ПӘнніҢ оҚытылуы бойынша Әдістемелік Ұсыныстар

«Педагогика»5В011100-Информатика, 5В010300-Педагогика және психология, 5В010200- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт, 5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011300-Биология, 5В011600-География, 5В011900-Шетел тілі: екі шет тілі, 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша бакалаврларды кәсіби даярлауда маңызды орын алады.

Курсқа 135 академиялық сағат берілген: дәріске – 30 сағат, практикалық сабақ – 15 сағат, БӨЖ (білім алушының өзіндік жұмысына) – 81 сағат, БОӨЖ – (білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы) – 9 сағат. Базалық пәндер циклының міндетті компоненті.

Білім деңгейін бақылау нысаны – жазбаша бақылау жұмыстарын орындау, практикалық сабақтарға белсене қатысу, аралық бақылау және семестр соңында 300 сұрақтан тұратын тест арқылы емтихан тапсыру. Пәнді оқып үйрену барысында жұмыс оқу бағдарламасына сай дәріс, семинар сабақтар, СӨЖ қарастырылған. Студенттер оқытудың бұл формалары бойынша келесі талаптар негізінде жұмыстар атқарады:

Дәріс – бұл көп қырлы құбылыс. Мұнда көрнекі құралдар мен иллюстрацияларды қолдану, уақыттты ұтымды есептеу, студенттерді белсендіру, сабақты бұрынғы материалдармен байланыстыру, негізгі мәселелерді есінде сақтау, лекция барысында жазғызып және өз бетіндік жұмысқа әдебиеттер беру, міне, осының бәрін лекция барысында орындауы тиіс. Мұғалімнің тілі, өз дауысы тікелей білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Дәріс негізінен 3 негізгі қызмет атқарады:

-ақпарат берушілік (студенттерге қажетті білімді береді);

-ынтылындырушы (тақарыпқа қызығушылық туғызып, басқа да қайнар көздерді оқып үйренуге шақырады);

-тәрбиеленушілік және дамытушылық (құбылысқа баға беріп ойланады).

Дәріс оқу ақпаратын берудің икемді формасы. Лектордың әдістемелік шеберлігі сол ақпаратты әртүрлі тәсілмен бере алады: қысқаша конспект түрінде, көркем мазмұнды түрінде де. Кез-келген жақсы дәріс тыңдаушының көзқарасын, сенімін, пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады.

Семинар латын сөзі, диспут, комментарий, оқушының хабарлауы, оқытушының қорытындысы дегенді білдіреді. Семинар мақсаты:

-Теориялық материалдарды терең меңгеру;

-Ғылыми мәтіндерді дайындағанда дағдыларды қалыптастыру, материалдарды жалпылау;

-Білімді меңгеруде өзбетіндік шығармашылық қабілетті дамыту;

-Жауап беру дағдыларын, аудитория алдында пікірін айту және өзінің көзқарасын қорғай білу дағдыларын қалыптастыру.

Семинар студенттердің ғылыми ойлау мәдениетін дамыту тәсілі ретінде қолданылып, белгілі бір курс бойынша терең де толық білім алуға, ғылыми танымдық әдістемені меңгеруге арналады. Семинар сабақтарында білімді қайталау және бекіту, бақылау және бағалау, педагогикалық тіл табысу сияқты жекелей мәселелер де шешіледі. Сонымен қатар, студенттердің өз бетімен жұмыс жасау мүмкіндіктері қалыптасады. Олар негізгі қайнар көздермен, қосымша әдебиеттермен танысып, олармен жұмыс істеуді үйренеді.

Зертханалық сабақтың мақсаты – студенттерді психологияны үйренуде зерттеушілік жолдарды оқыту. Мұнда студент эксперименталды психологияның негізімен танысып, оның экспериментке деген кәсіптік қызығушылығы оянып, тәжірибені өткізудің дағдылары қалыптастырылады. Психологияның эксперименталды әдісімен танысу психологияны эксперименталды ғылым ретінде толық және терең меңгеруіне әсер етеді. Зертханалық сабақтың түрлері: психологиядағы зертханалық сабақтарды 2 түрге бөлуге болады:

-лабораториялық жағдайдағы техникалық аппараттар мен арнайы жабдықтарды қолдану арқылы өткізілетін сабақ;

-әдеттегідей аудиторияда өткізілетін сабақ.

Бақылау жұмысы – меңгерілген білімді бағалау мен тексерудің, танымдық әрекеттің сипаты жайында, оқу үрдісінде студенттердің дербестігі мен белсенділігі, оқу әрекетінің әдістері, формалары мен тәсілдерінің тиімділігі жайында ақпарат алудың формасы. Бақылау түрлері: сыныптық және үйде орындалатын бақылау; ағымдық және емтихандық; жазбаша, графикалық және практикалық; фронталды және жеке. Жазбаша бақылаудың ерекшелігі ауызшаға қарағанда кең түрде объективті болып келеді. Жазбаша бақылаудың түрлері оның мазмұны мен спецификасына, студенттердің жалпы жаму деңгейіне байланысты. Жазбаша бақылау жұмыстары үшін маңызды нәрсе: тапсырмалар жүйесі белгілі бір тақырып бойынша білім деңгейін анықтау; зерттелетін заттар мен құбылыстардың мәнін түсіну; өз бетімен қорытындылар жасау, білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану іскерлігі.

Осылайша, бақылау жұмысы – бұл өзіндік ерекше жазбаша емтихан, ол күрделі дайындықты қажет етеді. Педагогикалық колледждер, жоғары оқу орындарында бақылау жұмыстары көбінесе сырттай оқу бөлімдерінде таралған және олардың сағат саны оқу жоспарында бекітіледі. Бақылау жұмысын даярлауда ұсынылған негізгі әдебиеттер тізімімен қатар қосымша ақпарат көздерін қатыстырған жөн, себебі оны тексеру барысында ерекше көңіл бөлінеді.

Бақылау жұмысы өңір беттен, жоспардан, сұрақтар тізімі мен тапсырмалардан құралады. Жұмыс өте ұқыпты, қатесіз-боямасыз, әдемі жазумен жазылады. Сұрақтар берілген жауаптар өте нақты, қисынды, тақырыпқа сәйкес, қорытындылармен, жалпылаумен, өзіндік бағамен берілуі тиіс. Бақылау жұмысының соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Білімді бақылау – бұл оқытушы мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы оқу материалын меңгерудің сапасын бақылау. Тексеру түрлері:

-оқушылар үшін – бақылау бұл білімді сапалы меңгеруді, қателіктерді түсініп, уақытында түзеуге мүмкіндік беріп, алдағы өтетін оқу материалын жаңа түсінуге, сонымен қатар өзін-өзі бақылау қабілетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

-оқытушы үшін – бақылау материалды меңгеру сапасы және жүрісі туралы ақпарат беріп, оқушының қызығушылығын ескеріп, сабақ беру процесі кезіндегі дидактикалық кемшіліктерді түзеуге мүмкіндік береді.

Бақылаудың түрі мен формалары. Көлемі мен сипатына қарай бақылау 2 түрге бөлінеді:

-Нәтижелерді меңгерудің аралық бақылауы.

-Қорытынды бақылау.

Аралық бақылау оқытушының ойлануы мен шығармашылығына байланысты жүргізіледі. Мұндай бақылау формалары әртүрлі болады.

1.Оперативтік бақылау (дәріске). Дәрістің аяқталуына 5 минут қалғанда оқылған материал бойынша 2-3 студентке 2-3 сұрақ қояды. Жауабын жазбаша түрде беру. Оқытушы ескертпелерді келесі сабақта айтады.

2.Блиц – бақылау. Тақырыптың аяғында, сабақ аяқталуға 5 минут қалғанда студенттерге тақырып бойынша есінде қалған сөздерді жазу сұралады. Оқытушы тексеріп (сөздің саны, оның тақырыпқа сәйкестігі, қателігі т.б.) келесі сабақта талдау жасалады.

3.Жазбаша есебімен бақылау тапсырмалары. Бұл әртүрлі тапсырмалар болуы мүмкін (психологиялық есептерді шешу, салыстыру, санау, кестені толтыру және құрастыру т.б.). Бақылаудың барлық формалары топтық болып табылады.

4.Қорытынды бақылау – бұл соңғы нәтижені тексеру. Бақылаудың бұл түріне семестрлік немесе курстық сынақтар мен емтихандар жатады. Бұлардың әртүрлі дидактикалық функциялары болады. Сынақ тақырып немесе бөлім аяқталғаннан кейін өткізіледі. Оның негізгі функциясы – білім берушілік және тексерушілік. Сынақ сұрақтары, яғни студенттер білімнің барлық элементтерін қамтитындай болып құрылуы тиіс. Оқытушы сынақты алу кезінде студенттің білімін дәлелдеп, оларды оқытады. Сынақ түрлері: Дәстүрлі түрі – жеке сұрақ-жауап формасы:

-билет немесе сұрақ бойынша;

-сұрау – сұхбат (тезаурус немесе сұрақ бойынша қысқаша жауап беру) топтың барлық мүшелері кезек бойынша қатысуы;

Ақыл – ой шабуылы – топтық форма. Топ 3-5 адамнан шағын топтарға бөлінеді. Әрбір шағын топқа 5-7 сұрақтан тұратын карточка таратылады (сұрақтары проблемалық сипатта). Сұрақтарды кез-келген қайнар көздерді пайдаланып (дәріс, оқулық, монография) талдауға болады. Сынақ оқытушының топпен, яғни оқытушы жауаптың дұрыстығы мен әрбір студенттің білімді меңгеру сапасын бағалаумен аяқталады. Егер студенттің білім деңгейі төмен болса, онда ол келесі шағын топпен дайындалуға жіберіледі. Ойын – топтық форма. Мысалы: Концепцияны қорғау; Топ талданатын концепцияның санына қарай 2-3 шағын топқа бөлінеді. Әр бір шағын топ жоспарын алып және алдын-ала ойынға дайындалады (міндеттері бөлінеді, т.б.). Ойын кезінде әрбір топтың өкілдері сөйлейді. Ойынның нәтижесі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталып және бағалануымен аяқталады. Емтихан түрлері: Дәстүрлі – билет сұрақтары бойынша әңгімелесу. Емтихан сұрақтары аз болмауы және жалпыланған сипатта болуы тиіс. Оған практикалық сұрақтарды, психологиялық есептерді және қайнар көздер туралы сұрақтарды кіргізуге болады. Студенттердің жауаптарын бағалауда бәрінен бұрын мағыналылығы, логикалылығы, заңдылықтар мен фактілер туралы теориялық білімі, сөйлеу мәдениеті ескеріледі. Оқытушы студенттерге жауаптың оң және теріс жақтарын айтуы тиіс. Жазбаша емтихан. Тестілеу.

Емтихан оқытушының топпен, яғни оқытушы жауаптың дұрыстығы мен әрбір студенттің білімді меңгеру сапасын бағалаумен аяқталады. Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді. Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады. Қорытынды бақылауға сонымен қатар бақылау, курстық, дипломдық және мемлекеттік емтихан да жатады. Қорытынды емтиханға барар алдында студент қашықтан оқыту формасы талаптарына сай аралық бақылауды тест формасында тапсырады және жұмыс бағдарламасында берілген бақылау жұмысы тақырыптарына сай (бақылау жұмысы тақырыбы сынақ кітапшасының соңғы номеріне сәйкес алынады) таңдап алады және оны емтихан сессиясына дейін 2 апта бұрын қашықтан оқыту орталығына тапсырады. Бақылау жұмысының дұрыс немесе қате орындалғаны туралы ақпаратты оқытушыдан алады. Емтихан ЭВМ ақылы тест формасында немесе билет арқылы ауызша қабылданады және ондағы қорытынды баға студенттің аралық бақылау, оқу сабақтарына қатысу және бақылау жұмысын орындау бойынша бағалануы негізінде қойылады.

9.ТИПТІК ЕСЕПТЕУЛЕР, ЕСЕПТЕУ-ГРАФИКАЛЫҚ, ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА) ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР:

а) Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау (жұмыстық оқу жоспарында зертханалық сабақ қарастырылмаған);

б) Курстық жұмыс (жоба) орындауға арналған әдістемелік нұсқау (жұмыстық оқу жоспарында курстық жұмыс қарастырылмаған);

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР: ҮЙ ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ, ӘР ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ, АҒЫМДАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ, РЕФЕРАТТАР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР, ЕҢБЕК КӨЛЕМІ КӨРСЕТІЛГЕН БАСҚА ДА ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Кредиттік оқыту жүйесі студенттердің өзіндік жұмыстарын өте сапалы ұйымдастыру мен орындауды талап етеді. Студенттердің өз бетіндік жұмысынсыз оқу материалын меңгеру мүмкін емес. Студенттердің өз бетіндік жұмысы дәрісте басталып, лектор студенттерді өз бетіндік жұмысқа бағыттап қана қоймай, оларды ақпараттарды іздеуді және меңгерудің тиімді әдіс – тәсілдерін табуға көмектеседі. СӨЖ үй тапсырмасын орындаудағы реферат, кейс, сөзжұмбақ, есептер шығару сияқты формаларды қамтиды. СОӨЖ (студенттің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы) - кредиттік жүйедегі оқытудағы оқу жұмысының бір формасы. Ол 2 функцияны атқарады: кеңес берушілік және бақылаушылық. Әрбір СОӨЖ арналған материалдары болуы керек (кейс, ролдік ойындар, тесттер, сөзжұмбақ, т.б.) және олар қандай да болмасын сұрақтарды жекелеп талдауға, тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, бұл дегеніміз студенттерді іскерлік пен дағды қалыптастырудың негізі болып табылады. СӨЖ мақсаты:

- оқылған курс бойынша алынған білім мен іскерлікті бақылау және өзіндік бақылау;

- дәріс және семинар сабақтарында алған білім, іскерлік, дағдыны бекіту;

- оқу материалын терең және кең көлемде қамтуға мүмкіндік беру;

- тапсырмаларды өзбетіндік орындау және ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру;

- оқу бағдарламасына сәйкес жеке берілген тапсырмаларды орындауда өзбетіндік ойлауды дамыту.

Бұл курсты оқып үйренуге аз ғана уақыт беріледі, сондықтан да көп уақыт студенттің өзбетіндік жұмысына арналады. Тапсырмалар әртүрлі типте беріліп, студенттің білімді алуда түрлі жолдармен шешімін табуды талап етеді. Мұндай әдістер студенттердің шығармашылық ойлауын дамытуға септігін тигізеді.

СӨЖ №1 Тақырыбы:Шумерлер мен екітілді басқа өркениеттің жазба әдебиеттеріндегі білім берудің даму ерекшеліктерін қадағалау

Тапсырманың мақсаты: дәріс және семинар сабақтарында алған білім, іскерлік, дағдыны бекіту

Тапсырма: Шумерлер мен екітілді басқа өркениеттің жазба әдебиеттеріндегі білім берудің даму ерекшеліктерін қадағалау туралы мазмұнды

баяндама дайындау.

Негізгі әдебиеттер: 5 (7-13 б.), 11 (15-36 б.), 12 (35-43 б.), 27 (75-96 б.), 46 (15-63 б.).

Қосымша әдебиеттер: 2 (25-36 б.), 42 (55-86 б.), 43 (45-96 б.), 45 (35-76 б.)

СӨЖ №2 Тақырыбы:«Конфуцийдің іліміндегі тұлға идеалы».

Тапсырманың мақсаты: оқу материалын терең және кең көлемде қамтуға мүмкіндік беру

Тапсырма: «Конфуцийдің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама тағайындау туралы мазмұнды

баяндама дайындау.

Негізгі әдебиеттер: 4 (11-21), 5 (110-120), 10 (77-88), 17(303-340), 25(55-62)

Қосымша әдебиеттер: 1(10-18), 2(20-26), 8(4-9), 10(11-19), 15(8-17)

СӨЖ №3 Тақырыбы:Спарта мен Афинадағы тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі жалпыны және ерекшелікті анықтау

Тапсырманың мақсаты: оқылған дәріс бойынша алынған білім мен іскерлікті бақылау және өзіндік бақылау

Тапсырма: Спарта мен Афинадағы тәрбие мен оқыту тәжірибесіндегі жалпыны және ерекшелікті анықтау

Негізгі әдебиеттер: 2(16-22), 3 (112-118), 5(55-62), 13(44-52), 16(91-103)

Қосымша әдебиеттер: 2(5-14), 6(25-31), 9(34-46), 17(124-129), 19(28-41)

СӨЖ №4 Тақырыбы:«Визиантиядағы білім беру генезисінің ерекшеліктері».

Тапсырманың мақсаты: тапсырмаларды өзбетіндік орындау және ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру

Тапсырма: «Визиантиядағы білім беру генезисінің ерекшеліктері» тақырыбына презентация дайындау.

Негізгі әдебиеттер: 5 (85-101), 6 (1-12), 8 (7-18), 14(30-34), 15(155-162)

Қосымша әдебиеттер: 1(10-18), 2(2-6), 4(4-9), 8(10-20), 10(18-27)

СӨЖ №5 Тақырыбы:Ислам дәстүріндегі қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеңдері .

Тапсырманың мақсаты: оқу материалын терең және кең көлемде қамтуға мүмкіндік беру

Тапсырма: Ислам дәстүріндегі қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеңдерін жүйелеу және сипаттама беру.

Негізгі әдебиеттер: 3 (5-10), 4 (11-19), 6 (71-82), 18 (130-134), 19(15-16)

Қосымша әдебиеттер: 2(1-8), 4(12-16), 5(14-19), 7(101-120), 9(1-7)

СӨЖ №6 Тақырыбы Ортағасырда Қытайдағы оқыту әдістері, мемлекеттік бағдарламалар мен емтихандар формаларын кесте түрінде жүйелеу

Тапсырманың мақсаты: оқу бағдарламасына сәйкес жеке берілген тапсырмаларды орындауда өзбетіндік ойлауды дамыту

Тапсырма: Ортағасырда Қытайдағы оқыту әдістері, мемлекеттік бағдарламалар мен емтихандар формаларын кесте түрінде жүйелеу

Негізгі әдебиеттер: 3 (15-20), 4 (11-22), 6 (17-28), 12(33-41), 19(55-62)

Қосымша әдебиеттер: 2(1-8), 4(12-16), 5(14-19), 7(14-20), 11(28-37)

СӨЖ №7 Тақырыбы Батыс Еуропадағы ортағасырлық мектептердің қызметтері

Тапсырманың мақсаты: оқылған дәріс бойынша алынған білім мен іскерлікті бақылау және өзіндік бақылау

Тапсырма: Батыс Еуропадағы ортағасырлық мектептердің қызметтерін сипаттай отырып, жіктеу.

Негізгі әдебиеттер: 5 (1-6), 7 (10-19), 9 (5-9), 12 (13-20), 17(15-21)

Қосымша әдебиеттер: 1(3-4), 2(10-16), 3(10-19), 5(18-24), 7(3-7)

СӨЖ №8 Тақырыбы:Еуропадағы (ХVІ-ХVІІғ.ғ.)университеттердің даму жүйесін сипаттау.

Тапсырманың мақсаты: дәріс және семинар сабақтарында алған білім, іскерлік, дағдыны бекіту

Тапсырма: Еуропадағы (ХVІ-ХVІІғ.ғ.)университеттердің даму жүйесін сипаттау.

Негізгі әдебиеттер: 5 (20-27), 6 (18-25), 8(37-48), 22(33-41), 25(65-72)

Қосымша әдебиеттер: 2(1-8), 3(12-18), 4(4-12), 7(40-58), 9(18-2 7)

СӨЖ №9 Тақырыбы:ІІ Екатерина дәуірінде Ресейдегі ағартушылықтың негізгі бағыттары

Тапсырманың мақсаты: оқылған дәріс бойынша алынған білім мен іскерлікті бақылау және өзіндік бақылау

Тапсырма: ІІ Екатерина дәуірінде Ресейдегі ағартушылықтың негізгі бағыттарын сипаттау және сызбанұсқа түрінде көрсету.

Негізгі әдебиеттер: 5 (2-7), 8 (10-20), 11 (17-28), 12(33-40), 21(5-12)

Қосымша әдебиеттер: 2(2-10), 3(1-6), 5(40-49), 7(20-29), 13(8-17)

СӨЖ №10 Тақырыбы «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы»

Тапсырманың мақсаты: тапсырмаларды өзбетіндік орындау және ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру

Тапсырма: «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы» тақырыбы бойынша жоспар-конспекті құрастыру.

Негізгі әдебиеттер: 2 (51-60), 6 (101-109), 7 (85-95), 8 (13-18), 11(115-116)

Қосымша әдебиеттер: 2(7-14), 3(102-106), 5(104-109), 7(10-12), 9(13-17)

СӨЖ №11Тақырыбы:Дамыта оқыту педагогикалық тұжырымдамасының негізгі бағыттарын сипаттау

Тапсырманың мақсаты: оқу бағдарламасына сәйкес жеке берілген тапсырмаларды орындауда өзбетіндік ойлауды дамыту

Тапсырма: Дамыта оқыту педагогикалық тұжырымдамасының негізгі бағыттарын сипаттау

Негізгі әдебиеттер: 8 (2-17), 11 (11-20), 15(27-38), 18(4-15), 22(1-10)

Қосымша әдебиеттер: 3(15-24), 8(5-13), 14(34-46), 18(24-29), 25(8-11)

СӨЖ №12 Тақырыбы:«Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті»

Тапсырманың мақсаты: тапсырмаларды өзбетіндік орындау және ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру

Тапсырма: «Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті» тақырыбына баяндама дайындау

Негізгі әдебиеттер: 3 (22-37), 7 (111-120), 10 (7-18), 14(41-55), 19(15-20)

Қосымша әдебиеттер: 1(22-30), 4(51-63), 6(4-14), 8(2-9), 10(88-91)

СӨЖ №13 Тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тәрбиенің негізгі бағыттары

Тапсырманың мақсаты: оқу бағдарламасына сәйкес жеке берілген тапсырмаларды орындауда өзбетіндік ойлауды дамыту

Тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тәрбиенің негізгі бағыттарын айта отырып, конспект жазу

Негізгі әдебиеттер: 3 (5-10), 4 (11-19), 6 (71-82), 18 (130-134), 19(15-16)

Қосымша әдебиеттер: 2(1-8), 4(12-16), 5(14-19), 7(101-120), 9(1-7)

СӨЖ №14 Тақырыбы:Ә.И.Сембаевтың педагогикалық еңбектері

Тапсырманың мақсаты: тапсырмаларды өзбетіндік орындау және ғылыми әдебиет көздерімен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру

Тапсырма: Ә.И.Сембаевтың педагогикалық еңбектерінен библиография құрастыру

Негізгі әдебиеттер: 5 (20-27), 6 (18-25), 8(37-48), 22(33-41), 25(65-72)

Қосымша әдебиеттер: 2(1-8), 3(12-18), 4(4-12), 7(40-58), 9(18-2 7)

СӨЖ №15 Тақырыбы:ҚР-дағы білімс беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздері

Тапсырманың мақсаты: оқу материалын терең және кең көлемде қамтуға мүмкіндік беру

Тапсырма: ҚР-дағы білімс беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар көздерінің тізімін құрастыру.

Негізгі әдебиеттер: 2 (30-37), 3 (28-35), 5(77-88), 18(33-41), 21(55-62)

Қосымша әдебиеттер: 1(10-18), 3(2-6), 5(4-12), 9(22-28), 14(8-17)

Наши рекомендации