В011700-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АЗАҚ ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ және ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

__________

«_14_» _қараша_ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д.,

доцент Ж.Т.Дәулетбекова

СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯ

Ашық сабақ жоспары

Азіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні бойынша

В011700-қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Пән: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы

Курс:2-курс.

Мамандық:5В011700 –қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақ түрі: семинарӨтетін мерзімі: 14 қараша, 2014 жыл, 14.00 сағ. № 19 дәрісханаОқытушы:профессор, ф.ғ.докторы Б.Қ.Қасым
Тақырыбы Сөзжасамдық ұя
Сабақтың ғылыми мақсаты Сабақтың дамытушылық мақсаты Сабақтың тәрбиелік мақсаты Сөзжасамдық ұяның зерттелуі, негізгі қызметі, негізгі бірліктері мен белгілерін ғылыми-теориялық тұрғыдан талдай отырып меңгерту. Сөзжасамдық ұяның құрамына тілдегі барлық сөзжасамдық бірліктердің (негізгі түбір сөз, туынды сөз, сөзжасамдық жұрнақтар, тізбектер, сатылар, тарамдар, жұптар) кіретіндігін пысықтау. Студенттің ғылыми ізденушілік қабілетін, қатысымдық, ақпараттық, танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ету. Түркі тілдеріне ортақ сөзжасамдық ұя жасайтын негізгі түбір сөздердің сөз тудырушы, уәждеме қызметін атқарып келе жатқандығын проблемалық сұрақтар мен деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы терең меңгерту.   Студенттермен субъектілік қарым-қатынас жасай отырып, мұғалімдік мамандықты құрметтеуге үйрету. Сөзжасамдық ұядағы сөздерді тілдік қатысымда орынды қолданып, сөз мәдениеті талаптарына сәйкес мәдениетті қарым-қатынас жасауға дағдыландыру. Адамгершілікке, сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақ формасы Интерактивті онлайн (online) сабақ
Сабақта қолданылатын инновациялық технологиялар Модульдік оқыту технологиясы. Қатысымдық технология. Интерактивті технология.
Сабақта қолданылатын әдістер - - сұрақ-жауап әдісі (проблемалық сұрақтар); - - интербелсенді әдістер; - - проблемалық әдіс; - - мультимедиалық әдістер, ой қорытындылау әдісі. -
Түпкі нәтиже - студенттер сөзжасамдық ұя туралы теориялық білімін практикада қолдана алады, сөзжасамдық талдау жасауға дағдыланады; - cөзжасамдық ұяның сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам және сөзжасамдық сатыдан тұратындығын, олардың байланысы мен ерекшеліктерін меңгереді; - сөзжасамдық ұядағы тілдік бірліктердің синтагматикалық, иерархиялық және парадигматикалық байланыста болатындығын меңгеріп, сөзжасамдық талдау жасай білуге үйренеді; - ғылыми ізденіс және шығармашылықпен жұмыс істейтін тілдік тұлға қалыптасады.
Негізгі ұғымдар Студенттерге сөзжасамдық ұяның тнегізігі бірліктері меңгертіледі: · сөзжасамдық жұп; · сөзжасамдық саты; · сөзжасамдық тізбек түрлері; · сөзжасамдық тарам.  
Пәнаралық байланыс Түркітану, орыс тілі, қазақ тіл білімінің салалары  
Ресурстар: - негізгі - көмекші 1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – А., 1989. 2. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. – А., 2002. 3. Қасым Б. Қазақ тілінің сөзжасамы. – А., 2014. 4. Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002.  
Жұмыс түрлері Шығармашылық жұмыс. Берілген сөздерден сөзжасамдық ұя жасау. Сөзжасамдық талдау жасау.
Өткізу технологиясы   Студент қызметі Оқытушы қызметі Әр кезеңге арналған оқыту және дамыту тапсырмалары Әр кезеңді бағалауға арналған диагностикалық тапсырмалар  
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі. Мақсаты –студенттің белсенділігін арттыру     Сабақтың жұмыс ритіміне араласу. Тірек ұғымдарға сүйене отырып, оқу-танымдық қызметке араласуға даярлану. Сұрақтарға жауап беру. Студенттерді сабаққа ұйымдастыру.   Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, бағыт-бағдар беру. I кезең. Ұйымдастыру кезеңі немесе қызығушылықты ояту кезеңі (5 мин). Онлайн сабағына қатысушы тараптарды таныстыру.     I этап.Ұйымдастыру кезеңі Бағалау критерийлері: - дәлелдер мен тілдік деректердің нақты болуы; - оны өз ойымен дәлелдеуі; - ойын түсінікті, ғылыми стиль нормасында жеткізе білуі.   Нәтиже: - студент қысқа да нақты сөйлеуге дағдыланады; - Сөзжасамдық ұяның түрлерін толық меңгереді. - сөзжасамдық ұя туралы ой қорытындысын жасай алады.
II кезең . проблеманы шешу кезеңі Мақсаты ·логикалық және танымдық ойлауын дамыту; ·Сөзжасамдық ұя тақырыбы бойынша теориялық материалды практикада қолданыла алуы. Проблемалық сұрақтарды шешуге қатысу, өз пікірін дәлелді, тұжырым дап айта білу, оны фактілермен дәлелдеу. Фронтальды жұмысты ұйымдастыру, студентті проблемалық сұрақтарға жауап беруге жетелеу, сұрақтарға жүйелі, ұтымды жауап беруге үйрету. II кезең. Проблеманы шешу кезеңі Ой шақыру сұрақтары: қазақ тіліміндегі зерттелуі. ғылмадар, Бүгінгі тақырып онлайн жүйесіндегі семинар сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық ұяның бірліктері (студенттер). Сөзжасамдық ұяның негізгі бірліктерін атаңыз. (екі жақты сұрақ-жауаптар) Павлодар (ПМПИ). Сөзжасамдық жұп дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. Сөзжасамдық жұп – түбір сөз бен туынды сөзді немесе туынды сөзбен бен түбір сөзді қатар алу. Мысалы, сурет ~ суреткер, су ~ сушы, малшы ~ мал, т.б. Сөзжасамдық құбылыстардың бәрі осы сөзжасамдық жұптан тарайды. Сөзжасамдық жұп бір туынды сөзбен ғана аяқталуы мүмкін: адам ~ адамдық, т.б. Әр студент «Мен сөзжасамдық ұя тақырыбы бойынша не білемін?Бұл мәселе бойынша ойларым» деген сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (1-2 минут) жекелей ойланып, жауап береді. 1. Сөзжасамдық ұяның бірліктері. 2. Сөзжасамдық тізбек түрлері. 3. Олардың негізгі белгілері мен анықтармалары   3 топ («Зерде», «Білім», «Дарын») студенттері сөзжасамдық талдауларымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, тілдік деректермен дәйектейді. · (Павлодар (ПМПИ) жалғасырады. ·Топтық талқылау нәтижесінде студенттер берілген мысалдар арқылы сөзжасамдық талдау жас айды. (біз: 3топ1 сөзден ұқсынады: тапсырма. (Павладар: 3 мысал беру). (Бұл жұмысқа уақыт көбірек беріледі (5 минуттай). Кезекпен әрбір топтан бір студент (топ басшысы) топ тұжырымдарын ауызша жария қылуға дайындалады. Оқытушы оларға мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге тиімді белсенді тәсілдерді ұсынады, (мәселен, Ой қозғау, т.б.). Шешімнің теориялық мағлұматты практикалық кеңістікке аудару тұрғысынан орындалуы керектігін баса ескертеді (мақсат теорияны еске түсіруде емес, ол білімді қажетке жаратуда болып табылады).   II кезең. Білімді актуализациялау Бағалау критерийлері: сұраққа дәл, нақты жауап беру; берілген түсініктемені түсіну, сызба түрінде көрсету; өзіндік пікірмен толықтыру; - әр топтық пікірін тыңдау арқылы пікірталасқа шығу. Яғни жауап-пікірталас формасын іске асыру. Нәтиже: - алынған ақпаратты ары қарай дамытады; - бағалау – алынған ақпаратқа пікірлер мен ойлар құрылатындай субъективті-жеке көзқарас айтуға төселеді; - алынған ақпаратты басқа ұғымдармен байланыстырады; - қолдану – ақпаратты сюжеттік мәнмәтінде немесе оның сыртында мәселені шешетін құрал ретінде қолдануға тырысады.  
III кезең проблема шешімін қолдану кезеңі   Материалдар бойынша сұрақтар қою. Оқытушы әр топ келтірген шешімдердің тиімді жақтарына тоқталып, қысқаша комментарий береді. Өз тарапынан проблема шешудің басқа да жолдарын ұсынады, сол тұрғыдан студенттерді өз тұжырымдарына толықтыру мен өзгертулерді енгізуді сұрайды. III кезең Жаңа материалдың тұсаукесері. Студенттердің шағын топ ішінде дайындаған жұмыс нәтижесі призентация түрде слайдпен қорғалады. Кезекпен әрбір топтың атынан бір студент (шешен, спикер) ортаға шығып, берілген уақыт ауқымында (3 минут) слайдта келтірілген өз тұжырымдарын жария қылады, оларды қорғайды, оқытушы мен басқа топтардың сұрақтарына жауап береді.   Бағалау критерийлері: Сөзжасамдық ұя мәселесі бойыншатеориялық материалды практикада қолдана алуы; Нәтиже: -алған білімдерін тез әрі нақты қолдануға үйренеді;
IV. Өткен материалды бекіту       Топтық жұмысты ұйымдастыру. Тапсырманың орындалуын бақылау. Студенттерді проблемалық сұрақтарды шешуге тарту. Сөзжасамдық ұя бойынша слайд, кесте арқылы материалды бекіту.     IV. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру (15 мин) Сөзжасамдық ұя тапсырмасын топпен орындау. IV кезең. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру    
V. Сабақтың қорытындысы Рефлекция кезеңі Мақсаты –сабақтағы атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды шығару. Сабақ нәтижесін сын тұрғысынан оқыту технологиясын пайдалана отырып бекіту. V. Сабақ нәтижесі. (Озық сөзжасамдық талдау жасап, теориялық сұрақтарға жауап берген стеденттерге: кітап: Б.Қасым ). Сабақты қорытындылау: (5 мин).
Жаңа ақпарат Не үйрендіңіз Алған әсеріңіз Не үйренгіңіз келеді Ұсыныстарыңыз
     

Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының профессоры,

Наши рекомендации