Пәнге қысқаша сипаттама
Педагогика және психология факультеті
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
Педагогика және психология факультеті
Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы
фонетика-фонематикалық жеткіліксіздігі кезіндегі логопедиялық жұмыспәні бойынша
СИЛЛАБУС
Мамандық: 5В 010500 - «Дефектология»
Оқыту түрі: күндізгі
Курс: 3
Семестр: 7
Кредиттер саны: 3
Барлық сағат саны: 180
соның ішінде:
Лекциялар: 30
Практикалық сабақтар: 15
СОӨЖ: 30
СӨЖ: 30
Аралық бақылаулар: 2
Емтихан: 7 семестр
Талдықорған 2014ж
Оқытушы туралы мәлімет Азанбекова Гүлназ Тұрсынбекқызы– Оқыту және тәрбиелеу кафедрасының аға оқытушысы. Электрондық пошта адресі – Қатынас телефоны: 87 эл.адрес- azanbekova.gulnaz@gmail.com,
Сабақ уақыты кесте бойынша
Кеңес беру уақыты сәрсенбі О және Т Ә кафедрасы
Пәннің прекреквизиті:
Аталған пән бойынша студент сапалы білім алып игеру, пәннің алдында өткен осы мамандықтан оқу жоспарындағы төмендегі жалпы және арнайы пәндерден алған білімдеріне байланысты:
- Жалпы және арнайы педагогика, жалпы және арнайы психология, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері, дефектология негіздері, логопедия негіздері
Пәннің постреквизиті:
«Cөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жеткіліксіздігі» курсының мазмұны сөйлеу тілінде әр түрлі мүкістігі бар балаларға ықпал ету коррекциялық педагогиканың жүйесі туралы түсініктерін студенттерде қалыптастырады. Сөйлеу тілі бұзылуының түрлерін түзетумен сауықтандырумен ойдағыдай айналысу үшін сөйлеу тілі бұзылуының белгілерін, себептерін, және механизімін игеру мүмкіншіліктерін қарастырады. Сондықтан студенттердің шектес пәндерден алған білімдерін белсендіру өте маңызды. Ол пәндер: логопедия негіздері, жалпы тіл кемістіктері кезіндегі түзету жұмысы, жалпы білім берe мекемелеріндегі логопедтің іс-әрекеті.
Пәнге қысқаша сипаттама
«Cөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жеткіліксіздігі» курсы «Дефектология» мамандығында оқитын 3 курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес жасалған және бұл курста арнаулы (коррекциялық) педагогика және арнаулы психология пәндерінен алған білімге негізделеді.
Пәннің мақсаты – студенттердің мүмкіндігі шектеулі балалармен сөйлеу тілінің кемістігіне түзету жұмыстарын жүргізу барысында теориялық, практикалық білімдерін, іскерліктерімен дағдыларын қалыптастыру.
Курстың міндеті:
1.Студенттерге мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін фонетико-фонематикалық жеткіліксіздігі кезіндегі логопедиялық жұмыс туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.Сөйлеу тілі бұзылуының себептерін, белгілерін, құрылымын, механизмдерін анықтау.
3.Тіл кемістіктерінің ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын түзету әдістері мен амалдарын қарастыру.
4.Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау.
Курс дефектология мамандығы бойынша факультетті бітіруші мамандарына кәсіби талаптың қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тіліндегі кемістігін түзету және сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесіне, проблемаларға аналитикалық тұрғыдан болжам жасай алуды үйретеді.
«Cөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жеткіліксіздігі» пәні курс студенттерінің төмендегідей іскерліктерін қалыптастыруды көздейді:
- Практикада теориялық білімді қолдану;
- Әртүрлі категориядағы сөйлеу тілінде кемістігі бар балаларға фонетико-фонматикалық жеткіліксіздігі кезіндегі логопедиядлық жұмыстың әдіс-тәсілдерін, қолайлы түрлерін теорияға негіздеп таңдау;
Курсты меңгеру барысында студент төмендегідей дағдыларды игеру қажет:
- Мүмкіндігі шектелген,жалпы тіл кемістігі бар балалардың ата-аналарымен тығыз байланыс орнату;
- Сөйлеу тілі бұзылған балаларға жүргізілген түзету жұмыстарының (массаждар, жаттығулар) түрлерін анықтау;
«Cөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жеткіліксіздігі»
пәнін оқыту төмендегідей құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған:
Баптау құзіреттілігі (БП)
«Cөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жеткіліксіздігі» тіл кемістігін түзету жұмыстары туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәжірибеде теориялық білімді қолдану;
Заттық құзіреттілік (ЗҚ)
· Пәнді оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды меңгеру;
· Педагогикалық жағдайларды модельдеу, көрнекі дидактикалық материалдарды дайындау;
Арнайы құзіреттілік (АҚ)
· Пән бойынша коррекциялық мақсаттарын ашу;
· Пән бойынша арнайы түзету әдістерін қолдану;
Баға қою саясаты
Білімді бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Цифрлық эквивалент | Пайыздық мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
A | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90-94 | |
B+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3,0 | 80-84 | |
B- | 2,67 | 75-79 | |
C+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2,0 | 65-69 | |
C- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Курс бойынша білімді бағалаудың баллдарға жалпы бөлініуі
Бағаланатын позиция | 1-8 апталарда бағалау саны | 9-15 апталарда бағалау саны | Максималды баллдар саны | Баллдарды электронды журналға қою мерзімі |
Ағымды бақылау | Әр бағалауға 100 балл | Әр апта сайын (бірінші аптадан басқа) | ||
ӨЖ | Әр ӨЖ-ге 100 балл | 4,7,11,14 апталар | ||
Рубеждік бақылау | Әр рубеждік бақылауға 100 балл | 8 и 15 апталар | ||
1 жіберу рейтингі | R 1 | 8 апта | ||
2 жіберу рейтингі | R2 | 15 апта | ||
Академиялық кезең бойынша жіберу рейтингі | R = (R1+R2)/2 | 15 апта | ||
Емтихан | E | 16-19 апталар | ||
Қорытынды баға | I = R*0.6+E*0.4 |