Патологиялық мінез-құлықтарды диагностикалау сауалнамасын түсіндіріңіз.

Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Сауалнама – зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуін әлеуметтану өлшем тәсілі.Сауалнама- бұл арнайы іріктеліп алынған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының талапқа сай логикалық құрылысының жиынтығы. Паталогиялық м.қ диагностикалау үшін Шмишек тесті қолданылады. Жеткіншектер акцентуациясын анықтауға арналған Шмишек тесті. Мақсаты: Акцентуация көрініс беруінін анықтап, оның түрін және күшін бағалау.Бұл тесті құру негізіне К.Леонгардтың жеке тұлға акцентуациясы туралы тұжырымдамасы алынған. К.Леонгардтың бұл концепциясы бойынша, акцентуация деп барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады.Типология жасағанда оны мінез бен темперамент акцентуациясы деп екі түрге бөледі. Шмишек осы теориялық қағидаға сүйене отырып акуцентуация түрін және оның сапалық көрсеткішін анықтау тестін жасаған.Орындау ережесі: Тест 88 сұрақтан тұрады. Оның әрқайсысына зерттелінуші «ия" немесе "жоқ" деп жауап беруге тиіс. Жауаптар 10 шкала бойынша бағаланады. Алдын ала сауалнама буклеті және жауап парағы даярланады. Тесті жүргізу алдында даярланған материалдар әр адамның қолана беріледі де, олар жауап беру тәртібімен таныстырылады. Жауап парақта сұрақ номері, оның түсында (+) немесе (-) деген белгілір қойылған болады. Зерттелінуші таңдап алған жауап вариантына сәйкес белгі қойып отырады.«Мінез акцентуациясын бағалау» тесті.Нұсқау: Сізге 97 сұрақ ұсынылып тұр, олардың әрқайсысына сіз «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруіңіз қажет. Ойлануға көп уақыт жүмсамаңыз. Мұнда «жаман» немесе «жақсы» жауаптар болуы мүмкін емес. Бұл тест барысында келесі мінез құлық паталогиялары анықталынады:

ü Гипертимді,

ü Лабильді,

ü Сенситивтік,

ü Шизоидтық,

ü Эпилептоидтық,

ü Тұрақсыз,

ü Астено-невротик,

ü Демонстративтік,

ü Циклоидтық,

ü Аффектті-экзальтациялық.

21. 12-жылдық білім беру жүйесін психологиялық – педагогикалық диагностикалау жолдарына сипаттама беріңіз.

Қазіргі педогогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құру, оны сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы басты мақсат мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл алты жасар балалардың бойында оқу қызметін меңгерту, олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыттарының бірі ретінде танылуда. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 12 жылдық білім беруга балалардың дайындығын және олардың психологиялық көңіл-күйерін жайлы ақпарат алу ең маңызды жұмыс болып табылады. Осы тұста психологиялық-педагогикалық диагностикалау жұмыстары әрбір 12 жыдық білім беруге көшкелі отырған барлық мектептерде жүргізілуі керек.

Психологиялық-педагогикалық диагностикалық жұмыстарға мыналды жатқызсақ болады:

1. Бала балабақшадан келген соң оның меңгерген біліктерін тексеру, баланың мінез құлқы жайлы тәрбиешілер мен ата-анасынан жапы ақпарат алу.

2. Отбасылық карта жасау, қиын балалар анықталған жағдайда жеке отбасылық карта жасалса, көп жағдайды сыныпқа бір отбасылық карта жасалады.

3. Дезадаптация құбылысын анықтау, оны жою үшін арнайы тренингтер өткізу. Себебі баланың бойындағы дезадаптация құбылысы балабақшадан мектепке 1 сытыпқа келгенде көрініс табуы мүмкін.

4. Ата-аналардан отбасылық жағдайына, балалардың мінездерін, қызығушылықтарын анықтау мақсатында анкета алу, ал балалардың қызығушылықтарын, ауытқушылықтарын анықтау барысында ойын ретінде өткізу ұсынылады, себебі 6-7 жасар бала әріп танығанымен де, өзі жеке шешім қабылдай алмайды.

5. Ауытқушылығы бар балалар анықталған жағдайда бақылау, байқау әдістерін қолдану арқылы диагностикалау жұмысын жүргізу.

12 жылдық білім беруді эксперименттен өткізудегі психологиялық қызмет мына мақсаттар мен міндеттерге жіктеледі:

· Баланың дамуына психологиялық жағдай жасап, жеке және интеллектуалдық дамуына әр жастың кезеңіне тән көмек көрсету арқылы, олардың өзін – өзі оқытуға, тәрбиелеуге, дамуына жағдай туғызып, қалыптастыру;

· Оқушылардың жеке тұлғасын, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бақылау, бағыттау;

· Оқушылардың психологиялық денсаулықтарын және сыныптағы оқушылардың әлеуметтік – психологиялық жағдайларын ескеру;

22. «Қорқыныш», «үрей» ұғымына қысқаша түсінік жазыңыз.

Қорқыныш - Индивидтің биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі жағдаяттарда туындайтын қауіп қолайсыз эмоция. Қорқыныш бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей. Тіршілік үшін қауіпті факторлардың нақты әрекетінен болатын ауру не басқа да зардап түрлерінен ерекше қорқыныш олардан күн ілгері болады. Қатердің сипатына байланысты қорқыныш сезімінің қар құндылығы мен тән сипаты ерешілігі алуан түрлі болады (қауіптену, қорқу, шошу, үрей). Егер қауіп негізі анық емес не ұғынылмаған болса, ондай күй алаңдау деп аталады. Функциялық тұрғыдан қорқыныш субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту болады.

Үрей (гр. рапіһоп — қорқыныш сезімін туғызатын) — жалған немесе шындық қауіптерден жаппай үрейлену. Үрей моральдық — психикалық көңіл-күйдің, рух күшінің төмендеуі, қабылдаудың бәсеңдеуі, еліктеу, ретсіз қозғалыс, илану механизмдерінің белсенді әрекеттерінің күшеюі. Үрейленушілік — арнайы әлеуметтік жағдайларда мазасыздану және үрейленуден, адамның қатты әсерленгіштігінің нәтижесінде болатын толғаныстар.

Қорқыныш, үрей барлық адамдардың өмірінде болатын құбылыс. Психолог дәрігерлер мен мамандар үрей туғызатын құбылыстық әсердің қай-қайсының да мезгілдерінің уақытылы, сатылы, қайталамалы, созылмалы, қысқа көріністі, сезімдік бейнелі болып келетінін, соған ұқсайтынын айтады. Яғни, үрей, қорқыныш сана-сезіміңнен шықпай, сонда орнығып алатын мәңгілік құбылыс емес. Ол біртіндеп жоғалып отырады. Адамның денесіндегі құбылыстардың механикалық және динамикалық беріктілігі бар. Осы екі бірлік дененің тұрақтылығы мен сымбаттылығын құрайды. Мұндай күшке жаны, тәні адал жандар, тақуа діндар адамдар ие болады. Оларды табиғаттың қорқыныш, үрей тәрізді тылсым күштері көбінесе жеңе алмайды.

үрей, қорқыныш жүйкесі жұқа адам-дарға үйір. Себебі, адамның ең сезімтал ағзаларының бірі – жүйке жүйесі. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, түрлі жүйке ауруларына, психикалық сырқатқа көбінесе жоғары қызметте, кеңседе қағаздармен, есеппен көп жұмыс істейтіндер, өмір бойы көп қиыншылықтар, жоқшылықтар көріп келе жатқан адамдар ұшырайды. Солардың ішінде еркектер 35 пайыз болса, әйелдер 45, кейде 50 пайызға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі бірқатар психологтардың айтуынша, адамдар мұндай жағдайда өзіне-өзі көмектесуі қажет.

23. Тұйықтылық және оны түзету жолдарын талдаңыз.

Тұйықтық – қоғаммнан оқшауланып, тек өзінің қызығушылықтарымен айналысуы. Тұйық адамдар басқа адамдармен ашық сөйлесе алмай, өз пікірін ашық жеткізе алмай қиналады, себебі олар олардың ойлары басқаларға қызық емес деп ойлап, өз ойларымен, сезімдерімен бөлісуден қорқыды, қысылады.

Жалпы тұйық мінез әр түрлі себептерге байланысты:

1. Баланың жеке мінезіне

2. Көру мен есту кемістігіне

3. Зияттың жетілмеуіне

4. Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына

5. Невротикалық өзгерістерге

6. Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм).

Тұйықтық мінезді түзетудің бірнеше жолдары бар:

1. Ашық болу. Егерде бір адам келіп сізбен әңгіме бастағысы келсе,одан қашпай ол адамды күліп, жылы шыраймен қарсы алып, арқаңызды тіктеп,оның әңгімесін белсенді тыңдаңыз. Оның қал-жағдайы қалай екенін, басқада мәселелері жайлы қысылмай сұрап, достық ниетте екеніңізді білдіріңіз.

2. Сұрақ қоя білу – өте маңызды болып табылады. Әңгімелесуші жолдасыңыздан оның болашаққа деген жоспарлары, қызығушылықтары туралы сұрақ қойыңыз. Тергеушілер секілді көп сұрақ қоюдың қажеті жоқ, тек екі-үш сұрақ қосаңыз жеткілікті.

3. Өзіңіз туралы ақпаратпен бөлісіңіз. Құрбыңыздың сіз туралы қойған сұрағына қысылмай жауап беріп, өзіңіздің қызығушылықтарың туралы қысылмай айта беріңіз.

4. Адамды түсіне біліңіз. Сұрақ қоймас бұрын адамның көңіл-күйіне мән беріңіз, ол айтқысы келген әзілді түсініп сол адаммен бірге қуаныңыз.

5. Өзіңізбен қызығушылығы жақын адамдарды үйіңізге шайға немесе қыдырып, әңгіме дүкен құруға шақырыңыз.

6. Жаңа дүниелерді байқап көріңіз. Бұрын тек кітап оқумен ғана айналыссаңыз, енді басқада бір үйірмелерге барып көріңіз.

7. Ең бастысы жаныңызға жақын, ішкі жан дүниеңізді түсінетін, сырыңызды бөлісетін адам табуға тырысыңыз.

24. Зейінді дамытатын тәсілдерді тізіп жасаңыз.

«Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет.Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет.Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады.

Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.Сонымен бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді.

Зейінді дамытуға арналған бірнеше тәсілдер:

1. Ұяшық ішіндегі болялған дөңгелектер. 8 ұяшық болады, 8 ұяшықтық 8-нде боялған дөңгелектер әртүрлі ұяшықтарда орналасады, балаларға оны 2-3 мин көрсетіп кейін қайта салуын өтінеміз. Күрделі болғандықтан 6-сыныптан жоғары оқушыларға өткізіледі.

2. Жануарлардың айырмашылығын табу. 2 сурет беріледі, ол 2 суретте де бірдей аң бейнеленген. Алғашында 1 сурет көрсетіліп, жақсылап қарауын сұраймыз да, 1 суретті жауып 2 суретті көрсетіп айырмашылығын табуын сұраймыз. 5-7 жасар балаларға арналға жаттығу.

3. Жаңылтпаш айту. Баланың зейін қойып тыңдауын дамыту үшін жаңылтпаш айтып, оны қайтаауын өтінуге болды.

4. Түрлі түсті фигуралар. 6-7 турлі түсті фигуралар көрсетіледі, балалар фигураларды түстерімен есте сақтап қалу керек. Кейіннен сол фигураларды ақ параққа салып, есте қалған түстерімен бояуды сұраймыз. Кімнің зейін қойып қарап, есте сақтағаның анықтауға болады.

5. Мұғалім бірнеше дене жаттығуларын көрсетеді, балалардан сол жаттығуларды ретімен қайталап беруін сұраймыз, балалардың зейін қойып қарағанын анықтауға болыды.

25. Қобалжулық пен ұялшақтылықты түзету жолдарына сызба құрастырыңыз.

Тым қатты қобалжымау үшін не істеуге болады? Аздап қобалжу кәдімгідей нәрсе екенін ұмытпа. Алайда тым қатты қобалжитын болсаң, өз-өзіңді ұстау мен еркін сезіну және кеудені тік ұстап тұру қиын болады. Сондықтан қобалжуды басу қажет. Мұны қалай істеуге болады?

Жақсылап дайындал. Тапсырмаңды дайындауға уақытыңды аяма. Талқылайын деп жатқан тақырыпты нақты түсінгеніңе көзіңді жеткізіп ал. Егер негізгі ойларды өзің таңдайтын болсаң, онда тыңдаушыларыңа не мәлім екенін және қандай мақсатқа қол жеткізгің келетінін ескер. Бұл көбірек пайдалы болатын материалдарды іріктеп алуыңа көмектеседі. Егер алғашқыда материалдарды топтау мен тыңдаушыларыңның қажеттіліктерін анықтау қиындық тудырса, тәжірибелі баяндамашымен кеңес, ол саған көмектеседі. Не айтатыныңды нақты біліп, оның тыңдаушыларың үшін пайдалы екеніне сенімді болсаң, оны өзгелермен бөлісуге деген ықыласың қобалжудан да күшті болады.

Әсіресе алғы сөзіңе мән бер. Неден бастайтыныңды нақты білу өте маңызды. Әдетте бір-екі ауыз сөзден кейін қобалжу басылады.Уағыздау қызметіне дайындалғанда да, осы қадамдарды жасау қажет. Не туралы айтатыныңды ғана емес, қандай адамдарды кездестіретінің жайлы да ойлан. Ұсынысыңды жақсылап дайында. Тәжірибелі жариялаушылармен кеңесіп көр.Бәлкім, баяндаманың мәтінін толық жазып алып, тек оқып бере салсам, қобалжымаймын деп ойларсың. Алайда, шын мәнісінде, әрбір баяндаманың алдында одан бетер қобалжи бересің. Кейбір баяндамашылар көбірек жазып алса, өзгелері азырақ жазып алатыны рас. Бірақ, ең бастысы, тыңдаушыларың үшін құнды материал тапқаныңа толық сенімді болуың керек. Дәл осы нәрсе — толық жазып алған баяндама мәтіні емес — өзіңе көңіл аудармауыңа және тым қатты қобалжымауыңа көмектеседі.

Дауыстап айтып жаттық. Осылай етер болсаң, ойыңды жеткізе алатыныңды біліп, өзіңе сенімді боласың. Дауыстап жаттыққанда есіңде белгілі бір бейнелер қалады да, баяндамамен шыққанда олар дайын тұрады. Жаттыққанда көз алдыңда тыңдаушылар отырғанын елестетіп, мінбеде тұрғандай тұрып не үстелдің басында отырып сөйле.

Тәжірибе жинақта. Қызметке неғұрлым көп шыққан сайын, соғұрлым азырақ қобалжитын боласың. Кездесулерде қаншалықты көп жауап берсең, өзгелердің алдында сөйлеу де соншалықты жеңіл болады. Қауым алдына көбірек шығып сөйлейтін болсаң, әр шыққанда қобалжығаның да азая береді. Осындай мүмкіндіктердің көбірек болғанын қалайсың ба? Онда біреудің орнына шығу керек болғанда, көмекке дайын тұр.Енді осы қадамдардың бәрін жасағаннан кейін, өзіңді дұрыс ұстай алмаудың белгілерімен танысқаның жөн. Ал осы белгілерді анықтап, оларды жеңуді үйренгенде, қобалжымай сөйлеу жеңілірек болатынын көресің. Адамның өзін ұстай алмауы оның қимыл-әрекеті мен сөйлегенінен байқалады.

Қимыл-әрекеттен байқалуы. Өзіңді ұстай аласың ба, жоқ па, бұл тұрысың мен қолдарыңның қимылынан білінеді. Алдымен, қолды алайық. Егерде баяндамашы екі қолын екі жанында тік ұстап, яки қолдарын артқа ұстап не алдындағы қойғыштан қатып ұстап тұратын болса, сондай-ақ қолын қалтасына бір салып, бір шығарып, түймелерін түрткілеп, беті мен мұрнын жөнсіз ұстай берсе, я болмаса көзілдірігін қайта-қайта түзетіп немесе қолындағы қаламсабын айналдырып, сағатын, сақинасын және алдындағы қағаздарын қайта-қайта түрте берсе, сондай-ақ жасаған ишараттары еркін болмай, үзік-үзік болып жатса, бұл — оның өзін ұстай алмай тұрғаны.

Адамның өз-өзіне сенімсіздігі басқа да қимылдарынан байқалады. Мысалы, кейбіреулер аяқтарын тыпырлатып я теңселе береді, қақиып не бүкірейіп тұрып алады, еріндерін қайта-қайта жалап, жұтынып, жиі және үстірт тыныс алады.Осындай қобалжудың белгілерімен шындап күресетін болса, олардан арылуға болады. Алайда бұлардың бәрінен бірден арылам деп ойлама. Біреуін таңдап ал да, одан арылу үшін не істеу керектігін алдын ала ойластыр. Күш сала отырып, қимыл-әрекеттеріңді қадағалауды үйренесің.

Сөйлегенде байқалуы. Қобалжығаннан даусымыз бір түрлі тым жоғары шығып не дірілдей бастауы мүмкін. Кейбіреулер жиі жөтеліп, я болмаса тым тез сөйлейді. Мұның бәрінен дауыстың шығуын саналы түрде қадағалай отырып, құтылуға болады.Егер мінбеге шығар алдында қобалжып тұрғаныңды байқасаң, онда бірнеше рет терең тыныс ал. Тұла-бойыңды бос ұстауға тырыс. Қобалжып тұрғаныңа мән бермей, дайындаған мәліметіңді тыңдаушыларың неліктен есту керектігін ойлан. Сөйлемей тұрып, тыңдаушыларыңа қарап ал. Жылы жүзді біреуін тап та, оған қарап күлімсіре. Алғы сөзіңді асықпай бастап, беріліп сөйлеуге тырыс.

Қандай нәтиже күтуге болады? Қобалжуың сап тыйылады деп күтпе. Көпшіліктің алдына шығып сөйлеудің алдында кейде көп жылдық тәжірибесі бар баяндамашылардың өзі де қобалжиды. Алайда олар өздерін қолға алуды үйренген. Егерде барынша күш салып, қобалжудың сыртқы белгілерінен арылатын болсаң, тыңдаушыларың сені өзін еркін сезінетін әрі байсалды баяндамашы ретінде қабыл алады. Бұдан кейін де қобалжуың мүмкін, бірақ мұны ешкім байқамайды.Адреналиннің бөлініп шығуы қобалжу тудырғанымен, бұл ағзаның күш-қуатын арттыратынын есіңнен шығарма. Оны шабыттанып сөйлеуге жұмса.Осы нәрсенің бәріне үйрену үшін міндетті түрде көпшіліктің алдына шығып сөйлейтін кезді күтудің қажеті жоқ. Күнделікті өзіңді ұстай алуға және айқын сөйлеуге үйрет. Бұл саған өзге де маңызды жағдайларда — мінбеге шығып сөйлеу мен уағыздауда — өзіңді сенімді сезінуіңе көмектеседі.

Ұялшақтықтың алдын - алу жолдары

Ұялшақтық - өте жасырын ұғым және өз алдына жеке мәселе. Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, зерттеушілердің пікірінше, осы жағдаймен жастардың тең жартысы азап шегуде. Ұялшақ болу ішкі жан дүниесін аша алмау, қорқу, қоршаған ортамен байланысқа түсе алмау, соған бола қобалжу, ойын еркін түсіндіре алмау. Ол әр адамда болады деп ашық айта алмаймыз. Себебі әр тұлғаның психологиясы әрқилы, табиғаты да бөлек. Біз білетіндей, мінезі жұмсақ, момын, тым ойға берілгіш келетін кісілер өмірде өз жолын табуда қиналады.Бұл адамдардың достары аз, қоршаған ортасы тар, өзінің жан дүниесі сияқты мұңлы болып келеді.Бұдан шығатын қорытынды, барлық айналадағы болып жатқан құбылыс адам баласымен өте тығыз байланысты. Мұндағы басты мақсатымыз қоғамда белсенділік таныту. Сіз мүмкін адамды танып білуде, қатынас жасауда қиналарсыз, өйткені, адам баласы біз білетіндей бірдей болмайды. Сондықтан қандай қиын жағдайды бастан өткерсеңіз де, яғни кикілжің күйзеліс, түсінбестік, шатасу сияқты мәселе болса, ымыраға келуге тырысыңыз. Мейлі сіздің ойыңызды дұрыс түсінбей, пікіріңізге шалыс айтуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда керісінше, өз еңсеңізді түсірмеңіз, себебі қазақта «жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші әрқашан ортада пікіріңізді айтып, ашық болуға тырысыңыз.

Көптеген психологтар, әлеуметтанушылар және т. б мамандар ұялшақтықты кең түрде зерттеуге тырысты. Ол ұялшақтықтың неден туындайтынын көрсетті. Жеке адамды тұлға ретінде зерттеушілердің пікірінше ұлшақтықтың адамда ата - тектен тараған, яғни тұқымда бар деп сараланады.Бихевиористердің айтуынша, ұялшақтық қоғаммен тіл табыса алмайтын немесе өмірге бейімделуден, қашқындықтан қалыптасады. Психоаналитиктердің ойынша, өзіне сенімсіздіктен, ойын сырт ортаға шығара алмаудан. Әлеуметтанушылар немесе балалар психологының тұжырымдауынша, ұялшақтықты белгілі бір жеке термин ретінде қарастыра келе әлеуметтік ортаның қалыптасуына байланысты туындайды деп көрсетеді.

Қ. Б. Жарықбаевтың айтуынша, ұялу – басқа адамның әдетте жақындарының қылығымен не тұлғалық мінездерінің көрініс беруімен байланысты болуы мүмкін. Ұялшақтықты өзіне - өзі кемелдендіру, білім мен біліктілікке жету, өз қабілеттілігін арттыруға бағытталған мінез - құлықтың

қуатты қозғаушы күші арқылы жоюға болады. Ұялудың бастапқы шегі әркімнің құндылық бағдарына әрбір жеке тұлғаның қасиетіне, айналасындағы адамдардың өз жөніндегі пікірлеріне, сезімталдығына байланысты.

26.Есті дамытатын тәсілдер

Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады.

Жаттығу.Кроссвордтар мен түрлі логикалық есептерді шешіп, немесе қара өлең атаулыларын жатқа оқып, шет тілдерінен сабақ алу – есте сақтау қабілетінің ең мықты қалыптасуының себепкері екен. Бұл – миға жұмыс берудің ең оңай тәсілдері саналады.

Жүзім шырыны.

Егер біздің ағзамызға осы бір сусынды сіңірер болса, есте сақтау қабілетіміз 20 пайызға жоғарылайды. Ескертетін жайт, шырын – күлгі түстес болуы қажет. Оның құрамында миға пайдалы аксидонттардың үлесі зор.

Наши рекомендации