Леуметтік-педагогикалық бейімделу технологиясы сипаттама беріңіз

Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.

«Адаптация» термині (латын. adaptatio) – бейімделу сөзінен шыққан. Оны адам ағзасының, оның қызметтерінің, ағзалары мен жасушаларының белгілі ортаның жағдайына бейімделуі деп түсінуге болады. Адаптация индивид денесіндегі жүйелердің, ағзаларының және психикалық құрылымдарының өзгерген жағдайға бейімделуіне бағытталады.

Әлеуметтік педагогика - әлеуметтік бейімделу мәселесін зерттейді – адамның белсенді түрде әлеуметтік ортаға (өмірлік орта) бейімделуіне байланысты өзін анықтауға, және қоғамда қабылданған мақсаттар, құндылықтар, қалыптар мен іс-қимылдар стиліне табиғи араласуы. Ең маңыздысы баланың әлеуметтік бейімделуі – жеке басындағы үдерістері мен баланың мүмкіндіктеріне орай айналасымен, өзгерген орта, жаңа өмірлік жағдай, белгілі әлеуметтік-психологиялық ортадағы қарым- қатынас құрылымына орай өзгеруі, ортада қабылданған қалыптар мен ережелерге сәйкес бола білуі.

Әлеуметтік бейімделу адамныың әлеуметтенуінің қажетті шарты. Ол өзіне, өзгелерге қарым-қатынасын, іс-әрекетін бейнелеп, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарға белсенді қатысып, осыған байланысты өзінің табиғи әлеуметтік жетілуін қамтамасыз етеді.Табиғат адамды әлеуметтік бейімделуге және әр түрлі өмірлік ортадағы әрекетіне орай, әлеуметтік үдерістерге бейімделуін қалыптастырған. Ондай мүмкіндіктер әр адамның бойында бар және ол әр түрлі болады. Осыған байланысты адамдар әр түрлі жағдайларға, сонымен қатар өте күрделі және жағымсыз жағдайларға да бейімделе алады. Адамның әлеуметтік бейімделуінің көрсеткіші, оның сол ортаға қанағаттанууы, өзін бейнелеуі және соған сәйкес тәжірибесінің қалыптасуы.

Бейімделу үдеріс, көрініс және нәтиже түрінде қарастырылады.

Бейімделу үдеріс ретінде - адамның табиғи мүмкіндіктерінің белгілі бір өмірлік жағдайда (мысалы, бала бақшасында, сыныпта, топта, өндірісте, тынығуда т.б.) дамуы. Ол адамның өзінің табиғи мүмкіндіктерін жүзеге асыруымен, әлеуметтенуін білдіреді. Мысалы, баланың әлеуметтенуі белгілі бір оған жағымды ортадағы жағдайда өтуі. Ол отбасы, бала бақшасы, мектеп.

Бейімделу нәтиже ретінде – баланың жас ерекшелігіне қарай өмірлік ортаға, белгілі жағдайға және оның іс-қимылы, қарым-қатынасы мен іс-әрекетінің сол әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қалыптар мен ережелерге сәйкесуі, оның белгілі әлеуметтік ортаға қандай деңгейде бейімделгенін көрсетеді.

Адамның жеке басына тән ерекшеліктері – бұл оның тек өзіне ғана тән тұлғалық сапасы және кез келген жағдаятқа бейімделе алуы.

Бейімделу тәжірибесі – жеке тұлғалық сапаның қалыптасуына ықпал етіп, жаңа жағдайға тез бейімделуіне көмектеседі. Адамның өзіндік ерекшелігі кез келген жағдаятқа сәйкес жинақталған бейімделу тәжірибесіне және соған ұқсас жағдаяттардағы іс-әрекеттеріне байланысты болады.

Тәжірибе орта жағдайына бейімделу уақытын қысқартады. Бұл фактының тәжірибенің бейімделу мүмкіндіктерінің табиғи қалыптасуын түсінуге тигізетін маңызы зор. Үй жағдайында тәрбиеленген мектеп жасына дейінгі баланың бақшадағы балалар тобына және мектептегі сыныпқа бейімделуі қиын болады.

Көңіл түсу – бұл іштей бейімделуге көңілдің аууы. Ол адамның көңіліне әсер етеді. Тіпті тәжірибесі болса да өзін көрсетуге, өзін жүзеге асыруға көңілі түспесе, бейімделу іске аспауы мүмкін. Сонымен бірге адамның қызығуына түрткі жасау, тілек, ұмтылыс білдіруі арқылы өзін көрсету үдерісінің қалыптасуы байқалады.

Күй, хал-жай – іштей өзін көрсетуге дайындығын анықтайды. Ол көңіл түсуге жағымды немесе жағымсыз әсер етеді. Күй, хал-жай ішкі фактормен анықталады (мысалы, денсаулық, көңіл түсуі жағымды немесе жағымсыз, қорқыныш және т.б.) және сыртқы (жаңалығы, ортаның қабылдауы немесе қабылдамауы және т.б.). Күй, хал-жай бейімделу барысында орта жағдайы мен өзін іске асыруына байланысты оң немесе теріс жаққа өзгеруі мүмкін.

Өзіндік белсенділік – бұл факторды бейімделу барысында адамның өзі анықтайды. Осыған көп нәрсе байланысты. Ол қиындықтарды жеңуге көмектеседі және ортаға бейімделудің немесе бейімделмеудің көп факторларына тәуелсіз.

Функционалдық адаптация - қызметке бейімделу деген түсінік қолданылады. Ол адамның белгілі іс-әрекетті, кәсіби міндетін атқару барысындағы үдеріске бейімділігін және оған адамның бейімделу нәтижесін сипаттайды. Ол кез келген қызметке араласатын адамға тән. Функционалдық адаптацияға қажетті уақыт адам қызметіндегі үзіліске

байланысты. Неғұрлым қызметте үзіліс ұзақ болса, оның қызметке бейімделуіне соғұрлым уақыт та қажет болады.

Функционалдық адаптация сол қызметке сәйкес маманның тәжірибесіне, уақыт үзілісінің ұзақтығына, мысалы, қызмет етуге дайын болуына, көңіл-күйіне және өзіндік белсенділігіне де байланысты.

Наши рекомендации