Тақырып Негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық категория).

Грамматика термині гректің grammatike, яғни gramma-әріп, techne-жаза білу сөздерінен, әуелде әріпті оқи алу не жаза білу өнер ретінде қабылданған. Қазіргі кезеңде грамматика тіл құрылымын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Яғни, тілдің грамматикалық құрылысы, оның заңдылықтары, грамматикалық бірліктер туралы ілім.Тілдің өзіндік амал тәсілдердің жиынтығы грамматикалық құрылым деп аталады. Грамматикалық құрылыс тұрақты жүйе ретінде қатаң заңдылықтарға сәйкес қалыптасқан. Бұл жүйе үнемі, әрі белсенді қызмет атқарып келе жатыр. Тілдің грамматикаылысы тарихи категория, ол үздіксіз қозғалыста, дамуда болып, дамудың жалпы заңдарына бағынады. Грамматикалық құрылымның өзіндік бірліктері бар: сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Сөз морфемалардан құралып, зат, құбылыс, іс-әрекет, сапа-белгінің атауын білдіретін дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын бірлік. Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөздің өзара әрә тұлғалық, әрі мағыналық жағынан байланысуы. Сөйлем-сөздер мен сөз тіркестерден құралып тиянақты ойды білдіретін бірлік. Мұндай грамматикалық бірліктерді ғылыми тұрғыдан айқындауда грамматика іштей үш салаға бөлінеді: сөзжасам, морфология, синтаксис.

Сөзжасам-жаңа мағыналы сөз жасау тәсілдерін, морфология сөздің грамматикалық мағыналары мен формалардың грамматикалық категориялар, сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипатын; синтаксис-сөздердің байланысуы, сөз тіркесі, сөйлем, оның құрылысын қарастырады. Грамматика салалары өзара тығыз қатынаста, сатылай байланысады.

Өзіндіклексикалық мағынасы бар сөзді тілдік амал-тәсілдер көмегімен түрлендіріп жаңа сөзжасамдық мағына туындаса, морфологияда мұндай сөздерді формасы мен мағынасына қарай белгілі грамматикалық категория құрамында сөз таптарына топтастырамыз, ал синтаксис саласында сөздерді өзара, мағыналық байланысқа түсіріп сөз тіркесін, одан күрделі грамматикалық бірлік сөйлем жасалады. Демек грамматика тілдің грамматикалық құрылысын, сөз таптарын, грамматикалық тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрылысын, сөздердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесінің зерттейтін тіл білімінің саласы.

Тіл білімінде грамматика мәселелері біздің жыл санауымызға дейінгі V-IV ғ.ғ көне үнді лингвисі Панини грамматикасынан бастап байырғы грек ойшылардан қарай айтылып келеді. Бұл дәуірде тілдің морфология, фонетика, лексикология, синтаксис мәселелері практикалық сипатты зерттеуге түсті. Панинидің «Аштадхьяи» (грамматикалық ережелердің 8 бөлімі) еңбегі тіл білімі тарихындағы тұңғыш сипаттамалы грамматика. Бұл еңбекте төрт мыңнан астам грамматика ереже берілген. Көне грек ғалымдары грамматиканы логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде, негізінен, морфология мәселелерімен шұғылданған. Түркі тілдері грамматикасына қатысты құнды еңбек-М.Қашқари жазған «Диуани лұғат-ат түрк». Мұнда түркі тілінің сөз қолданысы, оның семантикалық, дыбыстыдқ, грамматикалық сипаттары, бір-біріне ұқсастығы мен ерекшеліктері талдауға түскен. Қыпшақ тілдерінің тұңғыш грамматикасы-араб тілінің маманы Абу Хаийанның 1312 жылы Каирде жарық көрген «Китап ал-идрак-ли-лисан ал-атрак» (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) еңбегі. Мұнда түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тіліне тікелей қатысты бар қыпшақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, лексикасы жөнінде бай материалдар бар. Қазақ тілінің грамматикалық құрылымын жеке бөліп зерттеуге арналған тұңғыш грамматика Платон Михайлович Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын кітабы. Екі кітап етіп басылған бұл еңбектің фонетика мен морфологияға арналған бірінші бөлімі 1894 жылы, синтаксиске арналған екінші бөлімі 1897 жылы Петербургте басылып шықты. Бірақ бұл еңбек негізінен тіл үйрену, тіл үйрету мақсатында жазылған болатын. Бұдан басқа да қазақ тілі материалдарында қатысты М.Трентьев, В.Катаринский, Н.лаптев, Г.Архангельский тәрізді көрнекті ғалымдардың грамматикалары жарық көрді.

Тілдің грамматикалық құрылысының зерттелу ерекшелігіне (қамтылу дәрежесіне) қарай грамматика нормативті грамматика және ғылыми грамматика болып екіге бөлінеді. Нормативті грамматикаға орта мектептерге арналған оқулықтар жатады. Онда сөздердің грамматикалық мағынасының түрлену жүйесі болатындығы, сөз таптарына бөлінетіндігі, бір-бірімен байланысып, тіркесіп, сөйлем құрау қызметі, сөйлемнің құылысы мен қызметі баяндалады. Ал ғылыми грамматикада осы құбылыстардың сипаты, заңдылықтары, ғылыми тұрғыда анықталып, мәні ашылады, әрбір тілдік құбылыстың сипаты басқа тілдік құбылыстармен байланыста, себеп-салдарлық ңғайда нақтылы зерттеулердің нітижесіндесипатталады. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар мен академиялық басылымдар ғылми грамматика деп аталады. Мұндай қазақ тілінің ғылыми негізін қалаған грамматика А.Байтұрсынұлының үш бөлімінен тұратын «Тіл құралы». Қазақ тілі туралы ғылымды қалыптастыруда ғалым-тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтінфонетика, жазу жүйесін зерттейтін графика мен орфография, морфологиясы мен синтаксисті құрылысын зерттейтін грамматика салаларына топтастырады. Қазақ тілі материалдары тұңғыш рет ғылыми негізде талдауға түсті. Мұнан соң 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деп аталатын ұжымдық грамматика жарық көрді. Бұл грамматика оқу құралы ретінде лексика, фонетика, грамматика деңгейлерін қарастырған. Ал тіл мамандарына арналған екі бөлімді «Қазақ тілінің грамматикасы» (1967) тек морфология мен синтаксис мәселелерін қамтиды. Демек юграмматикалық құрылым біркелкі зерттелмеген. Оған С.Аманжоловтың зерттеулері де дәлел бола алады. Лингвистика мәселелерн 11 топқа топтастыра келе ғалым «Грамматика мәселелерін өзін алсақ, программа бойынша ол 4 бөлінеді: фонетика, морфология, синтаксис, стилистика» (1,47) деп жазды. Қ.Жұбанов «Грамматика деген не?», «Грамматика қандай пәндерден құралады?» деген сұрау төңірегінде сөз қозғай келе «Сөз бұйымының қалай қорғалатыны сөз материалаының сыр сипатын білдіретін грамматика аталады»(2, 148) деген анықтама береді. Грамматика ілімнің дамуындағы тілдің грамматикалық құрылысының заңдылықтары мен ерекшліктерін қамтыған академиялық грамматика-«Қазақ грамматикасы». Грамматика авторлары бұл еңбекті қазақ әдеби тілінің грамматикасы деп атайды. Грамматика фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис мәселелеріне арналған. Қазіргі тіл білімі дамуындағы интонология, морфология, синтаксистік конструкция, сөзжасам мәселелерімен толықтырылған. Бірақ бұл еңбекте лексикология мәселесі қамтылған. Лингвистикалық сөздіктерді тілдің грамматика саласына берілген анықтамалар негізінен бір жақты; «Грамматика тілдің құрылымы яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар, синтаксистік категориялар мен құрылымдар, сөзжасам тәсілдерінің жүйесі» (3, 53) «Тілдің ішкі құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрылысының жүйесі» (4, 83).

Демек грамматика тілдің грамматикалық құрылысын, яғни сөз тұлғалар, сөз таптары, грамматикалық категория, сөз тіркесі, сөйлем мәселелерін қарастыратын ғылым саласы.

Наши рекомендации