Геологтардың бірлескен қоғамы» атқаратын қызметтер
Жалпы ережелер
1.1 «Геологиялық түсіру және пайдалы қазба кенорындарын барлау» кафедрасының жанынан құрылған «Геологтардың бірлескен қоғамы» атты студенттердің ғылыми бірлестігі Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай газ институтында білім алып жатқан бакалаврлар мен магистранттардың серіктестігі болып табылады, сонымен қатар ғылыми-қолданбалы және зерттеу жұмыстарына белсене қатысып, докторанттардың қатары жас зерттеушілердің қатарынан көрініп келеді.
1.2 Студенттік ғылыми бірлестіктің басты мақсаты ғылыми және ғылыми-педагогикалық резервті дамытып, түлектердің бәсекеге қаблеттілігін арттырып, жоғары білікті мамандар даярлауға ат салысу.
1.3 Студенттік ғылыми бірлестіктің басты міндетіне:
1.3.1 Ғылыми зерттеу жұмыстарына білім алушылардың қызығушылықтарын дамытып, білім мен тәжірбиені қамтитын ғылымның біртұтастығына сай ғылыми шығармашылықтарының түрлерін насихаттау;
1.3.2 Оқу материалдарын шығармашылық түрде игере отырып, білім алушылардың танымын қалыптастырып, зерттеу жұмысын жүргізуге деген мотивацияларын қалыптастыру;
1.3.3 Ғылыми-техникалық тапсырмаларды өз бетінше шеше отырып, түрлі әдістемелерді қолдана білуге үйрету, өзінің мамандығына деген шығармашылық қабілетін дамыта отырып, танымдық тәрбие беру;
1.4 Студенттік ғылыми бірлестік жұмысы университетіміздің ғылыми департаментімен, Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай газ институтттарының басқа да кафедраларымен қарым-қатынас құра отырып, жүргізіледі.
Студенттік ғылыми бірлестіктің құрылымы және басқару
2.1 «Геологтардың бірлескен қоғамының» жоғарғы басқару бөлімі қоғам мүшелерінің отырысы болып саналады.
2.2 Бірлестіктің мүше қатарына Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың студенттері мен магистранттары кіре алады.
2.3 Бірлестіктің мүшелігіне қабылдау сауалнама мен сынақ мерзімі арқылы қабылданады.
2.4 Бірлестіктің мүшелігіне Бірлестіктің шешімі арқылы қабылданған тұлға өтеді;
2.5 Мүшелік тоқтатылады:
- бірлестіктен шығу;
- бірлестіктен шығару;
- бірлестік жұмысының тоқтатылуы.
2.6 Бірлестік мүшелігінен шығу жазбаша өтініш Бірлестік кеңесінде қарастырылады;
2.7 Бірлестік кеңесі шешім қабылдаған күннен бастап тұлға бірлестіктен шықты деп есептеледі;
2.8 Жалпы отырыста орындаушы бөлім бірлестік-Кеңесі жетекшіні тағайындайды.
2.9Жалпы отырыс жылына 1 рет өтеді.
2.10 Жалпы отырыста «Геологтардың бірлескен Қоғамы» атқарған жұмыс туралы есеп тілігі тыңдалады.
2.11 Қоғам кеңесі 2 жылға тағайындалады.
Қоғамның барлық шешімдері жиналыста қоғам мүшелірініңдауы беруі арқылы, нақты мүше тізімінің 2/3 арқылы қабылданады.
2.12 Студенттердің ғылыми қоғамының жұмысын ғылыми қоғамның төрағасы, қоғам жиналысында дауыс беру арқылы, «Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын барлау» кафедрасы меңгерушісінің ұсынысымен, Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай газ институты директорының нұсқаулығымен бекітіліп, тағайындалады (барлық курс жетекшілерінің шешімдерін есепке ала отырып).
2.13 Кеңес құрамына: ғылыми қоғамның ғылыми жетекшісі (Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай газ ісі институтының нұсқаулығымен бекітілген), ғылыми қоғамның, секция жетекшілері, хатшылар (ғылыми қоғамның Кеңесінде тағайындалады).
2.14 «Геологтардың бірлескен қоғамы» секцияларға бөлінеді. әрбір секцияны ғылыми қоғамның кеңесімен және төрағанң ұсынысымен секция жетекшісі басқарады. Секция құрамына білім алып жүрген топтардың ғылыми жұмысына жауаптылар кіреді.
2.15 Ғылыми қоғамның жұмысын Студенттердің бірлескен қоғам Кеңесі бақылайды.
2.16 Студенттердің ғылыми қоғам кеңесі айына бір рет болып тұрады. Кезектен тыс отырыстарды Студенттік ғылыми қоғам төрағасы немесе қоғамның 25% мүшелірінің талаптары бойынша ұйымдастырады.
2.17 Студенттік ғылыми қоғам кеңесінің өкілеттік ету мерзім- екі жыл.
2.18 Студенттік ғылыми қоғам кеңесінің қайта сайлануы мүшелік етушілердің талаптары бойынша мерзімінен бұрын сайлайды.
2.19 Студенттік ғылыми қоғам Кеңесінде екі сектор бар, демек бұл секторларды білім алушылар құрап, секция басшыларымен басқарылады.
Геологтардың бірлескен қоғамы» атқаратын қызметтер
3.1 Ғылыми қоғам Кеңесінің қызметі:
3.1.1 Аталмыш Ережеге өзгерістер мен қосымшалар енгізеді;
3.1.2 Қоғамның ішкі құрылымдарын анықтайды;
3.1.2 Қоғам қызметінің басым бағыттарын анықтайды;
3.1.4 Аталмыш Ережеде қарастырылған негізгі қызмет бағыттарын өзінің тұрақты жұмысында жүзеге асырады;
3.1.5 Қоғамның жылдық жоспарын құрып, бекітеді, қоғамның міндеттерін айқындайтын негізгі мәселелер қарастырылады;
3.1.6 Қоғам Кеңесі төрағасының есептерін тыңдап, бекітеді.
3.1.7 Атаулы шәкіртақы иегерлерін, магистратура мен докторантураның атаулы шәкіртақы иегерлерін тағайындауда Институт құрылымымен бірге жұмыс атқарады;
3.1.8 Геологиялық-барлау ісі бойынша ҚазҰТЗУ ғылыми зерттеу бағыттары арқылы білім алушылардың жұмысын бағдарлау;
3.1.9 Ғылыми-технологиялық құжаттарды даярлау және өндірісті ұйымдастыру принциптері арқылы білім алушыларды оқыту;
3.1.10 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму деңгейлеріне жеткізу қаблетін дамыта отырып, білім алушыларды инновациялық даму бағыттарына қызығушылықтарын арттыру;
3.1.11 ҚР БжҒМ және басқа да құзіретті мекемелердің бекіткен жобаларына, студенттердің ғылыми бағдарламаларына білім алушылардың белсенді қатысуына ат салысу;
3.1.12 Білім алушылардың аумақтық, республикалық, халықаралық байқауларға, конференцияларға, олемпиядаларға, көрмелерге, ҚазҰТЗУ-да ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге;
3.1.13 Ғылыми жұмыс байқауларының, көрмелердің лауреаттарын марапаттау ұсыныстарын даярлау, және т.б.
3.2 Қоғам Президентінің қызметі мен құзыреттілігі:
3.2.1 Қоғам Кеңесінің жұмысын басшылыққа алады;
Қоғам мүлерінің ортақ жиналысын ұйымдастырып, кұн тәртібіндегі мәселелерді анықтайды, отырысқа төрағалық етеді;
3.2.2 Ортақ отырыста жылына бір рет жасалған жұмыстар туралы жылдық есеп дайындайды;
3.2.3 Ағымдық мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді;
3.2.4 Өзінің құзыреттілігін орынбасарына тапсыра алады;
3.2.5 Қоғамның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқа да іс-әрекеттер жасай алады;
3.2.6 Қоғам ұйымдастырған іс-шараларға жауап береді.
3.2.7 Қоғам қызметінің басм бағыттарын анықтап, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады;
3.2.8 Департамент жұмысына басшылық ете алады;
3.2.9 Департамент мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі;
3.2.10 Бірлестік мүшелерінің санын есепке алады;
3.2.11 Отырыс күн тәртібін белгілейді;
3.2.12 Қоғам қызметінің жұмыстарына бағыт-бағдар береді;
3.2.13 Іс-шаралар туралы қоғам мүшелерін хабардар етеді;
3.2.14 Әрбір академиялық жылдың соңында президент Қоғамның жылдық баяндамасын даярлап, атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.
3.2.15 Қоғам қызметіне байланысты оперативті шешімдер қабылдап, қарастырады.
3.2.16 Қоғам мүшелерінің ескертулері мен өтініштерін қарастырып, отырыста жылдық жұмыс жоспары мен шараларды бекітеді;
3.2.17 Қоғам жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
3.2.18 Әдебиеттерді таратып, тұжырымдап, әдістемелік материалдарды негіздейді;
3.2.19 Қоғамнан тыс шыққан ақпараттар (хабарландыру, пресс-релиз, кездесулер, ескертулер) тексеріліп, қоғам төрағасымен мақұлданады.
3.3 Ғылыми қоғам Төрағасының орынбасары атқаратын қызметтер:
3.3.1 Белгіленген бағыттар бойынша Қоғам Кеңесінің жұмысына басшылық ету;
3.3.2 Құзыреттілікті делигирлеу кезінде Қоғам Кеңесі Төрағасының міндеттерін орындайды;
3.3.3 Қоғамның мақсаты мен міндеттерін орындауға қажетті жетістіктер үшін басқа да әрекеттер істеуге.
3.4 Ғылыми қоғам хатшысының атқаратын қызметі:
3.4.1 Қоғам Кеңесінің отырысын даярлаумен шұғылданады;
3.4.2 Ғылыми Қоғам Кеңесінің шешімдерін жеткізіп, есептілігі мен анықтамалар үшін материалдар жинайды.
3.4.3 Ғылыми қоғамдағы есептеулер мен тіркеулер үшін құжаттамалар жүргізеді:
- Қоғамның жалпы отырысы мен қоғам кеңесінің хаттамаларын даярлайды. Сараптамалық және байқау комиссияларының хаттамалары шамамен 4 жыл сақталады.
- Студенттік ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысушылардың тіркеу парағын жасау;
- үздік курстық және дипломдық жобаларға, студенттік ғылыми жұмыс иегерлерін, студенттік олемпиада жеңімпаздарын марапаттау. Оқу жылының аяғында үздік курстық және дипломдық жоба лауреаттарын марапаттау.
- Институт дирекциясының қарастыруы бойынша кіріс және шығыс құжаттары қоғамда сақталады.
3.4.4 Президент болмаған жағдайда оның барлық міндеттерін орындайды;
3.4.5 Қоғам ішіндегі барлық жұмыстарға жауапты.
3.5 Қоғам Кеңесінің Ақпараттық секторы PR:
3.5.1 Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ақпараттарын үнемі ғылыми басылымдарда, университет сайттарына жариялауды ұйымдастыру;
3.5.2 Университет қабырғасына қажетті ақпараттарды іріктеуді жүргізу;
3.5.3 Жүргізілген іс-шаралар мен жетістіктер туралы хабарландыру шығару;
3.5.4 Ғалымдар мен институт жастарының шығармашылықтарын қалыптастырып, ақпараттандыру барысында жарнамалар ұйымдастырады, сонымен қатар ғылыми қоғаммен қызғатын студенттерге қажетті web-сайттар мен құралдарды ұсынады.
3.5.5 Университет қабырғасында, қала облыс, республика көлемінде, шет елдерде өтіп жатқан байқаулар, конференциялар, көрмелер туралы ақпараттар жинап, білім алушыларға жеткізіп отырады;
3.5.6 Ғылыми қызметтер мен тәжірбие алмасу мақсатында Қазақстан мен шет ел қоғамдары арасында бірлестіктер мен қарым-қатынастарды қолдайды;
3.5.7 Институт жастарының шығармашылықтары мен білім алушылардың ғылыми жұмыстарын ақпараттандыру мақсатында жарнамалар ұйымдастырады, ғылыми қоғам қабырғасында қолданылатын ақпарат құралдары мен web-сайттарды қолдану үшін мүмкіндіктер жасап, қамтамасыз етеді.
3.5.8 Іс-шаралар болған жағдайда фотоотчет жасап отырады;
3.5.9 Ұйымдағы студенттердің туған күндерін әлеуметтік желілерге жариялап отыру;
3.5.10 Университеттегі басқа ұйымдарда болып жатқан жаңалықтармен таныстырып отыру және олармен байланыста болады;
3.5.11 Әр семестр сайын ұйымда өткізілген іс-шаралардың есебі ретінде газет шығарып отырады.
3.6 Қоғам Кеңесінің Ғылым секторы :
3.6.1 Ұйымдағы студенттердің геологияға деген ынтасын арттыру;
3.6.2 Ұйым мүшелерінің білімін арттыру мақсатында дайындық шараларын жүргізу;
а) ғылыми конференциялар;
ә) дөңгелек үстелдер;
б) тренингтер;
в) пікірсайыстар;
г) қосымша курстар (ағылшын тілі курсы, т.б.)
ғ) интеллектуалды ойындар;
д) дисциплина бойынша туған сұрақтарды түсіндіру жұмыстары.
3.7 Қоғам Кеңесінің Ұйымдастыру секторы:
3.7.1 Өткізілетін әрбір іс-шараның орындалу барысын ұйымдастыру;
3.7.2 Ұйым мүшелерінің арасын жақындастыру, тығыз байланыс орнату мақсатында әрі бос уақытты тиімді пайдалану үшін әр түрлі деңгейдегі ойындарды, серуенге шығуды, туған күндерді ұйымдастыру.
3.8 Қоғам Кеңесінің НR секторы:
3.8.1 Ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау;
3.8.2 Жиналыстар, конференциялар, тренингтер және т.б. шаралардың болатын уақыты мен орнын белгілеу;
3.8.3 Өткізіліп жатқан іс-шара барысында тәртіп пен тыныштықтың бұзылмауын қадағалау.