Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің тәрбие жұмысы
ЕСЕБІ
Студент _____________Жәкетова К.
Кафедрадан
жетекші _____________
Оқу
мекемесінен
жетекші _____________Исаева Г. .
Астана – 2015
Кіріспе
Қаңтардың 15-22 күндері аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» оқу-танысу психологиялық – педагогикалық тәжиребе өтілді. Бұл тәжірибе кәсіптік педагогикалық іс-әрекетке дайындайтын тұтас педагогикалық процестің маңызды бөлігі және студенттердің өз бетінше кәсіптік іс-әрекетке дайындығының кезеңінің бірі болып табылады. Сондықтан, бұл кезеңде студенттердің колледждегі оқу-өндірістік және тәрбие үрдісін бақылау, түрлі оқу сабақтарына қатысу, сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарын жүргізу, есепке қатысты және курстық жұмысына қатысты материалдарды жинау жұмыстарына көңіл бөлінеді.
Тәжирибе мақсаты студенттерді өз бетінше педагогикалық іс-әрекетке түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіптік-педагогикалық білімдер мен дағдыларды іс жүзінде қолдана білуге жан-жақты дайындау болып табылады. Ал тәжірибе міндеттеріне келетін болсақ:
- студенттердің өз бетінше педагогикалық іс-әрекет жасауға дайындықтарын тексеру;
- студенттердің түрлі формадағы оқу сабақтары мен әр түрлі типтегі сабақтарды педагогикалық және арнайы пәндер бойынша алған білімдері негізінде жүргізуге дайындау;
- университетте алған педагогикалық және арнайы білімдер жүйесін іс-жүзінде қолдана білу;
- студентті сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткізуде сынып жетекшісі қызметін орындауға дайындау;
- студенттің кәсіптік-педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығын дамыту және бекіту.
Оқу-танысу психологиялық–педагогикалық тәжірибе болашақ кәсіптік іс-әрекетке жақын жағдайларда өтеді. Тәжірибені өту барысында студенттерде кәсіптік-педагогикалық білімдер, біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың педагогикалық қабілеттері дамиды.
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе......................................................................................................3
Жеке жоспар............................................................................................4
1.Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
жалпы сипаттамасы............................................................................6
2. Мектептің оқу жұмысы.....................................................................9
2.1.Менің оқу жұмысым........................................................................10
3.Тәрбие жұмысы.................................................................................11
3.1.Менің тәрбие жұмысым..................................................................12
Кәсіптік бағдар беру жұмысы.........................................................13
Қорытынды.......................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер.................................................................16
Қосымша...........................................................................................17
Оқу–танысу психологиялық-педагогикалық тәжірибенің
Жеке жоспары
Бекітемін
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар
Колледждің тәжірибе жетекшісі
Нұғыманов Т.А
Аңтар 2015 ж.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ
Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің
1-курс студенті Жәкетова Камиланың
Оқу-танысу психологиялық–педагогикалық тәжірибесін өту бойынша
Жеке жоспар
№ | Жұмыс мазмұны | Орыдалу уакыты | Орындалуы жайлы мәлімет |
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің жұмыс ерекшелігімен, басқару қызметінің ұйымдастырылу жүйесімен, материалдық.Колледждің проблемасы, мамандар құрамы, негізгі бағыттары, жетістіктері, құрылымдық жүйесімен танысу. | 15.01.2013 | Орындалды | |
Колледж жұмысына байланысты нормативтік құжаттар, олардың жүргізілу тәртібі. | 16.01.2015 | Орындалды | |
Колледж директорының оқу, тәрбие жұмысы орынбасарларының, топ жетекшісінің жұмысымен танысу. Топ жетекшісіне қойылатын кәсіптік талаптар. Бекітілген топ студентерінің даму ерекшелігін зерттеу. | 15.01.2015- 16. 01.2015 | Орындалды | |
Колледждегі алдыңғы қатарлы мұғалімдердің сабақтарына қатысу, әңгімелесу. | 17. 01.2015 19. 01.2015 | Орындалды | |
Бекітілген топпен сыныптан тыс іс-шарасын ұйымдастыру, өткізу. | 20. 01.2015 | Орындалды | |
Колледж психологының жұмыс мазмұнымен танысу. Әңгіме сұхбат. | 21. 01.2015 | Орындалды | |
Практика кезіндегі атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Практика құжаттарымен жұмыс. Есеп пен күнделікті рәсімдеу | 22. 01.2015 | Орындалды |
1. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің жалпы сипаттамасы (тарихы)
Біздің елімізде 1940 жылдың 2 қазанында кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа жүйесін КСРО Жоғары Кеңесінің төралқасының «Мемлекеттік еңбек ресурстары туралы» жарлығы жарияланған болатын.Осы күн Кеңестер Одағында «Кәсіптік-техникалық мектептер» күні болып аталатын болды. Бұл сала, міне, бірнеше жылдар ішінде еліміздің халық шаруашылығының алуан түрлі салаларына жұмысшы кадрларын дайындап отыратын негізгі мамандар даярлайтын арнаға айналды.Біздің Маңғыстау облысында да бұл салада көп тәжірибе жинақталды. Облысымыздың потенциалын көтеруде кәсіптік-техникалық мектептер үлкен роль атқарды. 1965 жылдан бастап Маңғыстау өлкесінде мұнай және газды көп көлемде өндіру басталды. Жаңа кен орындарын игеру қажет болғандықтан Жаңаөзен қаласының құрылысы басталды. Оны және басқа да құрылыс жұмыстарын іске асыру үшін 1967 жылы Ералиев ауданында №162 қалалық кәсіптік-техникалық училище ашылды. Оның базалы мекемесі «Маңғыстау мұнай-газ құрылыс» тресі болды. 01.09.1968 жылы №162 ҚКТУ қала типтік Жаңаөзен поселкесіне ауыстырылды. 1973 жылы училище 4500 м2 жаңа типтік 600 орындық ғимаратқа көшірілді.
Елімізде өріс алған реформа талаптарына сәйкес Маңғыстау облыстық білім басқармасының 24.08.1984 жылғы бұйрығы негізінде №162 ҚКТУ №3 орта кәсіптік-техникалық училище деп аталса, облыстық білім басқармасының 30.08.1996 жылғы бұйрығы негізінде №3 ОКТУ-нің аты №3 кәсіптік-техникалық мектеп деп өзгертілді. 26.12.2005 жылы ол «№3 кәсіптік мектеп» мемлекеттік мекемесі болып өзгертіліп, 16.06.2008 жылы ол «Жаңаөзен кәсіптік лицейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертіліп, 01.01.2012 жылдан қазіргі таңға дейін «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып ауыстырылып, өз жұмысын жалғастырып келеді. Мемлекеттік лицензиясының номері – 0032342, берілген уақыты – 01.10.2012 ж. Қазіргі таңда Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде 2005 жылдың шілде айынан бері Нұғыманов Тұрсынқұл Абатұлы басшылық етіп келеді.
Жаңаөзен "Көктем" ш/а, 9 ғимарат
тел: 8(72934) 41 6 29, факс: 8(72934) 41 6 29
e-mail: [email protected]
сайт: jksint.kz
4 қабатты оқу корпусындағы 19 оқу кабинеттері 6 интерактивті тақтамен жабдықталған болса, 2 қабатты шеберханадағы 11 оқу өндірістік шеберханалары мамандықтар бойынша жаңа заманауи технологиялармен және 5 интерактивті тақтамен жабдықталып отыр.
Сонымен бірге мультимедиа кабинеті, 2 информатика кабинеттері,
o 200 орындық асхана
o 250 орындық акт залы
o спортзал
o кітапхана
0902000 Электрмен қамтамасыз ету салалары бойынша:
1013000– Механоөңдеу, өлшеуіш-бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы
1109000 – Токарлық іс және металл өңдеу
2. Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің оқу жұмысы
Жаңаөзен қаласының Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің педагогикалық ұжымының басты мақсаты педагог мамандығының беделін көтеру. МІНДЕТІМІЗ – кәсіби білікті мамандар даярлау. Колледжде кәсіби құзіреттілігі жағары оқытушылар құрамын таңдау және қабылдау штаттық кесте мен жеке еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда оқытушылар құрамының саны 29, инженер-педагогтар саны-25. Жоғары және бірінші біліктілік санаттары бойынша 19 оқытушы қызмет етуде.
Нарық кезінде жұмыс беруші өзіне қажетті маманның кәсіби сауаттылығын қалайды, сондықтан білікті мамандар даярлайтын оқу орнына сенім артады. Оқытушылар құрамының құзіреттілігі мен біліктілігі – оқу орны үшін сенімді келешектің негізі саналады.
Колледждегі әдістемелік жұмысты арнайы циклдік комиссия директордың орынбасарларынан құралған. Олар мұғалімдердің сабақтарына қатысып, толығымен қадағалап отырады.
Колледждің оқу жұмысын толығымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бактыбаева Гүлшат Джумабаевна қадағалап, ұйымдастырады. Оқу жұмысының өзі екі тармақтан құралған:
1. Коллеждің оқу жұмысы
2. Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы.
Колледжде тәжірибе өту барысында нормативтік құжаттармен таныстық.
Колледжде оқу-танысу педагогикалық-психологиялық тәжірибе өту барысында жоғары мамандандырылған мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабақтың жоспарын талдадық.
Менің оқу жұмысым
Мен психологиялық-педагогикалық тәжірибеден өту кезінде алғашқы күнімді мектеп әкімшілігімен, мектеппен, мектептің тәртәбімен жалпы ғимараттың орналасуымен таныстым. Мектеп ұжымы, мұғалімдер ұжымы мені жақсы қарсы алды. Барлығы да мені мектеп құжаттарымен, сынып журналдырымен таныстырды.Cонымен қатар «бақылау өлшеу аспаптары және автоматика слесарь» топ студенттерімен мен таныстым.Бұл топтың жетекшісі Исаева Гүлжанат Озбекбаевна болды .Топта барлығы жиырма бес студент оқиды, оның ішінде он қыз, он бес ұл бала оқиды. Топта тоғыз студент үздік, он екі студент жықсы, ал қалған төрт студент қанағаттанарлық . Мен студенттермен танысқаннан бастап, тез тіл табысып кеттім. Бірігіп көптеген іс-шаралар өткіздік. Сабақтарына да қатысып, оқушыларымның білімді, зерек екендігін байқадым. Сонымен қатар, топ өте ұжымшыл, іс- шараларға белсене қатысады, адамгершіліктері мол деуге де болады.
Психологиялық-педагогикалық тәжірибе уақытында теориялық оқыту бойынша озат мұғалімдердің сабағына қатысып, олардың әдістерін үйрендім, тәжірібие алдым.
19.01.2015жылы ашық тәрбие сабағын өткіздім. Топ жетекшінің жеке жоспары бойынша «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» тақырыбына дайындалдым. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты Елбасының халыққа жолдаған жаңа «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге тоқталу. Оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу болатын.
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледждің тәрбие жұмысы
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі қаңтар айының 20 –сынан ақпан айының 20 –сына дейін «Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді. Акциядан жиналған 15000 (он бес мың) теңге қаражатты Жастар орталығымен біріге отырып, қаламыздағы жағдайы төмен отбасы балаларына қаржылай көмек беруді жөн көрдік. Шаңырақ шағын ауыданының тұрғыны Сүндетпай Айзадаға 7500 (жеті мың бес жүз) теңге қаржылай бердік және Теңге ауылының тұрғыны құрбанбай Мейіржанға 7500 (жеті мың бес жүз) теңге қаржылай көмек көрсетілді. Бұл аты аталған балалардың ата-аналары алғыстарын білдіріп, рахметтерін айтты. 24.01.2014ж күні колледжіміздің инспекторы Исмайлов Жанат студенттердің жүріс тұрысына, сыртқы сымбатына, өзара қарым-қатынастарына бақылау жасап, эстетикалық тәрбие беріп, топ арасында әңгімелер өткізді. Жиналыста колледж инспекторы Исмайлов Жанат қаламызда болып жатқан ұрлықтар, бұзақылықтар туралы айтып, олардың қалай жазаланаты туралы айтып өтті. 25.01.2014 ж күні колледжіміздің құқық пәнінің мұғалімі «Заң білу заман талабы» тақырыбында студенттерге жиналыс өткізе отырып, студенттерге өз құқықтарын қалай қорғауға болатындарын түсіндіріп өтті. Барлық студенттерге қаңтар айның 25 –нен бастап «Адасқандар» фильмін көрсету жұмыстары басталды. Студенттерге әр топқа жеке жеке көрсете отырып, киноны көріп болғаннан кейін көргендерін ортаға талқыға салынды. Әр студент өз түсініктерін айтып, дұрыс пен бұрыс жақтарын шешіп алды.