Педагогикалық процестің компоненттерінің бөліктері.

Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта - қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген проблеманы В.Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.ТЛихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады. М.А. Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.

Жорамалдау бойынша , қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнын іс - әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқьізған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамгершілік факторы болады. Олардың іс - әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі, маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықганда процестің бөліктері "ұстаздар мен окушылар"

жүйесінің құрамы және олардың іс - әрекетінің бөліктері болатын.

Педагогикалық процестің мәнін тереңдеу және жан — жақты түсіну үшін тек қана бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процес бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық. .

Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан- жақты тұлға дамуындағы, гумандық бір ізділік идеясы тұрғысынан анықталады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан өсіп түсінуде (Р.Г. Гурова) философтар мақсатты идеал (идеалдық - мақсат) ретінде қарастырады.

Алайда мақсат-идеал немесе іс - әрекеттің нәтижесінің өте онды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат-міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.

Егер идеалды-мақсатқа жету ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесін (біртұтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат - міндеттері әрине аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.

Кейбір мақсат-идеал мен мақсат-міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қана қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Тағыда оны субъект—субъектілік қатынастар педагогикалық процестің екі жақтылы болғандықтан окушылармен бірге жасау керек.

Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттерін таңдап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезеңдегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер айтылған оқуға (В.И. Ленин) бағытталуы керектігіне сендіреді. А.С. Макаренкодан өте айқын түрде қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет) адамзат коллективтерінің ұйымшылдығына әкелетін адамдар әрекетін біріктіру мен ұйымдастыру үшін аса маңызы бар болатындығын дәлелдеді. Әрбір адам материалдық, рухани және әлеуметтік реттелуші немесе адамгершілік мәдениеттері меңгерілуі керек.

Әрбір көрсетілген қабаттар өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Материалдық мәдениет адамзат жасаған заттар шындығы материалдық құндылықтар машиналар, саймандар, техника әртүрлі міндеттері бар объектілер ретінде түсіріледі. Бұл мәдениет тереңдігімен мұра болатын біліктер адамның бар материалдық құндылықтар жаңа тәжірибеге енгізу мүмкіншілігіне себеп болады. Рухани мәдениетті, кейде оны интеллектуалды дейді, адамдардың айналада қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортада, ғылымда, өнерде белгіленеген белгілі бір қабылдау мен бейнелеп көрсету деңгейін айтады. Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың қоғамдық өмірлерін ұйымдастыру мен байланысы (экономикалық, құқықтық, саяси этикалық және т.б.) байланысты және ол әдетте мұра болмайтын жүріс-тұрыстарының әртүрлі формаларында материаланады. Мәдениеттің әрбір кезеңдері адамзат белгілі бір іс- әрекетте орындаған.

Жалпы адамзат мәдениетінің әрбір кезең ерекшелігі ең алдымен тұлғаның жан - жақты дамуында дәл адамзат мәдениетінің барлық мәдениетін меңгерудің жағдайын жобалау көзделінеді. Екіншіден мәдениет мұрасы әрбір, адамды дайындаудың жолын көрсетеді. Үшіншіден әрбір мәдени мұраның мазмұнының ерекшеліктерін, тұлғаның жан - жақты дамуы үшін қолдануға болады, яғни сол іс-әрекеттерді индивидтің мәдениетін дамытуға әкеледі.

Тұлғаның қалыптасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкіи емес. Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін

адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс-әрекетгі айқындау (распедмечивание). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс-әрекет тәсілдері арқылы жасалынғанын анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғаның өзгеруіне әкеледі (опредмечивание). Іс-әрекет педагогикалық міндеттері шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын, еңбек, (тұрмыстық, ақыл-ой, дене өндірістік, өнер және табиғатты қорғау).

Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым- қатынас; ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал деңгейінің қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек қана әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Бізге тұлғаның қалыптасуы іс - әрекет барысында қалыптасуындағы, іс-әрекет қандай болса тұлға да сондай. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет маңызды болып қалмайды, іс - әрекеттің маңызын барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде байқайды.

Жоғары, айтылғанлардан мынадай қорытыңды жасауға болады:

-қандайда болмасын аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының карым - қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;

-комплексті түрде педагогикалық ықпал ету. құралың қолдану, мақсатпен міндеттерді мұқият үйлестіруді жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс - әрекетті анықтауды талап етеді;

Бірақ мұғалім барлық оқушыларды іс - әрекеттерге қосудың барлық мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес сонымен бірге ол окушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек. Демек, барлық бұрын педагогикалық ықпал ету құралдары туралы айтылғандар педагогикалық процестегі нақтылы жұмыстың формасы оған қатысушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз болады. Бірақ қалай болса солай еркін, формалды немқұрайды таңдау жайды егер бұрынғы бөлшектермен байланысты болмаса (мақсат, міндеттер, мазмұны және іс -әрекеттер түрлері) әдетте анықталмайды.

Біршама консервативтік болғанмен яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс, тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бүл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген, міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін "еңбек затын" ол үшін оқу еңбектің мазмұны болады оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс - әрекет тәсілдерін және ұйымдастыру ерекшеліктерін білу. Окушылар үшін таным іс - әрекетінің, (еңбек құралдары) әдістер мен тәсілдер олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда ғана олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігін шындыққа айналдырады. Сондықтан, егер формада (өзара әрекеті ұйымдастыру) ынтымақтастықтың объективті алғы шарты ішінде болса, онда олар балалардың іс - әрекетінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы белгілі бір жеке алынған әрбір оқушыға немесе топқа арналған мұғалім тарапынан немесе коллектив атынан берілген тапсырмаларды орындауда жүзеге асырылады. (Котов В.В., Лиймете Х.И., Дежникова Н.С., Первин И.Б., Хан Н.Н.)

Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігі көрсетіледі, оны ескерілмейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән зандылықтарды ақылы білім жағдайларды да анықтауды шамалайды.

Педагогикалық процестің заңдылықтары қандайда болмасын мұғалімнің жұмысындағы ұқсас жағдайларда байқалатын себеп - салдар детерминалды жалпылықпен сипатталады заңдылықтар объективті осы процеске қатысушылардан-олардың ұнамды көңіл- күйінің тілектерінен тәуелсіз.

Педагогикалық процестің бір бөлігі эмпирикалық жолмен басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері теориялық экспериментальдық жұмыстарды орындау барысында анықталды. Егер зандылықтардың мәні жеткілікгі дәрежеде терең зерттелген онда ол үш себептен ұтымды болды. Анықгалған.заңдылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылымын бөліктердің өзара әрекетін өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте түседі. Ең ақырында қандайда болмасын процестің заңдылықтарын тану оның басқару мен мұғалім іс -әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдауды" мүмкіншілігін кеңейтеді.

Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың 20 — шы жылдарында тәрбиенің зандылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Колашников А.Г., Грехтенберг С.В.) Біршама кейін педагогикалық процестің оқудан тыс уақыттарды (заңдылықтарды зерттеуді), (Болдырев Н.И., Щукина Г.И.; Петухов Н.Н.) және оқу процесінің
(Загвязинский В.И.). XX ғасырдың соңғы он жылдығында
пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынғанмен
біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарына шолу
жасалған (И.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б. Т. Лихачев ,
В:А. Сластеншф).

Педагогикалық процестің зандылықтары дегеніміз "ұстаздар - оқушылар" жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, заңдылықтары анықталады.

Сондықтанда педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:

-оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;

-педагогикалық процестің мақсатқа бағытылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі, білім беру заңдары арқылы талап етіледі;

-педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс - әрекет;

-оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс - әрекетінің нәтижесі;

-педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты ;

-педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір - біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір - біріне әсері бар;

-педагогикалық процесс бір қас кағым сәттік емес, ұзақ мерзімге уақытқа бағытталған;

-педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.

Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді,олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу- тәрбие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі.

Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандарды ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік -экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін

мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамаларды принциптері.

Принциптер мұғаімнің іс-әркетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық ықпал көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшу болады:

-педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;

-іс-әрекеттің санамен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;

-педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажетгілігін ескере отырып ұйымдастыру;

-педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;

-оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық) психологиялық физиологиялықты. жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;

-педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;

-оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;

-ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;

-әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін кдмтамасыз ету;

-оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.

Заңдар, зандылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылықты процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен окушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.

       
   
 


Оқу Оқудан тыс
Мазмұн
Ақыл ой Адамдар ішілік Еңбек Дене тәрбиесі Заң Экономикалық және т.б.
Оқу Оқудан тыс
Мазмұн
Ақыл ой Адамдар ішілік Еңбек Дене тәрбиесі Заң Экономикалық және т.б.

       
 
   
 


Құрал
Қарым қатынас Ойын Еңбек Өнер Табиғатты қарғау
Құрал
Қарым қатынас Ойын Еңбек Өнер Табиғатты қарғау

 
 


Формалар
Жеке Жеке еңбек Колектив Тоаптық еңбек
Формалар
Жеке Жеке еңбек Колектив Тоаптық еңбек

               
 
   
   
Әдістер мен тәсілдер
   
Әдістер мен тәсілдер  
 
 


Наши рекомендации