СоӨж-ның тақырыбы: оқытуды ұйымдастырудың формалары

Жоспар:

1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік.

2. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.

3. Сабақтың дәстүрлі түрлері, құрылымы.

4. Мұғалімнің тақырыптық және жеке сабақтарының жоспары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Оқыту формасы дегеніміз не?

2. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.

3. Сабақтың негізгі түрлері, оның құрылымы.

4. Мұғалімнің сабаққа дайындалу тәсілдері.

Здігінен орындалатын жұмыстар

1. Оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне анықтама бере аласын ба?

2. Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі негізгі оқытуды ұйымдастыру түрлері қандай?

3. Аралас сабақты негізгі құрылымын көрсет.

Рефераттар

1. Сабақ, оған қойылатын талаптар

2. Оқытудың басқа формалары.

3. Саяхат, оның түрлері, өткізу әдістері.

Дебиеттер

1. Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1985

2. Дидактика средней школы (под.ред. М.Н. Скоткино)

3. Педагогика (под.ред. Пидкосистого П.И.) М., 1996

4. Педагогика (дәріс курсы) А.2003.

Жоспар:

1. Оқыту әдістері туралы ұғым.

2. Оқыту әдістерінің түрлері.

3. Оқыту әдістерін таңдау мәселелері.

Негізгі ұғымдар: оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдері, оқыту құралы.

Оқыту әдісі оқушының оқып-білу әрекетін ұйымдастыру. әдіс-гректің методос (исследования, способ)-зерттеу немесе таным жолы, тәсілдер жиынтығы деген сөзден шыққан.

Әдіс-оқыту барысында мұғаліммен оқушының ынтымақтасуы нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының бір мақсатқа жетуін реттеуіш тәсіл ретінде көрінеді.

Оқыту әдісін классификациялау үнемі айтыс туғызып келе жатқан педагогикадағы күрделі мәселелердің бірі.

ХХ ғасырдың 20жылдары белгілі педагог-ғалымдар (Б.Е.Райнов, К.Ягодовский, М.Гистран) оқытудың түссіндірмелік, тәжірибелік, еңбек, эвристикалық зерттеу, зертханалық әдістерін жасаған. 30 жылдары М.Гистран, П.Шимбирев, И.Оюродников оқытудың жаңа әдістерін жалған. Оларға, әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демострация, дәріс, кітаппен жұмыс, зертханалық жұмыстар жатады.

Грузии педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін үшке бөледі: сөздік, әдістер, кітаппен жұмыс, оқыту тәжірибелік сабақтар.

Кейінгі кезде оқыту әдісі мынандай үш топқа бөлінген.

1. Сөздік әдістер (әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру, дәріс, кітаппен жұмыс)

2. Көрнекілік әдістер (демонстрация, илмострация, бақылау)

3. Тәжірибелік әдістер (лабораториялық, тәжірибелік, графикалы).

М.И.Скоткиимен И.Я.Лернер оқытудың мынандай әдістерін ұсынады:

1. Түсіндірме илмостративті әдіс.

2. Репродуктивті әдіс.

3. Проблемалы баяндау әдісі.

4. Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс.

5. Зерттеу әдісі.

1. Түсіндірме илмостративті әдіс – мұғалімнің ауыз иегі сөздері информациялық – рецептивті әдіс деп те атайды, ол мұғалім мен оқушының іс-әрекетін бейнелейді.

2. Репродуктивті әдіс – еске түсіру, іс-әрекеттік тәсілін қайталау.

3. Баяндау әдісі – тақырып бойынша мұғалім оқушыларға проблема сұрақ қояды. Мәселені өзі шешеді.

4. Ішінара іздену немесе эвристикалық әңгіме әдісі – оқушыларды тапсырманы бірте-бірте өз бетімен шешуге үйрету.

5. Зерттеу әдісі – жаңа мәселелерді шешуге әңгіме әдісі – оқушыларды іздеу, творчестволық іс-әрекетін ұйымдастыру. Мұғалім оқушыға теориялық және тәжірибелік тапсырма береді.

Классификациялауда мына мәселелерді де ескертуге тура келеді.

а) әрбір әдістің оқыту процесінде дидактикалық мәселелерді шешуі.

ә) мұғаліммен оқушылардың байланыс іс-әрекеті таным қабілетін дамытудың негізгі құралы болу керек.

б) оқыту процесін тиімді ұйымдастыру.

Мұғалімнің оқыту әдістерін үйлесімді таңдап алуы оның нәтижесіне мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім оқушылардың өмір тәжірибесін, білім қорын, іскерлігін есепке алуы қажет. Ол үшін мұғалім төмендегілерді басшылыққа алады.

1. әдістердің оқытудың заңдылықтарымен ұстанымдарына сәйкестігі.

2. оқыту әдістерін оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшелігіне сәйкестілігі.

3. оқыту әдістерінің сабақтық тақырыптық мазмұнына сәйкестігі.

4. оқыту әдісінің мұғалімнің мүмкіншілігіне сәйкестілігі.

5. мектептің географиялық орны, материалдық – техникалық базасын ескеру.

Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ең алдымен, оның мақсатын анықтауы тиіс.

СОӨЖ-ның тақырыбы: Оқыту әдістері – дидактиканың негізгі категориясы

Жоспар:

1. Оқыту әдістері – дидактиканың негізгі құрамды бөлігі.

2. Оқыту әдістерінің көп түрлілігі және оларды топтастыру.

3. Оқыту әдістеріне сипаттама.

Наши рекомендации