Заманауи оқу жүйесіндегі дидактиканың орнын анықтаңыз

Химия дидактикасында ең алдымен қазіргі заманғы химия пән мұғалімінің кәсібилігі қарастырылады.Оның ішіне химия білім берудің мақсаты мен міндеттері, осыған байланысты білім мен біліктің кәсіби мағынасының дәрежесі мен көлемі белгіленді және осыған сүйеніп жаңа ұрпақтың білім беру стандартына сәйкес маман дайындаудың кәсіби қасиеттерін жоғарылату көзделеді.

Сонымен қатар дидактикада химия пән мұғалімінің қазіргі заманғы мамандандырылған мінездемесі қарастырылады. Бұл міндеттеменің болуы - мамандандырылған мінездеме мұғалімнің білім берудегі маңызды мәселелерді шешуге дайын болуына мүмкіндік береді. Химия пән мұғалімінің қазіргі заманғы мамандандырылған мінездемесі функционалды - құрылысына негізделген. Осы квалицикацияға байланысты химия дидактикасы он бес негізгі топтардың білім беру мәселесін шешуге бағытталады. Олар:

1. Қазіргі заманға сәйкес негізгі, орта мектептің химия білім берудегі арнайы және негізгі мақсаттарын реттеу;

2.Әрбір білім алушыға, білім беру топтарына, сол мектептің ерекшеліктеріне байланысты химия оқулығын негізгі мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып ондағы мәліметтерді іріктеу;

3.Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтарда химияның білім беру мазмұнының түрлі жолдары мен сабақтың үлгілерін құрылымдау;

4.Химияны оқытуда қазіргі заманға сай оқыту технололигиялары, дәстүрлі және инновациялық технологиялардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап білім алушыларға тәрбие, білім беру;

5. Білім беру шарттарын түрліше қолданып, жобалау; (білімді - мәліметті, санитарлы - гигиеналық, эргономикалық, моральді - психологиялық, экологиялық және т.б. )

6. Еңбектің ғылыми ұйымымен (ЕҒҰ) сәйкес білім алушының бейімділігін, химия пән мұғалімінің сонымен қатар лаборанттың жеке педагогикалық қызметін, оқыту сыныбының жұмысын ұйымдастыру;

7. Ынталандыру және бағыт беру арқылы химия сабағын үйретуде оқушыға тәрбиелеу және дамыту, есептерді шешу жаттығуларын шешуді үйрету;

8. Әртүрлі білім ордасында (лицейлер, колледждер және т.б.)химияны оқыту үрдісінде білім алушының оқыту - бейімділігін басқару;

9.Химияны оқытуда күтілетін нәтижелер мен шынайы нәтижелерді жүйелеу;

10. Тек білім алу мен еңбектенуді ғана біліп коймай, субъективті қарым - қатынас жасауды да ұйымдастыру;

11. Тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттыруға арналған мәселерлерді шешу және зерттеуді қажет ететін жаттығуларды сабақта, сабақтан тыс және қосымша сабақтарда да ұйымдастыру;

12. Оқушының химия сабағын оқыту үрдісінде интерсоциалды қасиеттерге тәрбиелеу: шыншылдық , білім мен тәрбиеге талап, табиғатқа, шығармашылық белсенділік.

13. Оқушылардың бізді қошаған химия туралы түсініктерін, химияға деген эмоционалды - ерікті қасиеттерін, бейімді қызығушылықтарын дамыту.

14. Химияны оқытудың нәтижелерін бағалау: химиялық білімінің құрылымының дәрежелері, химия ғылымына деген көзқарасы мен сабақтағы мүмкіндіктері, табиғатқа, химиялық технологияға, химиялық өнеркәсіпке және т.б.

15. Химия пән мұғалімінің жұмысының тәжірибесін дамытып отыру, өзінің жұмысына үнемі анализ жасау, өзін - өзі бақылау, педагогикалық шеберлікке жету үшін өзін - өзі үнемі шыңдап отыру, білім беру саласында жоғары дәрежедегі кәсібилік пен инновациялық стильді меңгеру.

Кәсіби біліктілікті құрылымдаудың негізі және мұғалімнің дидактикалық дайындығының ядросы - химия дидактикасы туралы теориялық білім болып саналады.

Химия дидактикасының мазмұны интегративті амалдың әдістемесі арқылы,білім мен тәрбие, білім беру құралдарын кешенді қолдану, пәнаралық интеграция ішінде,теория мен практика бірлестігі, сонымен қатар химия білім берудің жан - жақты бағыттылығы арқылы ашылады.

Өзін - өзі бағалау жұмыстары кәсіби мағыналы және шығармашылық білікті құрылымдау,дидактикалық білік пен көптеген күрделі жалпы педагогикалық өңдеу үшін керек.Қазіргі заманғы химия білім беру концепциясына сай мұғалім сбақ жоспарын сараптай алу, химия дидактикасы туралы түрлі әдебиеттерді оқу, химия білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтап, құрылымдай алу (оқыту, дамыту,тәрбиелеу), оқу материалдарын таңдап алу, қолданысқа келетін технологияларды жүзеге асыру, нәтижелерін жүйелеу және қорытынды жасау, оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау, білім беру практикасының қажеттіліктерін теориямен ұштастыра білуі керек.

Бұл кітапта төмендегі психологтардың зерттеу нәтижелері пайдаланылған: Кузьмина Н.В., Щербакова А.И., Маркова А.К., Леонтьева А.Н., Немова Р.С., педагогтар мен дидактиктердің ғылыми жұмыстары : Бордовский Г.А., Щукина Г.И., Скаткина М.Н., Бабанский Ю.К., Лернер И.Я., методистердің сілтемесінен: Верховский В.Н., Шаповаленко С.Г., Кирюшкина Д.М., Полосина В.С., Смирнова А.Д., Гаркунова В.К., Вивюрский В.Я., Шелинский Г.И., Дружина И.Л., Кузнецова Н.Е., Макарени А.А., Чернобельский Г.М., Черткова И.Н., Зуева М.В., Грабецкий А.А., Назарова Т.С., Рысс В.Л., Гаврусейко Н.П., және т.б.

Автор Алексашина И.Ю., Казакова Е.С., Корсакова В.Г., Ланина И.Я., Макарене А.А., Маханова Л.В., Сиротинкин И.В., Суртаева Н.Н., Тряпицына А.П. мырзалар мен ханымдарға ерекше алғыс білдіреді.

Наши рекомендации