ОрытындыдаҒы тҰжырымдарда ескер!!!

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 тарау. Бастауыш мектеп математикасын оқыту ерекшеліктері

1.1. Бастауыш сыныптарда математиканы пән ретінде оқытуды ұйымдастыру

1.2. Математиканы оқыту әдістемесі және оның мақсаттары мен міндеттері

1.3 Математиканы оқытудың ғылыми әдістері

1.4 Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар

1.5 Сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары

2 тарау. Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттырудағы инновациялық әдіс - тәсілдер

2.1. Сыни тұрғыдан ойлау – бастауыш сыныптарда математиканы оқытудағы сапалы білім негізі

2.2. Бастауыш сынып математика сабақтарын деңгейлеп оқыту

2.3. Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттыруда модульдік оқытудың элементтерін қолдану

2.4. Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттырудың әдіс тәсілдері – педагогикалық іс-әрекетте

Орытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жолдаулардың білім саласындағы қоятын мақсаттары мен талаптары ****

сабақтардың сапасын арттыпудың әдіс-тәсілдері туралы Білім туралы Заңы баптары /////

Математиканы оқытудағы негізгі білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымы негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру міндеттері жеткілікті жоғары деңгейде әлі де жеткілікті зерттелмеген деген тұжырым жасап, біз «Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттыпудың әдіс-тәсілдері» тақырыбын таңдадық.

Диплом жұмысы тақырыбының көкейкестілігі. Математиканы оқытудың білімдік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымы негіздері туралы жүйелі білімдермен және оларды толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру болып табылады. Осы тұрғыдан бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттыпудың әдіс-тәсілдерін зертеу, сонымен бірге жалпы бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесінің ғылым ретінде пайда болуы мен біртіндеп дамуын тақырыпқа байланысты оқып-үйрену өзекті.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың үдерісі.

Зерттеу пәні: Математиканы оқытудың әдіс – тәсілдері.

Зерттеудің болжамы: Математиканы оқытудағы негізгі білім беру міндеттері жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы балалардың білімін қалыптастыру және оларды белгілі бір біліктер мен дағдыларға үйрету болып табылатыны белгілі. Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін, оқыту методикасында математикалық материалды оқып үйрену белгілі бір басқышпен жүргізілуі көзделуі тиіс: жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалмен таныстыру, алған білімін білігін және дағдысын пысықтау (бекіту).

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқушыларда саналы және берік (автомат түрде) есептеу біліктілігін қалыптастыру

2. Оқушыларға үйренген білім, дағды және біліктіліктерін әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету.

3. Оқушыларда қисынды пікірлеу қабілетін қалыптастыру.

4. Оқушыларға толық, нақты, қысқа да нұсқа математикалық сөйлеуді үйрету

5. Оқушыларды еңбекке баулу, саналы тәртіптілігі, еңбекті нақтылай ұйымдастыру, пікірді қисынды бір орынға топтау және нақтылауға үйрету.

Зерттеудің негізгі көздері: Математика негіздері және математиканы бастауыш сыныптарда оқыту әдістемелері жөніндегі еңбектер және білім, білік, дағдыларды қалыптастырудың психологиялық және педагогикалық мәселелерін зерттеу нәтижелері жарияланған әдебиеттер.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, 2 тараудан және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының көкейкестілігінегізделіп,зерттеу нысаны, зерттеу пәні, зерттеудің міндеттері, және зерттеудің негізгі көздеріанықталып, диплом жұмысының құрылымысипатталады.

Бастауыш мектеп математикасын оқыту ерекшеліктері деп аталатын 1 тарауда: бастауыш сыныптарда математиканы пән ретінде оқытуды ұйымдастыру, математиканы оқыту әдістемесі және оның мақсаттары мен міндеттері, математиканы оқытудың ғылыми әдістері, қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар, сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары тақырыптары зерттеліп, баяндалады.

Бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттырудағы инновациялық әдіс - тәсілдер деп аталатын 2 тарауда:сыни тұрғыдан ойлау – бастауыш сыныптарда математиканы оқытудағы сапалы білім негізі, бастауыш сынып математика сабақтарын деңгейлеп оқыту, бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттыруда модульдік оқытудың элементтерін қолдану, бастауыш сынып математика сабақтарының сапасын арттырудың әдіс тәсілдері – педагогикалық іс-әрекетте тақырыптарының педагогикалық іс-тәжрибеде қолданылуы бақыланды, нәтижелері баяндалды.

Орытындыдыда

Қорытынды жасай отырып, деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшелігін, ұтымдылығын, тиімділігін сабақта қол жеткізген төмендегідей жетістіктермен көрсетуге болады:

ӨЗІҢ Зерттеудің міндеттері еткен пункттерлі

ОРЫТЫНДЫДАҒЫ ТҰЖЫРЫМДАРДА ЕСКЕР!!!

1. Оқушыларда саналы және берік (автомат түрде) есептеу біліктілігін қалыптастыру

2. Оқушыларға үйренген білім, дағды және біліктіліктерін әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету.

3. Оқушыларда қисынды пікірлеу қабілетін қалыптастыру.

4. Оқушыларға толық, нақты, қысқа да нұсқа математикалық сөйлеуді үйрету

5. Оқушыларды еңбекке баулу, саналы тәртіптілігі, еңбекті нақтылай ұйымдастыру, пікірді қисынды бір орынға топтау және нақтылауға үйрету

- жаңа материалды оқып-үйренуге және оқып игеруге деген оқушылардың пәнге қызығушылығы туындады;

- жаңа білімнің мазмұнын жоспарлағанда оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындау көзделді;

- оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды әртүрлі күрделілік дәрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралау ұйымдастырылды;

- білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуі ұйымдастырылды;

- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әр түрлі белсенді оқыту әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылды;

- оқушылардың білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасалды. Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену - ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.

КІРІСПЕ

«XXI» ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық»,-деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсеткеніндей ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлынғыр болары баршамызға аян. Әр бір мемлекет, әр бір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, алға қойған мақсаттарына ұмтылып тек қана еңбек етуі қажет. Қазақстан Республикасы өз бағыт-бағдарын ұстанған, өзге өркениетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналған кезде білім беру мен тәрбие үдерісін жаңаша құру, өзгеше ойлау қажеттілігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп айтылған. Білім беру мәселесі Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында және де басқа да мемлекеттік құжаттарда көтерілген. Білім беру жүйесінің приоритетті міндеттерінің бірі – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімін, ой – өрісін дамыту. Оның себебі егемендікке қол жеткізген уақытта заман сұранысына сай ұлттық рухани ерекшеліктерді ескере отырып ұлттық салт – дәстүрдің озық үлгілерін өсіп келе жатқан жас ұрпақ бойында қалыптастыру болып отыр.

Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндетпен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан – жақты жетілдіру қажеттігін алғақойып отыр. Әрине бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені білім мен тәлім тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады. Сонымен қатар еліміздің соңғы жылдар ішінде қоғамды демократияландыру және ізгілендіру саласында жүргізілген біршама реформалары, экономикалық өзгерістері, жалпы бастауыш сынып оқушылары білім беретін мектептегі оқу процесін оқушының қабілеті мен қызығушылығына сәйкес дербестендіру қажеттілігін алға қойылып отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы дидактикалық әр түрлі ұғымды, әдіс – тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс – әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау. Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, оқушыларға тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім-тәрбие беретін, яғни халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт – санасын, әдет – ғұрпы мен педагогикасын зерделеп, оқушылардың ой – өрісін, қабілетін жан – жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді. Осылайша мемлекеттің болашағы тек білгір маман иесі мен болашағы зор жастардың қолында, ал жастар биік белестерден көрінуі үшін тынымсыз білім алулары ал мұғалім білім қорын тереңдету керек.

Бүгінгі таңда егеменді еліміздің білім беру саласындағы ең басты міндеті – өскелең ұрпақтың ұлттық дүниетанымын шыңдауға қызмет ететін білім беру жүйесін қалыптастыру. Өйткені, білім болашаққа қызмет етеді, білім жүйесі жоғары дәрежеде қоғамның әлеуметтік – экономикалық прогресіне ықпал етеді. Сондықтан білім беру жүйесі әрбір халықтың төл ұлттық болмысымен санасу арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Қоғамның ертеңгі болашағы – бүгінгі кішкентай бүлдіршіндерді ұлттық менталитеті бар, жаңа көзқарастағы жеке тұлға етіп тәрбиелеу қажеттігі міндетін қойып отыр. Бұл міндетті іске асыруда оқушыларға оқу-тәрбие үрдісінде бүгінгі таңда әлемде қалыптасып отырған саяси, экономикалық өзгерістерді ескере отырып, өз халқының ұлттық-мәдени тарихын, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жағдайын саналы түсінуге, олардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға ерекше назар аударылуы тиіс.

Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына берік білімді қалыптастырудың маңызы зор, қараңғыда жол сілтер жарық жұлдыз ретіндегі бағдаршы екенін жүрегімізбен сезініп қабылдау жөн. Әсіресе, мұнда бастауыш мектептің алар орны ерекше. Оның себебі, білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Баланың жеке бас қасиеттерінің, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен осы бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді бұл жастағы балалар иілгіш келеді. Осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де анағұрлым жоғары тұрмақ. Сонымен қазіргі кезде әлеуметтік экономикалық дамудың оқу тәрбие жұмысының жаңару заманында мектептің бастауыш сыныптарына тәрбие, білім беру, жеке басын дамыту, ойлау қабілетін арттыру, техникалық дамуын қалыптастыру, сабаққа деген яғни солардан математика сабағына деген қызығушылығын арттыру бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын ең маңызды талаптардың бірі болып есептелінеді.

Бастауыш сынып мұғалімнің оқушыларға математика сабағын өтудегі ең маңыздысы арифметикалық ұғымдарды оқыту болып есептелінеді. Өйткені ол бүкіл математика деп аталатын қиын да қызық ғылымның іргетас – ұғымы. Сондықтан біз диплом жұмысының тақырыбын осы өзекті мәселені зерттеу үшін «Бастауыш мектептің математика сабағында арифметикалық ұғымдарды оқыту» деп таңдадық.

Қазақстандағы белгілі ғалым-әдіскер А. Е. Әбілқасымованың ойынша: «Мектепте математиканы оқыту, кез келген басқа пәндерді оқыту сияқты, білім беру, тәрбиелік және практикалық міндеттерді шешетін болуы тиіс». Математиканы оқып үйрену процесінде оқушылар бәрінен бұрын теориялық білімдер жүйесін меңгеруі, сондай-ақ бағдарламада көрсетілген бірқатар біліктермен дағдыларды игерулері қажет. Оқыту ісі оқушылардын саналы білім алуын және де жеткілікті жоғары дәрежеде қорыта білуін қамтамасыз ететін болуы керек. Егер оқыту ісі жетілдіріліп отырса, яғни оқушылардың интеллектуалдық даму дәрежесі, олардың танымдылық қабілеті және ынтасының дамуы жеткілікті қамтамасыз етілсе, жоғарыда айтылғандарды іске асыруға мүмкіндік болады.

Математиканы оқыту ісі өз Отанын (елін) сүйетін біздің қоғамымыздың игі мақсаттарын сезіне білетін өз білімін коғамдық мұраттарды жүзеге асыру үшін сарып етуге дайын қоғам адамдарын тәрбиелеу міндетін жүзеге асыруға көмектесуі тиіс.

Бастауыш сыныптың математика сабақтарында оқушыларды дамыта отырып оқыту үшін сабақтар ұйымдастыру, оқушының таным қызығушылығын қалыптастыру үшін қызмет ететін барлық әдіс тәсілдерді қолдану арқылы математика сабағында арифметикалық ұғымдарды қалыптастыруды зерттеу диплом жұмысының мақсаты.

Сабақта әр түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырып, көрнекіліктер көмегімен білім сапасын жоғарлатып арттыру мақсаты да қойылады. Ал математиканы оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік және практикалық болып саналатындықтан, біз бұл дидактикалық мақсаттардың бастауыш сыныптарда арифметикалық ұғымдарды оқыту барысында мұғалімдердің іске асыру әдістерін оқып-үйрену Солардан ең маңызды мақсат оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетті тәрбиелеу, оқушылардың математикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету.

Зерттеудің міндеттері:

● Бастауыш сынып оқушыларын математикалық ұғым және оның мазмұны, ерекшеліктері, құрылысы мен таныстыру мәлімет беру;

● 1 сынып оқушыларын математика сабақтарында 10 көлеміндегі сандарды оқытуда цифрлардың жазылуын анықтау;

● Сандарды оқу, жазу және салыстыру сандарды нөмірлеуді үйрету оқушыларда білімді қалыптастыру;

● 1 – сынып оқушыларының таным қызығушылығын жетілдірудегі әр түрлі көрекілік материалдардың мүмкіндіктерін 10 көлеміндегі сандарға мысалды көрсетіп анықтау;

● 1 – 4 сыныптардағы арифметикалық амалдарды оқыту әдіс – тәсілдерін мысалдар арқылы көрсетіп анықтау;

Зерттеу нысаны және пәні:

Бастауыш сыныптың математика сабақтарындағы арифметикалық ұғымдарды оқыту процесі. Бастауыш сынып математика сабағында сандарды оқу жазу және салыстыру, сандарды нөмерлеуді, арифметикалық амалдардың әдіс тәсілдерін көрнекіліктер арқылы көрсету. Математика пәнінде арифметикалық амалдармен таныстыру және оларды орындау. Оқушыларда математикалық білімді қалыптастыру.

Зерттеу әдістері: Бастауыш сыныптың математика сабақтары барысымен танысу және бақылау, диплом жұмысы тақырыбы бойынша сабақ жоспарларын талдау, көрнекіліктер көмегімен оқушылардың, білім сапасын жоғарлату, дамыту әдіс – тәсілдерін практикада кезінде іске асыру.

Зертеудің дерек көздері: Бастауыш сыныптың математика оқулықтары, психологиялық - педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер, алдыңғы қатарлы мүғалімдердің іс -тәжірибелері, ізденушілік және зерттеушілік жұмыстар бойынша жарияланымдар.

Диплом жұмысының құрылысы: Кіріспеден, 2 тараудан қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі, диплом жұмысының мақсаты, зерттеудің міндеттері, зерттеу нысаны және пәні, зерттеу әдістері анықталып, зертеудің дерек көздері баяндалады.

«Математиканың бастауыш курсының мазмұны мен құрылысы» деп аталатын 1 – тарауда: математиканың бастауыш курсының ерекшеліктері, математиканың бастауыш курсын оқыту әдістері, көрнекілік және бастауыш сыныпта оның алатын орны тақырыптары қарастырылады. Ал «Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі»деп аталатын 2 – тарауда: сандарды оқу, жазу, және салыстыру сандарды нөмерлеу, 1 – 4 сыныптардағы арифмеикалық амалдарды оқыту әдіс тәсілдері зерттеледі. Қорытындыда диплом жұмысы нәтижелері тұжырымдалады және пайдаланған әдебиеттер тізімі беріледі.

Наши рекомендации