Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.

XIX ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының

өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика да бірте — бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу - тәрбиелеу, оқу орнындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындала түсті.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика және т.б. дербес бөліне бастады.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Кейінгі он жылда бірқатар ғалымдар мектепке дейінгі педагогикадан бала бақша жасындағы педагогикасын бөліп көрсетеді. Мұндай бөлу әділетті , себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәннің психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ерекше. Зейнеткерлердің тұрғындар құрамындағы үлес салмағының өсуіне байланысты үшінші жас педагогикасы пайда болды, ол қалыптасу деңгейінде.

Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы—пәндері (дисциплины), олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеруге дейін бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.

Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика, логопедия), дене

дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, .ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.

Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.

Еңбекпен түзету (исправительная) педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады (пенитенциарлық мекемелер). Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда өсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.

Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл ғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оку — тәрбие процеснен қол үзген ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру болады.

Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе, өйткені педагогикалық ой қоғамның материалдың және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде калыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.

Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды,онда жалпы -бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік (особенное) берілетін сабақ пәнінің мазмұны.

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретіңде: педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіріледі, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның кадытасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер

жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ XIX — XX ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.

Педагогика ол организмнің материалды- энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс - әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен түратын (әлеуметтік

жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.

Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықгың бірқатар кұбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақгық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бұл проблеманы бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгі күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия және оның салалары - білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең үғыну нәтижесінде дамиды.

Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға - тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологаяға және т.б. таралады.

Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г. Гурова педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы қандай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда колданылып жүрген зерттеу әдістерінің творчестволық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда алынған нактылы зерттеу пәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам проблемалары бойынша комплекстік зерттеулерге катысуы.

Наши рекомендации