Пән туралы ақпарат

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

пән туралы ақпарат - student2.ru   БЕКІТЕМІН Кафедра меңгерушісі Жұмабаева Ә.Е. _________________   «____»____ 2013 ж.  

«Балаларды мектепалды даярлау»

Білім алушыларға арналған

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«5В010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Алматы,

Ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

§ 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

§ «_27» 08. 2013 ж. бекітілген 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»мамандығыбойынша жұмыс оқу жоспары негізінде дайындалды.

Дайындағандар:

оқытушы С.Ж. Еркебаева

Кафедра меңгерушісі Ә.Е. Жұмабаева

« 27» 08. 2013 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі

Құжаттаманың атауы Беті  
  Пәннің типтік бағдарламасы  
  Силлабус
  Пәннің жұмыс  
     
  Практикалық сабақтардың тақырыптары мен қысқаша сипаттамалары
     
  СОӨЖ, СӨЖ сабақтарын жүргізуге арналған тапсырмалар
  Емтиханға дайындалуға және өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар, соның ішінде тесттер
  Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, соның ішінде электрондық тасуыштардағы әдебиеттер
  Интернет-ресурстардың тізімі  
  Глоссарий  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

пән туралы ақпарат - student2.ru

Студенттерге арналған пән силлабусы

Пән туралы ақпарат

Пән атауы Балаларды мектепалды даярлау Пән коды BMD 2306   Кредит саны Курс 2, 2ж семестр 3
Мамандық аты Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Мамандық шифры 5В010100 Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасы Педагогика және психология институты
Оқыту формасы – күндізгі ЖБ Оқыту тілі - қазақ
Пәнді өткізу уақыты және орны:
Консультация уақыты кесте бойынша
Рубеждік бақылау кестесі
оқытушы Еркебаева Сауле Жомартовна Контактілік ақпарат Сот. 8777-317-18-47
Оқытушы қолы ___________   Кафедра меңгерушісі _________ Жұмабаева Ә.Е

2. Пәннің қысқаша сипаттамасы. Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша «Баланы мектепалды даярлау» курсы аталған мамандыққа бакалаврларды даярлауда оқу пәнін таңдап алу компонеттерінің бірі. Курс студенттерді мектепалды даярлау топ балаларымен жұмыс жүргізуге теориялық және тәжірибелік даярлауға бағытталған. Мектепке дейінгі негізгі іс-әрекеті ойын болып келген балаларды білім әлеміне жетелейді.

Қазіргі кездегі мектепалды даярлық топ балалары - өздеріне тән ерекшеліктері бар. 6-7 жастағы балалар және бұл ерекшеліктерді болашақ мамандар білуі қажет.

Пәннің мақсаты:Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жүйесі, педагогика ғылымының даму тенденцияларын, балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінің кәсіби бағыттылығын, мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру жолдарын, оларды тәрбиелеу мен оқыту формасын, құралдарын, мектепке дейінгі ұйымда оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін, олардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын, білім беруде педагогикалық технологияларды меңгеріп, болашақ кәсібіне деген көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:

-студенттердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру;

-мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін меңгерту;

-баланы мектепке даярлаудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу;

-теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту.

3.Пән пререквизиттері: «Педагогика», «Мектепке дейінгі педагогика», «Балабақшадағы тәрбие жұмысының әдістемесі», «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері» пәндері.

4.Пән постреквизиттері: «Бірінші сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері», «Мектепке дейінгі педагогика тарихы», «Оқу-таным әрекетін ұйымдастыру», «Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері».

Наши рекомендации