Педагогтық қарым-қатынас туралы.

Мектептерде бірінші күннен-ақ мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы туралы Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, П.П. Блонский сияқты белгілі педагогтар - мұғалім мен оқушыны арасындағы қарым-қатынас негізгі мәселе деп қараған. Бұл мәселе А.С.Макаренко және В.А.Сухомлинскийді басқа педагогтарға қарағанда тереңірек ойландырған.

Макаренко А.С педагогикалық шеберліктің нәтижесі баланың іс қимылдарының әсер етуі, әрбір іске есеп бергізіп ойландыруында. Педагогикалық қарым-қатынас байланысты көп ақыл ой берген В.А Сухомлинский. Мұғалімдерден В.А.Сухомлинский сөзге шебер болуларына қатаң қарады, яғни «Әрбір сөзде мән болу қажет және оның өз бағыты, салмағы ойланып қараластырылып отырылуы керек»- деді.

Мысалы: мұғалім М.Ю.Лермонтовтың шығармасын оқыған кезде «поэт қайтты...». Бұл кезде оқушылар сөзде қайғы, қасіретті терең түсінуі тиісті, себебі – поэт қайтты «Қайғыда, жапа шегіп қайтты» - дегенде сөзде қайғы көрініп тұр. Оқушылар, студенттер бірге қайғырып, оны сезіп терең ойға түсуі қажет. Оқытушының сөзі тек қана құлаққа емес жүрекке жетті.

Ал келесі бөлмеде практикадағы оқытушының сабағы, балалар тып-тыныш не қайғы, не сезімдер көрінбейді. Бұл «бос сөзден» - деп В.А.Сухомлинский тұжырымдайды, себебі ұқыпты студент жай шығарманы оқып берді, сөздерге мән бермейді.

В.А:Сухомлинский педагогтың айқайлап – ұрысқанын жақтыртпады және ескертті: «Педагогтың сөзі оқушыны тыныштандыру керек». Есте сақтаңыздар «Тыныштандыру» педагогтың ақылдығын В.А.Сухомлинский осылай белгіледі, оқушының балалық сенімі артса және мұғалімді ақылшысы, жолдасы ретінде қабылдаса. Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, Т.И.Гончарова, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф. Шаталов, М.П. Шетинин т.б. педагог – зерттеушілердің шешімі бойынша терең, мәнді, қызықты оқытудан көзі – педагогикалық қарым-қатынаста. Төмендегі авторлардың жазған кітаптардың аттарына ойланып, мән беріңізші: « Здраствуйте, дети!» (Ш.А.Амонашвили), «Искусство общения» (Е.Н.Ильин), « Когда легко учиться» (С.Н.Лысенкова), «Уроки истории-уроки жизни» (Т.И.Гончарова), «Вечная радость» (С.Л.Соловейчук). Олардың бәрінің айтуынша: оқуытушының балаға жақындығы, платформа тәрізді өзінің соңынан баланы жүргізуде.

Мұғалім - терең білімді, өз Отанының ерлік дәстүрлерін, табыстарын, болашағын және оның бүкіл дүние жүзі халықтарының алдындағы беделін жете түсінген білімдар адам. Мұғалім өзінің бүкіл жүріс – тұрысымен, іс - әректерімен оқушылар үшін үлгілі болуға, жарасымды мінез – құлықтың, идеялық сенімділіктің, мәдениеттің мол өнегесі болуға тиіс.

Мұгалім – екі есе шебер. Біріншіден, жеке тұлға психологиясын тереңінен оқыту және қалыптастыру. Әр түрлі тәсілдермен оқытып – тәрбиелеу А.С. Макаренконың таңқаларлық ұлы жетістіктерінде тәрбие ортасы өте ауыр балалардан өмірге деген құлшынысы бар жақсы балалар тәрбиелеп шығарғанын еңбегінен көруге болады. Қазіргі таңда ұлы ағартушылар қысқа мерзім ішінде ең қиын математика мен физика пәндерінен де үлкен жетістіктерге жетуде. Ең негізгісі өзінің педагогикаға деген шеберлігін жақсы меңгеруінде.

Шеберлілік - педагогикалық қызмет бабында көрінеді. Мұғалім шеберлігі - тәрбие мен оқытуды қысқа мерзім ішінде әртүрлі тәсілдермен жеке тұлға бойына қалыптастыра алуында.

Мұғалім ішкі шеберлігін әртүрлі педагогикалық тәсілдермен жоғарғы дәрежедегі ұйымдастырылған оқу- тәрбие процесінде көрсете білуі керек.

Мұғалім қызметінің табысты болу, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жеке түсінуіне байланысты. Мұғалім – оқушыларға сапалы, жан- жақты тәрбие, білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады. Дүние танымын дамытады, өмірге еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді. Мұғалім білім құмар, өскелең балалар коллективімен жұмыс істейді. Демек, бала білім әлемі мен қоғамдық өмірдегі қат-қабат құбылыстарды тануға тырысады. Осыған орай,балалар түрлі саяси, әдеби, өнер ғылым және техника жаңалықтарымен танысады.Олардың арасында өзара талас, қызу талқы,айтыстар өріс алады. Міне, осындай жағдайда оқушыларды қызықтыратын және ойландыратын түрлі сұрақтарға, іркілмей толық жауап беру мұғалімдердің жан – жақты дайындығына байланысты.Сондықтан ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің тез дамуы – мұғалімдердің мәдени және ғылыми дәрежесінің жоғары болуын және педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отыруды талап етеді. Ал, педагогикалық шеберлік дегеніміз оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізуідің ерекше өнері.

Әрбір қызметтегі сияқты мұғалім шеберлігі де мынадай компоненттерден тұрады: мақсат, іс-шаралар, объект, субъект.

Жалпылай алғанда мұғалім шеберлігінің мақсаты – жеке тұлғаның жан – жақты етіп тәрбиелей алуы. Мұғалім шеберлігінің мақсаты талап қоя білуі мен оны орындата алуында.

Педагогикалық еңбекте объект – адам (жеке тұлғаны қалыптастыруда ақыл- есі, сезімі, ерік- күші, өзін - өзі тануы).

Субъект – бұл тәрбиеленушіге әсер етуші ата – ана, мұғалім, ортасы. Тәрбиеленушіге негізгі әсер етуші мұғалім және оның білімі мен шеберлігі.

Мұғалім шеберлігі – мұғалімнің кәсіби білімі, педагогикалық қабілеті, педагогикалық амал – тәсілдері, педагогикалық тапсырмаларды, ситуацияларды шеше білуінде.

Жеке тұлға бірден мұғалім және шебер педагог болып тумайды, бірақ шеберлікті оқып үйренуіне болады.

Жоғарғы оқу орындарында шеберлікке тек қана бағыт – бағдар береді, оны ары қарай алып кету жеке тұлғаның өзіне байланысты. Педагогикалық шеберліктің негізі бір ғана пәнмен шектелмей, басқа да пәндермен байланыста болуы керек. Мысалы, психология, тарих, т.б.

Педагогикалық шеберліктің қалыптасу жолдары:

  • толық келісімді көзқарас (дискуссия, пікірталас, жаттығулар, үйірмелер, тренинг, сызба түріндегі жаттығулар т.б.)
  • белсенді коммуникациялық көзқарас (белсенді студенттермен өткізілетін қойылымдар, сайыстар т.б.)
  • педагогикалық іс-әрекеттің жіктелуі (студенттің 1-ші курстан соңғы курсқа дейінгі өсіп - өну дәрежесі)
  • білім мен шеберліктің байланысы (үйірмелер,клубтар, студиялар)

Педагогикалық шеберліктің негізгі компоненті – мұғалімнің шынайы сезімі. Мұғалім шеберлігінде сезімін дауыс ырғағы, мимикамен, жүріс – тұрысымен, кез – келген жағдайда өзін ұстай білуімен білдіреді.

Мектептегі оқу – тәрбие процесі - өте күрделі, жан – жақты құбылыс.

Педагогикалық өнер – театрдағы актердің өнерімен сәйкес. Сондықтан педагог театрлық өнердің іс- әрекетімен оның заңдарын білуі тиіс. Актерлық өнердің шеберлігін игеруі арқылы педагог аудиторияны өзіне қарата алады. Өзінің талантын оқу үрдісінде актерлік шеберлікпен көрсете алуы керек. Актерлік өнерге қөптеген ұлы ғұламалардың көзқарастары жетерлік. Актерлік өнер - өте қиын, әрі анық және әртүрлі болады. Ол көрермендерге әртүрлі әсер етеді (жеке сұлулығы, дауыс ырғағы, дикциясы, мінезін ауыстыра білу қабілеті, өз жұмысына деген сүйіспеншілігі, еңбегі, талғамы және т.б.) Актерда мынадай қабілеттер болуы керек: байқағыш, әсер қалдырушы, темперамент, қиялы, елестете білуі, ішкі және сыртқы іс - әрекеті, талғамы, ақылы, сезімі, түрлендірілуі, адалдығы, т.б. Ең негізгісі – кез – келген адамның жүрегіне ерекше әсер етіп, із қалдыру.

Әрбір педагогта интеллектуалды сүйкімділік болады. Олардың көзінде, бет-әлпетінде, іс- қимылында ақылдылығы мен даналығы көрінеді. Кейбір педагогтар қайғылы немесе көңілді кейіпте болады.

Ең негізгісі объекті мен субъектінің арасындағы тәрбие алмасу шынайы болуы керек. Педагог пен актер аудиторияны бір деңгейде алып отыруы керек.

Аудиторияны жаулап алудың пассивтік және агрессивтік әдісі бар.

Педагогикалық аудиторияның басқару құпиясын білу үшін, алдымен өз бойындағы қасиеті мен қабілетін анықтап алуы керек. Аудиторияның құпиясын ашпай педагог оларды басқара алмайды.

Әрбір педагог өз іс - әрекетін саналы түрде басқара алуы керек. Жас педагог ұстаздық қадамын бастаған сәттен-ақ, бірден шәкіртке ерекше әсер қалдыра білуі керек

Мұғалім – жақсы немесе жаман болып тумайды. Ол өз тәжірибесінде айқындалады. Педагог жоғары оқу орнынан алған білімімен шектелмей, қоғамның даму деңгейімен сәйкес ізденіс, талпыныс үстінде болуы керек.

Мұғалім оқушының зейінін өзіне аудару қиын екенін біледі. Қазіргі замандағы балалар ойы теледидардағы қияли көркем фильмдермен, компьютерлік ойындармен уланған, ал мұғалім 45 минут ішінде оқушылардың зейінін өзіне қаратып қана қоймай, білім мен тәрбие алуын қадағалап отыруы керек.

Наши рекомендации