Сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы

Мақсаты:Азық-түлік өнеркісібінің қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін нақтылау. Балаларға рөлдерді бөлуге және рөлдері бойынша әрекет етуге көмектесу, өз беттерімен қажетті құрылыстарды салуға үйрету, балалардың тілектестік-қарым қатынас дағдыларын қалыптастыру. Балаларды қоршаған орта туралы алған білімдерін ойын барысында кеңінен қолдануға ықпал ету.

Жағдаят Атрибут тар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Үстелді таңдау; Ас мәзірімен танысу; Тапсырысты қабылдау; Тапсырысты дайындау; Тамақтану; Қажет болған жағдайда менеджер мен бірге жұмыс істеу (арыздану, алғыс айту); Тапсырыстытөлеу; Үстел үстін жинау, ыдысты жуу. Алжапқыш; Ыдыс-аяқ жиынтығы; Табақ; Ас мәзірі; Дастарқан; Сүлгілер; Майлықтар; Азық-түліктер; Пиццерия. Меңгерушінің рөлінде жұмысшыларды басқарады, азық-түлік, жаңа ыдыс-аяқ, жиhаз әкелу қажет екендігін естеріне салады, менеджерге дәмханада ойындармен және сайқымазақтармен балалардың мейрамын ұйымдастыру туралы хабарлауды ұсынады. Пиццаны пісіру үшін қажетті азықты сатып алу мәселелерімен айналысады. Менеджер жарнаманың суретін салады, телефон бойынша тапсырыс қабылдайды, жүргізушіге тапсырма береді Аспазшылдар пиццаны, салаттар жасайды. Кондитерлер тәтті тоқаштар жасайды, торттарды безендіреді Даяшылар үстел жасайды, таспырыстарын әкеледі, үстел үстін жинайды Келушілер ас мәзірінен тағам түрлерін таңдап, таспырыс береді, этикет ережелерін сақтайды, алғыс айтады, ақысын төлейді. Ыдыс-аяқ жуушы ыдыс-аяқты жуады. Жүргізуші — жабдықтаушы заттарды дүкендерге, балабақшаларға, жеткізеді.

Кітапхана» сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығырмалар оқу

- «Кітапхана» Е. Өтетілеуов;

- «Оқи білген қандай тамаша» В. Берестов;

- «Кітаптарды қалай басып шағарады» Б. Житков;

- «Менің кітабым» Ғ. Мусрепов.

Німді іс-әрекет түрлері

- көрме сөрелерін, тақталарды, оқырмандардың карточкаларын дайындау;

- балаларға арналған жиналмалы кітаптар жасау.

Балалармен әңгімелесу

- «Кітапхана туралы не білесіңдер, ол сендерге не үшін қажет, кітапханада қалай жүріп-тұру керек»;

- «Кітап — өте керек зат екенін, сондықтан оған ұқыпыт қарау керектігін айту. ».

Дидактикалық ойындар

- «Сөзді аяған жеткізіп айт»;

- «Жұмыс үшін кімге не қажет».

Йымдастырылған оқу іс-әрекеті

- кітапханаға саяхат;

- Қоршаған ортамен таныстыру «Бізге кітап келді».

Ата-аналармен жұмыс

- үй кітапханасын қарау, балаларға оқу үшін кітаптарды таңдау, оларға жеке сөрелер арнау, бұл үй кітапханасы екендігін, ол кітаптармен толықтырылатындығын айту.

Кітапхана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Ойын барысында қоршаған орта туралы алған білімдерін, кітапханалардың әлеуемттік маңыздылыған көрсету. Кітапхана қызметкерлері туралы түсініктерін нақтылау, қоғамдық орындағы мінез-құлық ережесін бекіту. Ойынды ойластыруын өз құрбыларының ойымен келістіру. Ойын барасында рөлдерді ауыстыру. Балалардың есте сақтауын, тілдерін дамыту.

Жағдаят Атрибут тар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Оқырман формулярын толтыру; Кітапхана шының тапсырыс қабылдауы; Картотека мен жұмыс (компьтерді пайдалану); Кітаптарды беру; Мұрағаттан қажетті кітаптарды іздеу; Оқу залы;   Компьютер; Есеп карточка лары; Кітаптар, журналдар Картотека. Келушінің рөлінде әртүрлі авторлардың, әртүрлі тақырыптағы кітаптарға қызығушылық танытады; оқу залында әртүрлі балаларға арналған журналдарға тапсырыс береді, кітап ханашыдан картотеканың қай жерде екенін және онымен қалай жұмыс жасау керектігін сұрайды.   Кітапханашы келушілерді қарсы алады, оларға формулыр ашады, өзімен бірге алуға кітаптарды таңдауды, оқу залында газет пен журнал оқуды ұсынады, мұрағатқа тапсырыс береді. Оқырмандар өз аты-жөндерін айтады,формулырға қол қояды, кітапханашыға тапсырыс береді, сөрелерден кітаптарды өздері таңдайды, тақырыптық көрмелермен танысады, оқу залына өтеді. Бөлім меңгерушісі оқырмандарды ертегілер викторинасына қатысып, сыйлыққа-ертегілер кітабын жеңіп алуды ұсынады.

Жылжымайтын мүлік агенттігі» сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Наши рекомендации