Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелері.
Басқарудың Автоматтандырылған Жүйесі
Басқарудың Автоматтандырылған Жүйесі (БАЖ; Система автоматического управления; system of automatic control) — біртұтас “адам-машина” жүйесінің жұмыс істеу процесінде басқару шешімін қабылдау үшін қолданылатын әкімшілік, ұйымдастыру, экономика-математикалық тәсілдердің, есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасының, сондай-ақ, байланыс жабдықтарының жиынтығы. Ол жабдықтау (қамтамасыз етуші) және функционалдық жүйелерден тұрады. Жабдықтау жүйесіне: техникалық, математикалық, ақпараттық, ұйымдастыру жұмысы және мамандармен қамтамасыз ету жатады. Ал функционалдық жүйе есептеу, бақылау, жоспарлау және өндірістік шаруашылық қызметін басқару міндеттерін шешеді. БАЖ-дың негізгі буыны — цифрлы ЭЕМ (немесе есептеу орталығына біріккен ЭЕМ кешені). Ол жүйенің басқа буындарымен байланыс арнасы арқылы қосылады. Ақпарат бұл арнамен басқарудың төмегі сатысынан жоғарғы сатысына қарай, ал тапсырмалар, бұйрықтар (командалар), нұсқаулар мен түзетулер, керісінше, жоғарғы сатыдан төменгі сатыға қарай беріледі. Басқарудың стратегиясына не мақсатына әсер ету, жүйені дамыту және жетілдіру процестері адамның тәжірибесі мен интуициясына негізделген жағдайда ғана БАЖ тиімді болып есептеледі. БАЖ-дың автоматты басқару жүйесінен (АБЖ) ерекшелігі — БАЖ-да адам автоматтардың жұмысын бақылаумен қатар басқару процесіне де белсенді түрде араласатындығы. БАЖ: объектілер БАЖ-ы (мысалы, технологиялық процестер БАЖ-ы, кәсіпорындар БАЖ-ы, т.б.) және функционалды автоматтандырылған жүйе (мысалы, автоматтандырылған жобалау жүйесі, материалдық-техникалық жабдықтауды автоматтандыру жүйесі, т.б.) болып ажыратылады. БАЖ негізін зауыттың не өндірістің ақпараттық есептеу орталығы құрайды. Қазақстанның көптеген институттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған БАЖ-дар құрылған. Сондай-ақ, бұл жүйе қазіргі кезде байланыс пен телекоммуникация бағыттарында да қолданыла бастады. [1]
Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелері.
Кіріспе:
Өзімізге белгілі информациялық жүйелер медицина мен денсаулық сақтау ұйымының барлық саласында ауқымды орынды алады.Информациялық ақпаратты медицинада өңдеу өңдеу информациялық технологиялары арқылы іске асады. Ал жаңа ақпараттық технологияларды медицинаға еңгізу денсаулық сақтау ұйымындағы информаатизация деп аталады. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі информатизациясы - ақпараттық жүйе болып табылады.Сол себепті денсаулық ұйымының әр-түрлі бағытына байланысты медициналық ақпараттақ жүйелері де жіктелінеді. Медициналық ақпараттық жүйелердің жіктелуі иерархиялық принципке негізделген және медицинаның барлық құрылымына сәйкес келеді,негізгі деңгейлері:
Базалық деңгей клиникалық немесе әр-түрлі профильдегі дәрігерлер
Мекемелер деңгейі – поликлиника,стационарлар,диспансерлер,жедел-жәрдем орталықтары
Территориальды деңгей – профильді немесе мамандандырылған медициналық қызметтер және аймақтық басқару органдары
Жалпы,әрбір деңгей өзінің атқаратын қызметіне байланысты жіктелген және ,дәлірек айтқанда есептерді осы жүйемен шешу мақсатында.
Бұл тақырыпта медициналық ақпараттық жүйелердің ішінен қарастырылатын деңгей базалық деңгей болып отыр, яғни базалық деңгейдің бағыттары, түрлері және тағы басқалар қарастырылады.
Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер технологиялық процесстер көмегімен ,медико-технологиялық ақпараттық жүйемен, іске асады.
Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер:
Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелер информациялық технологияларды дәлірек медико-технологиялық ақпараттық жүйелер қамтамасыз етеді.
Бұл топтағы жүйелер әртүрлі саладағы дәрігерлерге әр түрлі деңгейдегі есептерді ақпараттық өңдей арқылы шығару үшін кең түрде қолданылады. Бұлардың басты мақсаты дәрігер-клиницистке, гигиенистке, лаборанттарға әртүрлі тапсырмаларды орындау мақсатында компьютерлік қол ұшын беру болып табылады. Олар профилактикалық және емдік диагностикалық жұмыстардың сапасының артуына ықпал жасайды, әсіресе жоғары мамандандырылған дәрігерлердің жаппай тексерісі кезінде, қабылдау кезінде уақыт тым шектеулі кезде оларға деген сұраныстың, науқас жағынан, көп болған жағдайда өте маңызды болып табылады.
Базалық деңгейдегі медико-технологиялық ақпараттық жүйелерді атқаратын қызметіне қарай келесі топтарға бөлуге болады:
Медициналық информациялық анықтамалық жүйелер;
Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер;
Медициналық құрал-жабдық компьютерлік жүйе;
Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны;
Қолданушының сұранысы бойынша медициналық ақппаратты іздеуге табылған беруге негізделген жүйе медициналық информациялық анықтамалық жүйе деп аталады.Базалық деңгейдің бұл жүйесінде әртүрлі сипаттағы ақпараттар сақталады. Мысалы, ауру тарихы, науқас жайлы мәлімет немесе дәрігерлер туралы ақпарат т.б.
Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер әртүрлі аурулар кезінде және науқастардың түрлі котигорияларында патологиялық жағдайды сонымен қосқанда болжам (прогноз) және емдеу жолдарын, диагностикалау мақсатындағы жүйе болып табылады. Бұл жүйе медициналық ақпараттық жүйелердің ішіндегі ең алғашқысы болып табылады. Алғаш шет елдерде 1956 жылы пайда болды. Бұл жүйеде ауру симптомдары компьтерге диалогты режимде немесе арнайы өндірілген ақпараттық форматтта енгізіледі. Сонымен қатар ем шаралық мерекелері, ауру алдын алу, емдік ұсыныстарды еңгізіледі. Есепті шешу мақсатында бұның өзі екі жүйеге ажыратылады.
Дәлелді (вероятностный) жүйе. Бұл жүйе ауруды нақты белгісімен тану арқылы жүргізіледі.
Экспертті жүйе. Бұл жүйе тәжирібелі дәрігерлердің жүргізген эксперименттері болып табылады.
Консултативті диагностикалық жүйеде қауыпты жағдайда онымен қоса уақыт аздығында тексеріс мүмкіндігі аз жағдайда және адам өміріне қауыпты жоғары деңгейдегі клиникалық симптом кезінде шешімді тез табуға мүмкіндік туғызады. Тағы бір айта кететін жайт бұл жүйе барлық медициналық орталықтарда, диспансерлерден бастап госпиталды ауруханаларға дейін, кең түрде қолданылады. Бұл система диагностикалардың сапасын арттыра түскен және көмек ресурстарын тиімді қолдану, тексеріс барысын жеңілдету ең бастысы дәрігердің профессионалдық деңгейін жоғарылатқан. Бірақ өкінішке орай бұл жүйе практикалық медицинада әліде өз алдына кең қолдануға ие болған жоқ, тек басқа жүйелермен бірге қолданылып келеді. Бұл жүйеге 80-жылдардың басында Стэнфорд университетінде (АҚШ) жасалған MYCIN системасы болып табылады. Бұл система экспертті жүйе және қан жүйесінің бұзылысын және менингитті инфекцияларды емдеу үшін дайындалған жүйе. Берілген симптомдарға қарап соған сай диагноз қояды және медикаментозды емдеу курс ұсынады. Бұл жүйе күрделі 450 ережеден тұрады. Жүйенің диагностикалық сапасы жоғары дәрежедегі дәрігердің деңгейімен теңестіріледі екен.
Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны (АРМ врач)
Бұл жүйе базалық деңгейдің негізі болып табылады. Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны медициналық ақпараттарды жинау , сақтау және анализ жасауды іске асырады және диагностикалық және тактикалық (емдік, мекемелік т.б.) дәрігерлік шешімдері үшін қолданылады.
Жоғарыда көрсетілген барлық клиникалық деңгейдегі информациялық жүйелер осы жүйенің құрамына кіруі мүмкін, кіруі тиіс және дәрігердің технологиялық автоматтандыруын қамтамасыз етеді, оның ішінде емдік профилактикалық және қорытынды статистикалық мәліметтер енгізу, жұмыс жоспарын құру, әртүрлі сипаттағы анықтамалық ақпаратты алу. Базалық деңгейде қолданылатын дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнын міндетіне қарай үш топқа жатады.
Емдеуші дәрігерлерге
Медициналық қызметшілерге (медбике, санитар, фельдшер)
Административті шаруашылық бөлімге
арналған автоматтандырылған жұмыс орындары.
Медициналық приборлық компьюютерлік жүйені программалық ақпараттық комплекс немесе құрал жабдықтық компьютерлік және микропроцессорлық медико технологиялық автоматтандырылған информациялық жүйе деп те айтуға болады. Бұл жүйе информациялық қолдау және диагностикалық және емдік процесстерді автоматтандыру мақсатында қолданылады,науқас организмімен байланыыс жасау арқылы және осы байланыс жасау мүмкіншілігімен басқа жүйелерден ерекшеленеді. Бұл жүйемен жұмыс жасау үшін арнайы медициналық құрал жабдықтар, саймандар, телетехника, байланыс құралдары қажет. Мысалы, ЭЭГ, ЭКГ, ультрадыбысты диагностика, радиография. Бұл жүйе 60 жылдардың аяғында дамыды және қолданысқа түсті. Даму барысы екі жолмен жүрді:
Медаппаратураларды шығару
Қолданысқа түсіру
Бұл жүйе қызметіне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
Мамандандырылған (бірфункциялы) тек бір ғана зерттеудің түрін жүргізуге арналған
Көпфункциональды бірнеше зерттеуді жүргізуге арналған
Комплексті комплексті медициналық шешімдерді шығару үшін арналған.
саймандар, телетехника, байланыс құралдары қажет. Мысалы, ЭЭГ, ЭКГ, ультрадыбысты диагностика, радиография. Бұл жүйе 60 жылдардың аяғында дамыды және қолданысқа түсті. Даму барысы екі жолмен жүрді:
Медаппаратураларды шығару
Қолданысқа түсіру
Бұл жүйе қызметіне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
1Мамандандырылған (бірфункциялы) тек бір ғана зерттеудің түрін жүргізуге арналған
К өпфункциональды бірнеше зерттеуді жүргізуге арналған
Комплексті комплексті медициналық шешімдерді шығару үшін арналған.
Қорытынды:
Қазіргі таңда медицинаның күрт дамуына байланысты кездесетін шешімі қиын мәселелер саныда арта түсуде. Әрине бұл жолда компьютерлік ақпарат және компьютерлік техника осы мәселелерді шешуді жеңілдету үстінде. Компьютерлік технологиялардың дамуы түрлерінің көптігі қызметтік дәрежелерінің жоғарылауы медицинада сенімділікті арттырадды. Дәрігерлерге , медициналық қызметшілерге жеңісті нәтижеге жету үшін медициналық компьютерлік ақпараттық жүйені ұтымды және кеңінен қолдану керек. Бұл тақырыпта базалық деңгейдегі ақпараттық жүйені қарастырған болатынбыз. Оның түрлері, мүмкіншіліктері, жетістіктері, кемшіліктері туралы сөз қозғалды. Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер медицинаның барлық саласында кеңінен қолданылу жолында. Бұл тек дәрігерлерге ауруды анықтап қана қоймай диагнозын емдеу шараларын да жоспарлауға зор мүмкіншілік тудырып отыр. Осының арқасында дәрігерлердің біліктілігін арттырып жұмысын жеңілдетуде.
Әсіресе базалық деңгейдегі ақпараттық жүйенің бір түрі болып табылатын консультативті диагностикалық жүйе қазіргі таңда кеңінен қолданылуда. MYCIN, ПсихоНевролог, Диана-5, Комета сынды түрлері өте қиын жолмен құрастырылған осыған орай өте қиын клиникалық мәселелерді оңай жолмен шешімін табуда. Сонымен қатар, медициналық анықтамалық жүйе, дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнының қызметтері өте керек екенін ескерген жөн.