Есімдік, түрлері, емлесі, есімдіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі

Есімдік есім сөздердің: зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтепкөрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеуесімдігі; 2) сілтеуесімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4)өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.

1. Жіктеуесімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар:мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеуесімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.

3. Сұрауесімдігіне жауап алумақсатымен қойылғансұрау мәндісөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.

4. Өздікесімдігінеәр тұлғада түрленіп қолданылатын өздегенбір ғана сөзжатады. Өз есімдігі түрленіптәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп: өзімніңтүріндеқолданылады.

5. Жалпылауесімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегісдеген сөздер жатады.

6. Болымсыздықесімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздықмағынаны білдіретін сөздер жатады.

Болымсыздық есімдіктері ешсөзімен бір, кім, қашан, қайдан, қандай деген есімдіктердің бірігуі арқылы жасалып, біргежазылады: ешбір,ешқашан, ешқандай, ешкім, т.б. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп келгенде, бөлекжазылады: еш адам, еш оқиға, еш кітапта, еш жерде, еш уақытта, еш мүмкіндік, еш ата-ана, т. б.

Болымсыздық есімдіктерінің ерекшеліктері:

1. Ешкім, ештеңе, ештеме, дәнеңе, дәнеме, ешқайсысы деген болымсыздық есімдіктер сөйлемде зат есім орнына қолданылып кім, не? деген сұраққа жауап берсе – бастауыш қызметін атқарады.

2. Ешқашан, ешқайда, ешқайдан есімдіктері мезгілдік, мекендік мәнде жұмсалып, пысықтауыш болады.

3. Ешқандай есімдігі қандай? сұрағына жауап беріп, заттың сынынбілдіріп, анықтауышқызметін атқарады.

Мысалы: Іздегені ешқайда (қайда?) болмай шықты. Ешқайсысы (кім?) кешіккен жоқ. Ешқашан (қашан?) өтірік айтпа.

7. Белгісіздік есімдігі – затты, сындық белгіні, сан мөлшерді жорамалдап, тұспалдап көрсететін сөздер. Белгісіздік есімдігіне: бір, біреу, кейбір, кейбіреу, әрбір, әрбіреу, қайбір, қайбіреу, біраз, бірдеме, бірнеше;

әлде, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқайдан;

Есімдіктің тәуелденуі

  ол Бұл мынау кім өз
Менің оным бұным мынауым кімім өзім
Сенің оның бұның мынауың кімің өзің
Сіздің оныңыз бұныңыз мынауыңыз кіміңіз өзіңіз
Оның онысы бұнысы мынауы кімі өзі
Біздің онымыз бұнымыз мынауымыз кіміміз өзіміз
Сендердің оларын бұларың мынауларың кімдерің өздерің
Сіздердің оларыңыз бұларыңыз мынауларыңыз кімдеріңіз өздеріңіз
Олардың олары (онысы) бұнысы мынауы кімдері өздері

Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшелік байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, н, дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;

3) көмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады;

4) барыс септік жуанданып, л, н, түсіп қалған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады.Үлгі:

А.с. І.с. Б.с. Т.с. Ж.с. Ш.с. К.с. мен ме-нің ма-ған ме-ні мен-де ме-нен мен-і-мен Сен се-нің са-ған се-ні сен-де се-нен сен-і-мен ол о-ның о-ған о-ны он-да о-дан он-ы-мен бұл бұ-ның (мұ-ның) бұ-ған бұ-ны (мұ-ны) бұн-да (мұн-да) бұ-дан (мұ-нан) бұн-ы-мен (мұ-ны-мен) сол со-ның со-ған со-ны сон-да со-дан со-ны-мен
           

Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, барлық сөйлем мүшесінің қызметінатқарады.

1. Есімдіктер зат есімнің орнына жұмсалып, атау тұлғада тұрып, бастауыш болады. Олар (кімдер?)үнсіз отырып қалды.Барлығы(кім?)келісті.Әркім(кім?)өзінше дайындалыпты. Өзі(кім?)айтып берді.

2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, толықтауыш болады. Бұлешкімге(кімге?)айтпаған сыры болатын. Мынаны (нені?)апаңа берерсің. Ешқайсысында(кімде?)арнайы рұқсат жоқ. Тапсырмабәрінен(кімнен?)сұралады.Оләркіммен(кіммен?)ақылдасуды жөн көрді.

3. Есімдіктер ілік септігінің жалғауын жалғап және сын есімнің, сан есімніңорнына қолданылып,анықтауышболады. Барлығының (кімнің?)пікірі бір жерден шықты. Бұл(қай?)пікірді бәрі құптады. Бірнеше(қанша?)дауыс қатар шықты. Ешбір(қандай?)адам өзіне жамандық тілемейді.

4. Есімдіктер мезгіл, мекен үстеулерінің орнына қолданылып, пысықтауышболады. Әңгімеәлдеқашан(қашан?)аяқталған.Ол ешқайда(қайда?)бармауға бел байлады.

5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, сөйлемдебаяндауыш қызметін атқарады. Менің мақсатым– осы.Ата-анамыздың барлық тірегі– біздерміз.

Есімдіктер құрамынақарай екі түрге бөлінеді:

1. Дара есімдік бір сөзден тұрады: мен, олар, сендерсіңдер, дәнеңе, анау, бәрі, күллі, қашан, сол, өз, кей, т. б.

2. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады: қосарлануарқылы: кімде-кім, өз-өзіне; бірігуарқылы: әрқашан, кейбіреу, әрне, әрқалай, әлдебіреу, әлдеқайдан, ешкім, т. б.

Наши рекомендации