Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие саясатының қағидалары
Қазiргi кезде, мектепке дейiнгі бiлiмдi қоса алғанда, бiлiм беру ұйымдарының жүйесiнде адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенің элементтерi енгiзiлiп отыр. Бiлiмнiң едәуiр көлемi жасөспiрiмдерге жоғары сыныптарда валеология сабақтарында, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттерiне арнайы курстарда берiледi. Сонымен бiрге адамгершілiк-жыныстық тәрбие саласында бiрыңғай нысаналы саясат, осы пәннiң мәнi не және әлеуметтiк әрi медициналық тұрғыдан қалай оқытылуы тиiс екенiн бiлдiретiн нақты айқындама жоқ.
Халықаралық тәжiрибе адамгершiлiк-жыныстық тәрбие мәселелерiмен тәрбиешiлер және педагогтар айналысатындығын көрсетедi. Дәрiгер тәрбие процесiне адамгершiлiк-жыныстық тәрбие мақсатына өзiнiң көмегi арқылы жететiн болғанда ғана араласуы керек. Медиктердiң мiндетi барлық сатыдағы педагогтарды балалардың, жасөспiрiмдердiң, жастардың психикалық-физиологиялық даму ерекшелiктерiмен және "акселерация" сияқты ұғымдармен таныстыру болып табылады. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие негiзiне салауатты өмiр салты жатады, сондықтан адамгершілік-жыныстық тәрбие қалыпты адамгершiлiк қарым-қатынастардан нәр алады. Ұрпақ тарату жөнiндегi ағартушылық iсi сексуалдық саулық мәселелерiнде қосалқы рөл атқаруға тиiс. Бiрақ ата-аналар мен педагогтардың бәрi бiрдей балалардың сұрақтарына дұрыс әрi ашық жауап бере алмайтындықтан, балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың ұрпақ жалғастырудың биологиялық астарларын бiлуi қажет.
Осы айтылғандарды негiзге алғанда, адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенiң мақсаты жас ұрпақтың бойына жынысаралық қарым-қатынастарда адамгершілiк құндылықтарды, өзiнiң тәндiк және психикалық саулығы мен жыныстық мiнез-құлқы үшiн жауаптылықты нысаналы түрде сiңiру жолымен жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Адамгершілік-жыныстық тәрбие мiндеттерiне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы азаматы жалпы тәрбиесiнiң бiр бөлiгi екенiне негiзделген адамгершілiк-жыныстық тәрбие саясатын қалыптастыру және оның денсаулығын сақтауына, неке мен отбасын мемлекеттiң қорғауына конституциялық құқығын қамтамасыз ету;
2. Ата-аналарды, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды қоса алғанда, адам-гершiлiк-жыныстық тәрбиенiң қатысушыларын және олардың мiндеттерiн анықтау;
3. Бiлiм беру ұйымдарында адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенiң кезеңдерiн әзiрлеу;
осы жастағы топтың және бүкiл қоғамның арнайы бiлiмдi неғұрлым қолайлы, демек тиiмдi қабылдауына жағдай жасау;
4. Адамгершiлiк-жыныстық тәрбиенің сапасына бақылау ұйымдастыру.
Адамгершiлiк-жыныстық тәрбие қағидаттарына мыналар кiредi:
өзiн және басқаларды құрметтеуге, өз өмiрiнiң балалық шағынан балғын жастық арқылы ересек кезеңiне ауысу сенiмдiлiгiне, болашақта салауатты отбасын құруға бағытталған мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде оқыту өткiзу;
жасөспiрiмдер мен жастардың бойына оң бағдарларды дарыту үшiн барлық оңтайлы жағдайды немесе олардың үлгiлерiн пайдалану арқылы бағдарламаны тез меңгеру мүмкiндiгi;
өскелең ұрпақты даярлау кезеңдiлiгімен үйлесiмдегi нысаналылық және төте әрi керi байланыстар тетiгi;
берiлетiн ақпараттың соқыр сенiмнен және "қажетсiз сексуалдықтан" ада дұрыстығы;
ерте басталатын сексуалдық тәжiрибелердi көтермелемеу, өзiн және өзгелердi құрметтеу, адам сексуалдылығын, сексуалдық белсендiлiктi қоя тұрудың себептерiн түсiну;
рухани, моральдық және сезiмдiк даму мәселелерiн қоса алғанда, жыныстық мiнез-құлықты, жөнсiз тәуекел мен тиiстi бастапқы алдын алу шараларын нақты бiлу арқылы тәрбиеге бiрыңғай тұрғыдан келу;
оқытушы кадрлар даярлау тәрбиешiнiң баланың мiнез-құлқын еппен бағыттауға, оның туындаған мәселелерi мен проблемаларын абаймен және сыпайы шешуге көмектесуге деген ықыласын оятатын бiлiм берудi басқару үлгiсiн әзiрлеу;
бала даралығы мен оның дүниетанымының қалыптасу кезеңiне жатқызылатын пәннiң ақпараттылығы, қол жетiмділігі және айқындығы;
өсiмталдық проблемаларын шынайылықпен баяндау кезiнде сексуалдық құштарлықты қоздырмау, керiсiнше, осы процестiң артында тұрған моральдық астарларды, отбасын құру мен бала туудың маңыздылығын көре бiлуге икемдеу;
жөнсiз тәуекелдiң (жүктiлiк, ЖЖБА және т.б.) алдын алу.
Аталған қағидаттарды iске асырудың маңызды нәтижесi жасөспiрiмдер бойында жынысаралық өзара қарым-қатынастарда адамгершiлiк дағдыға айналатындай моральдық қасиеттердi тәрбиелеу болуы тиiс.
Негiзгi бағыттар
Бiлiм берудің әр кезеңi - бастауыш, негiзгi және орта мектептерде немесе кәсiптiк бастауыш, орта және жоғары бiлiм алған кезде - адамгершiлiк-жыныстық тәрбие жөнiндегi бiлiмдi меңгеруге және жетiлдiруге өз үлесiн қосуы тиiс.
Бiлiм беру ұйымдарында оқитындар:
1. сезiмге және өзара қарым-қатынасқа байланысты естiгендерiн талқылау кезiнде өзiне сенiмдi болуға;
2. жыныстық жетiлу кезеңiне дайын болуға;
3. зорлық қатерi төнген кезде үлкендердiң көмегi мен қолдауын сұрауға дайын болуға;
4. жасөспiрiмдердiң шешiмдерiн, пайымдауларын және мiнез-құлқын
айқындайтын оң құндылықтар мен моральдық шеңберлер қалыптастыруға тиiстi. Бiлiм беру ұйымдары: жасөспiрiмдердi жыныстық мiнез-құлықты ұғынуға, кездейсоқ жыныстық байланыстан тартынудың пайдасын және қауiпсiз секстiң артықшылығын түсiнуге үйретуге; отбасын құрудағы өз рөлiн тануды үйретуге; тәуекелге барудың (жөнсiз жүктiлiк, АҚТҚ/ЖҚТБ-ны қоса) алдын алу жөнiнде ақпарат беруге және дағдыларды дарытуға; жөнсiз немесе қауiптi секске қарсы тұра білудi үйретуге; сексуалдық саулық мәселелерiнде қолдау мен көмек беретiн қызметтер мен ұйымдар туралы бiлiм беруге; қауiпсiз жыныстық мінез-құлықтың құқықтық мәселелері бойынша білiм беруге; адам өсiмталдығының негiздерi жөнiнде бiлiм беруге; адам ағзасына жыныстық жолмен берiлетiн микробтар мен вирустардың қандай зиян тигiзетiнi туралы бiлiм беруге; өсiмталдық үрдiсiне гормональдық қатысу туралы бiлiм беруге; ағзаның қорғану қуаты туралы бiлiм беруге тиiстi.
4. Иллюстрациялы материалдар:слайд
5.Әдебиет:
Азақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к
условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
6.Қорытынды сұрақтар:
1. Ер бала мен қыздар ағзасында қандай ұқсас өзгерістер болады?
2. Тек қыздарда қандай өзгерістер болады?
3. Тек ер балаларда қандай өзгерістер болады?
4. Студенттер жеке гигиеналық дене тазалығы туралы нені білуі тиіс?
5. Лагерге қабылдап алуды қай маман жүргізеді?
6. Балаларды жазғы сауықтыру орталығының қандай түрі бар?
7. Жер теліміне қандай талаптар қойылады?
8. Балалардың денесін шынықтырудың негізгі іс- шаралары қандай?
№21
1. Тақырып: Балалар санаторияларына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар.
2. Мақсаты: балалар санаторияларына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар мен балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстарды таныстыру
3. Дәріс тезисі.
Балалар санаториясы, науқас балаларды кезеңді емдеу тәрбиелеу оқыту процессімен тығыз байланысты, медико- педагогикалық мекеме.
Санаторияға 1-14 жасқа дейінгі балалар: демалу аймағында орналасқан санаторияға 5-14 жасқа дейінгі балалар; тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған және церебральды –спастикалық параличі бар балалар санаторияға 3 жастан бастап бағытталады.
Остеомиелит, полиартритпен сырқаттанған балалар үшін санаторияда жатып емделетіндерге орнының жартысы; тірек-қимыл аппаратының сырқаттары 20% жатып емделетін және нашар қимылдайтын балалар үшін қарастырылуы керек.