Лттық педагогика – бүгінгі Егемен Қазақстан мектептеріндегі оқу-тəрбие ісінің рухани бастау бұлағы

Этнопедагогика – салыстырмалы түрде педагогика ғылымдарының жас саласы. Бұл ғылымның зерттеу жүйесі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қана қолға алынды. Халық педагогикасының кейбір мəселелері жөнінде зерттеу алғаш К. Д. Ушинский еңбектерінен көрініс тапты. К. Д. Ушинский барлық халықтардың этномəдениеті жөнінде біркелкі ой-пікір қалыптасқан емес дей келіп, «Əр халықтың бала тəрбиелеу жөнінде өзіне тəн жүйесі бар. Бір халықтың бала тəрбиесі жөніндегі озық ой-пікірі басқа халықтарға да өнеге бола алады. Сөйтіп ол барлық халықтарға ортақ рухани қазынаға айналады. Халықтық тəрбиеде озық үлгілерге сүйене отырып, тəрбиенің үлгісін жинақтауға болады. Бірақ ол тəрбиенің қаншама озық үлгісі болып саналғанымен дəл сол халықтың үлгісіне салып барлық халықты бірдей тəрбиелейміз деу мүмкін емес. Себебі əр халықтың бала тəрбиелеу тəжірибесі қаншама жақсы болғанымен, ол сол халыққа ғана тəн тəрбие түрі болмақ. Бұл жерде əр халықтың бала тəрбиелеудегі өзіндік ұлттық ерекшелігі арқылы тəрбие ісінде оң нəтижеге қол жеткізіледі» дейді. Халық педагогикасы – халықтың сан ғасырлық рухани байлығы, ол бүкіл халықтық санаға негізделген. Ол халықтық тəрбиеніңэмприкалық білім, білігі мен сана-сезімінің жиынтығы. Онда халықтың бала тəрбиесінде сан ғасыр бойы жинақталған озық ой-пікірінің, тəлім-тəрбиесінің тұтас көрінісі қортылып көпшілік қауымға ұсынылған. Халықтық тəрбие мен педагогиканың арасында диалектикалық тығыз байланыс бар. Бір жағынан, классикалық ғылыми педагогика халық педагогикасындағы тəрбиенің жақсы жақтары мен озық деген жиынтық үлгісін жинақтап қорытып бойға сіңіреді де, екіншіден, тəрбиенің сол озық идеясын халықтық тəжірибе арқылы іске асырады. Бұл жерде халық педагогикасы тəрбиенің əрі теориялық негіздерін қорытындыласа, əрі оны тəжірибеде нақты іске асырудың құрылымдық рөлін атқарады. Этнопедагогика термині тұңғыш рет 1972 ж. академик Волковтың еңбегінен көрініс тапты. Этнопедагогика жөніндегі бағдарламалар Чебоксары, Мəскеу қалаларында, Солтүстік Кавказдың педагогикалық жоғары оқу орындарында (Махачкала, Грозный, Майкоп) зерттеліп қолға алына бастады. Қазақстан мен Орта Азия республикаларында 1980 жылдардың бірінші жартысында Е. И. Измаилов (Қырғызстан), Н. Сафаров (Өзбекстан), Қ. Прлиев (Түркіменстан), Қ.Б. Жарықбаев, С. Қалиев, М. Мұхамбаева, С. Ұзақбаева т.б. (Қазақстан)

ғалымдар еңбектерінде қарастырыла бастады. Алайда, Кеңестік дəуір кезінде (əсіресе, 1930-1970 ж.ж. арасында) этнопедагогикаға Кеңес үкіметі онша көңіл бөлмей біржақты көзқараста болады. Ұлттық салт-дəстүрлерді дəріптеуді санадағы ескінің сарқыншағы деп қарады. Мектеп пен мектептен тыс мекемелерде, жастар ұйымында тəрбие жұмыстары коммунистік идеологияға негізделді. Оқулықтар мен оқу-əдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы арқылы пайдаланылды. Қазақ тілінде оқу-тəрбие жұмысына арналған əдістемелік құралдар шығару назардан тыс қалды. Жекебасқа табыну идеясынан біртіндеп құтыла бастаған 1970 жылдардың аяқ кезінен бастап Қазақстанда Этнопедагогикаға қайта бетбұрыс бастады. 1930-45 жж. жарық көріп, кейін жекебасқа табынушылық солақай саясаттың салдарынан жоқ болған М. Жұмабаевтың «Педагогика», А. Байтұрсыновтың «Тіл құралы», Ж. Аймауытовтың «Тəрбие жетекшісі», «Психология» атты еңбектерімен қатар Н. Құлжанованың, М. Дулатовтың, М. Əуезовтің, С. Сейфуллиннің т.б. еңбектері 1980-90 ж.ж. қайта баспа арқылы жарық көрді. Қазақстанда ұлттық сана-сезімнің оянуына тарихи ықпалын тигізген желтоқсан оқиғасы (1986 ж., 16 желтоқсандағы жастар көтерілісі) себеп болды. Оның əсері бертін келе қоғамның барлық саласын қамтыды. Қазақ мектептеріндегі оқу-тəрбие ісіндегі проблемалы мəселелерді көтеріп, баспасөз беттерінде келелі ұсыныс пікірлер білдірілді. Оған Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Ə. Табылдиев, М.Балтабаев, Қ. Бөлеев, С. Ұзақбаева, Т. Сабыров, К. Қожахметова, М. Құрсабаев, М. Оразаев т.б. қазақстандық ғалымдар өз үлестерін қосты. Тəуелсіздіктің əсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнда, əлемдік озық тəжірибеге негізделген жүйенің қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Қазақ халқының тарихына, мəдениетіне, дүниетанымына, ұлттық қасиеттеріне қатысы бар, бұрын-соңды жарияланбаған, немесе саясатқа қайшы деп кезінде жауып тасталған этнопедагогикалық еңбектердің беті қайта ашылды. Ұлттық сана-сезім қайта жаңғырып, жаңа рухани көтерілу процесі басталды. Білім беру ісі мен тəрбие мəселесіне жаңаша көзқарастар мен жаңаша талаптар ойылды. Нəтижесінде жаңа идеялар дүниеге келді. Халық педагогикасы мен психологиясын оқу-тəрбие жұмыстарына батыл енгізу жолдары ғылыми тұрғыда қарастырылып, жергілікті жерлерде əртүрлі бағыттарда семинар-кеңестер, пікір алмасу іс-шаралары, сондай-ақ мұғалім-ұстаздардың заман талабына сəйкес білімдерін жетілдіру мəселелері қызу қолға алынды. Мектептер мен мектептен тыс мекемелерде, балабақшалар мен арнаулы орта жəне жоғары оқу орындарында ескі педагогикалық оқулықтардың орнына жаңаша, ұлттық тəлім-тəрбиенің қағидаларына негізделіп жазылған ғылыми-тəрбиелік бағдарламалар басылып шығып, оқу-тəрбие үрдістеріне енгізілді.

Әдебиеттер
1.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелерi және тарихы. – Алматы: “Бiлiм” 2004 ж.

2.Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: “Ғылым” 1973 ж. Әлеуметтiк-этикалық трактаттар. – Алматы: “Ғылым” 1975 ж.

Наши рекомендации