Оршаған ортамен таныстыру

Менің отбасым

Өзінің отбасы, отбасылық қарым- қатынас туралы әңгімелеп беру дағдыларын қалыптастыру.

Қоршаған ортадағы заттарды, кеңістікті бағдарлауды меңгерту.

Заттардың сапалары мен қасиеттерін:сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру.

Балаларға түрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдануды, бейтаныс заттардың атқаратын қызметтерін түсіндіру, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгерту.

Балаларды өзге адамдардың іс - әрекеттерін бақылауға үйрету.

Көлік, байланыс құралдары

Жерде жүретін және ауада ұшатын қозғалыс құралдары туралы білімдерін бекіту.

Ересектер еңбегі

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсетуге деген тілектерін қолдау.

Қазақстан - менің Отаным, еліміздің рәміздері

- Қазақ халқының дәстүрлі тұрғын үйімен таныстыруды жалғастыру. Қазақстанның туы туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер:

- отбасы мүшелері туралы, оларға өзінің қарым-қатынасы туралы әңгімелейді;

- айналасындағы заттардың қолданысын біледі;

- заттардың сапасы мен қасиеттерін: сипау, дәмін тату және есту арқылы таниды;

- көлік құралдарын таниды және атайды;

- бағдаршам белгілерінің маңызын түсінеді және атайды;

- басқа адамдардың еңбек нәтижелеріне құрмет танытады, көмек көрсетуге ынталы;

- қазақтардың дәстүрлі мекені туралы түсініктерге ие;

- Қазақстан Туын таниды атайды.

Экология негіздері

Өлі және тірі табиғат құбылыстары және заттары

Балалардың өлі табиғат нысандары жайлы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту дағдыларын жетілдіру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер

Көктем мезгілінде ауа райының жағдайларын бақылау және анықтай білуді жетілдіру. Жаз мезгілінің кейбір сипаттық ерекшеліктері жайлы білімдерін жетілдіру. Жаз мезгілінде табиғатты бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Өсімдіктер әлемі

Туған өлкенің өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерін жетілдіру. Ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен жемістерді, бөлме өсімдіктерін тану және атау, өсімдіктердің бөліктерін тану дағдыларын қалыптастыру.

Жануарлар әлемі

Балалардың үй жануарлары және олардың төлдері, жабайы жануарлар туралы, өздеріне таныс жануарлардың сыртқы ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.

Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау, оларға қамқорлық жасау дағдыларын жетілдіру.

Құстар мен жәндіктер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Қоршаған ортаның объектілеріне жағымды, ұқыпты қатынастарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

- табиғаттың сипаттық маусымдық өзгерістерін анықтайды және атайды;

- таныс ағаштарды, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістердің
3-4 түрін, үй жануарларын және жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды және атайды;

- табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды;

- ересектермен бірге өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайым еңбек тапсырмаларын орындай алады.

ОРТАҢҒЫ ТОП

(4 жастан 5 жасқа дейін)

ДЕНСАУЛЫҚ» білім беру саласы

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

Мақсаты:баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға деген қызығушылығын дамыту, қозғалыс біліктері мен дағдыларын қолдануға баулу.

Міндеттері:

- балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеуде негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;

-дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, қозғалыстарды үйлестіру, шыдамдылық, тепе-теңдікті сақтау, икемділік;

-дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ

Дене шынықтыру

Наши рекомендации