Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сынптарда пәндерді байланыстыра оқыту шығармашылық тұлғаның қалыптасуына жол ашып, білім тұжырымдамасында айтылған басты қағидалардың орындалуына игі ықпалын тигізетіні сөзсіз. Оқушылардың білім деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруде де пәнаралық байланысқа негізделген. Оқушылардың білімін тереңдете түсуде, білімін шығармашылық деңгейде көтеруде өздік жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызы үлкен.
Оқушылардың танымдық қызметін дұрыс қалыптастырудағы өз бетімен жұмыс істеу процесінің сапасын тану, алған қойған барлық міндеттердің бірі. Оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын тәрбиелеу бала мектепке келген күннен, мектепті бітіріп шыққанға дейін жүргізіліп отыратын процесс. Сондықтан да өздік жүргізілетін оқу жұмысы жеңілден ауырға қарай сатылай дамып, күрделеніп отырғаны жөн.
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады.
Өздік жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көзделеді:
1) кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру;
2) тапсырманы өзбеттерімен орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағдай жасау.
Сабақ барысында оқушылардың өздік орындайтын жұмыстардың негізгі мазмұны оқушылардың ой белсенділігін арттыру, мұғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіне басшылық керек, ал қандай бөлігіне балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды.
Өздік орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілейді, мақсатын түсіндіреді, орындалу барысын тексереді. Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жұмыс бірнеше этаптан тұратын болса, онда ол жұмыстың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.
Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмыстарының түрлері:
1.Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында берілген материалдардың тізімімен) таныстыру; оқу кітабында қандай бөлімдер бар, не туралы оқығандарыңды кітаптың мазмұнынан белгілеу берілуі мүмкін.
2. Шығарманың балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мұндайда сұрақтар қойып, сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны суреттейтін үзіндіні оқиды, мәнерлеп оқуға дағдыланды.
3. Жоспар жасау жұмысы.
4. Тапсырманы өңдеу. Жаңа сөздерді жазу, қорытынды шығару, ойдан өлең шығару және т.б.
5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару. Оқушылардың өзіндік орындайтын жұмыстарына көңіл аудару – олардың белсенділігін көтереді.
Өздік білім алу, өз білімін өзі бақылай алу қағидасы, негізінен, оқушының өзін-өзі бағалай білу шеберлігі мен өз білімін белсенді түрде толықтыру және жетілдіру қабілетін дамытуға қарай бет алады. Бұл – оқушылардың интеллектуалдық және эмоционалдық дамуын жетілдіріп, қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Өздік орындалған жұмыстың бақылауы мен тексерілуі барысында талқылаулар өткізіліп, баяндамалар тыңдалып, реферат, конспекті, түрліше сарамандық жұмыстар, тапсырмалар орындалады. Оқушылардың өздік жұмыс істеу моделін төмендегі кестеден көруге болады.
Өзіндік жұмыс істеу моделі |
Оқу мазмұны |
Ойын түрлері |
Өндіріспен байланыс |
Бақылау Тексеру |
Талдаулар Рөлдік ойындар Сарамандық Тест алу
Жаттығулар тапсырмалар Бағдарламалық
бақылаулар
Фактілер жинау Ойын жоспар Өндіріспен Ойын-әңгіме
байланыс Реферат
Бұл модельден 3 кезеңді айқын көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде ӨБЖ (өз бетімен жұмыс) оқу мазмұнымен тікелей байланыста болады.
Екінші кезеңде алған оқу мазмұнының беріктілігі принципі негізінде, оны әрі қарай жалғастыру мақсатымен ойын түрлері жүргізіледі.
Үшінші кезеңде осы дағдылардың нәтижесін өндірісте пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Соңғы бақылау-тексеру – түрліше әдістерді қолдана отырып, осы 3 кезеңнен өткен мәліметтерді талдауға, соның арқасында оқушылардың ӨБЖ орындау деңгейлеріне талдау жасалады.
Ал, енді вертикальді қарасақ, көрсетілген модельдің тағы да үш деңгейге бөлінетінін көруге болады.
1-дейгей-тұтас ӨБЖ түрі.
2-деңгей-ӨБЖ-ты жүзеге асыру формалары.
3-дейгей-ӨБЖ-ты жүзеге асыру әдістері.
Сонда ӨБЖ-тың горизонтальды және вертикальды сызықтарының түйіскен нүктесі – олардың осі болып табылады. ӨБЖ формаларының жүзеге асуы - ӨБЖ әдістерінің тиімді іріктеуіне көп байланысты десек, әдістердің өз орнын тауып қолданылуы оқушылардың ӨБЖ –тың қаншалықты жоспарлы, жүйелі ұйымдастырылып отырғандығына байланысты.
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын сабақ үстінде қалай жүзеге асыруға болады, мұны оқулық бойынша жүргізілетін жұмыстардан бастаймыз. Оқушылар білімді сабақ үстінде меңгеріп, іскерлік пен дағдыны да сабақ үстінде алуы тиіс.
Егер, сабақ үстінде олар тек әрекетсіз тыңдаушы ғана болып отырса, бұл міндет жүзеге аспай қалады.
Демек, сабақ үстінде оқушылардың өзіндік істейтін жұмысына елеулі уақыт бөлу керек. Сынып жоғарылаған сайын, сабақта оқушылардың бұл жұмысына берілетін уақытта артуы тиіс. Мұнымен бірге ол жұмыстың сапасы да жақсара білуі қажет.