ПӘнніҢ оҚу-Әдістемелік Қамтамасыз етілу картасы

Автор Атауы Шығарылған баспасы Шығарылған жылы Дана саны
Азаров Ю.П.   Семейная педагогика / Ю. П. Азаров. - [б. м.] : Политиздат, 1982,1985. - 223 с. : ил. : (Б-чка семейного чтения) 1982,1985. - 223 с. : ил. : (Б-чка семейного чтения)   74.9 А 35   Экземпляры: всего:3 - ХР(1), Ч/З№1(1), хр(1)  
Аралбаева Р.Ќ. Мектепке дейінгі педагогика : Оќулыќ / Р. Ќ. Аралбаева. - [б. м.] : РК жоєары оќу орындарыныѕ ќауымдастыєы, 2012. - 220 б. , 2012. - 220 б.   74.102(5Ќаз)я73 А75   Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(3), ХР(96), чз общ(1)  
О. С. Никольская, Е. Р. Баенская, М. М. Аутичный ребенок : пути помощи / О. С. Никольская, Е. Р. Баенская, М. М. Либлинг. - 6-е изд., стер. - [б. м.] : Теревинф, 2010. - 288 с,. - (Особый ребенок)   6-е изд., стер. - [б. м.] : Теревинф, 2010. - 288 с,. - (Особый ребенок) 74.3 А 93   Экземпляры: всего:1 - ЧЗ№1(1)  
Ахметов Н.К.   Игра как процесс обучения / Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров. - [б. м.] : Знание, 1985. - 40 с. Знание, 1985. - 40 с. 74.2 А95   Экземпляры: всего:1 - ХР(1)
Бабаев С.Б.   Жалпы педагогика [Электронный ресурс] : оќулыќ / С. Б. Бабаев, Ж. К. Оѕалбек. - Электрон. текстовые дан. - [б. м.] : Нўр-Пресс, 2005 Электрон. текстовые дан. - [б. м.] : Нўр-Пресс, 2005   74.00 Б 12   Экземпляры: всего:2 - СБО(2)  
Бабанский Ю.К.   Комплексный подход к воспитанию школьников / Ю. К. Бабанский. - [б. м.] : Педагогика, 1980. - 80 с. Педагогика, 1980. - 80 с.   74.200 Б12   Экземпляры: всего:3 - ХР(1), Хр(2)  
Баженов В.Г.   Предупреждение педагогической запущенности школьников / В. Г. Баженов, В. П. Баженова. - [б. м.] : Мектеп, 1989. - 117 с. Мектеп, 1989. - 117 с. 74.200 Б16   Экземпляры: всего:3 - ХР(3)
Бажуков С.М.   Здоровье детей - общая забота: Организация физического воспитания школьников по месту жительства / С. М. Бажуков. - [б. м.] : Физкультура и спорт, 1987. - 127 с : ил 1987. - 127 с : ил   74.200.54 Б16   Экземпляры: всего:9 - ХР(7), ЧЗ№1(2)
Бакалавриат : Бакалавриат : 050105 "дефектология" часть 2. - [б. м.] : МОН РК, 2007. - 103 с. МОН РК, 2007. - 103 с. 74.58 Б19   Экземпляры: всего:1 - СБО(1)
Байгельдинова Г.К.   Формирование познавательных интересов у школьников / Г. К. Байгельдинова. - [б. м.] : Мектеп, 1976. - 80 с Мектеп, 1976. - 80 с   74.264.6 Б181   Экземпляры: всего:1 - ХР(1)  
Байдельдинова Г.К.   Формирование познавательных интересов у школьников / Г. К. Байдельдинова. - [б. м.] : Мектеп, 1976. - 79 с. Мектеп, 1976. - 79 с.   74.200.514 Б181   Экземпляры: всего:1 - ЧЗ№1(1)
Байерд Р.Т.   Ваш беспокойный ребенок / Р. Т. Байерд, Д. Байерд . - [б. м.] : Просвещение, 1991. - 234 с Просвещение, 1991. - 234 с   74.9 Б18   Экземпляры: всего:2 - ЧЗ№1(2)
Басова А.Г.   История сурдопедагогики : Учебное пособие для студентов дефектол.фак / А. Г. Басова, С. Ф. Егоров. - [б. м.] : Просвещение, 1984. - 295 с. Просвещение, 1984. - 295 с.   74.3 Б 27   Экземпляры: всего:1 - Ч/З№1(1)
Бурлакова М.К.   Коррекционное -педагогическая работа при афазии / М. К. Бурлакова. - [б. м.] : Просвещение, 1991. - 190 с. Просвещение, 1991. - 190 с.   74.3 Б 912   Экземпляры: всего:9 - ч/з№1(1), ЧЗ№1(1), хр(6), ХР(1)
Варга Д.   Дела семейные / Д. Варга. - [б. м.] : Просвещение, 1987. - 160 с. Просвещение, 1987. - 160 с.   74.9 В 18 Экземпляры: всего:2 - ХР(2)
Волкова Е.   Трудные дети или трудные родители? / Е. Волкова. - [б. м.] : Профиздат, 1992. - 96 с. Профиздат, 1992. - 96 с. 74.9 В-67 Экземпляры: всего:1 - Ч/З№1(1)
Т. Л. Богина и др. ; под ред. Г. Н. Годиной. Воспитание и обучение детей младшего дошкольного возраста : Книга для воспитателя дет. сада / Т. Л. Богина и др. ; под ред. Г. Н. Годиной. - [б. м.] : Просвещение, 1987. - 160 с. Просвещение, 1987. - 160 с.   74.10 В77   Экземпляры: всего:4 - Хр(3), ЧЗ№1(1)  
А. Н. Довидчук, и др ; ред. В. В. Холмовской Воспитание и обучение детей пятого года жизни : Книга для воспитателя детского сада / А. Н. Довидчук, и др ; ред. В. В. Холмовской. - [б. м.] : Просвещение, 1986. - 144 с. Просвещение, 1986. - 144 с.   74.100 Б77   Экземпляры: всего:1 - ХР(1)
А. М. Фонарев и др. ; од ред. Л. Н. Павловой Воспитание и обучение детей раннего возраста : Книга для воспитателя дет. сада / А. М. Фонарев и др. ; од ред. Л. Н. Павловой. - [б. м.] : Просвещение, 1986. - 76 с. Просвещение, 1986. - 76 с.   74.10 В 77   Экземпляры: всего:1 - Хр(1)
М. Е. Селиванова Воспитание и обучение детей с нарушениями развития [Электронный ресурс] : электронное приложение к журналу / музыка и слова М. Е. Селиванова. - Электрон. текстовые дан. - [б. м.] : Школьная пресса, 2011 Школьная пресса, 2011   74.3 В 77   Экземпляры: всего:1 - СБО(1)  
/ Н. А. Ветлугина, Р. С. Буре, Т. И. Осокина ; ред. Л. А. Парамонова. Воспитание и обучение детей шестого года жизни : книга для воспитателя детского сада / Н. А. Ветлугина, Р. С. Буре, Т. И. Осокина ; ред. Л. А. Парамонова. - [б. м.] : Просвещение, 1987. - 160 с. Просвещение, 1987. - 160 с.   74.1 В 771 Экземпляры: всего:3 - ХР(8)
В. В. Гербова и др.; од ред. Г. М. Ляминой. Воспитание и развитие детей раннего возраста : Пособие для воспитателя дет. сада / В. В. Гербова и др. ; од ред. Г. М. Ляминой. - [б. м.] : Просвещение, 1981. - 224 с. - (Биб-ка воспитателя дет. сада) Просвещение, 1981. - 224 с. - (Биб-ка воспитателя дет. сада) 74.10 В77   Экземпляры: всего:2 - Хр(2)
/ Л. А. Венгер , Э. Г. Пилюгина, Н. Б. Венгер. Воспитание сенсорной культуры ребенка от рождения до 6 лет : Книга для воспитателя дет. сада / Л. А. Венгер , Э. Г. Пилюгина, Н. Б. Венгер. - [б. м.] : Просвещение, 1988. - 144 с. Просвещение, 1988. - 144 с. 74.100 В 76   Экземпляры: всего:3 - Хр(2), ЧЗ№1(1
И. С. Марьенко ; сост. Ф. А. Бобков Воспитание сознательной дисциплины и культуры поведения школьников: Из опыта работы / под ред. И. С. Марьенко ; сост. Ф. А. Бобков. - [б. м.] : Просвещение, 1982. - 159 с. Просвещение, 1982. - 159 с.   74.200 В77   Экземпляры: всего:1 – хр(1)  
В.С. Кукушина Коррекционная педагогика. Москва – Ростов – на- Дону.- 2004. – 12- 20 ст. Москва – Ростов – на- Дону.- 2004. – 12- 20 ст.    
Пед. учеб. Заведений \Под. ред. Пузанова Коррекционная педагогика: Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие Для студ. Сред. Б.П.\ М., Академия 1998. Учебное пособие Для студ. Сред. Б.П.\ М., Академия 1998.    
В. С. Кукушина. 1. Причины агрессивностивповедении детейи пути их преодоленияКоррекционная педагогика / Под ред. В. С. Кукушина.   Изд-с 2-е, Москва-Ростов-на-Дону. 2004 – 26-36 с.    
  «Детская агрессия» // Дошкольное воспитание. 2003 -№4.-срт 62-67    
  «Бала тәрбиесінде ата-ана рөлі» // Мектептегі психология. 2010.-№5.-41 бет    
Раттер М. Помощь трудным детям. - М., 1987. - М., 1987.    
Степанов С.С. Психология трудных школьников: Учебное пособие. М., 1996. Учебное пособие. М., 1996.    
Ахметжанова Н. Мінез-құлқы қиын балалар / Н. Ахметжанова //Ұлағат № 1, 2001. Ұлағат № 1, 2001.    
Хухлаева О.В. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. -   М.: Издателский центр «Академия», 2001    
Аралбаева Р.Ќ.   Мектепке дейінгі педагогика : Оќулыќ / Р. Ќ. Аралбаева. - [б. м.] : РК жоєары оќу орындарыныѕ ќауымдастыєы, 2012. - 220 б. РК жоєары оќу орындарыныѕ ќауымдастыєы, 2012. - 220 б. 74.102(5Ќаз)я73 А75 Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(3), ХР(96), чз общ (1)
Орманова З.Ќ.   Мектеп оќуына дайындау психологиясы : оќу-јдістемелік ќўрал / З. Ќ. Орманова. - [б. м.] : Дарын, 2005. - 184 бет.   Дарын, 2005. - 184 бет 88.3я73 О 69   Экземпляры: всего:1 - ЧЗ№1(1)  
: Мектеп, 1987. - 287 бет.   Педагогикалык жэне жас ерекшел!г! психологиясы. - [б. м.] : Мектеп, 1987. - 287 бет.   : Мектеп, 1987. - 287 бет.   88я73 П 23 Экземпляры: всего:106 - ЧЗ№1(4), ХР(1), Хр(100), чз общ(1)  
Плотниекс И.   Психология в семье : Пер. с латыш / И. Плотниекс. - [б. м.] : Педагогика, 1991. - 208 с. : ил.     Педагогика, 1991. - 208 с. : ил.   88.8 П 395   Экземпляры: всего:1 - Ч/З №1(1)
Подольский А.А.   Становление познавательного действия : научная абстракция и реальность / А. А. Подольский. - [б. м.] : Изд-во МГУ, 1987. - 175 с. Изд-во МГУ, 1987. - 175 с.   88.4 П 444 Экземпляры: всего:3 - ХР(3)
Полуянов Ю.А. Дети рисуют : педагогический всеобуч родителей / Ю. А. Полуянов. - [б. м.] : Педагогика, 1988. - 176 с. : ил. - (Педагогика - родителям) Педагогика, 1988. - 176 с. : ил. - (Педагогика - родителям) 88.4 П 536 Экземпляры: всего:3 - ХР(3)
  Психофизиология ребенка. - [б. м.] : Владос , 2000. - 144стр 260тг   2000. - 144стр 260тг   8878я73 Д797 Экземпляры: всего:1 - Ч/З№1(1)
М. Р. Битянова Работа психолога в начальной школе / М. Р. Битянова [и др.]. - [б. м.] : Генезис, 2001. - 352 с. Генезис, 2001. - 352 с. 88.8Р 131 Экземпляры: всего:1 - Ч/З №1(1)
  Рабочая книга школьного психолога. - [б. м.] : Просвещение, 1991. - 303 с. : ил   Просвещение, 1991. - 303 с. : ил 88.8 Р 13   Экземпляры: всего:2 - ХР(1), ЧЗ№1(1)
  Психофизиология ребенка. - [б. м.] : Владос , 2000. - 144стр 260тг   Владос , 2000. - 144стр 260тг 8878я73 Д797 Экземпляры: всего:1 - Ч/З№1(1)
М. Р. Битянова [и др.]. Работа психолога в начальной школе / М. Р. Битянова [и др.]. - [б. м.] : Генезис, 2001. - 352 с. Генезис, 2001. - 352 с.   88.8 Р 131 Экземпляры: всего:1 - Ч/З №1(1)
  Рабочая книга школьного психолога. - [б. м.] : Просвещение, 1991. - 303 с. : ил Просвещение, 1991. - 303 с. : ил 88.8 Р 13 Экземпляры: всего:2 - ХР(1), З№1(1)
Ќаражанова Ж.   Суицидтік јрекеттіѕ негізгі факторлары жјне суицидтік мінез кґріністері / Ж. Ќаражанова // Ќызыќты психология. - 2010. - №4-. 15-17 б. Аннотация: Суицид-ішкі эмоционалды ќуатын шыєару негізінде, адамныѕ јдейі ґз-ґзіне ќол жўмсау себебінен соѕы ґлімге јкеліп соєатын жаєдай деп ќарастырамыз. Суицид-ауру, рухани азап жјне психологиялыќ даєдарыс, ішкі кїшті жанжал ретінде тїсіндіріледі. Ќызыќты психология. - 2010. - №4-. 15-17 б.   К 21   Экземпляры: всего:1 - Ч/З №4(1)
Бардном А.М.   Воспитание детей в семье / А. М. Бардном. - [б. м.] : Педагогика, 1973. - 208 с Педагогика, 1973. - 208 с 74.9 Б24 Экземпляры: всего:1 - ЧЗ№1(1)
Балтымова М.Р. Мїмкіндігі шектеулі балалар дамуыныѕ клиникалыќ ерекшеліктері : Дјрістер курсы / М. Р. Балтымова. - [б. м.], 2012. - 126 б. М. Р. Балтымова. - [б. м.], 2012. - 126 б. 74.3 Б 22 Экземпляры: всего:2 - СБО(1), ЧЗ№1(1)
Балтымова М.Р.   Арнаулы педагогика жјне оныѕ тарихы : Оќу-јдістемелік кешен / М. Р. Балтымова. - [б. м.], 2012. - 372 б. М. Р. Балтымова. - [б. м.], 2012. - 372 б 74.3я73 Б22 Экземпляры: всего:1 - СБО(1)

ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта Дәріс сабақтарының тақырыптары сағаты
І модуль. Дефектология теориясының жалпы сұрақтары
Дефектология жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде
Дефектологияның пәндік салаларының дамуы
Дефектологияның философиялық негіздері
Дефектологияның психологиялық негіздері
Дефектологияның лингвистикалық негіздері
Дефектологияның қазіргі ғылыми бағыттары мен өзекті проблемалары
Дефектология ғылымындағы зерттеу әрекетінің ерекшеліктері
ІІ модуль. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмекші мектептерде білім беру
Естуқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Көруқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Сөйлеуқабілетібұзылғанбалалардыоқытументәрбиелеу
Психикалықдамуытежелгенбалалардыоқытументәрбиелеу
Үй жағдайын да білім беру мәселесі
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

ДӘРІСТІК КЕШЕН

№1 Дәріс тақырыбы:Дефектология жалпы педагогиканың ғылыми саласы ретінде

Мақсаты:студенттерге дефектология негіздері ғылымының шығу тарихы, дамуы мен қалыптасуы жайында ұғым беру

Тірек сөздер:дефектология, дефектологияның пәні, дефектологияның салалары, дефектолог-мұғалім.

Жоспары:

1. Дефектология ғылымының пәні, нысаны, мақсаты мен міндеттері

2. Дефектология ғылымының негізгі түсініктері

3. Дефектология ғылымыныңсалалары

4. Дефектология ғылымыныңәдістері

1.1.Көптеген жылдар бойы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды зерттеу, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі дефектология саласында интеграцияланған түрде қарастырылып келді. Психикалық дамудың кешеуілдеуі дефектологиялық зерттеулерде клиникалық, психологиялық және педагогикалық позиция тұрғысынан зерттелген.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап екі ғылымның: арнайы педагогика мен арнайы психология саласының бағыты өз бетінше дами бастады.

Дефектология ғылымыныңаралас ғылымдармен, соның ішінде медицинамен, арнайы психологиямен тығыз байланыса отырып, педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде қарастырылды.

Арнайы психология артта қалған психикалық (бұзылған) кемшіліктердің себептерін, оның мәнін, заңдылықтарын, дамуында кемшілігі бар балалардың психологиялық (танымдық әрекеттері мен эмоциялық-ерік саласы, тұлғалық дамуындағы ерекшеліктер) ерекшеліктерін зерттейді.

Дефектология ғылымыныңжалпы педагогиканың құрамдас бөлігі бола отырып, оның бір саласы ретінде физикалық және психикалық дамуында кемшілігі бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялық және қолданбалы аспектілерін құрастырады.

Қазіргі уақытта халықаралық педагогикалық теория мен практикада «арнайы педагогика» мен «арнайы білім беру» атаулары қатар қолданылады. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесіндегі гуманистік көзқарастар бойынша «түзету», «қолдау» түсініктерімен сәйкес келеді. Ағылшын тіліндегі «special» атауының түп-тамыры бойынша «ерекше, жеке» деген ұғымды бере отырып, арнайы педагогиканың жеке түрдегі бағытын анықтайды.

Дефектология ғылымының– педагогикалық білімнің құрамдас бір бөлігі, болғанына қарамастан, көлемді ғылым саласы (латын тілінен аударғанда speciaIis – туыс, түр) деген мағынаны береді. Нақты түрдегі қабылданған анықтамасы, арнайы педагогика – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы мен технологиясын зерттейтін ғылым.

Дефектология ғылымыныңнысаныпедагогикалық феномен ретінде қарастырылатынерекше білімді қажет ететін тұлғаларды арнаулы оқыту процесі.

Арнаулы білім берудегі зерттеулер мен педагогикалық көмек көрсету жұмысының субъектісі – мүмкіндігі шектеулі тұлға.

Дефектология ғылымыныңпәні арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі, дамудағы кемшіліктерді түзету мен жою, олардың әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың қағидалары, мазмұны мен әдістері.

Дефектология ғылымыныңмақсаты – психикалық немесе физикалық дамуында кемшілігі бар тұлғаларға білім беру мен оларды әлеуметтендірудегі арнаулы білім беру мазмұнының теориялық және практикалық сұрақтарын құру.

Дефектология ғылымыбілім беру жүйесіндегі мәселелерді шешуде (П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин т.б.) теориялық қағидалары мен ғылыми ілімдеріне сүйене отырып, негізгі міндеттерді теориялық және практикалық міндеттерге бөлінеді.

Теориялық міндеттері:

· арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін құрастыру;

· мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеудің қағидаларын, әдістері мен мазмұнын құрастыру;

· мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім берудегі педагогикалық жүйелерді зерттеу;

· дамудағы кемшіліктердің алдын алу мен жоюдағы педагогикалық құралдарды анықтау, жасақтау және жүзеге асыру.

Практикалық міндеттері:

· арнаулы білім беру мекемелерінің барлық типіндегі педагогикалық процесті ұйымдастыру сұрақтарын құру;

· арнаулы білім берудегі педагогикалық технологияларды жасақтау;

· білім беру және коррекциялық-дамыта оқыту бағдарламаларын құру;

· мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беру, оларды әлеуметтік-еңбекке бейімдеу бағдарламаларын құру;

· алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелерді қорытындылау.

Дефектология ғылымыжалпы педагогиканың құрамдас бөлімі ретінде жалпы педагогикалық түсініктерге сүйеніп, арнайы педагогиканың спецификасын анықтайтын жеке терминологияларды қолданады.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарда мысалы, «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім беру жүйесі туралы Заңның жобасында» арнаулы білім беру саласында қолданылатын кейбір терминдерге түсінік беріледі.

Арнаулы білім беру жүйесі -мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арнайы білім алуы үшін жағдай жасаудағы мектепке дейінгі, жалпы және кәсіптік білім беру.

Мүмкіндігі шектеулі тұлға - жалпы білім беру бағдарламасын игеруде қиындықтарға жолығатын, дамуында физикалық немесе психикалық кемшілігі бар тұлға.

Кемшілік – психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның және ересектерге қатысты медициналық-сараптау комиссиясының қорытындысы бекіткен физикалық немесе психикалық кемшілік.

Физикалық кемшілік – адам ағзасындағы ұзаққа созылған немесе инфекциялық аурулардың салдарынан болған уақытша немесе тұрақты түрдегі дамудағы кемшілік.

Психикалық кемшілік – адам психикасының дамуында анықталатын уақытша немесе тұрақты түрдегі сөйлеудің, эмоциялық-ерік сфераның кемшілігі, (аутизм) оқытуда қиындықтар туғызатын мидың зақымдануынан болған ақыл-ой дамуындағы кемшілік, психикалық дамудың кешеуілдеуі.

Күрделі кемшілік– физикалық немесе психикалық кемшіліктердің бірлігі.

Арнаулы (түзету) білім беру мекемелері –мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім беру мекемелері.

Арнаулы білім беру жағдайлары - мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жалпы білім беру мен кәсіптік білім берудегі арнаулы оқыту мен тәрбие жағдайлары.

Компенсация – сақталған аналиазаторлардың көмегімен дамудағы кемшіліктерді қалыпқа келтіру.

Коррекция – дамудағы анықталған кемшіліктерді түзетуге бағытталған арнайы педагогикалық көмек түрлері немесе әлеуметтік ортадағы түзете-дамыта оқыту процесі.

Емдік педагогика – арнайы педагогикадағы көзқарастар жүйесін медициналық тұрғыда қарастыру.

Реабилитация – бұзылған функцияларды медициналық, әлеуметтік, білім беру тұрғысынан қалыпқа келтіру процесі.

Абилитация – ерте жастағы балалардың дамуындағы функцияларды қалыпқа келтіру.

Скрининг – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды анықтау мақсатымен жүргізілетін жаппай стандартты түрдегі тексеру.

Мониторинг – білім саласындағы белгіленген процестің алға қойылған мақсат-міндеттерге сәйкестігін бақылау әдісі.

Педагогикалық зерттеу мен көмектіңсубъектісі-ерекше білімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі тұлға.

Арнайы педагогикалық көмек – арнаулы мамандардың басшылығымен ұйымдастырылған педагогикалық жағдайлар, ерекше білімді қажетсінетін балалардың жеке дамуын қамтамасыз етудегі оқыту мен тәрбиелеудің ерекше мазмұны, формалары, әдістері.

Халықаралық ғылыми қоғамдағы қабылданған терминдерге байланысты «аномальды бала», «аномальды даму» терминінің дұрыс, нақты түрі дефектологиялық сөздіктерде «ерекше білімді қажет ететін тұлға» терминіне ауыстырылып, «мүмкіндігі шектеулі тұлға» терминімен қатар қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың категориясын топтастыру былайша сипатталады:

· есту қабілеті бұзылған тұлғалар: саңыраулар, нашар еститіндер, кеш саңыраулыққа ұшырағандар.

· көру қабілеті бұзылған тұлғалар: соқырлар, нашар көретіндер.

· сөйлеу тілі бұзылғандар

· тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған тұлғалар

· психикалық дамуы тежелген балалар.

· интеллектісі бұзылған тұлғалар (ақыл-ой дамуы кешеуілдегендер)

· эмоциялық-ерік сферасы бұзылған тұлғалар(аутизм)

· тәртібі бұзылған тұлғалар (девиантты тәртіп)

· дамуында күрделі кемшілігі бар балалар.

Қазіргі кезде дамудағы кемшіліктерді топтастырудың белгіленген нақты принциптері жоқ. Арнайы психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кеңінен таралған (М.В.Власова мен М.С.Певзнер, В.В.Лебединский, О.Н.Усанова, В.Л.Лапшин мен Б.П.Пузанов) зерттеулерінде ұсынылған топтастыруларды қарастырып көрейік.

М.В.Власова мен М.С.Певзнердің еңбектерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тобы былайша сипатталады:

1. Сенсорлық кемшілігі анықталған балалар (есту қабілеті, көру қабілеті, сөйлеу қабілеті, тірек-қимыл аппараты және сенсорлық моторикасы бұзылған);

2. Психикалық дамуы тежелген балалар;

3. Астениялық немесе реактивтік жағдайдағы, конфликт жағдайындағы балалар;

4. Психопатиялық (эмоциялық-ерік қасиеттері бұзылған) күйдегі балалар;

5. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген (дебиль, имбециль, идиот деңгейіндегі олигофрен) балалар;

6. Психикалық аурулурдың алғашқы белгілері анықталған (шизофрения, эпилепсия, истерия) балалар.

В.В.Лебединский зерттеулерінде дамудағы кемшілік психикалық дизонтогенез проблемасы негізінде топтастырылады:

1. Жалпы тұрақты бұзылу ( мысалы, олигофрения);

2. Дамудың тежелуі (танымдық әрекет пен эмоциялық-ерік қасиеттерінің баяулауы);

3. Организмнің зақымдануы (тұқымқуалайтын аурулар, ұрықтық даму кезіндегі, туылу кезіндегі, туғаннан кейінгі инфекция, интоксикация, орталық нерв жүйесінің соққы алуы);

4. Дамудағы кемшіліктер (анализаторлық жүйелердің – көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы);

5. Белгілі психикалық функциялардың дамуындағы жеделдеу (ерте балалар аутизмі);

6. Дамудың дисгармониялығы, туа пайда болған немесе ерте балалық шақта пайда болған тұрақты психикалық даму (психопатия).

О.Н.Усанова дамудағы кемшілікті топтастыруды былайша көрсетеді:

1. Органикалық зақымдануға байланысты анықталатын дамуында кемшілігі бар балалар;

2. Функционалдық жетіспеушіліктің әсерінен болатын дамудағы кемшіліктер;

3. Психикалық депривация жағдайындағы балалар.

В.Л. Лапшин, Б.П.Пузановтың ұсынуы бойынша дамудағы кемшілікті топтастыру былайша сипатталады:

1. Сенсорлық қабілеті бұзылған тұлғалар:

- көру қабілеті бұзылған балалар;

- есту қабілеті бұзылған балалар.

2. Интеллектісі бұзылған тұлғалар (ақыл-ой дамуы кешеуілдеген, психикалық дамуы тежелген балалар);

3. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалар;

4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғалар;

5. Күрделі кемшілігі бар тұлғалар.

Әдебиеттер:

1. Головчиц Л.А., Сулейменова Р.А. Международная конференцияв г. Алматы "Специальное образование и социальная поддержка детей и подростков с ограниченными возможностями. Взаимодействие государственных и общественных структур". // «Дефектология» №1,2001, с.76-78.

2. Проект Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Алматы, 2000.

3. Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. - М., 1993.

4. Замский X. С. Умственно отсталые дети: история их изучения, воспитания и обучения с древних времен до середины XX века. -М., 1995.

5. Катаева А.А., Стребелева Е.А. Дошкольная олигофренопедагогика. - М.,1998.

№2 Дәріс тақырыбы: Дефектологияның пәндік салаларының дамуы

Мақсаты:студенттерге дефектология негіздері ғылымының шығу тарихы, дамуы мен қалыптасуы жайында ұғым беру

Тірек сөздер:дефектология, дефектологияның пәні, дефектологияның салалары, дефектолог-мұғалім.

Жоспары:

1. Дефектология ғылымының салалары

2. Дефектология ғылымыныңәдістері

Арнаулы білім беру жүйесін құруда, оның мүмкіндіктері мен тиімді жақтарына талдау жасауда, арнайы білім беру жүйесінің сапасын арттыруда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың саны, арнаулы білім беру мекемелерінің саны туралы мәліметтерге шолу жасаудың маңызы зор.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, балалар арасында кездесетін кемшіліктердің ішінде бірінші орынды (40%) білім алуда қиындыққа жолығатындар, екінші орынды интеллектісі (20%) бұзылғандар, үшінші орынды (20%) сөйлеу тілі бұзылғандар, қалған (20%) топты басқа кемшілігі бар балалардың саны құрайды.

Денсаулығы мен өмір сүру мүмкіндігі шектелген тұлғалардың 55%-ын ер адамдар құраса, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арасында 8-13 жас аралығындағы балалардың барлығында дамудағы кемшіліктер уақытынан кеш анықталған. Денсаулық сақтау туралы ғылыми орталықтың мәліметі бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың 10%-ын сау балалар құрайды. Функционалдық кемшіліктердің таралуы 70%-ды, қайталанбалы аурулардың саны 50%-ды, физиологиялық жетіспеушілік 60%-ды, дене салмағының жетіспеушілігі 20%-ды құрайтындығы анықталған.

Арнайы педагогиканың пәндік салаларын мыналары мына кестеде былайша беріледі:

сурдопедагогика
тифлопедагогика
олигофренопедагогика
m wbeONdxPEhDElTMt1xoOb+u7BxA+IBvsHJOGb/KwLK6vcsyMu/COzvtQixjCPkMNTQh9JqWvGrLo J64njr8PN1gM8RxqaQa8xHDbSZUkc2mx5djQYE9PDVWf+5PVsDmi8ivPr18v5Tq1z/59u9tMtb69 GVePIAKN4c8Mv/gRHYrIVLoTGy86DdMkjehBg0oViGiYLeYpiDIKajEDWeTy/4TiBwAA//8DAFBL AQItABQABgAIAAAAIQC2gziS/gAAAOEBAAATAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAABbQ29udGVudF9UeXBl c10ueG1sUEsBAi0AFAAGAAgAAAAhADj9If/WAAAAlAEAAAsAAAAAAAAAAAAAAAAALwEAAF9yZWxz Ly5yZWxzUEsBAi0AFAAGAAgAAAAhAG00/vdhAgAAdwQAAA4AAAAAAAAAAAAAAAAALgIAAGRycy9l Mm9Eb2MueG1sUEsBAi0AFAAGAAgAAAAhAN8I5oPgAAAACgEAAA8AAAAAAAAAAAAAAAAAuwQAAGRy cy9kb3ducmV2LnhtbFBLBQYAAAAABAAEAPMAAADIBQAAAAA= ">
Арнайы педагогика-ның пәндіксалалары
коррекциялық педагогика
логопедия

- сурдопедагогика - есту қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі ғылыми білімдердің жүйесін анықтайтын арнайы педагогиканың бір саласы;

- тифлопедагогика - көру қабілеті бұзылған тұлғаларға білім берудегі ғылыми білімдердің жүйесін анықтайтын арнайы педагогиканың бір саласы;

- логопедия- сөйлеу тілінің кемшіліктері туралы ғылым, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтаудың әдістері мен алдын алу шаралары арқылы арнайы оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы;

- олигофренопедагогика-ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесімен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы;

- тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы;

- эмоциялық-ерік сферасы бұзылған тұлғаларды оқыту және тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы;

- коррекциялық педагогика - білімді игеруде қиындықтарға кездесетін, әлеуметтік бейімделуі қиын тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеумен айналысатын арнайы педагогиканың бір саласы.

Аталған пәндік салалардың барлығы баланың жас ерекшелік кезеңдеріне қарай сараланады. Арнайы педагогикада тарихи даму кезеңдеріндегі өзгерістерге байланысты мектеп жасындағы балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын кең түрде зерттелген. Ал, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі әлі де болса зерттелу және даму деңгейінде болып отыр. Отандық арнайы педагогика үшін жаңа бетбұрыстар (0-ден 3 жасқа дейінгі) орталық нерв жүйесі органикалық түрді зақымданған ерте жастағы балаларды ерте диагностикалау, оларға ерте көмек көрсету жұмыстарына бағытталуда.

Дефектология ғылымындағымүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен ересектерді әлеуметтік-психологиялық қолдау мен арнаулы білім беру жүйесі әлі де даму үстінде. Дефектология ғылымымен оның пәндік салалары аралас ғылым салаларымен: философия, тарих, жалпы педагогика, әлеуметтік педагогика, арнайы психология, медицина, әлеуметтану, лингвистика, психолингвистика, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты.

Дефектология ғылымындағығылыми зерттеу әдістерінің қатарын бақылау, эксперимент, әңгімелесу, анкета, тест әдістері құрайды. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу, бала әрекетін зерттеу әдістері жатады.

Арнаулы білім беру жүйесінің теориясы мен практикасын қорытындылау үшін эксперименттік зерттеу әдістері маңызды болып табылады. Мұндай педагогикалық эксперимент жұмысы бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

- зерттеу мәселесін құру, мақсатын, зерттеу объектісі мен пәнін, зерттеудің болжамы мен міндеттерін анықтау;

-зерттеу әдістемелерін, қорытындыларды жүйелеу әдістерін құру;

-таңдалған эксперименттік тапсырмалардың көмегімен анықтаушы экспериментті жүргізу;

- сандық түрдегі қорытындылар мен анықтаушы эксперимент барысындағы мәліметтердің сапалық қорытындыларын анықтау;

- анықтаушы эксперимент қорытындыларын есепке алып, анықталған арнайы әдістемелер бойынша қалыптастырушы эксперимент жүргізу;

- бақылау экспериментіндегі зерттеу жұмыстарының тиімділігіне тексеру жүргізу;

- зерттеу қорытындыларын мәлімдеу, инновациялық технологияларды практикаға енгізу.

Ғылыми танымның негіздеріне байланысты арнайы педагогикадағы зерттеу әдістері теориялық таным әдістері мен эмпирикалық әдістерге бөлінеді.

-теориялық таным әдістері: профессиограммалық сипаттау, модельдеу, аксиоматизация.

-эмпирикалық әдістер – бақылау, әңгімелесу, эксперимент (лабораториялық, шынайы, қалыптастырушы және анықтаушы, психодиагностикалық әдістер (стандартты түрдегі тесттер, болжамдық тесттер, анкета, социометрия, интервью).

Дефектология ғылымында эмпирикалық әдістер жиі қолданылады. Эмпирикалық әдістерге сипаттама жасасақ:

Бақылау әдісі – педагогикалық құбылыстарды, оқушыларды жүйелі түрде зерттеуде қолданылатын мақсатқа бағытталған, кең таралған эмпирикалық әдіс. Бақылау қорытындылары хаттамаға тігіледі.

Әңгімелесу – вербальды (сөздік) қарым-қатынас жасау негізінде ақпараттарды игеру әдісі. Педагогика мен психология саласында бақылау әдісімен тікелей байланысты қолданылатын әдіс. Мысалы, баланың ойын әрекетін бақылауда экспериментатор оның ойынына бақылау жасайды, сонан соң баланың сүйікті ойындары, ойыншықтары туралы бірінші баламен, содан соң ата-анасымен, тәрбиешілермен әңгіме жүргізеді.

Эксперимент – арнайыпедагогикада көп таралған әдіс. Ол лабораториялық (арнаулы құралдардың көмегімен) және шынайы (қалыпты жағдайда) эксперимент болып бөлінеді. Эксперименттің көп тараған түрлері - анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент кезінде түзете-дамыта оқыту жағдайындағы баланың қарым-қатынасқа түсу, даму деңгейі, ауызша және жазбаша сөйлеу тілі, эмоциясы зерттеледі. Эксперимент жеке және топтық түрде жүргізілуі мүмкін.

Арнаулы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешуде пәндік салалар, олардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты анықталған арнаулы білім беру мекемелерінің түрлері белгіленген. Арнаулы білім берудегі әдістерді қолданып, оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастыратын мекемелердің түрлері, олардың қызметін регламенттуші нормативтік құжаттар бар. Қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының әрбір облысында орналасқан арнаулы мекемелердің қызметін реттеп отырады.

Әдебиеттер:

1. Головчиц Л.А., Сулейменова Р.А. Международная конференцияв г. Алматы "Специальное образование и социальная поддержка детей и подростков с ограниченными возможностями. Взаимодействие государственных и общественных структур". // «Дефектология» №1,2001, с.76-78.

2. Проект Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Алматы, 2000.

3. Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. - М., 1993.

4. Замский X. С. Умственно отсталые дети: история их изучения, воспитания и обучения с древних времен до середины XX века. -М., 1995.

5. Катаева А.А., Стребелева Е.А. Дошкольная олигофренопедагогика. - М.,1998.

№3 Дәріс тақырыбы: Дефектологияның философиялық негіздері

Мақсаты:студенттерге дефектологияның философиялық негіздері жайында мағлұмат беру.

Тірек сөздер:дефектология, дефектологияның пәні, дефектологияның салалары, дефектолог-мұғалім.

Жоспары:

1. Дефектология ғылымының философиялық негіздері

2. Дефектология ғылымыныңдамуындағы философиялық бағыттар

Дефектология ғылымында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген жоғарғы дүниетанымдық потенциалға ие тәжірибелер жинақталған. Дефектология ғылымының пәндік салалары арасындағы дифференциация процесі туралы сөз қозғағанда білімді интеграциялау, арнайы педагогиканың жалпы заңдылықтары туралы пікірлер арнайы педагогика ғылымындағы өркениеттің феномені ретінде ерекше білімді қажет ететін тұлғаларға деген қатынасты жалпы теориялық фактілер мен арнаулы білім беру жүйесіндегі эмпирикалық фактілер, түсініктер қажет.

Дефектология ғылымының біртұтас теориясын құру үшін дамуында кемшілігі бар балалар туралы мәліметтердің механикалық бірлігі емес, арнайы педагогиканың ішкі бірлігін қолдауға бағытталған ғылыми мәліметтердің мағыналы жүйесі анықталады. Аталған маңызды міндеттерді шешуде арнайы педагогиканың мәселелерін шешуге түрткі болатын, арнайы педагогиканың пәндік салалары арасындағы интеграцияны қарастыратын философия ғылымы маңызды орын алады.

Философиялық рефлексия өз деңгейінде арнайы педагогиканың даму перспективасын, концептуалды мәселелерін шешуге бағытталған. Дефектология ғылымындағы философиялық зерттеулер арнайы-педагогикалық әрекеттегі болжамдарды анықтау мен талдау, коррекциялық білім беру моделі мен идеяларының негізін құру, сыни тұрғыда талдау, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру жүйесінің даму перспективаларын анықтауды көздейді. Философия арнайы педагогика ғылымына қатысты біріншіден, педагогикалық құбылыстардың эволюциясын детерминациялайтын адам туралы жалпы түсініктердің жүйесін құрушы, құбылыстар мен түсініктердің әлеуметтік тұрмыстық табиғатын анықтаушы дүниетанымдық фундамент ретінде қарастырылса, екіншіден, арнайы білім беру процесінің қағидаларын қолдану тәсілдерін зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.

Дефектология ғылымындағы философиялық зерттеулердің бөлімдеріне сәйкес келесідегідей негізгі дүниетанымдық аспектілерді бөліп көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философиялық-антропологиялық, тарихи-философиялық, әлеуметтік-философиялық. Арнаулы білім беру жүйесінің тұрмыстық бірліктегі алатын орны онтологиялық аспект бойынша анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланыстарды анықтау үшін гносеологиялық аспект қызмет етеді. Арнаулы білім берудегі педагогикалық алғышарттар мен құнды болжамдарды түсіндіруде аксиологиялық аспект қызмет етеді. Философиялық-антропологиялық аспект көмегімен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруі, танымдық сапалық қасиеттері, ішкі жан дүниесінің ерекшелігіне ғылыми болжамдар жасалады. Тарихи-философиялық аспект негізінде өткен уақытта өмір сүрген философтардың арнайы педагогиканың мәселелеріне деген көзқарастарын реконструкциялау қызметі анықталады.

Дефектология ғылымының қазіргі жағдайын түсіну үшін құбылыстарды әлеуметтік контексте қарастыратын әлеуметтік-философиялық аспект қажет. Себебі, арнаулы білім беру мазмұны ерекше әлеуметтік статусты анықтай отырып, оның дамуы өркениетті трансформациялармен түсіндіріледі. Ұзаққа созылған перспективалар нәтижесіндегі әлеуметтік көрсеткіштер мен педагогикалық қызмет түрлерінің сапасына тәуелді екендігін есімізге ұстау арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жағдайын әлеуметтік қатынастар мен арнаулы білім берудің деңгейі турасында анықтаймыз.

Әлеуметтік-философиялық зерттеулердің өзектілігі дамудағы кемшіліктер экологиялық және әлеуметтік катаклизмдерде ерекше ғылыми мазмұндағы байланыстар құратындығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, арнаулы білім беру жүйесінің маңызды әлеуметтік қызмет түрлерін атқара отырып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды сауықтыру, өмір сүруге бейімдеу жұмыстарымен мен қамтамасыз ететіндігі белгіленген.

Әдіснамалық-философиялық негіздемелердің ерекшелігі мен арнайы педагогикадағы негізгі фактілер жалпы танымдық тәсілдермен, жағдайлармен байланыстылығы анықталған. Арнаулы білім беру жүйесіндегі түйінді мәселелердің қиындығы соншалықты, оны бір ғана білімнің құралдарымен шешу мүмкін емес, сондықтан осы мәселелердің философиялық негізінде нақты ғылымдағы білім көзіне талдау жасауды, интерпретациялауды, интеграциялауды қамтамасыз ететін пәнаралық қатынастар маңызды сипат алады. Осы және басқа да ғылыми болжамдардың орындалуы арнайы педагогиканың теориялық-әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, осы төңіректегі зерттеулердің мазмұнын тереңдетеді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды емдеу, оқыту мәселесі ежелден философтарды толғандырғанымен, аталған мәселе эпизодты және фрагментті күйде қалып отырды.

Алғашқы уақытта аномалия мен ауру түрі жалпы философиялық түсініктерден ажыраған жоқ, керісінше, осыған сәйкес адам өмірінің басқа да құбылыстарымен аралас түсіндіріліп, қиысып, осы турасындағы ғылыми пікірлер Гераклит Эфесский «ауру адам денсаулығына жайлылық» береді және адам өмірінің мақсаты одан арылу, сондықтан да ауру адамды емдеу жолдарын іздестіруге мүмкіндік бермейді деген болжам жасаған.

Кемшіліктерді түзету мен емдеудегі нақты тұжырымдар Платонның «Тимей» диалогында тән ауруының адам денесіне тиген алғашқы элементтердің әсерінен болады, жан ауруы (ақылдан айырылу мен мейірімсіздік) жағымсыз тәрбиенің әсерінен болады деп беріледі. Тірі нәрселердің денсаулығы мен сұлулығы Платонның пікірінше, жан мен тәннің бірлігі, олардың өзара тепе-теңдігі арқылы түсіндіріледі де, денедегі кемшіліктерді дәрімен емес, өмір сүру реттілігін қалыпқа келтіру арқылы шешуге болады деген нұсқау жасалады. Платонның «Государство» диалогында аномальды даму мәселесі әлеуметтік мәнге ие категория ретінде, ауру адамдарға деген қатынас пен қарама-қайшылықтарды туындатады. Спарталықтардың рухани дәстүрлерінде жан ауруына ұшыраған адам өмірінің барлық уақытында өзіне де, қоғамға да жарамсыз болып табылады деп көрсетілсе, екінші жағынан физикалық кемшілігі бар адаммен қарым-қатынасқа түсудің мүмкіндігі анықталады. Платондық концепция негізін тәрбие мазмұнында балаларды қабілетіне қарай саралау идеясының айқын көрсеткіші екенін ескерсек, бұл концепцияның негізі философиялық диагностиканың мазмұнын береді. Аристотельдің этикалық оқуларында бұзылу, қатыгездік, аз милылық және т.б. сияқты ауытқулар нақты қарастырылады. Аталған ауытқулар кемшілік немесе жетіспеушлік ретінде бағаланады. Аристотельдің пікірінше, бақытты өмір сүру үшін адам аталған жетіспеушіліктерден бойын аулақ ұстауы керек. Аристотельдің су мен ауаның адам өміріне қаншалықты қажеттігі, некеге отыру уақытының есепке алынуы, дүниеге бала әкелу уақытының ескерілуі, баланы дүниеге әкелудегі адам жасының оптимальды кезеңі, нәрестенің тамақтануы мен қозғалысы, аурудың алдын алу туралы берген нұсқаулары ерекше мәнге ие. Аталған сауықтыру жұмыстарының кейбірі, бала дүниеге келгенге дейінгі күннен бастап орындалуы керектігі туралы айтылады. Осылайша, аристотельдік философия адам дамуындағы кемшіліктердің алдын алу туралы ойлардан бастау алады.

Антикалық философтар Плутарх, Сенека еңбектерінде нақұрыс және ауру балалардан арылу дәстүрі туралы пікірлер келтіріліп, ортағасырлық еуропалық философиядағы аномальды адам дамуы христиандық сенім мен догманың қиысуында қарастырылады. Мысалы, Августин Ав­релийдің «ауру» түсінігі күнаһарлық үшін жазалаумен байланысты түсіндіріледі. Емдеу жұмыстары бұл ретте денедегі соққыларды қалыпқа келтіруде қолданылғанымен, жанның тазаруынан кейін қалыпқа келу деген ұғым оны басып отырады. Осы ретте қазіргі уақыттағы арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетудің маңызды бөлігі болып табылатын психокоррекцияның идеяларына тән образды көруімізге болады. Дамудағы кемшіліктерді түзетуде психологиялық бағыттағы көмек түрлерін қолданбай, кемшілікті жою мүмкін еместігі тағы бір мәрте дәлелденіп, дамуында кемшілігі бар тұлғаларды емдеу мен оқытудағы тәжірибелердің дамуы мен Жаңа дәуір кезеңінде дамудағы кемшіліктердің философиялық талдаулары сәйкестендіру, талдау жасау бағыты анықталады.

Соқырлар туралы ойларды француз ағартушысы Д.Дидро, Пюизода туғаннан соқыр математик Н. Саундерсоннің өмірбаянына сүйене отырып, адам бойындағы сезімталдық ерекшеліктердің, интеллектуалдық идеялар мен адамгершілік түсініктердің адамның дене құрылысымен, сезім органдарымен тікелей байланысты екендігі анықталған.

Медицина мен дефектология ғылымының эмпирикалық базасының кеңеюі дизонтогенез туралы теориялық түсініктердің мәнін, себептері мен формаларын бекітудің мазмұны дамудағы кемшіліктердің философиялық классификациясын, олардың тенденциясын құрудың қажеттілігі туындатады. И. Кант өзінің антропологиялық тұжырымдамасында ақыл-ойдың төмендігі мен жан ауруының классификациясын жасап, ақыл-ойдың бұзылуы жанның ауруы емес, жанның болмауы деп көрсетеді. Негізгі философтармен салыстырғанда И.Кант адам өміріндегі міндеттердің бірі қайырымдылық көрсету деп есептеп, осы төңіректегі еңбегін кедейлерге, мүгедектер мен ауруларға мемлекет тарапынан қайырымдылық көрсетуге арнайды.

Г.Ф.Гегельдің субъективті рухты зерттеу жүйесі объективті қарама-қайшылықтар кезінде туындайтындығымен сипатталады. Бұл контекс жүйесінде психикадағы патологиялық құбылыстар мәселесі қарастырылып, психикалық ауруларды емдеудің түрлі тәсілдеріне талдау жасалады.

Дамудағы кемшіліктерді, патологиялық дамуды, олардың этиологиясындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролін Ф.Энгельс материализм позициясынан қарастырып, адамның кедейлік өмірі күрделі ауруларға шалдығуына, өндірістегі бақытсыз жағдайлардың туындауына себеп болады деп түсіндіреді.

Дефектология ғылымының қалыптасуында мүгедектерге көмек көрсетудің жеткіліксіздігіне байланысты А.Шопенгауэрдің адам мінезінің өзгермейтіндігі, оны түзетудің мүмкін еместігіне болжам жасаған пікірі арқылы, коррекциялық-педагогикалық көмек көрсетуге деген жағымсыз жағдайлардың орын алғандығын байқауымызға болады. Бұл пікір төңірегінде Ф.Ницше түзету әдістерін табиғи жағдайларға қарсы тұру болып табылады, сондықтан да оның ешқандай да пайдасы жоқ деген пікір айтады. Ф.Ницше идеялары сонымен қатар, дамудағы кемшіліктерді компенсациялаудың мүмкіндіктері үшін ауруды жеңу жолдарын қарастыруға түрткі болды.

ХХ ғасырдағы әлеуметтік төңкерістер жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың көбеюі дүниетанымдық көзқарастар жүйесі негізінде олардың білім алуы мен даму мүмкіндіктерін қарастыруға бетбұрыс жасады. Аталған мәселені қарастыруды қазіргі батыс философиясындағы негізгі үш бағыт: экзистенциализм, психоанализ және постмодернизм өздерінің қарауына алады.

Экзистенциализм философиясындағы (К.Ясперс, А.Камю, Ж.П.Сартр және т.б.) ойлар патологиялық құбылыстарды тұрмыстық деңгейде қарастырып, оны шынайы жолмен жеңуді жөн деп санайды. Бұл бағытта адам еркіндігі мен бостандығы бірінші орынға қойылып, дүниеде бар нәрселердің иррационалдық күші, патологиялық феномендер кеңінен қарастырылып, оны танудың, білудің мүмкіндігі қиындады. Адам «тұрмыстағы негізгі шифрларды» танып, білуге қабілеттілікті қиын жағдайларда, өмір мен өлімнің арасындағы арпалыс кезінде ғана көрсете алады деп тұжырымдайды. Экзистенциалистердің ұсынған идеялары психотерапиялық тәжірибелердің дамуына маңызды түрде ықпал етті.

Психоанализ теориясы (З.Фрейд, А.Адлер, К.Г.Юнг және т.б.) невроздарды емдеудегі психоанализдік тәжірибелері туралы мәліметтер негізінде пайда болып, невроздық симптомдардың пайда болуы мәдениеттегі репрессивтік тежелулердің санасыздық импульстерімен байланысты, ал оларды емдеу саналы түрдегі интенциялар есебінен жүзеге асады дегенге болжам жасады. Арнайы педагогикадағы дамуында кемшілігі бар бала дамуы туралы А.Адлердің идеясы әлеуметтік жетіспеушіліктердің компенсациялануына бағытталады.

Постмодернизм теориясы (М.Фуко, Ж.Делёз және т.б.) қалыпты және патологиялық құбылыстар, ақыл мен санасыздықтың арасындағы шектеулердің болмауына сүйенеді. Медициналық мәтіндердің талдаулары негізінде аталған құбылыстар туралы ақпараттарды тану клиникалық тәжірибеде патологиялық иррадиация құбылыстары тұрмыстағы және санадағы түрлі жағдайлар арқылы жүзеге асады. Постмодернистік идеялар коррекциялық педагогиканың сыни түрдегі тенденцияларына негіз болды.

Отандық философияда арнайы педагогикадағы талдаулар жүйесінің реттілігі біртұтас ғылыми пән ретінде қарастырылғанымен, арнайы педагогикадағы кейбір мәселелер философиялық реңге ие болуда. Атап айтсақ, А.Г.Спиркиннің «патологиялық субъективтілік» сияқты зерттеуі сананың бұзылуы ретінде талданды.

Соқыр-саңырау балаларды оқыту теориясы Э.В.Ильенкова, Ф.Т.Михайлова, И.А.Соколянский мен А.И.Мещеряковтың соқыр-саңыруларды оқытудағы «біріккен әрекет арқылы» оқытуды пайдаланып жүргізген эксперименттерінің жетістігі, Э.В.Ильенкованың адам психикасының қалыптасуы мидағы процестердің көмегімен, адамның өмір сүру арқылы, баланың заттармен белсенді әрекетке түсуі арқылы қалыптасады деген түсініктері маңызды болып табылады. Соқырсаңырауларды оқытудағы материалдар Э.В.Ильенкованың, Д.И.Дубровскийдің мидағы нейродинамикалық процестер арқылы жинақталып, адамның рухани мәдениетінің формасы тарихи жолмен қалыптасады деп түсіндіріледі. Соқыр-саңырауларды оқытудағы талдаулар Ф.Т.Михайловтың пікірінше, адам санасының қалыптасуы қарым-қатынас пен әрекет деп талданады.

Наши рекомендации