Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

Балалар мүддесін көздейтін мемелекеттік саясат мақсаттары:

1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың мақсаттары:

1. балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;

2. балалар құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру;

3. бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құру;

4. балалардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани жəне имандындылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық жəне бейбітшіл сезімдерді тəрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, мемлекет халықтарының дəстүрлі, ұлттық жəне əлемдік мəдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жəрдемдесу;

5. кəмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мəдениетін қалыптастыру жөніндегі нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады;

2. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар қызметінің басым саласы болып табылады жəне:

1. баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;

2.балаларға толымды тəрбие беруді, олардың құқықтарын қорғаудыоларды қоғамда толымды өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттік қолдауға;

3. аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі əлеуметтік стандарттарды белгілеуге жəне сақтауға;

4. баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны, оған зиян келтіргені үшін лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;

5. баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттік қолдауға негізделген.

ҚР орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мəселелері жөніндегі өкілеттіктері:

1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктеріне:

1. балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың негіздерін талдап

жасау;

2. баланың құқықтары мен заңды мүдделерін, оның денсаулығы мен

имандылығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктеріне:

3. өз құзіреті шегінде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу жəне қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

4.балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі əлеуметтік стандарттарды белгілеу;

5. бюджет қаражаты жəне ҚР заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен балалар мүдделеріне мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

6. баланың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау жəне халықаралық ұйымдарда мемлекет мүддесін білдіру;

7. тəрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мəдениет, дене тəрбиесі мен спорт, əлеуметтік қызмет көрсету жəне отбасын əлеуметтік қорғау саласындағы балалар мүдделерінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс- шаралар шеңберін айқындау;

8. «Жеке кəсіпкерлік туралы» ҚР заңына сəйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тəуекел дəрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын əзірлеу жəне бекіту.

Кəмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөниндегі шаралар кешені “ювеналдық əдилет” ұғымымен қамтылады. Халықаралық тəжірбиеде, оның ішінде кəмілеттік жасқа толмағандарға қатысты əділеттік беруге байланысты БҰҰ-ның Ең аз үлгілік ережелерінде (“Пекин ережелери”) “Juvenile Justice” (ювеналдық əділет) ұғымы “кəмлеттік жасқа толмағандардың істері бойынша əділеттік” дегенді білдіреді.

Ювеналдық əділет құрудың мақсаттылығы Қазақстанның халықаралық міндеттерімен, оның ішінде республиканың БҰҰ-ның “балалар құқығы туралы” 1994 жылғы Конвенциясының бекітілуімен жəне сондай-ақ 1985 жылы БҰҰ-ның бас ассемблеясымен қабылданған, БҰҰ-ның Ең аз үлгілік ережелерімен келісілген. Бұл нормаларға сəйкес, ювеналдық юстиция- орталық буыны яғни, кəмлеттік жасқа толмағандардың істері бойынша арнайыландырылған сот - əлеуметтік қызметтермен тығыз өзара əрекетте болатын кəмелеттік жасқа толмағандардың истері бойынша əділеттіліктің ерекше жүйесі ретінде белгіленген.

Наши рекомендации