Топсеруеннің маңызы.

Мектепте биологиялық жұмыстар оқу тәрбиесі бойынша ең негізгі топсеруеннің міндеті болып табылады. Топсеруенді өсімдіктану сабағында түсіндірудің екінші тәсілі болып табылады. Онда сабақатғы сияқты талаптар қойылады. Топсеруен кезінде қатысушылар оқып жүргеніне қосымша деректер алып, толықтырып түсіндіреді. Топсеруеннің негізгі принципі қоршаған ортадағы өсімдік организімін танып білу негізінде қалыптасады. Осының барлығын меңгерген соң қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті дами түседі. Топсеруенде дүниені танудың өте белсенді түрі болып табылады, және тірі табиғатпен адам арасында тығыз қарым-қатынасты нығайтады. Топсеруен кезінде өте нақты білім қалыптасады. Мұғалім қаншалықты терең жүйелі топсеруенді жоспарласа ол өте жақсы қатысушы ойында қалады. Белгілі бір объект жылдың әр түрлі кезеңінде көрсету керек, яғни эволюциялық теорияны қалай меңгергенін сынап көру үшін жетекшінің міндеті жетекшілікті әрі түсінікті біліміді мәселені қою және жүзеге асыру өте жақсы нәтижесі мынандай, тапсырмалар арқылы көруге болады, яғни тұқымдарды сонау бір өсімдікте дамыған, оның тамырларының ұзындығы т.б.

Өте тамаша деректерді іріктеп қатысушыларды қызықтырып, тірі табиғат жайлы не білетіні туралы білмідерін тексеру, соңымен қатар қызығушылықтарды арттырады. Жалпы қызығушылық белсенді жұмыс кезінде қатысушыларда туындайды. Әр бір топсеруенде мұғалім мақсаты мен бағытын, көрсетіп отыру керек. Әр бір мұғалім орта мектепте топсеруенді тым болмаса да бағдарламаның кішігірім көлеміндей өткізуі міндетті

2 Топсеруенге дайындалу әдістері

Топсеруеннің нәтижесі, әрі сәтті өтуі тікелей даярлыққа байланысты, қаншалықты мұғалім күрделі дайындықтан өтсе, 2 есе өтсе де өте жеңіл өтеді. Топсеруен даярлығын екі топқа бөлуге болады. Ол мұғалімнің даярлығы және қатысушылардың дайындығы, ең бірінші топсеруеннің бағдарламасы бойынша мұғалім не істей білу керек? Ол қойылған тақырып бойынша мақста, міндет қойып, тақырып бойынша әдебиеттер қарау керек. Әдебиетпен танысып болған соң мұғалім тақырып бойынша топсеруеннің бағытын белгіледі. Топсеруеннің жоспары бойынша ол бірнеше бөлімдерге бөлінуі керек, яғни қандай әдіспен жүргізу қай жерде, және қай бағыт бойынша. Ендігісі ол мұғалім топсеруеннің алдында бағыттың жолын тексеріп шығады. Бұл топсеруенді мұғалім және жетекші жер мен танысып бағытын нақтылап, ондағы объектілерді белгілейді. Топсеруеннің әдісі тақырыпқа және оның мақсаттарымен оған қатысушылардың білімі мен жасына байланысты

Топсеруенде мұғалім белсенді тұлғалардың бірі; Ол топсеруен кезінде түрлі өсімдіктерге мәліметтер береді. Егер қатысушыларда дүние тануға ынтасы зор болса онда топсеруеннің нәтижелі екенің айтуымызға болады. Өзіндік жұмыста өте жақсы үлгерім мұдай жұмыстарды әсіресе топсеруен кезінде беру керек. Ол логикалық ойлау қабілетін арттырады. Н.М.Верзилин ұсынған сызба нұсқа топсеруеннің бағытынның пайдалану кезінде:

Топсеруеннің логикалық бөлімі Әдістемелік нұсқаулар Бағыттау орны Объекттер
       

Топсеруеннің әдістемесін қарастыра отырып оның құрал – жабдықтарсыз өтпейтінің ескеруіміз керек. Жерден өсімдіктерді қазып алу үшін күрек керек.

Топсеруен өткізу жоспары.

1. Серуенге шығатын күн кестесін белгілеу.

2. Оқушыларға сақтық ережесін сақтау тіртібімен таныстыру.

3. Серуенге шығатын киімдерге қойылатын талап.

4. оқушыларды топқа бөліп, керекті оқу құжаттарынан не алу керек екендігін түсіндіру.

5. Серуеннің тақырыбы мен мақсатын, баратын жерімен таныстыру.

6. Серуен кезінде өз бетімен жұмыс істеп, қорытынды жасай білуді айту. Не көрдің? не білдің?

7. Келесі сабақта жоспар бойынша әңгімелеу.

3 Биология пәнінде топсеруенді ұйымдастыру әдістемесі.

Әрбір топсеруен бірнеше бөлімнен құралады:

1. мектептегі жиын және топсеруенге бару.

2. қатысушылардың мұғалім мен жұмысы.

3. топсеруенен оралуды ұйымдастыру.

Топсеруеннің негізгі бөлімі көбінесе әңгімелесу болып өтеді. Әңгімелесу кезінде мезгілдің кезені, ауа рай жағдай жөнінде сөз қозғайды. Әңгімелесу тілі өте нақты, әрі түсінікті болу керек.

Егер әңгімелесу тура жұмыс үстінде болса, онда мұғалім әңгімесін айтып қалай өсімдікті жинау керектігін көрсетеді.

Осыдан соң топсеруеннің негізгі бөліміне көшеді – яғни жетекшінің жұмысын бақылау. Бұл жұмыс негізгі екі бағыттан тұрады: бақылауды жазып отыру және өсімдікті жинау

Өсімдіктанудың ең негізгі жұмыстарының бірі ол өсімдік жинап кеппе шөп құрастыру.

Топсеруенде жетекші келесі мынадай гербаризация ережесін үйрету керек.

1. Кеппешөп үшін жиналатын өсімдіктер тек белгілі түрі ғана алынады және ауруы, зақымы жоғын аламыз. Көлемі мен мөлшері жағынан орташа. Өсімдіктің тамаша фазасы – гүл деген фазасында жинау. Сонымен қатар өсімдікте жеңіл болғаны да жөн болар еді. Көптеген крестгүлділер мен шатыргүлділердің жемістерін анықтау келе бермейді.

2. Өсімдік толық мөлшерімен жиналу керек тіпті терең кеткен тамырымен қоса. Өсімдікті қазып алу үшін ең алдымен оның жан-жағын қазып ақырын тамырын топырағымен қосып көтеріп алып тамырын топырақтан тазалаймыз.

3. Өсімдіктер бірнеше түрлері жиналу керек. Оған қосымша гүлдерін, жемістерін, тұқымдарын жинау керек.

4. Егер өсімдік келесі жапыраққа дейін гүлдесе онда оны қайта жинау керек.

5. Екі үш өсімдіктердің аталық пен аналықатарынан екі түрден жинау керек.

6. Жинау науқаны – көктемнің құрғақ ашық ауа райы кезінде.

7. Өсімдікті жинап алғанан соң міндетті түрде өсімдіктің атауы жазылған этикеткасы болу керек.

8. Этикеткада (белгісі)

а) өсімдіктің нөмірі

б) өсімдіктің атауы (латынша, қазақша, орысша)

в) тұқымдастардың атауы

г) орналасу мекені

д) тіршілік ортасы (нақты жері, қайда табылды, қандай, экологиялық жағдайда)

е) жинаған мерзімі

ж) жинаған адамның тегі.

Мұғалімнің міндетті әңгңмелесудегі қорытындысы, яғни жиналған материалды өндеу нәтижесін шығару. Негізгі талаптарға қойылған қатысушылардың талаптарын, тиянақты орындауы. Мұғалім тиым салғанын қатаң орындау. Ағашқа шықпау, суға түспеу, жоталардан төмен жүгірмеу. Себебі жетекші мұғалім әрбір баланың денсаулығына жауапты. Жиналған өсімдіктерді құжаттау және өндеу өте маңызды ол тосеруен кезінде алған білімді топсеруеннің қорытындысын конференцияда баяндап көрсетуге болады. Жалпы сынып аралық топсеруен сабақ уақытында жүргізуге болады. Бірақ уақыт үнемдей отыру керек. Сонымен қатар жақсы белсенділер мен көзге түскендерге жалпы пән бойынша баға қоюға болады. Мұндағы негізгісі ол материалды жақсы даярлау яғни кеппе шөптің сапасының жоғары болуын қадағалау. Кептірудің маңызды, негізгі ережелерін ұстану:

1. Кептірудің жедел түрде орындау. Жиналған өсімдік міндетті түрде көлеңке шатыр астында кептіріледі. Жақсы әрі жедел кебу үшін –вентиляцияның маңызы зор.

2. Жүк астына қояр алдында жапырақтарын жазу керек.

3. Кептіру құралына салынған өсімдікті алма кезек газетін ауыстыру керек. 2 тәулікте бір рет тен.

4. Егер жүк болмаса онда жай папкіде кептіруге болады. Папкідегі өсімдікті үстін жауып, үстіне 16-20кг салмақты жүк қояды. Осы кезде қағазын жиі-жиі ауыстыру керек. Себебі жүк түскен кезде өсімдіктің шырыны ағады. Өте нәзік өсімдіктерді кептірген кезде жүк салмағы аздау болуы керек.

5. Өсімдіктердің шырынды бөліктерін мақтаға салады.

6. Нәзік гүлдерді мақтада немесе сүзгі қағазда кептіреді.

7. Етті, әрі шырынды өсімдіктерді ыстық сумен бір рет шаю керек. Олар қордағы қорек арқылы гербариді өсіреді немесе нашар кебеді.

8. Қылқанды бұталардың кептірер алдында желімге немесе ыстық суға бір рет малып алу керек. Себебі өйтпесе кеуіп кетен соң оның қылқандары түсіп қалады .

Өте жақсы көрнекіліктерді көлемді жасау үшін құмда кептіру тәсілі қолдануға болады. Бұл тәсілді өзін құмында жасау керек бірнеше рет сумен шайылған.

Құмда кептірген өсімдіктер міндетті түрде герметикалық немесе тығыз жабылған шыны ыдыста сақтау керек.

Топсеруен барысында әрбiр оқушы:

1. Кеппешөп жасаудың, косервациялау және құмда кептiрудiң, бояуын жоғалтпайтын ылғал препараттар мен ағашты өсiмдiктердiң кесiндiсiн дайындаудың қарапайымдiсiн үйренуi керек.

2. өсiмдiктердiң морфологиясы жөнiндегi бiлiмдерiн жетiлдiрiп, оларды ботаникалық қатесiз талдап, өсiмдiктердi ажырата бiлуi қажет.

3. өсiмдiктердiң өсуiн, дамуын, гұлденуiн, тозаңдануын және көбейуiн байқап, оларды оқулықтан, сызба нұсқадан, фотосуреттен және кестеден ажыратуды бiлуi керек.

4. өсiмдiктердiң негiзгi типтерiн айыра бiлуi керек.

5. өсiмдiк бiрлестiктерiн экологиялық, және географиялық жағдайларға байланысты сипаттамасын бiлуi керек.

6. өсiмдiктердiң қорғау мәселелерiн бiлуi керек.

Биологиялық топсеруен ұйымдастырудың кейбiр мәселелерi

Қазiргi уақытта ботаникадан дала практикасы стационарлы жағдайда емес, белгiлi бiр жерлерге бару, яғни экскурсия бойынша жүргiзiледi. Бұл практика барысында жетекшiсiне ерекше жауапкершiлiктi жүктейдi. Практика барысында жетекшi әр оқушы топтарын дәрi – дәрмек аптечкасымен қамтамасыз етiп, алғашқы көмек көрсету тәртiптерiмен таныстыруы керек.

Олар: сүйектiң сынуы, қанның тоқтамауы, жылан немесе басқа улы жәндiктердiң шағуы, улы өсiмдiктермен улануы, т.б.

Сонымен бiрге жетекшi оқушыларға от жағуға, өзiнен кейiн қоқыс тастамауға, үлкен гүл шоқтарын жинауға және сирек кездесетiн өсiмдiктердi сындыруға болмайтынын ескертедi.

4 Топсеруеннің жабдықтары

Ботаникалық материалдарды жинау; оны өндеу және зерттеу үшiн оқушыларды қажеттi жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Кейбiр жабдықтар бұйымдары тек қана бригадаларға немесе барлық топтарға ортақ қолдануға берiлуi мүмкiн.

Өсiмдiктi жерден қазып алу үшiн күрекше, ол болмаса ағаш сапты ендi қашау немесе шот (копалка) керек. Шабындық өсiмдiктердi кесу үшiн аспаздың немесе асханалық пышақты қолдануға болады. Қажет кезде жiптiң көмегiмен ағаштың бұтақтарын июге, ал кейде сындыру үшiн ара немесе қайшы-секатор болуы керек

Жиналған өсiмдiктер мен бұтақтарды газет беттерiнiң арасына салады. Папкадағы өсiмдiктердi екi рамкалы сетка тартылған пресстерге кептiредi. Тiрi өсiмдiктердi келегiмен бiрге корзиналарға, ал кiшi өсiмдiктер: мүктер, қыналар, саңырауқұлақ-тарды қорапқа, банкаларға немесе 4-5% формалин ертiндiсiне орналастырады. Су өсiмдiктерiнiң нәзiктiгiнен, оларды жинау арнайы дайындығын қажет етедi.

Егер оларды судан алсақ солып қалады да, қайтып қалпына келмейдi. Оларды сачокпен аулауға болады, ал тамырын жерден багор немесе қармақтың көмегiмен үзугге болады. Суырып алынған өсiмдiктердi суы бар ыдысға орна-ластырып, оның астына бiр бет қағаз салады. Бұл үшiн жылтыр немесе пергаменттiк қағаздар қолданылады.

Топсеруен барысында әрбiр оқушы:

Кеппешөп жасаудың, консервациялау және құмда кептiрудiң, бояуын жоғалтпайтын ылғал препараттар мен ағашты өсiмдiктердiң кесiндiсiн дайындауды үйренуі керек.

Өсiмдiктердiң морфологиясы жайлы бiлiмдерiн жетiлдiрiп, оларды ботаникалық тұрғыдан қатесiз талдап, өсiмдiктердi ажырата бiлуі қажет.

Өсiмдiктердiң өсуiн, дамуын, гұлденуiн, тозаңдануын және көбейюiн байқап, оларды сызба нұсқадан, фотосуреттен және кестеден ажырата алатындай үйренуі керек.

Өсiмдiктердiң негiзгi типтерiн айыра бiлуі керек.

Өсiмдiктердiң қорғау мәселелерiн бiлуі керек.

Әр бөлімде оқушы міндетті түрде өздік тарапынан түрлі зерттеу бақылаулар жүргізу тиіс. Қатысушыларды улы өсімдіктермен таныстыру.

Туған табиғатыңыздың байлығын көбейте түсуде, әсемдігін сақтауда – табысты бол, жас ұлан! Топсеруенге, саяхатқа және демалуға шыққанда осы талап пен ережелерді ұмытпай, жолдастарыңа айтып түсіндіріңдер!

Ережелер мен талаптар

Мектеп оқушылары!

1. Естеріңде болсын: еш нәрсені жыртпау, жұлмау, дәмін көрмеу.

2. Қажетсізден кез-келген өсімдікті жұлушы болмаңдар. Естеріңде болсын: інжугүл (ландыш) отырғызғаннан кейін алты жылдан соң гүлдесе, шолпанкебіс (венерин башмачок) деген өсімдік 18 жылдан соң ғана гүлдейді.

3. Құстарды, насекомдарды және майда жәндіктерді қорғаңдар. Құстардың ұясын бұзып, құмырсқаның илеуін бүлдірмеңдер. Құстар мен жануарларға коректенетін орындар жасаңдар.

4. Саңырауқұлақтарды жинағанда пышақты пайдаланып, түбіртегін бүлдірмей кесіп алыңдар.

5. Топырақты қорғау. «Алау» жақпас бұрын ол жердің өсімдігін тамырымен қосып қазып алып оңаша қойып, от жанып болған соң су құйып өшір және қазып алған қабатты орын-орнына қойып, үстіне тағы да су құйыңдар. Өйтпесе от жаққан, «Алау» өткізген жерге 4-5 жылға дейін жазылмастай жара қалдырады.

6. «Алау» жаққанда тек кепкен ағаштар мен бұталарды пайдаланыңдар.

7. Жасайтын лашықтарың мен күркелеріңе қазық үшін жас ағашты кеспеңдер. Естеріңде болсын: бір тал ағаш жаз бойы шаң-тозаң мен дыбыстарды азайтып, ауаны ылғалдандырып, 16-дан 40 кг. дейін көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін тазартады. Ағашты сындыру оңай да, оны өсіру қиын.

8. Тоғайда тыныштық сақтаңдар! Егер өзіңмен бірге радиоқабылдағыш болса, өте қатты қоймаңдар. Орман-тоғай «тұрғындарының» мазасын алмаңдар.

9. Өзіңді қоршаған ортаны санаңмен түсініп, ондағы өзен, көлдер мен топырақты, өсімдіктер мен жануарларды зерттей біл, аяла!

10. Отанымыздың табиғат байлығын еселеп көбейтуге және аялауға ат салысыңдар; көшелерді, ауланы, жолды, ауыл-селоны көгалдандыр, жаңадан орман ағаштарын отырғыз. Естеріңде болсын: 1га орман ағаштары жылына көмір қышқыл мен шаңнан және 18 миллион текше метр ауаны тазартады.

11. Табиғи ескерткіштерді табуға қатысып, оны қорғаңдар. Мысалы, көп жасаған ағашты, сирек кездесетін өсімдікті, әсем табиғат бұрышын, парк пен гүлдерді сақтауға, қорғауға қатысыңдар.

12. «Қызыл кітапқа» өсімдіктің 600 түрі енгізгені естеріңде болсын.

Жиналған өсімдіктерді құжаттау және өндеу өте маңызды, ол топсеруен кезінде алған білімді топсеруеннің қорытындысын конференцияда баяндап көрсетуге болады.

Топсеруендерде жинаған материалдармен оқушылар табиғат мүйісінде көрме жабдықтауына да болады. Оларды кейіннен биология сабақтарында да қолдануға болады. Мұндай топсеруенде тек білімдік ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік міндеттер қойылады.

Наши рекомендации