Азіргі кездегі тҰтыҒудан айыҚтырудыҢ комплексті Әдістері

ТҰТЫҒУ

Тұтығу – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.

Тұтығуда сөздің еріксіз тоқталуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады.

Бұлар сөйлеу кезінде сөйлеу мүшелерінің /ерін, тіл, таңдай, жұтқыншақ, көкірек, еттері, диафрагма, ішкі еттер/ бұлшық еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болады.Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу сөйлеу аппараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшаңдығының бұзылумен анықталады.

Балалардағы тұтығудың таралуы. ХІХ ғасыр аяғында психиотар И.А.Сикорский алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады.Совет және шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша жалпы балалардың 2% тұтығады.

Тұтығудың пайда болу себептері. Этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді:

1. Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2-ден 5 жасқа дейін балаларда сөз тіркесінің байланыстырып сөйлеуі қалыптасу кезінде пайда болады. Көбінесе ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі.Тұтығудың бұл түрі орталық және перфириялық /шеткі/ нерв системасындағы сөйлеу механизмінің органикалық зақымдануы болмаса да пайда болады.

2. Ал органикалық тұтығу орталық нерв системасының органикалық зақымдануынан /жарақаттану, нейроинфекция т.б./, болады. Бұл барлық жастағы адамдарда кездесуі мүмкін.

Функционалды тұтығудың себептері түрліше болады.

Көп тараған себептерінің бірі олар үшін әлі келмейтін сөйлеу жүктемесі /қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді қайталау, көлемі үлкен, мазмұны ауыр өлеңдер, баланың жасы мен дамуына сәйкес келмейтін әңгімелер мен ережелерді есте сақтау/ болып табылады. Мұндай жағдайда баланың нерв системасына шамадан тыс салмақ түсіру және сөздерді қиындықпен айтылуы қосылып сөйлеуінің тосынан тоқталуына немесе дыбыстар мен буындарды қайталауына әкеп соғады. Одан балаларда әрқашан солай болуы керек деген сенімділік пайда болады. Патологиялық тітіркеніштік жасалады /фиксация, өзін-өзі сендіру/. Тұтығу пайда болады.Кейбір балаларда тұтығу дыбыс айту кемшіліктерінің салдарынан болады.

Сөйлеу тез және тосынан болағндықтан да тұтығу болуы мүмкін: бала өз ойын тез жеткізуге асығады, сөйтіп кейбір дыбыстарда кідіріп қалады да, тұтығу басталады.

Жалпы сөйлеу тілі толық жетілмеген балаларда ойын айту үшін грамматикалық сөз тіркестері мен элементарлы сөздік қорының жетіспеушілігінен тұтығу жиі болады.

Бала тәрбиесіндегі бұрыс жағдайлар, баланы қатал жазалау, қорқыту да тұтығуға душар етеді.

Еліктеушілікке байланысты да тұтығу пайда болады.

Бірақ аталған себептер барлық балаларда барлық жағдайда тұтығуды болдыра бермейді.

Тұтығудың білінуі. Тұтығу кейде аяқ астынан пайда болады, кейде білінбей жүріп, бірте-бірте күшейе береді. Ол ішкі және сыртқы тітіркену мен жүйке ауруларының сипатына байланысты кезекпен бірде бәсеңдеп, бірде күшейеді.

Сөйлеу жағдайы жалпы физфкалық және эмоционалдық ортасымен тығыз байланысты. Мысалы, тұтығу ауырған кезде, шаршағанда, баланы жазалаған соң күшейеді. Сол сияқты ауа-райына, мезгілдеріне, өмір талабына, тамақтануға да байланыстылығы байқалады.

Сөйлеу кезінде тынысы алу, дыбыстың немесе артикулциялық аппаратында пайда болған тырысу тұтығудың негізгі сыртқы белгісі болып табылады.

Тұтығудың белгілері. Тұтығудың негізіг белгісі сөйлеу процесі кезінде тырысу болып табылады. Тырысу бойынша - /клоникалық, тоникалық, аралас/, таралуы бойынша /дем алу, дыбыс шығару, артикуляциялық, аралас/ және жиілігіне қарай сипатталады. Тоникалық тарауда бұлшық еттердің жиырлып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады. «К-іт-ап». Клоникалық тырысуда дыбыс немесе буын қайталана береді. «м-м-м-мысық».

Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілепелі жалғас қимылдар байқалады. Ілеспелі жалғса қимылдар – сөйлеу кезінде бетте, мойында, денеде, аяқ-қолда пайда болатын дірілдеп тырысу құбылыстары. Ол қимылдар әр түрлі болып келеді: көз қысу, тануын желпілдету, басын төмен салбырату, шалқайту, саусақтарын қысу, аяқтарын соғу, денесін түрлі қозғалысқа келтіру

Ілеспелі қимылдар ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Тұттықан адам сөйлеуін жеңідету үшін сөйлеуін еліктеу сөздерінен бастайды: /а-а, ну, былай, сосын, сол т.б./. Мұндай құбылыс эмболофразия деп аталады.

Тұтығуға тән белгілердің бірі- сөйлеу алдындағы қорқыныш, үрейлну. Тұтыққан адамда ойын жеткізу үшін сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.

Тұтығу белгілерінің барлық баяндалған түрлері тұрақсыз, өзгере береді. Тұтығудың түрі де ауысып отырады: бірде дыбыстар мен буындар қайталана береді, бірде аяқастынан тоқталып қалады.

Ілеспелі қимыл-қозғалыстар да тұрақсыз, біреуі жоғалып ктеді де оның орнына жаңа түрі пайда болады.

Тұтығудың жағдайы үнемі ауысып отырады. Мысалы, бір бала бір уақытта қатты тұтығып немесе жақсы сөйлеуі мүмкін. Тұтығатын бала жалғыз өзі ойыншықтармен ойнағанда, жақын адамдармен тұтықпай сөйлеседі. Ал басқа адамдар оған түрліше әсер етеді: жақын адамдарымен сөйлескенде, ол өзін еркін сезінеді, сондықтан тұтығу аз болады. Бөтен адамдардың арасындағы әңгімелесуде бала қорқуы мүмкін немесе ұялады. Сөйтіп тұтығу күшейе түседі.

Кейбір тұтығатын балаларда дене қимылдары /моторика/ бұзылады. Б.И.Шостак тұтығатын балаларда жүріс-тұрысындағы ыңғайсыздық, епсіздікті, қозғалысындағы нашар үйлесімділікті байқаған.

Тұтығудың психологиялық белгілеріне тұтықпа балаларды үш топқа бөлуге болады. /ақауын ескермейді, көңіл бөлмейді, ұстамдылықпен қарайды; әрдайым ақаулығына көңіл бөледі, ашық қайғырады/.

Тұтығу үш дәрежеге ажыратылады: жеңіл, орташа, ауыр түрі. Тез сөйлегенде немесе тоғанып сөйлеген кезде ғана тұтықса- ол жеңіл түрі; тұтыққанның орташа дәрежесінде бала өзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығады, бөтен адамдар арасында тұтықпа күшейеді; ауыр түрінде бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи да ілеспелі қимыл-қозғалыстар байқалады.

АЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҰТЫҒУДАН АЙЫҚТЫРУДЫҢ КОМПЛЕКСТІ ӘДІСТЕРІ

Тұтығумен күресте комплексті әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен практикада /іс жүзінде/ дәлелденіп отыр.

Тұтығуға комплексті әсер ету мынандай бағыттардан тұрады:

1. Медициналық әсер ету. ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

2. Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-анасын қатыстыра отырып, баланың көңіл аударуын бөлу, белгілеу /жазып алу/.

3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына /8-9 ай/, жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрысм және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады.

4. Логопедиялық ритмика. /ырғақ/. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.

5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету – тәрбие жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Педагогтар, тәрбиешілер, ата-аналар баланы өзіне-өзінің сөйлеу кемістігін түсініп, одан құтылу жолдарын ойлауға тәрбиелеу қажет, сабақтарды әрбір кезеңдеріндегі қол жеткен жетістіктерді сезінуіне қолдау жасап, түбінде толық болатын, яғни тұтығудан біржола айырылып, дұрыс сөйлей алатынына көз жеткізу керек.

Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. /балалар мекмелер мен жанұясында баланың жақындары/. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де осылай сөйлегу дағдыланады.

Баламен бірқалыпта қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезекте мадақтап отыру қажет.

Сол сяиқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу мен шынығудың тәртібін сақтау маңызды роль атқарады.

Наши рекомендации