Теріне қойылатын талаптар.

4.1 Нейродинамика

4.2 Тәуліктік биоритмика

4.3 Психомоторика

4.4 Сезгіштік аумағы

4.5 Есте сақтау кабілеті

4.6 Зейіні

4.7 Ойлауы

4.8 Парасаттылығы

4.9 Еркіндігі

4.10 Мінез-құлқы

4.11 Тұлғаның кәсіби сапалық қасиеттері.

5. Кадр дайындау

5.1 Оқу орнының түрі

5.2 Оқыту мерзімі

5.3 Жалпы білім беретін пәндерді игеруі

5.4 Кәсіби шеберлігін шыңдау.

Профессиограмманыңбұл келтірілген құрылымдық мазмұны әрине, кәсіби біліктілікке казіргі қойылып жүрген талаптар деңгейінен әрі биік, әрі ауқымды екені көрініп тұр. Бірақ оны қазір жүзеге асырып, практикада қолдану қиын болып тұр, өйткені, жұмыс ауқымын айтпағанның өзінде, қарапайым әрі тиімді талдау мүмкіндігі жоқ.Профессиограмма дегеніміз бұл нақты еңбек әрекетін зерттеу

(профессио – мамандық, графия – жазу, бейнелеу). Кез келген кәсіби әрекеттердің психофизиологиялық бейнесін құрастыру профессиографиялық зерттеудің негізгі міндеті. Профессиографияны өткізу барысында мамандардың алдына қойған мақсатын, жұмыс істеу кезіндегі қабілетін, еңбек етуге қажетті білім, дағды және іскерліктерін, адамның еңбек ету кезіндегі жауапкершілігін анықтау өте маңызды. Бұның барлығы әрине, еңбек әрекетінің атқарылу кезіндегі жұмыстың өнімді болуының алғы шарттары болады.

Профессиографияның нәтижесінде профессиограмма шығарылады. Әр мамандықтың өзіне тиісті профессиограммасы құрастырылады. Сонымен, профессиограмма – әр мамандықтың әлеуметтік, экономикалық, өндірістік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және психологиялық ерекше-ліктерінің жүйелі бейнеленуі болып табылады.Профессиограмманың құрамына психограмма кіреді. Психограмма дегеніміз адамның енбек әрекетін өнімді және сапалы орындауға қажетті субъективті сапаларының жүйесі.

Профессиограмманы өткізу барысында келесі тәртіптегі кешенді талдау жүргізу жөн:

1. Мамандықтың өндірістік сипаттамасын анықтау.

2. Мамандықтың экономикалық мәнін белгілеу.

3. Мамандықтың әлеуметтік мінездемесін қалыптастыру (мамандықтың ерекшелігі, ұжымдық немесе индивидуалды беделі және т.б.).

4. Мамандыққа қажетті білім мен шеберлік көлемін анықтау. Мамандыққа қажетті дайындық уақыты.

5. Еңбек жағдайының сипаттамасы (санитарлық-гигиеналық сипаттамасы немесе адамның денсаулығына еңбек процесіндегі әсер ететін жағымсыз жағдайларды есепке алу).

6. Физиологиялық талаптардың тізімі (еңбек атқарушының организм функцияларының физиологиялық жәйттерін ескерту).

7. Мамандық бойынша жұмыс істейтін нақты адамдардың психограммасын құрастыру.

Кәсіптік зерттеу жүргізу барысында профессиограмманың түрлі формалары қолданылады:

1. Ақпараттық профессиограмма – кәсіби кеңес беру мен кәсіби бағдарлану кезінде қолданылатын кесте.

2. Диагностикалық профессиограмма – еңбек әрекетінің өнімділігі төмендегенде қолданылады.

3. Конструктивті профессиограмма – жаңа еңбек өрісіне жоба жасау жағдайында эргатикалық жүйелерді жетілдіру үшін қолданылады.

4. Әдістік профессиограмма – белгілі бір еңбек әрекетіне тиісті эргатикалық жүйелерді зерттеу әдістерін таңдау үшін қолданылады.

5. Бағдарламалы профессиограмма мамандықты таңдау және мамандарды дайындау кезінде қолданылатын әдістерді таңдай алу.

Профессиографиялық схеманы құрастырудың әртүрлі жолдары болады. Осы істің Е.М. Иванова 2 негізгі компоненттерін бөліп шығарады:

1. Еңбек субъектісінің сипаттамалары:

а) еңбек субъектісінің объективті сипаттамасы (оның денсаулығы,

еңбек ету мезгілі, қажетті білгірлігі, жұмыстың өнімділігі және т.б.);43

ә) әлеуметтік және мотивациялық құрылым (мамандықтың әлеумет-

тік маңызы мен қоғамдағы өнімнің рөлі туралы хабардар болу, кәсіби орта мен ұжымда өзін мүше ретінде сезіну және де өзінің кәсіби әрекетіне деген қатынасын сезіну);

б) кәсіптің когнитивті-мотивациялық құрылым (еңбек процесі, міндеті, мақсаты, заты туралы білімі; еңбек әрекетіне деген жеке тұлғалық қатынасы);

в) кәсіптегі жеке іс-әрекеттің оперативті-психологиялық құрылымы (әрекет мақсатының болуы, әрекетке тиісті қимылдар мен операцияларды орындау қабілеттілігі); г) еңбек субъектісінің эмоционалды-ерікті құрылымы (еңбек әрекетін атқарудағы индивидуалды стиль және еңбек субъектісінің функционалды жағдайлары).

Еңбек объектісінің сипаттамалары:

а) белгілі еңбек процесінің тарихы және жетістіктерге ие болу жолы (ғылыми техникалық және әлеуметтік-экономикалық өркендеу);

ә) еңбек объектісінің әлеуметтік құрылымы мен өзгеру бағыты (енбек объектісінің әлеуметтік- экономикалық мінездемесі);

б) еңбек процесінің құрылымы: 1) еңбектің заты - құралы – міндеттері; 2) еңбек жағдайларының құрылымы; микроклимат және гигиеналық жағдайлары; әлеуметтік-психологиялық жағдайлары; еңбектің ұйымдастырылуы (жоспарлау, бақылау);

в) еңбектің операционалды - техникалық әрекеті, еңбек әрекетін атқару.

Психологиялық профессиограмма дегеніміз белгілі бір еңбек түрін қомақты, жүйелі және қысқартылған түрде суреттеу болып табылады. Оның құрамына өндірістік іс-әрекет мінездемелері бәрі де жинақталады. Психологиялық профессиограмманы құрастыру кезінде еңбек әрекеті тұтастандырылған ұғым ретінде қарастырылып, оның көптеген элементтері айқындалады. Психологиялық профессиограмманы жасау кезінде еңбек әрекетінің міндеттері, еңбек ету үшін қажетті қабілеттер, жауапкершілік және шеберлік деңгейі анықталуы тиіс. Психологиялық профессиограмма еңбек әрекеті мен еңбек жағдайын суреттеу мен талдаудың жалпы әдісі болып табылады.Психологиялық профессиограмманың екі формаы бар: жеке профессиограмма және кешенді профессиограмма. Жеке профессиограмма жұмыс

көрінісін бір ғана ғылыми өрісінен сипаттайды. Мысалы: жұмысты нақты физиологиялық немесе санитарлы-гигиеналық, әлеуметтік, экономикалықжақтарын айқындау.Кешенді профессиограмма бойынша жұмыс салааралық, жан-жақты

түрде қарастырылады. Мысалы: техникалық, экономикалық және әлеуметтік ұйымдастыру.Психологиялық профессиограммаларды қолдану жағынан: әмбебап

(универсалды) және арнайы деп бөлеміз. Әмбебап профессиограмма жұмыстың барлық түрлерін сипаттайтын мінездемелер мен мәліметтерді баурайды. Осындай профессиограмма көлемі жағынан едәуір кең, мақсаты жағынан жан-жақты болып келеді. Арнайы профессиограмма нақты психологиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында еңбектің маңызды сипаттамаларын сұрыптау мен анықтау болып табылады. Арнайы «профессиограмма жұмыстың белсенділігі мен өнімділігін арттыру мақсатында, жарақаттануды алдын-алу, еңбекке қажетті біліктілікті артты-

ру міндеттерімен қолданылады.Психологиялық профессиограмма еңбек туралы мәліметтерді жинақтаудан басталады. Осыған кіретін келесі:

1. Қандай жұмыс талданылады? Жұмыс мақсаты қандай? Жұмыс барысында қандай іс-әрекет кездеседі?

2. Жұмысты орындау жағдайлары және оның мүмкіншіліктері қандай?

3. Жұмысқа қандай сыртқы фактор әсер етеді?

4. Жұмыс істейтін адамның психикасына қойылатын ерекше талаптар?

Жұмысты суреттейтін ақпаратты келесілерден алуға болады:

а) Тарифті - квалификациялық анықтамалар;

ә) Еңбек атқару гигиенасы мен қауіпсіздік ережелері;

б) Жұмыс күнінің фото, видео т.б. көріністері;

в) Мекеменің жедел есептері;

г) Әртүрлі жиналыс хаттамалары;

ғ) Кәсіптік оқыту материалдары;

д) Жұмыс туралы арнайы әдебиеттер.

Психопрофессиограмма құрау 3 сатыдан тұрады.

1. Суреттеу сатысы – жұмыс процесі туралы нақты және қомақты

материал жинақталады.

2. Талдау-біріктіру сатысы (анализ-синтез) – жинақталған материалдарды талдау-біріктіру арқылы кешенді-әмбебап профессиограмма жасалынады.

3. Дедуктивті сатысында – кешенді профессиограммадан нақты мақсатқа көшу барысында еңбекке қажетті білімдер жинастырылады.

Профессиограммалар арнайы мақсатпен қолданылады:

а) еңбек процесін оптимизациялауға бағытталған профессиограмма

(еңбекті дұрыс ұйымдастыру мақсатымен);

ә) жұмысшыларды іріктеу, кәсіп иелерін таңдау барысында кеңес беру үшін қолданылады;

б) кәсіби оқытуды ұйымдастыру мақсатымен жүзеге асатын профессиограмма (нақты қабілеттер, тұлғалық ерекшеліктер, оқыту табысы айқындалады);

в) еңбек процесін ұйымдастыру профессиограммасы (еңбекке әсер ететін нақты объективті және субъективті факторлар ескеріледі);

г) еңбек өнімділігі мен нәтижелігін бағалау мақсатымен қолданылатын профессиограмма.

Отандық психологияда Е.А. Климовтың жіктемесі кеңінен танылды.

Онда еңбек объектісімен сәйкес мамандықтың 5 типі көрсетіледі:

1) Адам-тірі табиғат (т). Бұл тип өкілдері өсімдіктермен, жануарлармен, микроағзалармен байланыс жасайды, мысалы: агроном, зоотехник, ветеринар, микробиолог.

2) Адам-техника (өлі табиғат); (Т). Жұмысшылар еңбектің техникалық құралдарымен жұмыс жасайды. Мысалы: слесарь, техник, механик, электрик.

3) Адам-адам (А). Қызығушылық, танымдық заты-әлеуметтік жүйе, тұрғындар тобы, әр жастағы адам. Мысалы: тауар сатушысы, шаштараз, дәрігер, мұғалім.

4) Адам-белгілер жүйесі (Б). Табиғи және жасанды тілдер, шартты белгілер, сандар, формула. Мысалы: программист, математик, баспа редакторы, тіл маманы.

5) Адам-көркемдік образ (К). Мысалы: суретші-декоратор, реставратор, балет әртісі, драма театрының актері.

Мамандықтың бұл 5 типі мақсаты бойынша 3 класқа бөлінеді:

1) гностикалық мамандық (Г) (грекше «гнозис»-білім). Мысалы

«адам-табиғат»: дегустатор, жемісті қабылдаушы; «адам-техника»: мастердиагност; «адам-адам»: медициналық эксперт, әлеуметтанушы; «адам-белгілер жүйесі»: корректор-бухгалтер; «адам-көркемдік образ»: музыкант, актер.

2) Қалыптастырушы мамандықтар (Қ). Мысалы: «адам-табиғат»:

өсімдік өсіруші, зооинженер, жануар өсіруші; «адам-адам»: мұғалім, педагог, токарь; «адам-белгілер жүйесі»: машинист-стенографист, бухгалтер; «адам-көркемдік образ»: декоратор, суретші, сылақшы.

3) Таңдамалы мамандықтар. Мысалы, «адам-табиғат»: ұшқыш-бақылаушы, биолог-зерттеуші; «адам-техника»: инженер-құрастырушы; «адам-белгілер жүйесі»: программист, математик; «адам-көркемдік образ»: суретші, сазгер.

Еңбектің негізгі құралдары бойынша әр класты 4 бөлімнен құруға болады:

1. Қол еңбегі мамандығы, слесірлік жұмыс бақылаушысы, фельдшер-лаборант, картограф, суретші, конструктор.

2. Машина қол еңбегі мамандығы, экскаватор жүргізушісі, токарь, автомобиль жүргізушісі.

3. Автоматтандырылған жүйемен байланысты мамандық: цех операторы, магниттік жазба операторы.

4. Еңбек функциональды құралдарымен байланысты мамандық:

еңбектің психологиялық құралы-ойлау эталондары (акробатта-келесі әрекеттің ойлау үлгісі, дирижерде-образды эталондар).

Еңбек шарттары бойынша Е.А. Климов мамандықты 4 топқа бөледі:

1. микроклимат жағдайындағы жұмыс: лаборант, оператор ЭЕМ,

бухгалтер.

2. ашық жердегі жұмыс: агроном, монтажшы, МАИ инспекторы.

3. биікте, су астында, жер астында, т.б. антенашы, теңіз зерттеушісі, өрт сөндіруші.

4. Адамның денсаулығы, өмірі үшін моральды жауапкершіліктегі

жұмыс: балабақша тәрбиешісі, мұғалім, зерттеуші.

Кәсіби білім беруді мамандықтың барлығы бойынша жүргізу мүмкін емес. Әрбір кәсіби іс-әрекеттің құралы, мазмұны, деңгейі ерекшеленеді.Оқу мамандығының белгілер бойынша ғылыми негіздеу керек. Нәтижесінде мамандар дайындау формасы жасалу керек. Бұл кәсіби мектеп және ЖОО-да оқу болуы мүмкін.

Кәсіби білім алу үшін оқу мамандықтарын таңдау өзекті болып отыр. Бұл таңдау ғылыми негізделуі керек. С.Я. Батышев ең алғаш білікті мамандар дайындау мақсатында оқу мамандықтарын топтастыру мәселесін алға қойды. Мамандық бөлінуінің маңызды нәтижелері:

– еңбекті механикаландыру дәрежесі;

– деңгей және талап етілетін біліктілік сипаты;

– дене және ақыл-ой еңбегі шығындары қатынасы.

Еңбек күрделілігін анықтау критерийлері болып: құрал, зат, өнім, еңбек қызметі, жауапкершілік көрсетілген. 1987 ж. кәсіби техникалық білім беру жүйесінде қызмет етуші жұмыскерлерді дайындау үшін мамандықтардың жалпы одақтық санағы

бекітіліп, оқу мамандықтарының жалпы саны 1193-ке дейін қысқарды.

Техника түсінігінің астарында құрал, еңбек құралдары жатады.

Технология техниканың жасанды құралдарының, өндіріс процестерінің,

ресурстарының, басқарудың дамушы жүйесі ретінде кең ұғым болып

табылады. Технология қоғам дамуын анықтау, ғылым мен тәжірибе

жетістігін көрсетеді, және мынадай кәсіби профильдерге бөлінеді:

– ақпарат технологиялары-ақпарат алу, талдау, өңдеу;

– экологиялық технология-қоршаған орта;

– экономикалық технология-кәсіпкерлік, бизнес;

– өндірістік технология-материалдық құндылықтар жасау;

– аграрлы, жер өңдеуші техникалық-өсімдіктерді өсіру;

– әлеуметтік технология-адамдар қарым-қатынасының жақсаруы, тұрақтылығы.

Технология түрлері оқу мамандық топтарын қалыптастыру үшін негіз болады. Өндірістік іс-әрекетте әлеуметтік-техникалық, физикалық, экологиялық білім өте қажет. Кәсіби политехникалық білімге қажет факторлар:

– еңбек пен өндіріс интеллектуализациясы;47

– электроника, т.б. техникалық жүйелер есебінен технологияны күрделендіру;

– қазіргі кездегі өндіріс пен еңбек үзілісінің технологиялық базисінің дамуы;

– жаңа технологиялар базасы бойынша техникалық құралдарды жетілдіру;

Кәсіби маңызды сапалар-жауапкершілік, сенімділік, қабілеттілік, шешім қабылдай алу, т.б.Сонымен қатар: технологиялық, политехникалық, жеке тұлғалық

болып бөлінген 3 фактор көрсетілген.

Оқу мамандығын жобалауда келесі принциптер жүзеге асырылады:

– педагогикалық технология мен өндірістік технологиялардың өзара байланысы;

– кәсіби өзін-өзі анықтау;

– мамандық мазмұнының прогностикалық бейнесі;

– оқу технологиясы мен кәсіби профильдегі өндірістік технологиялар интеграциясы.

Оқу мамандығы мәселелерін шешуге технологиялық білім беруді жүйелеу негіз болады. Бұл мәселенің шешімі мамандарда-құрастырушылық, білім берудегі мамандыққа кіріспе мәнін күшейту қажеттілігін тудырады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.

7 Дәріс. Оқушылардың еңбек қызметін ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктеріӨскелең ұрпақты еңбекке даярлаудағы әлеуметтік тапсырыс бұл

мәселенің психологиялық аспектісін зерттеудің өзектілігін белгілеп отыр.Кәсіби қалыптасу мәселесіне Д. Сьюпердің кәсіби даму стадиялық теориясы қызығушылық танытады. Д. Сьюпер бес стадияны қарастырды: пайда болу, зерттеу, консолидация, сақталу және құлдырау. Зерттеушілердің көпшілігі кәсіптік бағдарлау процесінде екі кезеңді белгілейді. Бірінші кезең тұлғаның мамандық әлеміне бағдарлануына ұмтылумен,олардың мазмұны туралы өзінде түсінікті қалыптастырумен сипатталады. Ал екінші кезең тұлғаның кәсіптік әрекетті меңгеруге ұмтылумен, нақты бір кәсіптік топтың құрамына енумен сипатталады. Бірінші кезеңде тұлға

өзінің ақпаратталған деңгейіне қанағаттанады, ал екіншісінде – өзінің мамандыққа жақындасуына немесе жұмысқа қабылдауына қанағаттанады.Дж. Голланд 6 кәсіптік топтарды немесе әрекет типтерін анықтады: моторлы (жүргізушілер, машинистер), интеллектуалды (зерттеушілер), ұстамдылар (мұғалімдер, дәрігерлер), келісуші (хатшылар, мекеме қызметкерлері), көндіруші (сауда қызметкерлері, бизнесмендер), эстетикалық (музыканттар, суретшілер). Оның ойынша, әрбір кәсіптік топ өзіндік

мәселелерімен, орындайтын рольдерімен ерекшеленетін спецификалық образ.

Әлеуметтік зерттеулер бойынша жастардың мамандық таңдауының басты түрткілері: мамандыққа деген қызығушылық, өз білім деңгейінің көтеру болашағы, жаңадан бір нәрсені ойлап табуға деген құлшыныс. А.Г. Ковалевтің көрсетуінше жеткіншектердің мамандық таңдауы екі белгімен сипатталады:

1. Таңдалатын мамандықтың эмоционалдық тартымдылығымен;

2. Жеткіншектердің қабілеттері мен икемділіктерінің сәйкес келуімен.

Мамандықтың беделділігі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері негізінде басты белгі ретінде қалыптасады. Мамандықтың беделділігіне әсер ететін жағдайлар мыналар болып табылады: еңбек механизациясының деңгейі, оның санитарлық-гигиеналық жағдайы, материалдық қамтамасыз етуі, интеллектуалдық мазмұны т.б.

Ю.К. Васильев еңбек тәрбиесі процесінде кезеңдік кәсіптік бағдарлауды ұсынды:

1. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын зерттеу.

2. Оқушылардың белгілі бір әрекет түріне бағдарлануы.

3. Кәсіптік қызығушылықтарды қалыптастыру.

4. Кәсіптік таңдау жасау.

А. Климов кәсіптік жарамдылықтың төрт деңгейін атап айтты:

1. Қандай да бір мамандыққа жарамсыздық. Кейде ол уақытша болуы мүмкін.

2. Мамандыққа жарамдылық.

3. Әрекеттің аймағына сәйкестілік.

4. Әрекеттің кәсіптік аймағына құлшыныстылық – бұл адамның кәсіби жарамдылығының ең жоғарғы деңгейі.

Б.А. Федоришин кәсіптік бағдарланудағы адамның саналы мамандық таңдауының үш компонентін көрсетті: кәсіптік ақпарат, кәсіптік кеңесжәне бастапқы кәсіпті таңдау. Кәсіптік ақпарат барлық мектептік кәсіби бағдарлау жұмысының орталық элементі болып табылады. Кәсіби ақпарат – бұл оқушыларда түрлі кәсіптік әрекеттер туралы жағымды көзқарасты қалыптастыру. Кәсіптік кеңес – оқушыға мамандық таңдауға көмектесу.Көптеген психологтар кәсіптік бағдарланудың төрт негізгі компонентін бөліп қарастырады: кәсіптік ақпарат, оқушылардың психофизиологиялық қасиеттеріне талдау жасау, кәсіптік бағдар және мамандық таңдау. Олар кәсіптік бағдарлануды принциптер, әдістер туралы арнайы ғылым ретінде анықтады. Кәсіптік бағдарлану – арнайы фазалары бар ұзақ процесс: дайындық, қалыптастырушы, бағыттаушы және бекітуші. Е.А. Климов бойынша кәсіпке жарамдылық мәселесін шешу үшін алдымен адам мен мамандық арасындағы сәйкестіктерді анықтау мен

келесі ерекшеліктерді ескеру керек деген:

1. Жұмыс орнының жағдайлары.

2. Адамдардың қабілетіне сәйкес жұмыстарды белгілеу.

3. Жұмысты атқару кезінде нақты функцияларды адамдардың қабілетіне сай ажырату.

4. Кәсіби іріктеу жұмысын жүзеге асыру.

К.М. Гуревич инженерлік психологияда кәсіптік жарамдылық мәселесімен айналысқан. Оның пікірі бойынша, адам өз жұмысында жоғары көрсеткіштерге жетуі үшін ол ең алдымен өз жұмысынан қанағат алуы керек.

Л.В. Котелова өзінің зерттеуі бойынша, мамандықтарды 4 түрге бөліп қарастырады:

1. Адамға күнделікті психофизиологиялық талаптар қоятын мамандықтар (мысалы: космонавтар);2. Ұзақ мерзімді дайындықты талап ететін мамандықтар (мысалы:

дәрігер);

3. Қиын және қауіпті жағдайларда жұмыс атқаратын мамандықтар, (өрт сөндіруші);

4. Жеке адамның арнайы қабілеттерін қажет ететін мамандықтар (музыкант).

Б.Ф. Ломов инженерлік психологияда кәсіби іріктеу мәселелерін зерттеген. Кәсіби іріктеуді арнайы әдістер арқылы зерттеп, оны адамның қабілеттерімен байланыстырған. Оның айтуынша, қабілет дегеніміз – адам қасиеттерінің кешені болып табылады. Осы қасиеттердің көмегімен белгілі бір әрекет түрін табысты игеруге болады. Кәсіби іріктеу жұмысы келесі кезеңдерден тұрады.

1. Профессиография, еңбек процесіне талдау жүргізу.

Мақсаты: мамандыққа қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді анықтау.

а) денсаулыққа қойылатын медициналық талаптар;

б) білім деңгейі;

в) психофизиологиялық талаптар (нерв жүйесі, ес, зейін, эмоционалды тұрақтылық).

2. Кәсіби жарамдылықты бағалайтын әдістерді таңдау, іріктеу және өңдеу (сұрау, құжаттарды талдау, бақылау, кәсіби жарамдылықты анықтайтын қасиеттер, еңбек әдісі, т.б).

3. Әдістердің сенімділік деңгейін тексеру.

4. Тікелей тексеру – математикалық статистика жүргізу мен сандық

қорытынды жасау.

Еңбекке жарамдылық – адамның еңбек әрекетін атқаруға қажет болатын негізгі ерекшеліктері (физикалық және психикалық ерекшеліктер). Ал, кәсіпке жарамдылық – адам атқаратын белгілі бір жұмысқа керек болатын қасиеттері мен мүмкіндіктерінің сәйкес келуі.

Кәсіпке жарамдылықтың келесі сипаттамаларын көрсетуге болады:

1. Физикалық мәліметтер және денсаулық жағдайы;

2. Кәсіби әрекет барысында біліктілікті арттыру (өндірістік тәжірибесі, өндірістік тапсырманы орындай алу қабілеті);

3. Саяси білгірлік және қоғамдық белсенділік (саяси мәселелерге көзқарас;

4. Жұмысқа қабылдаудың әкімшіліктік-құқықтық негізі (адамның белгілі жұмысқа сәйкес болу, болмауы, жынысы, жасы және т.б);

5. Психикалық ерекшеліктер мен қабілеттер (еңбектегі жаңа жағдайларға жауап беру тәсілі);

6. Тұлғалық және кәсіби сапалары;

7. Тұлғаның мақсаты және еңбек мотивациясы (өмірлік мақсат, өндірістік жоспар);

8. Индивидуалды бейімделу және жұмыс кезіндегі жүріс-тұрыс ерекшеліктері;

9. Жұмыстан тыс уақыт мезгіліндегі өмір бейнесі (жүріс-тұрыс нормасы, өмір стилі).

Мамандық таңдау мотивациясының теориялық және әдістемелік мәселелерін В.В. Ярошенко қарастырды. Мамандық таңдаудың мотивациясы-өзара әрекеттесетін күрделі түрткілер комплексі. Мұнда мамандық таңдайтын оқушының рөлі шешуші болып табылады. Өз күші мен қабілеттерін көрсетуге тырысу, өзінің кәсіби жарамдылығын бағалау мамандық таңдаудағы жетекші түрткілердің біріне айналды. Автор саналы таңдаудың негізін құратын мамандық таңдау түрткісінің үш негізгі

комплексін көрсетті: қызығушылық, міндет, кәсіптік жарамдылық. Ол мамандық таңдау түрткілерінің жіктелуін, түрткілердің өзара байланысын, оқушылардың мамандық таңдауына әсер ететін факторларды, оқу-тәрбие процесінде оларда мамандық таңдау түрткілерін қалыптастыру жолдарын қарастырады.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 7.

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5.

8-дәріс. Кәсіптік қызметке даярлауды жоспарлаудыңпсихологиялық-педагогикалық жүйесі Қандай болмасын кәсіптік оқытудың мақсаты – әрекет тиімділігін, сапасы мен шапшаңдығын белгілейтін икемділіктерді қалыптастыру.Оқыту процесін жоспарлау және тренажерлер дайындау кезінде оқу процесін негіздейтін критерийлердің көрсеткіштер жүйесі белгілену керек. Бұл критерийлер жұмыс сапасымен қатар кәсіптік дайындықты бағалау әдістерін таңдауға және зерделік икемділік дағдыларының қалыптасу деңгейін белгілеуге негіз болады. Жаттығу нәтижесінде кейбір икемділіктер автоматтандырылып, дағдыларға айналады. Осы дағдылардың негізінде жаңа, жалпыланған білімдер, дағдылар мен икемділіктер қалыптасады.Дағдылардың қалыптасуы төрт сатыдан тұрады. Бұл сатылар моторлық дағдыларда айқын көрініп, дәл осы дағдыларды зерттеген кезде белгіленген. Дегенмен, дағдылар қалыптасуының негізгі сипаттамалары моторлық, сенсорлық және зерделік дағдыларға ортақ болады.

Алғашқы саты. Дағды бағдарламасы қалыптасып, бөлек іс-қимылдар компоненттерге бөлінеді, бағыттану қимылдары жасалынады. Ақпарат артық болады. Бағыттану қимылдары арқылы белгілі әрекетке қажетті ғана ақпарат таңдалынып, алынады;

Аналитикалық саты. Іс-қимылдарды бөлек етіп, әрбір қимылдың

күші, шамасы, ұзақтылығы сезімді түрде тексерілінеді. Бөлек қимылдар қалыптасып, жеке байланыстар анықталады. Қабылдау көлемі шамаланып, кедергі байқалынбайды;

Синтетикалық саты. Қимылдың бөлек элементтері бірігіп, біртұтас сенсорлық өріс пайда болады. Бұл сатыда қимылдарды жалпыланған бейне реттейді, бейнеде қимылдардың реті, арақатынасы, иерархиясы көрінеді;

Автоматтандыру сатысы. Артық қимылдар жойылып, бұлшық еттердің артық шиеленісі тарқайды. Зейін қимыл процесінен оның нәтижесіне ауысады. Қимылдар бақылауы көруден енді иіс сезу мен кинестезияға аударылады. Орындалатын қимылдардың ырғағы мен темпін адам өз еркімен өзгерте алады.

Әрекет көпке дейін атқарылмаса, дағдылар деавтомацизациясыпайда болуы мүмкін. Жаттығудан кейін олар бұрыңғы қалпына түседі.Дағдылар қалыптасуына көп рет қайталау әсерін тигізеді. Бұндай жағдайда іс-қимылдар трансформацияланып, саналы мақсаттылығын жоғалтып, автоматтандырылып, дағдыға айналады.

Содан кейін, А.Н. Леонтьев зерттеулері бойынша, осы іс-қимыл одан да күрделі біртұтас әрекет құрылымына еніп, соңына дейін қорытылады. Өз мақсаты бар дербес іс-қимыл одан да кең мақсатқа жету үшін қолданылатын, сондықтан сана бақылауымен ғана атқарылатын бөлек операцияға айналады. Игерілетін іс-қимыл жалпылануының кейінгі жоғар-лауы өзгеріп, әртүрлі орындау әдістерінде қайталануы арқылы жүзеге асады.

Икемділік пайда болу үшін әрекет шарттарын біртіндеп қиындату мен өзгертуге негізделінетін жүйелі жаттығулар керек болады. Сонымен, оқыту жағдайларының өзгергіштігіне бейімделу, жаңа шарттарда жеңіл қолданатын икемділіктерді қалыптастыру қажетті факторы болып табылады.

Еңбек – қоғам және тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс материалды және рухани жағдай тудыруға бағытталған адамдардың саналы іс-әрекеті. Еңбек мәнінің келесі негізгі белгілерін бөліп қарастыруға болады:

– еңбек – өмірдегі негізгі іс;

– тұлғаның өзіндік өмірінің және қабылдауының негізі;

– мамандықтың әлеуметтік жағдайы мен беделі;

– қажетті кіріс (табыс);

– еңбекпен қамтамасыз ету;

– әлеуметтік байланыстар;

– қоғамға қызмет ету әдісі;

– тұлға дамуының әдісі.

Өндіріс дамуымен қатар, жаңа технологияларды енгізумен байланысты еңбек мәнінің зерттеу міндеттері пайда болды. С.А. Куантанилла және Б. Вилперт еңбекті ұйымдастырудың әртүрлі кезеңдеріндегі жаңа технологиялар мен өзара байланысты реттестіріп төмендегідей деңгейлерді бөліп қарастырды:

– индивидуалды деңгей – жаңа технологияларды енгізу еңбекті түрлендіру мүмкіншілігіне әкеледі;

– топтық деңгей – әлеуметтік өзара қатынастардағы тұлғалық факторлардың әлсіреуі, тікелей байланысқа деген қажеттіліктің азаюы т.б.

– ұйымдастырушы деңгей – еңбекті адамдар арасында дұрыс бөліп беру.

– әлеуметтік деңгей – жаңа технологиялардың және өндірістің көтерілуіне әсерін тигізеді.

Наши рекомендации