Ересек тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттік технологиялық картасы

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­«______»__________________ 201 жыл апта күні: Сәрсенбі

Білім беру саласы: Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: «Р» дыбысы және әрпі.

Мақсаты: «р»дыбысы және әрпімен таныстыру,буындарды оқыту,сөздерге дыбыстық талдау жасау; сөйлем туралы түсінік беру,сөйлем құрауға үйрету;балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әріп қималары, қолайна, жұмыс дәптері, астық түрлерінің суреттері, түрлі дінді дақылдар.

Сөздік жұмыс: қырман.

Билингвалды компонент:күріш-рис,дауыссыз дыбыс-согласный звук.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық -Кәне, балалар, бүгін бәріміз бірге қырманға көмекке барамыз. Сендер ол жерден көптеген дәнді дақылдар түрлерін көресіңдер, қырманда астық тау болып үйіліп жатады. Ол біздің диқан ағаларымыздың ерен еңбектері екенін білуіміз керек. Балалар қуана сапқа белгілеймізтүзіле қалады. Топтың арнайы жасалған бір бұрышына келеді. Астық түрлерінің суреттерін көреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Мынау-қырман.Қырман-комбайннан түскен дәнді кептіретін, тазартатын ашық не қалқалы алаң.Қырманды тегіс, құрғақ жерде жасайды. -Балалар, сендер не көріп тұрсыңдар? -Иә,бұл – егіс алқабынан жиналып алынған дақылдар. Сендер осы дәндердің аттарын білесіңдер ме? -Мына дәптер арпа, тары, жүгері, күріш, бидай деп аталады. Бұл дақылдар бізге оңай келе салмайды. Көп еңбекті қажет етеді. Бүгін біз «арпа», «күріш», «жүгері» сөздерінде кездесіп тұрған «р» дыбысымен танысамыз. Билингвальды компонент: ғарышкер-космонавт, ыдыстар-посуды. -Біз дыбысты естиміз. Кәне, қолайнаға қарап, бірге «р-р-р-р-р» деп айтып көрейік. Мысалы: ит «Р-р-р-р», деп, - ырылдайды. -Сендеп не естітіңдер?   -Міне, дауысты сендер естіп тұрсыңдар, көріп тұрған жоқсыңдар. «Р» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін сәл ашылып, тілдің екі жағы жоғары жалпақтана көтеріліп, дем қарқынды түрде тіл ұшынан шыққанда «р» дыбысы жасалады. «Р» - дауыссыз дыбыс. -Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? -Міне, мынау – «Р» дыбысының баспа және жазба түрі. Сендер әріптерді көріп тұрсыңдар ма? - «Р» дыбысын ауада жазып көрейік. «Р» дыбысы бар сөздерді оқыту. Бірінші педагогпен бірге қосылып оқиды. Педагог: балаларға ара, арпа сөздерін қима әріптермен тақтаға жаздырады? -«Ара», «арпа» сөздерінде «р» дыбысы қай жерде кездесіп тұр? -Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық. -Ара сөзінде неше дыбыс бар? -Неше буыннан тұрады? -Дыбыстардың дауыссыз не дауысты дыбыс екенін ажыратайық. -Енді, балалар, қима әріптер мен өткен әріптерді қоса отырып, сөздер жазамыз. «Дыбыстарды танып ал!» дидактикалық ойыныны ойнатуға болады. Ойын шарты: жануарлар мен дақылдардың қима суреттерін араластырып қояды. Дәптермен жұмыс: -Үйілген астықты көріп тұрмыз.   Балалар білгендерін атап айтады.   Қайталайды.   Балалар «Р-р-р-р-р-р» деп қолайнаға қарап, қайталайды.   -Иттің «Р-р-р» деп ырылдаған дауысын естідік.   -Көк түспен белгілейміз.   -Әріптерді көріп тұрмыз. Қолдарымен ауада жазып көреді.   РА, РҰ, РО, РӘ буындарын хормен қайталайды.   -Ара бал жинау үшін гүлдерге қонады. Егіс алқабында өсіп тұрған арпаларды көрдім. Дәндері пісіп тұр екен.     -«Р» дыбысы ортасында кездесіп тұр.-Ара сөзінде үш дыбыс бар. -А-ра екі буыннан тұрады.   А-дауысты дыбыс; Р-дауыссыз дыбыс; А -дауысты дыбыс.   -Арпа сөзінде төрт дыбыс бар. Ар-па –екі буыннан тұрады.   А-дауысты; Р-дауыссыз; П-дауыссыз; А-дауысты.   Әуенге сәйкес қимылдар жасайды.   Тыңдайды, есте сақтап қалады.   -Қара, мөлдіреп, қызықтырмай, үлбіреп, қарасаң сөздерінде кездеседі.   Ара, ар-па, нар, ор, ар сөздерін жазып, оқып, буынға бөледі.     Балалар ойынды қызығушылықпен жалғастырады.     .
Рефлекциялық-түзетушілік -Балалар, сендер қайда бардыңдар? -Ол жерден ненің дәндерін көрдіңдер? -Қандай дыбыспен таныстыңдар? -«Р» дыбысы қандай дыбыс? -Қандай сөздерге дыбыстық талдау жасадыңдар? -Қырманға бардық. -Арпа, бидай, жүгері, күріш, тары. - «Р» дыбысымен. -Дауыссыз дыбыс. -Ара, арпа сөздеріне.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: суретке қарап, сөйлем құрауға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға, әріп қималарымен буындар құрастыруға арналған тапсырмаларлы.

Түсінеді: дыбысты еститінін, әріпті көретінін, қырманда астықтар болатынын.

Қолданады: дыбыстардан буын және сөз, сөздерден сөйлем құрастыра білу дағдыларын.

Наши рекомендации