Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары

Кеңес беру формасы. Ең алғашқы психологиялық-педагогикалық тексеру, қайтара педагогикалық-психологиялық консультация бару, тексеру. Бұндай жұмыстың нәтижелілігі ата-аналар кеңес алып, мамандардан қолдау тапқаннан кейін мамандарға қайта келеді. Қайтадан қайтып келудің оң әсері баланың психофизиологиялық дамуындағы динамика. Біз ата-аналарға балаға ойын керектігін, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, демалыс күндер, жол сапарлар, т.б. көрсетеміз. Әңгімелесу барысында отбасы бірінші баланы қолдаушы жүйе, сондықтан да оны отбасы өміріне қосуымыз тиіс. Жеке дара әңгіме барысында ата-аналар анықтауы бойынша:

· Ескерту шаралары, психофизиологиялық дамуында бұзылысы бар балалардың;

· Есту, көру, сөйлеу қабілетінде бұзылыстары бар балалармен қарым-қатынастағы әдістер;

· Өзінің бақылауларын күнделікке түсіру;

· Балаға шынайы көмек көрсету, жеңіске сену;

· Шыдамды болу, күте алу

· Өзінің эмоциясы мен сезімдерін бақылау.

Лекция арқылы таныстыру формасы – бұл ата-аналардың қажетті теориялық тәрбиелеу мен баланың дамуы жөнінде мағлұмат беру. Баланың дамуында медициналық негіздерді қарастыра отырып, лекция жүргізу, мұндай жұмыс формасына ата-аналар да топқа қатысады. Лекция арқылы тану формасының негізі болып ата-аналардың буклет жасауы, оқытылым пакеттері, белгілеп алу , т.б. Ата-аналар басқалардың лекциясы мен сұрақтарын тыңдап, өзінің мәселесін сезініп шешуге тырысады. Сонымен қатар, олар бір-бірімен танысып, бір-біріне көмек беріп, қолдау көрсетеді.

Таныстыру формасы 3 кезеңнен өткізіледі.

Бірінші кезең баланың дамуына бағытталған жұмыстарды ата-аналар көрсету. Ата-аналарды сабақ кестесімен таныстыру, тексеру қорытындысымен, олардың сұранымдары туралы білу.

Біз ата-аналарға балаларының ерекшелігі туралы толық ақпарат бердік, оның осал және мықты тұстары туралы. Анасының балаға тек қана оның көмегі басқа ешкімнің көмегі керек еместігін, тек қана ол дамуымен айналысатынын айту. Ары қарай лекотек мамандармен жұмыс жүргізу керектігі туралы айтылады.

Екінші кезең ары қарай оқыту бағытының жұмыс тактикасы мен стратегиясы анықталады. Негізгі жұмыс формасы: әңгіме, бақылау, кеңес беру, консультация, бір кесе шай барысындағы кездесу, ата-аналарға телефон шалу, т.б. Біртіндеп ата-аналарды күйзеліс әрекеті байқалады, олар команда мүшесі саналып, мамандарға көмектесуге, баласының мәселесін түсінуге тырысады.

Үшінші кезең – ата-аналар оқыту процесінің негізгі қатысушылары. Мамандар оларға ойын өткізуге, жаттығу жасауға, психикалық даму процестеріне, әлеуметтік бейімделуге, қозғалыс координатының дамуы ұсақ моторика, т.б.

Практикалық жұмыс – бұл ата-аналармен өткізілетін жұмыстың ең ыңғайлы формасы. Олар өздеріне керекті тәжірибені жинай алады. Кең қолданатыны баласымен бірге сабақ қарау, анасына баласымен жұмыс істеуді демонстрациялау, әдебиеттерді оқу.

Дөңгелек үстел, семинар, тренингтерді ұйымдастыру ата-аналарға пайдалы ақпарат береді. Толғандыратын сұрақтарын бірігіп қарым-қатынас жасау барысында табады.

Психологиялық тренингтер арнайы білім алуды қажет ететін балаларды негізгі әлеуметтік белсендіру әдісі болып саналады.

Тренингтер – бірлесу нәтижесінде туындаған байланыстардың нәтижесінде тұлға арасында әртүрлілікті қабылдау.

Жеке дара жұмыс жасау егер ата-аналар маманды тыңдай алса, сабаққа дайын болса,ата-аналарға жақсы нәтиже береді. Ата-аналармен және балалармен жекелей жұмыс жүргізу өзіне мынаны қосады:

· баламен жұмыс жасауды көрсету;

· педагогпен өткізілген сабақтарды конспектілеу;

· анасына тиімді әдебиеттерді оқыту;

· ата-анасы мен баласының ойластырған шығармашылық ойын өткізуге көмектесу.

Топтық жұмыстар - тек қана ата-аналар жекелей жұмыс жасау барысында әріптестік танытып өткізілсе ғана жүргізіледі.

Мұндай жұмыстардың мақсаты – ата-аналар басқа балалармен байланысқа түсіп, бала мен балаңыз, үлкендер тіл табысу.

Балалармен ұйымдастырылған жұмыс түрлері әртүрлі: рөлдік ситуацияларды көрсету, релаксация.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде уақыт өте келе ата-ананың баласына оң көзқараспен қарағанын көре аламыз. Олар жұмсақ, түсінгіш, шыдамды келеді. Дамудың әржақты заңдылықтарын көрсете отырып, тәрбиенің дамуындағы әртүрлі модельдерді, баланың мінезіндегі ерекшеліктерді ескеруге болады. Ата-аналар баласының дамуындағы өзгерістерді оптимистік тұрғысынан бағалайды.

Мүмкіндігі шектеулі балардың динамикалық өзгерісі, емдік түзету іс-шаралары мен әлеуметтік оқытуға бейімдеу. Ол оның жеке бас клиникалық ерекшелігіне, интеллектуалдық құрылымына, сөзіне, физиологиялық кемістігіне, жеке тұлғалық ерекшелігіне байланысты болады.

ОСЫМША

Наши рекомендации