Тренинг қарым-қатынасты дамыту құралы ретінде
Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады. Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу. Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады. Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен: * тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам; * тренингке қатысушылардың көлеміне сәйкес, қатысушылардың өзара белсенді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, «тренингтік шеңбер» бойынша орналастыратын орны бар ғимараттың болуы; * тренингтің кез-келген сабағының басында аталған сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі; * тренингтің бірінші сабағында «таныстыру» мен «келісім» қабылдау жаттығуларын – топтардың жұмыс істеу ережесін өткізу; * достық қалыптағы сенімді атмосфера қалыптастыру және бүкіл тренинг бойында соған қолдау көрсетіп отыру; * бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту; * әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу; * тренингке қатысушыларды мадақтау; * тренингке қатысушылардың (оқытушылардың) алдарына қойған оқу- жаттығуларының мақсатына, өз пікірлерін таңбай қол жеткізу; * тренингтің әрбір кезеңінде тренерлердің уақытша шекті қадағалауын қамтамасыз ету; * теориялық материиалдар мен интерактивті жаттығуларды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету; * тренинг аяқталысымен оның қорытындысын шығарудың міндттілігі. Тренинг бір немесе бірнеше сабақтан тұрады, олардың ұзақтығы – бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері қандай? 1. Тренер (оқытушы) ең алдымен қатысушыларға міндетті түрде тренингтің тақырыбын хабарлауы тиіс. 2. Содан кейін қатысушылар тренингтің мақсаттарымен және тапсырмаларымен таныстырылады. Егер тренингтің мақсаттары және тапсырмалары жазылып, көрінетін жерге ілініп қойылса, онда жақсы. 3. Тренингті өткізуге қажетті материалдар мен жабдықтар алдын ала дайындалады. Оны дайындауға тренингке қатысушыларды тартуға болады.
Зіндік сана-сезім дамуы
Өзіндік сана-сезім саласындағы зерттеулерге талдау жасай отырып, олардың көпшілігі өзіндік сана-сезім генезисіне арналғанын көруге болады. Мәселен, өзіндік сана-сезімнің дамуы психикалық іс-әрекеттің дамуымен, тұлғаның қалыптасуы мен даралануымен қатар жүреді, деп кеңес зерттеулерінде дәріптелген. Өзіндік сана-сезім динамикасы оның қалыптасуы деңгейімен салыстырмалы болады. Өзіндік санадағы сапалық «өзгерістер» ұдайы түрде орын алады. Тұлғаның қалыптасуына тікелей қатысы бар өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы — психика дамуын сипаттайтын күрделі әрі ұзақ үрдіс. Қазіргі кезге дейін онтогенездегі өзіндік сана-сезімнің алғаш рет пайда болу сәті мен белгісі жайлы біркелкі пікір қалыптасқан жоқ. Сонымен қатар, кеңес психологиясында баланың өзіндік сана-сезімінің дамуы жайлы қайшы пікірлер айтылуда. Психологтар өзіндік сана-сезім туа бітпейді, бірақ оның пайда болуы мен дамуының алғы шарттары туа бітеді дейді.Тұлғаның өзіндік сана-сезімін зерттеуге гуманистикалық психология өкілдері де яғни А.Маслоу К.Роджерс және т.б.айтарлықтай үлес қосты. Гуманистикалық психология тұрғысынан қарағанда, адамның өзіндік табиғаты оны тұлғалық шығармашылығының өсуі мен өзіндік жетілуіне ұдайы түрде бағыттап отырады, бұған төтенше жағдайлар кедергі жасап қалмаса. Осындай теориялардың көбі адамның ішкі тәжірибесінің дамуы мен құрылымын сипаттауға бағытталады. А.Маслоу теориясында тұлғаның өзіндік сана-сезімінің өзін-өзі белсендірудегі бастапқы қажеттіліктен тәуелділігі жайлы ой орын алады. Сонымен, өзіндік сананы дамытудың негізгі айғақтары ретінде ішкі факторлар, «жеке адамның өзінше қабылдайтын» түріндегі іс-әрекеті арқылы жүзеге асатын өзін-өзі барынша көрсетуіндегі тұлғалық ұмтылыстары саналады.Жоғары дәріптелген тұжырымдамаларды ескере отырып, әр оқытушы өзіндік сана-сезімнің адам өмірінде өте маңызды екенін білуі қажет. Өйткені, үлкендердің түртпегінен шаршаған жеткіншектер жасандылыққа төзбейтін педагогтардың қайырымды қатынасын көріп, өздерінің құндылықтарымен толық келіспесе де, оларды бірге біртіндеп іштей өзгеруге тырысатын, түсінетін және мойындайтын адамдардың бар екенін біле бастайды. Сондықтан да, өзіндік сана-сезімнің теориялық мәселесін баяндай отырып, келешекте педагогикалық ұжымға психологиялық көмек көрсету мақсатымен семинар, тренинг және әр түрлі психологиялық шаралар ұйымдастырылуы қажет екенін айтуға болады. Өйткені, бұл өз кезегінде оқытушының кәсіби біліктілігін, тұлғалық қасиетін, үздіксіз білім беру үрдісін жоғарлата отырып, болашақ жас ұрпаққа өзіндік сана-сезімі қалыпты тұрғыда дамуына және адамгершілікті — өнегелі тәрбие беруіне көмек беретіні сөзсіз.
Акмеологиялық зерттеу – акмеологияның жетекші қағидаларына негізделген, акмеологиялық мәселелер мен міндеттердің шешілуімен байланысты ғылыми зерттеу.