Көпқырлы қарым –қатынастың мәнділігі

1.Қарым-қатынастың перцептивті жағы

Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсіністік болғанда ғана мүмкін.Өзара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.

Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр.

Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеуметтік детерминантасы себепті деп қолданылады. Бұл термин 1947жылы алғаш енгізген Дж.Брунер. Бірақ әлеуметтік перцепцияға адамды адамның қабылдауы жатады, тек әлеуметтік перцепция онымен шектеліп қоймайды. Қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда, жалпы әлеуметтік перцепция, жеке адамаралық перцепция, жеке адамдардың өзара қабылдауы жайлы айтылады. Сонымен бірге адамдардың «қабылдауы» деген термин де онша дәл емес, бұл жағдайда адамдардың бір-бірін тануы, түсінуі деген ұғым тұрғысында қарастырылып отыр.

Адамды тану ұғымы сыртқы пішінін ғана қабылмен қатар оның өзін ұстауы, мақсат-мүдделері, ой қабілеттері, эмоциялары, бағдарлары тұрғысында өзіндік ой елестерінің қалыптасуын қамтиды.

Сонымен, әлеуметтік перцепция – адамның сыртқы белгілерін қабылдау, оны жеке тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап түсіну, соның негізінде келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын.

Әлеуметтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас тертненін тануы, өзара түсіністік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы. Әлеуметтік перцепцияны қарастырғанда екі мәселеге көүңіл аудару қажет – қабылданатын адамның (субьект) псикологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге,екіншіден жеке адамаралық бейнелеу механизмдерінің талдауына.

Бақылаушының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әлеуметтікпсихологияның зерттелінетін саласына жатады. Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке даралық, жыныстық жас ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық-рольдік айырмашылықтар бар екені тіркелген.

Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе бұл айтылғандар алғашқы жыныстық кезінде байқалады.

Әлеуметтік психологияда қабылданатын объектінің психологиялық қасиеттерін зерттеуде дәстүрлі түрде қалыптасқан.

Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне жататындар:

1) идентификация

2) эмпатия

3) рефлексия

4) аттракция

5) атрибуция

Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификацияда басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған.

Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның тебіреністеріне бой ұсына білу деп анықтауға болады, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның проблемасы «ойланылса», эмпатияда «сезініледі». Екеуінде де басқаның орнына қоя білу көрінеді.

Эмпатия – басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеуметтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.

Осы екі жағдайда да арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші жағдайдағы партнердің «менді» түсінуіне байланысты. Басқаша айтқанда, бір-бірін түсінуі рефлексия құбылысымен күрделенеді. Әлеуметтік психологияда рефлексия – қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдамайтынын түсінуі. Ол басқаша қабылдау мен түсінуі ғана емес, басқа «менді» қалай түсінетінін білу, ерекше бір-бірін бейнелеу, яғни «мен басқаларға қалай көрінемін».

Рефлексияны әлеуметтік психологияда зерттегендер: Дж.Холмс, Г.Гибш пен М.Форберг, негізінен, диадалық (екі адамдық) әрекеттесу тұрғысынан қарастырады. Топтың рефлексиялық құрылымын зерттегенде диадалық әрекеттесумен қатар, топтың ортақ әрекеті және соған байланысты жеке адамаралық қатынастарда пайда болатын рефлексиялар да күрделене түседі.

Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы – дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы. Қарым-қатынастың перцептивті жағын зерттегенде осыны есте тұтқан жөн. Себебі, бір жағынан, адамдар арасында бір-бірін ұнатушылық, достық сезімдері немесе керісінше, жақтырмау сезімдерінің қалыптасуы, екіншіден, бұл құбылыстың қарым-қатынастағы маңызы қандай деген мәселелер туындайды.

Аттракцияны бір адамның екінші адамға деген әлеуметтік бағдары және сол жағдайда эмоциялық компоненті басым деп қарастыруға болады.

Аттракцияның түрлі деңгейлері анықталған: ұнатушылық, достық, сүйіспеншілік. Кеңестік әлеуметтік психологияда аттракция көп зерттелінбеген. Қазіргі кезде топтық іс-әрекетте аттракцияны зерттеу қолға алына бастады.

Стереотипизация дегеніміз – мінез-құлық түрлерінің классификациясы себептерін таныс немесе таныс емес сияқты құбылыстарға жатқызу жолы. Яғни әлеуметтік стереотиптерге сәйкес келетін. Стереотипизация тұлғааралық қабылдау субъектілердің жеке тәжірибелердің жалпылану нәтижесінде қалыптасуы мүмкін оған кітап, кино т.б. алынған хабарлар және таныс адамның есте қалған ойлары да қосылады. Адамаралық қатынастарда адамдардың бір-бірін қабылдауында тағы да зерттеу саласы болып табылатын түрлі эффектілерді де есепке алу қажет.

Қарым-қатынастың перцептивті аспектісі дегеніміз – адамның адамды қабылдауы, түсінуі және бағалауы. Адамды адамның бір-бірін танып білу актілерінде тұлғааралық қабылдаудың маңызды механизмдерінің 3 әрекеті бөлінуі қажет.

2.Қарым-қатынастың коммуникативті жағы

Қарым-қатынас дегеніміз – бірігіп іс-әрекет ету қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыс қатынастарының көп жоспарлы үрдісі. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынассыз тек өзін-өзі танып білуі, әлеуметтенуі, яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік төжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату. Қарым-қатынас жасай отырып адамдар қарым-қатынастың маңызды бір құралы ретінде тілге сүйенеді.

Қарым-қатынастың үш жағы бар:

А) Қарым-қатынастың коммуникативті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.

Ә).Қарым-қатынастың интерактивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу. Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.

Б)Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі), соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы. Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас:императивті, манипулятивті жіне диалог болып бөлінеді.

Императивті қарым-қатынас - авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер.

Манипуляция – қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз.

Диалог – тең құқылық, субъективті қарым-қатынас. Оның мақсаты: өзара танып-түсінісу, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.

Қарым-қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл-күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі.

Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық қондырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі, коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әртүрлі деңгейі (вербальді – сөз түріндегі, вербальды емес – сөз түріндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек-бөлек талдап көрейік: 1) жеке адамаралық қарым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші – коммуникатор, оны қабылдаушы – реципиент деп аталады. Сондықтан да негізгі мәліметті біреуден екінші адамға беру ғана емес, қарым – қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнге келу маңызды. Бұл міндетті орындауда ерекше механизм – кері байланыс іске қосылады, ал реципиенттің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдап, бағалауына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне деген реакциясы көрсететін мәлімет. Кері байланыстың берілуі әртүрлі жолдармен іске асырылады. Ең алдымен тура және жанама.

Тура кері байланыста – реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: “сенің пікірің маған ұнамайды”, “не айтып тұрғаның маған түсініксіз”, т. б. және де әр түрлі қимыл-қозғалыс ренжу, қуану, т. с. с. бұл түрде тиімді болады.

Жанама кері байланыс – психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет. Яғни коммуникация процесінде келіптүскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туындайды.

Біріншіден, мәліметтің формасы мен мазмұны, коммуникатордың жеке даралық ерекшелігі, реципиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты.

Екіншіден, оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшеліктеріне, көзқарасы, пікірлеріне, жағдайға байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі.(Бастықтың айтқанын зейінмен тыңдаса, баласыныкіне ашулануы мүмкін). Мәліметті әртүрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Солардың ішінде маңыздысы – коммуникативтік барьердің болуы, ол – коммуникативтік процестің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік барьері, әлеуметтік-мәдени барьер, қарым-қатынас барьерлері болуы мүмкін.

Наши рекомендации