтан оқыту процесі оқушының қоршаған әлемді тану процесі болып табылады. Бірақ адам қоршаған әлемді «іс – әрекеттің басқа түрлерінде, мысалы, еңбек, ойын, көркем, бейнелеу, ән – күй эстетикалық, тағыда басқа іс – әрекет арқылы таниды ».

Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар. Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтардың нәтижесінде пайда болған танымдық іс – әрекеттердің түрлері мен формаларында. Екіншісі, адамның қалыптасқан іс – әрекеттердің түрін, құрылымын, механизмінөзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады.

Оқыту арнайы ұйымдастырылған іс – әрекеті ретінде биологиялық, психологиялық, әлеуметтік және басқа да заңдылықтардың негізінде қалыптасқан және дамудың қарқынын үдетеді.

Оқыту процесінің құрылымы таным процесінің негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді:

- Сезіммен қабылдау

- Абстрактілі ойлау

- Тәжірибе

Оқытуда келесі құрылым бөлімдерді ажыратуға болады: оқу материалын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау, әрқайсысы бір – бірімен тығыз байланыста келеді.

Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын бағалау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау, біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдыңғы меңгерілген білімге негізделеді. Сонымен, қабылдау бір мезетте нақтылы танымдық процестің бастамасы және таным арқылы меңгергеннің қорытындысы.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері: баяулығы, аз көлемі, шартыкештігі, шынайлықтан шеттеу немесе бұрмалап қабылдауы. Мұндау ерекшеліктері шынайы қабылдаудың толықтылығын, нақытылығын және бабарабарлығын қамтамасыздандыруға бағытталған, арнайы құралдар мен тәсілдерді пайдаланудың қажеттілігін анықтайды, нақты:

- Күрделі оқу материалы бөлімдерге жіктеледі

- Оқыту үрдісі баяу өтеді

- Оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасалады

- Оқушының өзінің қабылдау нәтижесін тадауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді

- Сақталған, сау анализаторларға сүйену қажеттілігі

Оқу материалын саналы меңгеру – бұл күрделі процесс, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын енгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқындалған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Саналы түсінуге (талдау, жинақтау, қорытындылау) қажетті ойлау операциялары толық жетілмеген. Сонымен қатар, заттар туралы ұғым түсініктері, сол заттарды тікелей қабылдау барысында немесе олармен әрекет жасауда туындайды. Сондықтан да, аталмыш балаларды оқытуда білім, икемділік және дағдының жинақталуы маңызды орын алады.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы меңгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететін арнайы құралдар пайдалану болып табылады.

Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдың бірі.

Бекіту – меңгерілген білім мен икемді мақсатты түрде пайдалану. Білім мен икемді біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Икем дегеніміз – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік түрлі дәрежеде көрінеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемдігігі де артық болады. Икемділік белгілі бір дағдылар дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі облып табылады. Икемділік білімнің амалға айналуы, сол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Жас баланың дағылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу арқылы бала түрлі тұрмыстық дағдыларға (беттті, қолды жуу, мегіліен ұйықтау, ояну, тамағын ішу, ойлау т,б,) машықтанады.

Бекіту есте сақтау негізінде жүреді. Бала меңгергенін есте сақтай алмаса, қабылдағанын сезіне алмайды. Дамуында кемістігі бар балалардың қайта жаңғыртуында бұрын меңгерген білімі сақталмауы мүмкін. Бұл жартыкеш, жүйесіз, жеткіліксіз түйсіну, механикалық меңгеруге әкеліп соғады. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктелген болуы тиіс.

Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсініксіздік қалуын және барлық жүйеден бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс.

Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате меңгерілген білімді және әрекет тәсілдерін қайта құру жүзеге асырылады.

Білім икемділікті қолданудағы ерекшелік олар арасындағы бірлестіктің қалыптаспауы. Дағды, білім және икемділік бір – бірімен тығыз байланысты. Алғашқы саналы орындауды қажет ететін іс – әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде машықтануын дағды деп атайды. Дағдылануда іс – әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері, (құрамдас) ғана машықтанады. Ал арнайы мектепте білім, икемділік меңгерумен дағдыларды қалыптастырудағы қиындық көптеген жағдайда балалар дамуындағы кемістіктерге тәуелді. Бұл жерде арнайы шараларды қолдану қажет, білімді меңгеру мен тәжірибеде қолданудың бірлігін сақтау (негізінде практикалық тапсырмалар арқылы жүзеге асады), оқытудың өмірмен, тәжірибелік іс –әрекетпен байланысын қамтамасыз ету, меңгерген білімді іс тәжірибеде пайдалану үшін әрекет маңызды. Осыған байланысты, арнайы мектептерде білімді қайта жаңғыртуға және білім мен практикалық әрекет арасындағы байланысты анықтауға бағытталған түзтеу құралдары мен тәсілдерін пайдаланылады.

Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектепте сияқты заңдылықтар негізінде өтеді. Бірақта оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді.

Біріншіден оқытудың барлық кезеңдерінде затты – көрнекі бағытында әрекет жасау.

Екіншіден танымдық әрекетке аранйы педагог тарапынан басшылық ету талабы маңызды, өйткені балалар мұғалімнің көмегін үнемі қажет етеді. Бірақ балалар өз танымдық әрекетін ұйымдастырып үйренген соң, мұғалімнің тікелей көмегін біртіндеп көлемін азайтып қажетсінеді. Мұғалім көмегі жалпылама түрде ғана көрсетіліп отырады. Оқушылар берілген нұсқаулар бойынша тапсырмаларды өз бетінше мұғалімнің басшылығымен орындауға үйренеді.

Үшіншіден, оқытудың репродуктивті, қайта жаңғырту түрі басымболған жағдайда арнайы мектеп оқушылары оку материалын дұрыс, саналы қабылдап, меңгеру үшін оқытылған материалды бірнеше рет қайталау тәсілі

жиі пайдаланылады.

Төртіншіден, оқу үрдісіне оқушыларды белсенді қатысуға ынталанлыру қажет. Бұл үшін оқу процесін белсендіретін түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану қажет, көрнекі құралдар, арнайы техникалық оқыту құралдар т.б.

Бесіншіден, оқытудың терең жеке дараланған сипаты. Бұл ерекшелік оқушылардың танымдық ерекшеліктерінен туындаған. Ал ол болса, арнайы мектептің негізгі бағытын жүзеге асыруды талап тетеді ол оқушыларды түзету – дамыту.

Оқыту оқушының өзін қоршаған әлемнің танылған заңдылықтарды тануының бір тәсілі – оларды адамның қоғамды – тарихи дамуында, оның еңбектік іс – әрекеті барысында тануға жол. Басқа тәсілі – заңдылықтарды адамның жеке дамуында тануы. Мұнда кешенді әрекет тек оқыту жағдайда болуы мүмкін. Себебі адам қоршаған заттар, құбылыстар мен оқиғалармен тек өз қатыасы арқылы алатын заңдылықтарды ғана емес, ол адамзаттың тәжірибесінде жинақталған заңдылықтарды меңгеру қажет. Баланы оқытпаса, ол өз бетімен ғылыми білім жүйесін игере алмайды.

Сонымен оқыту – бұл жеке психикалық дамуды үдету және қоршаған дүниенің танылған заңдылықтарын меңгеру мақсатында арнайы ұйымдастырылған танымдық іс - әрекет. Осы сипаттау барысында оқыту процесі тарихи дамуда өзіндік логикалық құрылымға ие болады.

Сондықтан, оқыту екі шақты сипатта жүретін мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс – әрекеті ретінде көрінеді. Арнайы метептегі мұғалім іс – әрекетіне сәйкес алға қойылған мақсаты, мазмұны мен бағдарлама негізінде жүзеге асырылады, оқу белгіленген нәтижеге айналады.

Егер оқушылар жоқ болса, мұғалімнің білім беру іс – әрекеті қажетсіз. Арнайы мектепте оқытуда оқушылардың іс – әрекетіне мұғалім белсенді қатыспаса, блалар өз бетімен білім алу мақсатын орындай аламайды. Тек мұғалімнің іс – әрекеті арқасында ғана оқушы адамзаттың қоғамдық – тарихи тәжірибесін танысуға мүмкіндік алады.

Наши рекомендации