Зін-өзі тану» курсын оқытудың белсенді әдістерін жүйелеу.
Әдіс-тәсілдердің түрлері | Мағынасы |
Іскерлік ойын | Кәсіби немесе өзге іс-әрекетті ұсынылған ережелер бойынша ойын түрінде модельдейтін жағдайды қалыптастыру әдісі. |
Драмалау | Сабақтардағы оқу материалының мазмұнын рөлдер бойынша көрсету, ойластыру. Тірі кейіпкерлермен қатар, жаны жоқ заттар мен білімдердің кез келген саласындағы феномендерді де рөл арқылы көрсетуге болады. |
«Пікірталас» | Топтың әрбір мүшесінің көзқарасы мен ұстанымын анықтауға мүмкіндік беретін қайсібір мәселені бірігіп талқылау. |
«Ойын», «Жаттығу» | Оқу материалының студенттердің дербес тәжірибесіне проекциялануы. Ойын мен жаттығулардың негізінде болашақ мамандар әлеуметтік маңызы бар біліктіліктер мен өмірлік дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болады. |
Инверсия | Сөздердің, заттардың, құбылыстардың ретін бұзып, одардың орнын ауыстыру; дәлелденген тезиске қарама-қарсы нұсқасын дәлелдеу. Аталмыш әдісті бақылау сұрақтарының әдісі деп те атайды (мысалы, керісінше қалай болады? Жағдайды өзгертсек қалай болады?-типіндегі сұрақтар). |
«Шаттық шеңбері» | Әдетте сабақтың бастапқы кезеңінде қолданылатын әдістемелік амал. Педагог студенттермен барлығының бір-бірімен еркін қарым-қатынасын қамтамасыз ететін шеңбер құрады. «Қуаныш шеңберінде» тікелей сабақтың тақырыбына байланысты әртүрлі сәлемдесу рәсімдерін қолдануға болады. «Қуаныш шеңберінің» педагогикалық мәні әрбір студенттің әлемге деген ашықтығы мен сенімділігін сезінуімен анықталады. «Өзін-өзі тану» сабақтарының аталмыш компоненті студенттер тобында жағымды ахуал мен шығармашылық ортаны қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларды дамытуға қажет. |
«Жүректен жүрекке» | Әр студенттің эмоциялы күйін, соның негізінде олардың сабақтың тақырыбын түсінгендіктерінің дәрежесін анықтауға, бір-бірінің әсерімен бөлісіп, тілек білдіруді болжайтын сабақты қорытындылайтын әдістемелік амал. |
Дәріс-әңгіме | Педагогтың нақты тақырып бойынша берген біршама түсінігінен кейін студенттердің сұрақтар қою арқылы тақырып мазмұнының мәнін ашып, сабаққа белсенді қатыса алатын дәріс берудің жаңашыл түрі болып табылады. Әр студент өз пікірін, өзінің тақырыпқа қатысты қатынасын білдіріп, толғандырған сұрақтарын қоя алады. Педагог студенттердің ойлану қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, оларды қарастырылған мәселелер турасында өз пікірін білдіруге ынталандырады. |
Нақты жағдайларды талдау әдісі | Кейс-әдісінің (ағылшынша «сазе» жағдай) әрқилы атауларының бірі. Күнделікті өмірден, кәсіби тәжірибеден алынған жағдаяттарды талдауға негізделген оқытудың пікірталас түріндегі әдістердің бірінен саналады. |
Миға шабуыл | Күрделі мәселенің шешіміне бірігіп қол жеткізу арқылы ой үдерісін белсендіру әдісі (американдық психолог А. Осборн ұсынған). |
«Өзіңмен-өзің оңшада» | Аталмыш әдіс студенттің өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, құлақ салуына мүмкіндік береді. Ол жағымды ой бейнелерінің, эмоциялардың, сезімдердің, кері байланыс қабілетінің дамуына ынталандырады. Эмоциялы ықпалды сәйкес аудио тізбегін (классикалық әуенді тыңдау және т.б.) қолдану арқылы күшейтуге болады. |
«Педагогтың жалпылауы» | Педагог зерттелінген материалдың едәуір маңызды екпіндерін белгілейтін сабақты қорытындылау тәсілдерінің бірі болып табылады. |
«Бейне материалдарды көру» | Оқытуда студенттердің кино өнерінің эмоциялы айқындылығының негізінде адам өмірінің және кәсіби іс-әрекеттің адами аспектілері туралы түсініктерін күшейтетін ашық көркем бейнелерді қолдануға мүмкіндік беретін әдістемелік амал. |
Ұсынлған тақырып бойынша ой толғау | Студенттерге адамзаттың көрнекті ойшылдарының даналық, нақыл сөздеріне түсінік беру ұсынылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің элементі. Студенттер өздеріне маңызды болып табылатын ақиқаттардың ізденісіне еніп, мағыналы өмірлік мәселелер бойынша өз сезімдерімен, көзқарастарымен бөліседі. |
«Рефлексия» | Студенттердің ақиқаттың болашақтағы ізденістеріне, тануға және өзін-өзі тануға ынталандыратын сабақтың барысы мен нәтижелілігін талқылауы. |
Синектика | Ұқсастықтардан құралған, әртекті элементтерді біріктіру әдісі, қатысушылардың теңеу арқылы ойлану, интуитивті-бейнелік ойлауын мақсатты қолдануға негізделген ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің және оқу үдерісіндегі зерттеу әдісі. |
Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ) | Адамдардың топтық өзара әрекеттестігінде модельденетін өмірлік тәжірибеге ие болу арқылы белсенді оқыту ретінде анықтауға болады. |
«Шығармашылық іс-әрекет» | Студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етуші «Өзін-өзі тану» сабақтарының маңызды құраушысы. Дәптерде эссе, шығарма жазу, тестілеу және т.б. сияқты дербес және ұжымдық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінің орындалуын болжайды. |
Сахналау | Ерекше көркем белгілерді қолдану арқылы қатысушылардың сабақтан тыс уақытта оқу материалы бойынша әрқилы жанрларды сахналауы. |
«Даналылық сабағы» | Танымал философтар мен ойшылдардың, белгілі ғалымдардың, жазушылар мен ақындардың нақыл сөздерінің кең ауқымын жинақталған хрестоматиядағы материалмен жұмыс. |
17.Адамның өзін-өзі тану мен шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруға қажеттілігінің мәнін түсіндіріңіз.
Өзін-өзі жүзеге асыру – бұл жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, сараланған, арнайы әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, сараланған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті.
Өзін - өзі жүзеге асыру - бұл тұлғаның жетілген өзіндік реттеу, өзіндік басқару негізінде пайда болатын, жақын ортада өзінің әлеуметтік статусын жоғарылату қажеттілігінен туындаған, өзін-өзі көрсету және өзін әлеуметтік тәжірибе субъектісі ретінде өзін-өзі бекіту бойынша дербес, саналанған, арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті. Осы процестің психологиялық механизмдері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
тұлғаның арнайы түрде ұйымдастырылған өзін-өзі зерттеуі (өзін-өзі тану);
адамның өз қасиеттері, қабілеттері, әлеуметтік құндылықтары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы (өзін-өзі анықтау);
өзіне бағытталған сыртқы талаптарды мақсатты түрде зерттеу, солармен өз әлеуметтік кемелдігін салыстыру, яғни өзінің әлеуметтік талаптарға сай болута дайындығын анықтау (өзін-өзі саналау);
өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін бөліп алу, қоғамдық пайдалы іс-әрекет барысында өз жеке басы бойынша тәрбиелеу жұмысын жоспарлау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі бағалау түрлерін анықтау (өзін-өзі дамыту).
Тұлғаның өзін-өзі дамытуының үздіксіз үрдісі ретіндегі өзін-өзі таныту тұлғаның өзін-өзі таныту динамикасын зерттеуді қажет етеді (Р.К. Мамеркулова, Л.А. Рудкевич, Е.Ф. Рыбалко және т.б.).
Психологияда мазмұны бойынша өзін-өзі таныту ұғымына жақын бірнеше термин қолданылады, олар өзін-өзі таныту ұғымын толықтырып, оның мәнісін түсінуге көмектеседі. Кей кездері таныту мағынасы бойынша жақын осы ұғымдардің көмегімен түсіндіріледі. Олардың арасынан «өзін-өзі жүзеге асыру», «трансценденция», «өзін-өзі бекіту», «өзін-өзі көрсету», «өзін-өзі жетілдіру» секілділерін бөліп көрсетуге болады.
«Өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру» ұғымдарының өзара байланыстарын қарастырайық. Адамның таныту феноменіне қатысты тұжырымдамалар өзін-өзі таныту мен өзін-өзі жүзеге асыруды мәні бойынша жақын, синоним ұғымдар деп сипаттайды. Адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы (гуманистік психологтар), өз дамуының ішкі тенденциясын толықтай анықтауға және дамытуға ұмтылысы (Ф. Перлз бастаған гештальттерапевтер), адамның өзі бола алатын тұлға болып шығуға ұмтылуы және басқа да тұжырымдамалар осы екі түсінікті бір кешенде қарастыру керектігін айтады. Олар бірін бірі толықтырып отырады және көптеген жағдайларда синонимдер секілді қолданылады. Л.А. Коростылеваның пікірінше, «өзін-өзі таныту» және «өзін-өзі жүзеге асыру» терминдерінің интерпретациясындағы кейбір айырмашылықтар тұлғаның көрініс табуының әртүрлі жақтарымен байланысты. Оның пікірінше, тұлға тіршілік етуінің ішкі (субъективті) және сыртқы (объективті) жағынан байқалады. Бұл жағынан алғанда таныту үрдісі тұлғаның ішкі аспекті ретінде, ал таныту сыртқы аспект ретінде көрініс табады. Онымен қоймай, Л.А. Коростылева өзін-өзі таныту ұғымын өзін-өзі жүзеге асырудың жоғарғы деңгейі ретінде суреттейді. Оның пікірінше, «ең толық өзін-өзі жүзеге асыру мән-өмірлік және құндылық бағыттарын жүзеге асырудан тұрады, яғни мәндік, аутентикалық өзін-өзі жүзеге асыру – танытуға деген қажеттіліктерді өзінің қабілеттері мен дарындарын жүзеге асыруға ұмтылу ретінде жүзеге асыру орын алады. Мұндай өзін-өзі жүзеге асыруды өзін-өзі беру, өзін-өзі іске асыру деп атайды [3, 25 б.]. Өзін-өзі жүзеге асырушы тұлғаның танытушы деп аталуы сирек емес. Таныту ықтимал өзін-өзі жүзеге асырудың қайнар көзі ретінде түсініледі. Алайда таныту – бұл әрқашан да таныту, яғни өзін, сырттағы өзінің шынайы жаратылысын көрсету болғаны секілді, өзін-өзі жүзеге асыру да – бұл әрқашан да өзінің шынайы «Менін» жүзеге асыру. Сондықтан да таныту мен өзін-өзі жүзеге асыру көбінесе синонимдер ретінде қолданылады. А.А. Реанның көзқарастарына сәйкес, «өзін-өзі трансценденциялау феноменімен байланыстан тысқары алынған өзін-өзі дамыту және таныту идеясы тұлғалық кемелдену психологиясын құру үшін жеткіліксіз болып табылады [2, 35 б.]. Бұл үшін таныту мен өзін-өзі трансценденциялау туралы бірыңғай үрдісте бірін бірі толықтыратын ұғымдар секілді түсінік қажет болады. Адам потенциалын ашуға, өзін-өзі сәйкестендіруге және өзін-өзі қабылдауға қол жеткізуге басым бағытталуы бар гуманистік психологияда потенциалды түрде эгоцентризм тәуекелінің негізі салынған деген пікір бар. Бұл кезде өзін-өзі трансценденциялау идеясы ұмыт қалғандай болады. Өзін-өзі трансценденциялауды елемеудің қауіпті екендігіне алғашқы болып назар аударған В. Франкл болатын. Ол «гуманистік психология қаншалықты гуманистік» деген сауал қойғанында, өзін-өзі таныту және өзін-өзі трансценденциялау идеяларының ара қатынасындағы дәл осы диспропорция жөнінде айтқан болатын [4].
Өзін-өзі трансценденциялау адамның өз «Менінің» шегінен шығуымен, оның қоршаған адамдарға, өзінің әлеуметтік іс-әрекетіне, басқаша жеткізер болсақ, қалай да болсын адамның өзімен ұқсастыруға болмайтынның бәріне басым бағыт-бағдар алуымен байланыстырады. Қалай болғанда да, алайда екі альтернатива ретінде өзін-өзі трансценденциялау мен танытуды үзілді-кесілді қарсы қою, А.А. Реанның пікірінше, мақсатқа лайықты іс емес. «Гуманистік қараудың күші және оның дамуының болашағы осы екі бастауды етене байланыстырудан тұрады» [2, 36 б.]. Батыс психологиясында гуманистік тұжырымдаманы жақтаушылар (А. Маслоу, К. Роджерс, В. Франкл және т.б.) әдетте таныту және өзін-өзі көрсету ұғымдарін анық ажыратпайды. Олар көбінесе синонимдер ретінде қолданылады және айтарлықтай мағыналық айырмашылықтарға ие болмайды. Отандық психологияда осы екі түсініктің айырмашылығына К.А. Абульханова-Славская акцент жасауда, ол өзін-өзі таныту тек қана тұлғада тұрақты Мен-тұжырымдамасы, Мен-бейнесі қалыптасқан кезде, тұлға өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін толығымен ұғынған және түсінгенде ғана жүзеге асырылады деп есептейді. Ішкі дүние сезімін және дүниені қабылдауды негізге ала отырып, тұлғаның сыртқы танытуы (өзін-өзі жүзеге асыруы) немесе өзін-өзі көрсетуі де ықтимал. Алайда өзін-өзі көрсету, ішкі тұлғалық алғышарттарға ие болмай, танытудың сыртқы атрибуты ретінде көрініс табуы мүмкін. Көрсететін ештеме болмаған кезде, осылайша көпе-көрнеу өзін-өзі көрсетуді К.А. Абульханова-Славская «жасы асып кеткен инфантилизм» деп атайды [5].
Өзін-өзі көрсетудің осыған ұқсас сипаттамасын В.С. Мерлин береді. Ол өзін-өзі көрсету деп тұлғаның мотивациялық бағытталу факторларының бірін түсінеді. Егер А. Маслоу өзін-өзі көрсетуді танытумен ұқсастырып, оны тіршілік әрекетінің алуан түрлі салаларында, әртүрлі заттарға өзін-өзі көрсету ретінде түсінсе, В.С. Мерлин өзін-өзі көрсету деп шындыққа жалпылама қарауды, жалпы алғандағы тұлғаның тіршілік әрекетінің ортақ бағытталуын көкейде ұстайды [6].
Батыс психологиясында да, отандық психологияда да өзін-өзі жетілдіру жеке бастың өсуі мен дамуының нәтижесі, тұлғаның өзін-өзі танытуының, яғни оның потенциалдық мүмкіндіктері мен қабілеттерінің танылуының нәтижесі болып табылады.
К.А. Абульханова-Славскаяның пікіріне сәйкес, танытуды өзін-өзі жетілдірусіз қарастыру мүмкін емес, тек олардың диалектикалық бірлігінде ғана қарастыруға болады. Өзін-өзі жетілдіру деп К.А. Абульханова-Славская мәдениетке қосылу үрдісін, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін үнемі дамытып отыруды, өз білімдерінің деңгейін көтеруді түсінеді [5].
Л.А. Коростылёва, осы ұғымдардің бірлігін баса көрсете отырып, танытуды (өзін-өзі жүзеге асыруды) өзін-өзі жетілдіру арқылы анықтайды. Ол былай деп жазады: «өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, яғни тұлғаның ... өз мүмкіндіктерінің үнемі өсуіне, осының негізінде жоғары жалпы адамзаттық құндылықтар жатқан өз іс-әрекетінің сапасын арттыруға бағытталған ең жоғарғы қажеттіліктерінің бірі » [3, 38 б.].
Барлық бөліп көрсетілген категориялар тұлғаның танытуының әртүрлі жақтарын ой елегінен өткізу нәтижесі болып келеді және бір бірінің мәнін үйлесімді толықтырып отырады. Сонымен күрделі және көпқырлы құбылыс ретінде өзін-өзі таныту оны зерттеуде әр түрлі тұрғыны талап етеді.
18.Жалпыадамзаттық құндылықтар «Ішкі тыныштық» негізінде мақсаты мен міндеті тұжырымдалатын сабақ жоспарына талдау жасаңыз.
Тақырыбы:Жақсылық жан жадыратады.
Құндылық:Жан тыныштығы.
Қасиеттері:жақсылық жасау,ізгілік,мейірімділік,.
Мұғалімі:Едіге Саягүл Едігеқызы
Сыныбы:9 Оқушылар саны: