Iс-əрекет ұйымдастыру əдiстерi

Тəрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсiнiгi, нанымдары емес, iстеген iсi, қылығы оның тəрбиелiлiгiн сипаттайды. Сол себептi қоғамдық қылық тəжiрибесiн қалыптастыру жəне iс-əрекет ұйымдастыру тəрбие процесiнiң түбiрi деп қарастырылады.

Бұл топқа кiретiн барлық əдiстер тəрбиеленушiлердiң тəжiрибелiк iс-əрекетiне негiзделген. Осы iс-əрекеттi бас-қаруда педагогтар оны құрамдас бiрлiктерге, яғни қылық-əрекеттермен кiшi бөлiктер - операцияларғабөлiп қарас-тырғандықтан iске асыра алады. Тəрбие процесi педагогтың операцияларды орындаудан əрекеттердi басқаруға, содан кейiн тəрбиеленушi iс- əрекетiн басқаруға өтуiмен анықталады.

Тəрбиеленушiнiң пайдалы iстерiн ұйымдастыру мiндеттi түрде олардың басқа адамдармен жан-жақты қарым-қатынас жасауын қажет етедi. Əртүрлi жағдайда болған ұжымдық қарым- қатынас белгiлi-бiр iске, шешiмге, құлықтың бiр жолын таңдауға əкелiп соғады, яғни тұлғаның

күрделi құлықтары мен белгiлерi қарапайым қылықтар негiзiнде қалыптасады. Тұлғаның қажеттi қасиеттерiн қалыптастырудың бiртұтас əдiсi – бұл жаттықтыру.

Қоғамдық қылық тəжiрибесiн игеруде iс-əрекет шешушi рөл атқарады. Тəрбиеленушiлердi нақты, мақсатты бағытталған, белсендi iс-əрекетке кiрiстiрмей, қажеттi қылық типiн қалыптас-тыру мүмкiн емес. Iс-əрекетке кiрiстiру тəсiлi – жаттық-тыру болады. Жаттығу – автоматты түрде жеткiзiлетiн талап əрекеттi көп қайталап орындаудан болатын тəрбиенiң тəжiрибелiк əдiсi. Жаттығу нəтижесi – тұлғаның тұрақты қасиеттерi – дағдылар мен əдеттер. Əдеттер сана мен ерiктi жаңа жұмыстарды атқаруға босатады. Ойлау қабiлетiмен айналысып, жақсы əдеттердiң қалыптасуын

қадағалаудан тыс қалған тəрбие өзiнiң мықты сүйенiшiнен айрылады.

Жаттығу нəтижесiнiң ұтымды болуы мына жағдай-ларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесi; 2) оның маз-мұнына; 3) жаттығулардың мүмкiндiкке сай болуына; 4) көлемiне; 5) қайталау жиiлiгiне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тəрбиеленушiнiң өзiндiк ерекшелiгiне; 8) топтық, жеке жəне ұжымдық жаттығулардың үйлесiмдiлiгiне; 9) жаттығу-дың мотивтiк негiзiне жəне ынталандыру iстерiне.

Талап– бұл тəрбиеленушiнiң бiлгiлi бiр iс-əрекетiн тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгiлi қасиеттерiнiң көрiнуiне себепшi əсер ететiн тəрбие əдiстерiнiң бiр түрi.

Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлiнедi: 1) тiкелей талап (жеке, нақты, дəл, түсiнiктi); 2) қосымша (кеңес, өтiнiш, сенiм, қолдау т.б.); 3) талап-кеңес; 4) ойын түрiндегi талап; 5) сенiм арқылы талап; 6) талап-өтiнiш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9)позитивтi жəне негативтi талаптар.

Үйрету– бұл пəрмендi жасалатын дағдыландыру. Тез жəне жоғары деңгейде керектi сапаны қалыптастыру қажеттiлiгi туғанда осы əдiстi қолданамыз. Гуманистiк педагогика қатал үйретуге қарсы, себебi ол адам құқығына қайшы келедi, оны басқа əдiстермен бiрге, əсiресе ойын əдiстерiмен пайдаланған жөн.

Үйрету əдiсiн дұрыс пайдалану шарттары:

1) мақсаттың айқын болуы;

2) түсiнiмдi үйрету;

3) тапсырманы беру уақытымен санасу;

4) орындау жолдарын жəне нəтиженi көрсету;

5) сапалардың бiрiздi жəне қатар тəрбиесi;

6) үнемi бақылау жасау.

Тапсырма беру əдiсiжақсы нəтижелер бередi. Жүйелi тапсырма беру арқылы оқушыларды дұрыс iстерге үйретуге болады. Тапсырма беру əртүрлi болып келедi: ол көбiнесе оқушылардың жас ерекшелiктерiне байланысты шешiледi. Мысалы, ойыншықтар, модельдер, схемалар дайындау.

Тəрбиеленушiлердiң iс-əрекетi мен жасанды жағдай-дағы қылығын ұйымдастыру əдiсi тəрбиелеушi ситуацияларəдiсi деп аталады.

Ынталандыру əдiстерi

Ынталандыру əдiсi мақтаужəне жазалауболып бөлiнедi. Тəрбиеленушiнiң iс-əрекетiне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлерi: қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау əдiсi əдептiлiк пен нақты мөлшердi сақтауды талап етедi. Ең алдымен мақтаудың психологиялық тарапы маңызды келедi. Мақтау əдiсiмына жағдайда нəтиже бередi:

1) Балалардың мақтау алуға iштей сенiмдi талпыныстары болуы.

2) Мақтау арқылы тəрбиеленушiнi ұжымның қалған мүшелерiне қарсы қоймау.

3) Мақтаудың қылық-iсiне сай болуы.

4) Мақтау арқылы оқушыға жекелей шешiм табуды үйрету.

5) Мақтаудың шындыққа негiзделуi.

Жазалау- қате қылықты ескертiп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кiнəсiн түсiнуге əсерiн тигiзетiн педагогикалық əдiс.

Жазалаудың мынадай түрлерi белгiлi:

1) қосымша тапсырмалар беру;

2) белгiлi бiр құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;

3) моральдық кемшiлiгiн таныту.

Педагогикалық талаптар iшiнде жазалау əдiсiнiң нəтижелi болуына негiз қалайтын шарттар:

1) жазаның ұжым тарапынан туындауы;

2) жазаның нақты болуы;

3) жазаның мiндеттi түрде орындалуы;

4) оқушының не үшiн жазаланғанын түсiнуi;

5) тəрбиеленушiнiң жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;

6) жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттердi баулуға бағытталуы;

7) жазаның қате қылықтарды толық түсiну негiзiнде орындалуы;

8) жазаның өш алу құралы болмауы;

9) жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы;

10) балалардың дара психологиясын бiлiп барып жазалау.

Тəрбиелеушiлерге тəрбиесiз болудың пайдасыз екендiгiн сезiндiретiн жағдайларды тудыру- ынталандырудың субъективтiк - прагматикалық əдiсiдеп аталады. Субъективтiк - прагматикалық əдiстiң нақты форма-лары мыналар: 1) келiсiм; 2) жеке өзiн- өзi тəрбиелеу кар-точкалары; 3) ЭЕМ мониторингi; 4) тəрбиелеу тестерi.

Жарыс– адамға, қоғамға қажеттi сапаларды тəрбиелеуде оқушылардың табиғи, бəсекелестiк қасиет-терiн бағыттайтын əдiс. Жарысу əсiресе, үлгермеушiлер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшiн қажет болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тəрбиеленушiлердiң психологиясын толық бiлудi талап етедi.

Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет:

1) жарысты белгiлi мақсатқа орай ұйымдастыра бiлу;

2) жарыстың бағытын белгiлеп, мазмұнын анықтау.

Наши рекомендации