Жоғары мектепте оқыту әдістерінің дәстүрлі жіктемесі мен өлшемдерін сипаттап беріңіз.

Оқыту əдiсi дидактиканың негiзгi бiр құрамды бөлiгi болып табылады. Себебi, оқыту

процесi оның мақсаты, мазмұны, əдiстерi жəне ұйымдастыру формаларының бiртұтастығы болып табылады. Əдiс деген сөз гректiң ''metodos'' деген сөзiнен шыққан. Метод деген ұғым белгiлi ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудiң жолдары деген мағынаны бiлдiредi. Оқыту əдiстерi туралы əрбiр автор өз анықтамасын бередi. Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздiк ''əдiс'' – мақсатқа қол жеткiзетiн жол, тəсiл, белгiлi жолмен тəртiпке салынған iс-əрекет''- деген анықтама бередi. Оқыту əдiсi - оқушыларға бiлiм беру жəне оларды дамыту мақсатында мұғалiм мен оқушылардың бiрлесiп жасайтын қызметi мен қарым-қатынасының тəсiл-амалдары – деген де пiкiр

айтылады. Оқыту əдiстерi – оқытушы мен оқушылардың жұмыс iстеу əдiсi, оның арқасында бiлiм, iскерлiк, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабiлеттiлiгi артады. Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың бiрлесе жасайтын əрекетi. Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың өзара əрекетiнiң барысында бiлiм алу жолдары. Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың өзара əрекетiнiң негiзiнде бiлiм, тəрбие жəне таным процесiн жетiлдiру. ''Əдiске'' қатысты анықтамаларда бəрiне ортақ пiкiр: ''белгiлi бiр мақсатты көздеген мұғалiм мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас жəне iс-əрекет''. Олай болса оқыту əдiстерi- оқытудың мақсат-мiндеттерiне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалiм мен оқушылардың қолданатын амал-тəсiлдерi мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалiм оқыту əдiстерiнiң көмегiмен оқушыларға бiлiм берiп, олардың тəжiрибелiк əрекетiн ұйымдастыруда өзiнiң iс-əрекетiн оқушылардың таным əрекетiне басшылық

етумен байланыстырады. Мұғалiм оқытудың нəтижесiн арттыруда оқыту əдiстерiне қатысты амал-тəсiлдерiмен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Оқу құралдарынаоқу кiтаптары, көрнекi жəне техникалық құралдар жатады.

1. Оқу кiтаптары - оқулықтар, оқу-əдiстемелiк кiтаптар, анықтамалар, сөздiктер, есептер

жинағы т.б.

2. Көрнекi құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар,

тарихи, экономика-лық-географиялық карталар т.б.

3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.

Сабақтар жүйесiнде оқытудың əр алуан əдiстерiн мұғалiмнiң пайдалана бiлуi оқыту

процесiнiң дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л. Н. Толстой былай дейдi: ''Қандай мұғалiм болмасын, əдiстердi неғұрлым көп бiлуге тырысуға, оларды көмекшi шара ретiнде қабыл алуға тиiстi. Оқушының сабақ түсiнуiндегi қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшiлiгi емес, қайта өзiмнiң сабақ оқытудағы кемшiлiгiм деп қабылдауға тиiстi. Жаңа тəсiлдердi ойлап табу жөнiнде өзiнiң қабiлетiн дамыта беруге ұмтылуға тиiстi''. Сондықтан, əрбiр мұғалiм сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемi шығармашылықпен жұмыс iстеуi тиiс. Оқыту процесiнде оқушыларға ғылым негiздерiне сай терең де тиянақты бiлiм беру, оларды адамгершiлiк рухта тəрбиелеу жəне дамыту мiндеттерiн шешудегi мұғалiмнiң басшылық ету тəсiлдерi, амалдары мен құралдарының бiртұтастығын оқыту əдiстерi демекпiз. Оқыту əдiстерi педагогика саласында талас тудыратын күрделi мəселелердiң бiрi болып табылады. Соған орай бүгiнгi таңда оқыту əдiстерiнiң анықтамасы жəне оларды топтастыру мəселесiнде ортақ пiкiр қалыптаспаған.

Бұл мəселенi зерттеушi авторлар (С. И. Архангель-ский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А.

Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту əдiстерiне түрлiше анық-тама берiп, оларды əр түрлi негiзде

топтастыруды ұсынады.

Ғылыми педагогикалық əдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрi бар екен.

1. Оқушылардың таным белсендiлiгiне қарай (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер):

- түсiндiрмелi хабарлау əдiсi;

- репродуктивтiк əдiс;

- проблемалық баяндау əдiсi;

- эвристикалық əдiс.

2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М. А. Данилов, Б. П. Есипов,Т. А. Ильина):

- жаңа бiлiм беру əдiсi;

- бiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру əдiсi;

- Техникалық құралдармен жұмыс iстеу əдiсi;

- өзiндiк жұмыс iстеу əдiсi;

- бiлiмдi тексеру əдiсi;

- проблемалық, программаланған оқыту əдiсi.

3. Тұтас педагогикалық əрекеттiң тəсiлдерiне қарай (Ю. К. Бабанский):

- оқу-танымдық əрекеттердi ұйымдастыру;

- оқуға ынталандыру;

- оқытудағы бақылау жəне өзiн-өзi бақылау əдiстерi.

4. Əдiстiң логикалық жəне психологиялық сипатына қарай (Р. Г. Лемберг):

- ауызша баяндау əдiсi;

- есеп шығару əдiсi;

- өнер құралдарын пайдалану əдiсi.

5. Мұғалiм мен оқушылардың жасайтын əрекетiнiң ерекшелiктерiне қарай (В. Оконь):

- жаңа бiлiмдi игеру əдiсi;

- өзiндiк бiлiм əдiсi;

- проблемалық əдiс;

- практикалық əдiс;

- көркем əдебиет пен өнер құралдарын пайдалану əдiсi.

Солардың iшiнде ең көп тарағаны – бiлiм берудiң көздерiнесəйкес (И. Т. Огородников,С.

И. Перовский, Е. Я. Голант):

- сөздiк немесе ауызша баяндау əдiсi;

- көрнекiлiк əдiстер;

- тəжiрибелiк əдiстер.

Бұл əдiстiң ерекшелiгi: егер мұғалiм оқу материалын ауызша баяндаса, онда бiлiм алу көзi

мұғалiмнiң сөзi болып табылады немесе мұғалiм оқушыларға бiлiм беруде көрнекiлiктердi

қолданса, онда бiлiм алу көзi көрнекiлiктер болып есептелiнедi т.с.с.

Наши рекомендации