ЖШС «Астана Строй-S» жалпы мінездемесі

МАЗМҰНЫ

- Кіріспе

- Қауіпсіздік ережелері

- Практиканың негізгі бағыты

- Практиканы сапалы өткізу үшін студенттердің міндеттері

- Лауазымдық нұсқаулықтар

- ЖШС «Астана Строй-S» жалпы мінездемесі

- Құрылыс обьектісінің мінездемесі

- Істелінген жұмыстардың қысқаша мазмұны

- Қорытынды

- Қолданылған әдебиеттер

К ІРІСПЕ

Мен, Тоқташ Абдумалик Баходирұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ТПГС-21 тобының студенті, ЖШС «Астана Строй-S» мекемесінде өндірістік тәжірибеден өттім. 25.05.2015ж. және 26.06.2015ж. уақыт

аралығында ЖШС “Астана Строй-S”– нан практика өту арқылы мекеменің жұмыс жүйесімен таныстым.

Тәжірибенің басты мақсаты мамандығымызға сәйкес қосымша білім алу, яғни университет қабырғасындағы теориялық біліміміздің іс жүзінде қалай жүзеге асатынын көзімізбен көру болып табылады.

Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім.

Өндірістік тәжірибе бекітілген келісімшарт негізінде қызмет саласы бойынша әр түрлі ұйымдарда өткізіледі. Тәжірибе базалары: мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады.

Бұл өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.

Әрине, тек осындай тәжірибелер арқылы студенттер өзінің теориялық тұрғыда алған білімдерін іс жүзінде көріп біліп білімдерін одан әрі шыңдайды. Сөзсіз, ол өз кезегінде көп көмегін тигізері анық.

АУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

Халықаралық Еңбек Бюросының Әкімшілік Кеңесі Женевада шақырған және 1988 жылғы 1 маусымда өзінің жетпіс бесінші сессиясына жиналған Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы, тиісті халықаралық конвенцияларды және еңбек жөніндегі ұсынымдарды, және атап айтқанда, Құрылыстағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі 1937 жылғы Конвенция мен Ұсынымды, Құрылыс өнеркәсібінде жазатайым оқиғалардың алдын алу ісіндегі ынтымақтастық туралы 1937 жылғы Ұсынымды, Радиациядан қорғау туралы 1960 жылғы Конвенция мен Ұсынымды, Машиналарды қорғаныс құралдарымен жабдықтау туралы 1963 жылғы Конвенция мен Ұсынымды, Ең ауыр жүк туралы 1967 жылғы Конвенция мен Ұсынымды, Кәсіптік рак аурулары туралы 1974 жылғы Конвенция мен Ұсынымды, Өндірістік орта туралы (ауаның ластануы, шу және діріл) 1977 жылғы Конвенция мен Ұсынымды, Еңбек қауіпсіздігі және еңбек гигиенасы туралы 1981 жылғы Конвенция мен Ұсынымды, Еңбек гигиенасы қызметтері туралы 1985 жылғы Конвенция мен Ұсынымды, Асбесті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы 1986 жылғы Конвенция мен Ұсынымды және Өндірістік жарақаттану жағдайларындағы жәрдемақылар туралы 1964 жылғы Конвенцияға қосымшада келтірілген, 1980 жылы қайта қаралған кәсіптік аурулар тізбесін назарға ала отырып, сессияның күн тәртібінің төртінші тармағы болып табылатын, құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасы туралы бірқатар ұсыныстар қабылдауға қаулы ете отырып, бұл ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын беруді шеше отырып, осы бір мың тоғыз жүз сексен сегізінші жылғы маусым айының жиырмасы күні, Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасы туралы 1988 жылғы Конвенция деп аталуы мүмкін төмендегі Конвенцияны қабылдайды.

Практиканың негізгі бағыты:

- студенттердің университетте алған теориялық білімдерін

машықтандыру;

- практикалық қызметтің тәсілдерін үйрену, өндірістің қазіргі

заманғы техникасын және технологиясын игеру;

- еңбекті ұйымдастыру мен ғылыми– техникалық жетістіктердің жаңа

әдістерімен, ақпараттық жүйемен және компьютерлік

технологиямен танысу;

- өндірістік, монтаждық, конструкторлық-жобалау мекемелердің

құрылымдары, әртекті бөлімдердің функциялары және олардың

өзара әрекеттері туралы жалпы мағлұматты қалыптастыру,

сонымен қатар қолданыстағы инструктивті-нормативтік

құжаттармен, бақылау жүйесі және нормасымен, еңбекті қорғау

және техника қауіпсіздігі сұраныстарымен танысу;

- өндірістік кәсіпорынның экономикалық әрекеттерін оқып үйрену.

Жоғары оқу орындарында кәсіби практика оқыту процесінде алынған,

практикалық дағдысының қалыптасуын, теориялық білімді бекітуге, сонымен

қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.

Университетте ұйымдастырылатын барлық кәсіби практика түрлері және

олардың мақсатты бағыттары ҚР МЖМБС және мамандықтың ЖОЖ сәйкес

анықталады.:

- оқу-таныстыру, тілдік; педагогикалык; педагогикалық;

- өндірістік, өз кезінде технологиялық және диплом алды болып бөлінуі

мүмкін

Практиканы сапалы өткізу үшін студенттердің міндеттері:

- Практика бағдарламасымен танысу жеке тапсырмалар және қажетті

кеңестер алып практика бағдарламасын толық орындау;

- Практика базасына уақытында бару;

- Кәсіпорын жанындағы бекітілген практика жетекшісін практика

бағдарламасымен және жеке тапсырмасымен таныстырып,

практиканы бастуға рұқсат алу;

- Практика өту кезінде мекеменің ішкі тәртібін, техника қауіпсіздігі

мен еңбек корғау шарттарын қатаң сақтау;

- Мекемеден тағайындалған жетекші тапсырмаларын бұлжытпай

орындау;

- Кафедрадан алған тапсырмалар бойынша шұғыл жұмыстарға қатысу;

- Кәсіпорында орнатылған ішкі еңбек тәртібін сақтау;

- Жүйелі түрде күнделік (қосымша Б) жүргізіп, кемінде аптасына бір

рет кафедра жанынан тағайындалған практика жетекшісі мен

кәсіпорын жанынан тағайындалған практика жетекшілеріне қол

қоюға ұсыну;

- Күнделікке кәсіпорынға келу уақыты мен кету уақытын белгілеп

отыру;

- Соңғы аптасында практика өту бойынша есеп (қосымша А)жасау;

- Практика соңында кәсіпорыннан уақытша қолдануға алған

әдебиеттер, кіруге рұқсат қағазы және басқалай заттарды тапсыру;

- Практика аяқталып, университетке қайта оралғаннан кейін 2 күндік

мерзім ішінде жетекшіге барлық тапсырмаларды орындағаны

жөнінде есебін, кәсіпорыннан берілген мінездемені, күнделігін,

сонымен қоса, сауалнаманы тапсыру;

- Белгіленген уақытында практика жөніндегі есебін қорғау;

- Практика өту кезінде студент практикант есебінде саналады;

- Практика бағдарламасына сәйкес келсе кәсіпорында бос жұмыс

орыны болған жағдайында студент, магистрант жұмысқа алынады.

- Практика бағдарламасына сай емес жұмысқа студент тартуға рұқсат

етілмейді;

- Студенттер практикант есебінде жұмысқа орналасқан соң

кәсіпорында орнатылған еңбек қорғау ережесі мен ішкі тәртіп

ережелеріне бағынады;

- ЖОО жағынан студент практика өтуі КПж/еСМ департаменті,

деканаттар, кафедра меңгерушілері және тікелей практика

жетекшілерімен бақылауға алынады.

ЖШС «Астана Строй-S» жалпы мінездемесі

ЖШС « Астана Строй-S »Астана қаласындағы шағын кәсіпорындардың бірі болып табылады.Бұл кәсіпорын 2002 жылдың ақпан айында құрылған.Кәсіпорынның негізгі мақсаты және міндеті- халыққа тұрғын үй салу.Сонымен бұл кәсіпорын алдына Астана қаласында жеке меншікті үйге ие болғысы келген әрбір Қазақстан азаматын қол жетімді бағамен жайлы үймен жабдықтау міндетін қояды.Бұл Астанадағы кәсіпорындар арасында орта топтағы кәсіпорын болып саналады..Ал қазір бұл кәсіпорында орта жасы 25-35 шамасындағы 200-ге жуық адам жұмыс істейді.Барлық материалдардың ішінен мұнда тек сапалы материалдарды таңдап алады.Сол себепті де бұл кәсіпорын салған үйлерді алушы тұрғындар оның атынан тек алғыстарын айтады.

ЖШС «Астана Строй-S »кәсіпорнын құрушы: Салыбек Жансерік Амангелдіұлы

Уйымның занды мекен-жайы: Астана қаласы,Московская 6

Ұйымнын кызмет заты болып табылады:

Құрылыс:

- жобалау, құрылыс, жолдарды жөңдеу және басқа да топырақты тасымалдау жұмыстары;

- жобалау, кұрылыс, ремонт, кайта кұрастыру, жаңғырту және өнеркәсіптік-азаматтық обьектілерді қалау;

- құрылыс, монтажды-құрылыс, ремонтты-құрылыс және өндірістік-азаматтық обьектілерді тағайындауға арнайы жобалау-іздестіру жұмыстарын өндіру, жеке енбек ресурстары сияқты, сондай-ақ қосалқы мердігер,сонымен қатар азаматтарды тарту

Жоғарыда айтылған барлық іс-әрекеттер ҚР-ның қазіргі заңдарына сәйкес жүзеге асады.Бұл мекеменің іс-әрекеттері заңдастырылған.

Наши рекомендации