Тақырып Сөйлем және оның құрылымы

Синтаксистің негізгі зерттеу объектілерінің бірі – сөйлем. Сөйлем – пікір алысуды, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың тұтас бөлшегі. Біздің өзгеге айтатын ойымыз мақсаты. Кейде біреуге естіген білгенімізді жеткізуді мақсат етсек, енді біреуден бір нәрсені сұрап білуді мақсат етеміз. Осындай мақсаттарымызды сөйлем құрай арқылы жеткіземіз. Сөздер сөйлем құрамына ену үшін өзара мағыналық синтаксистік байланысқа түсіп, өзара тіркесіп айтылады. Сөздердің осылай тіркесуінен сөз тіркесі, сөз тіркесінен сөйлем жасалады. Сөз де сөз тіркесі де сөйлем құраудың материалдары.

Сөйлем кейде бір сөзден де көп сөзден де жасалады. Сөз тіркесіненде жасалады. Түн. Айнала жым-жырт.

Сөз айналадағы объективті шындықтың адам сезіміндегі сәулесі ретінде жеке-жеке ұғымды білдірсе, сөз тіркесі олардың грамматикалық қарым-қатынасын білдіреді. Ал сөйлем сол жеке ұғымдарды байымдаудың (суждение) хабарлауды сұрауды білдіреді. Бірақ жеке сөйлем арқылы жеткізетін ойымыз аяқтала қоймайды. Оны аяқталған ойды білдіруін маңындағы сөйлемдер арқылы білеміз. Сөйлем бір сөзден не өзара байланысты бірнеше сөзден құралса да ол дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, басқа сөйлемдерден пауза арқылы ажыратылады. Сөйлемді сөз тіркесінен мынандай ерекшелігі арқылы ажыратамыз. 1. Сөйлем бір шама тиянақты ойды білдіреді. 2. Өзара байланысқан сөздерден, не сөз тіркесінен жасалады. 3. бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық қатынасты білдіреді. Айтылу интонациясы болады.

Жай сөйлемнің жеті түрге бөлінуі олардың грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінуі бастауышқа негізделеді: бастауышы бар сөйлем жақты болады да, бастауышы мүлде болмайтын сөйлем жақсыз сөйлем болып бөлінуі сол сөйлемнің дербес айтылуы я айтылмауына, басқаша айтқанда, қажетті мүшелердің бәрі де қатысып тұруына байланысты да, толымсыз болуы, бір жағынан, айтылуға тиісті бір я бірнеше мүшесі ыңғайына қарай түсіп қалуына байланысты.

«Жай сөйлемнің түрлері жайында түсінік» тақырыбында оқушыларға жай сөйлемнің жеті түрге бөлінетіні, олардың атаулары жайында қысқаша түсінік беріледі. Мұғалім жай сөйлемнің осы жеті түрінің алтауы өзара жұптасып: жалау және жайылма, жақты және жақсыз, толымды, толымсыз болып үш топқа бөлінеді.

ә) Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. Мысалы: Рақмет келді (с.е). Түн қараңғы (б.м.)

Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемның түрін жайылма сөйлем деп атайды.

Тұрлаулы мүшелерден (бастауыш пен баяндауыш) басқа бір ғана тұрлаусыз мүшенің болуы сол сөйлемнің жайыла айтылуы үшін жеткілікті болып табылады.

Мысалы: Бұлар клубтың алдына келген (с.м). Шақан Гутковскийдің үйіне атақты ғалым Семеновпен кездесіп, танысқаннан кейін, ғылым жолына бұрынғыдан да құштарлама түсті (с.б.).

б) Сөйлем ішінде бастауышы бар. Ол кейде айтылмай тұрсада, баяндауышы арқылы тауып алуға болатын жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз. Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз белгілі жақтың мағынада айтыларына дәлме-дәл үйлесімді болып айтылған не айтылмаған белгілі бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Ерлердің ессіздігін жырмаймыз біз!... біз оны білмейміз (Ж.Жұм). бастауыштары –біз. Осындай жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Мұрат, мені танимысың (сен). Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам, Қараңғылықтың кегіне, күн болмағанда кім болам (мен).

Кейбір жақты сөйлемдер белгілі бір жақсы нақтыланып айтылмай, үш жаққа да тән болып қолданады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе ІІІ не ІІ жақта тұрады. Мысалы: кешке келіншекті атасының үйіне әкеліп кіргізді. (Ы.Алтынсарин). Ол кезде көмірді қауғамен тартатын (Ғ.Мустафин). Осындай мағынасы ортақ (үш жаққа да) болып келген жақты сөйлем деп аталады. Жалпылама жақты сөйлемдер мақал-мәтелдерде жиі кездеседі. Мысалы: орынсыз талаптарға көне беруге болмайды. Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешіуге болмайды деген сөйлемдерде кім? Не? Сұрақтарына жауап болатындай бастауыштар жоқ. Мұндайда сөйлеуші мен тыңдаушыға істі ітеушінің кім екендігін көрсетуді қажеті болмайды да, істелуге я істелмеуге тиісті фактінің өзін ғана көрсету қажет болады. Ондай сөйлемдердің бастауыштың мағыналары көбіне үш жаққа бірдей ортақ болып ұғынылады, не болмаса олар біреуге арналып айтылса, сол біреу белгісіз субъект ретінде ұғынылады. Аталған сөйлемдердегі көне беруге болмайды деген сөздер күрделі баяндауыштарға жатады. Бұл баяндауыштардың бәріде, сырт қарағанда, үшінші жақта тұрғанымен, олардың әрқайсысы ІІІ жақта тұрған атау тұлғалы сөзбен қиялысып байланыспаған, сондықтан баяндауыш арқылы тиісті бастауышты та уып алып, ауызша да, жазбаша да орнына қою мүмкіндігі жоқ. Жақсыз сөйлемнің бір ғана тұрлаулы мүшесі, яғни баяндауышы ғана болады.

Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары күрделі болып келеді және олардың грамматикалық тұлғалары мынадай болады:

  1. –қы (-кі, -ғы) –гі жұрнақтары қалау райлы етістікпен көмекші етістіктің тіркесімен жасалады: Менің көрсеткім келмейді. (с.м).
  2. Барыс жалғаулы жай немесе тәуелді етістік пен бол, жара, тура, кел сөздерінің тіркесінен жасалады: қашқын болуымның басы: бір жерде тұрақтамауыма тура келді (Ғ.Мустафин).
  3. Жай не тәуелденген туйық етістік пен керек, қасиет, мүмкін, тиіс сөздерінің тіркесінен жасалады: Дәл осы арада он минут ішінде ше* жылға қартайған болуым керек. (Б.с)
  4. –ып, -іп, -п жұрнақты етістіктің көсемше түрі мен бол көмекші етістігінің тіркесімен жасалады: Кімнің келіп, кімнің кетіп жатқанын тіпті біліп болмайды.
  5. Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар тұрақты тіркестер (төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, екі езуі құлағында т.б.): Мысықтың мына кейінгі үй-жайын айтқандағы түріне Шоқанның көзі түсті. (С.Б.)

в) Ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел болып келген жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем деп атайды.

Мысалы: Енді өлең айтуға рет әуелі Ғалиға, сонан соң Жамалға келіп еді. (М.Д.). Сәрсенбай балалардың тәтті қылықтарын күле сөйлеп, ұзақ әңгіме етіп айтты (М.Ж).

Бұл келтірілген сөйлемдер болымды сөйлемдердің мысалдары. Демек сөйлем толымды болуы үшін сөйлемнің барлық бес мүшесінің қатынасуы шарт емес. Ең басты шарт –сол сөйлемнің құрамында (шарт) қажетті сөйлем мүшелерінің болуы. Осы тұрғыдан алғанда, сөйлем екі мүшеден тұрса да, үш мүше немес төрт мүшеден тұрса да толымды сөйлем бола береді.

Ал толымсыз сөйлемнің жайы сәл басқашарақ. Была йша айтқанда, сөйлемнің төрт мүшесі болып, ойға қажетті бір мүше болмай қалса, ол сөйлем – толымсыз. Енді бір реттерде сөйлемнің мазмұнына сәйкес сөйлем екі мүшеден тұрып, үшінші мүше болмай қалса, толымсыз болуы мүмкін.

Сонымен, сөйлем ойға қажетті мүшесі болмай қалған жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем деп атайды. Мысалы:

- Не мәселе туралы шақырғандарыңызды біліп тұрмын. – Білгеніңіз жақсы. Сізге бұл мәселе қонық па?

- Сондай қонық

- Ерін емдеуге бола ма?

- Болады (Б.Булқыш).

Мысалдардан көрініп тұрғандай, толымсыз сөйлем ыңғайында сөйлем мүшелерінің кез-келегн түсіп қала беруі мүмкін және мұндайқұбылыс диалогта жиі байқалады. Мәселен, бірінші сөйлемдегі не мәселе туралы шақырғаныңызды деген сөздер тобы (толықтауыш тобы) екінші сөзде түсіп қалып тұр, яғни екінші сөйлем толымсыз сөйлем. Сондай-ақ үшінші сөйлемдегі сізге бұл мәселе деген сөздер де төртінші сөйлемде болмай тұр. Мұндағы төриінші сөйлем толымсыз деген сөз.

Енді бір жағдайда толымсыз сөйлем сөйлемнің толық мүшесі ғана емес, сөйлем мүшесінің бөлшегі түсіп қалғанда да, жасалады. Бұл емдеуге бола ма? Деген сөйлем мен “Болады” сөйлем салыстырғанда көзге түседі. Айтайлық, алғашқы сөйлемнің баяндауышы емдеуге балама тіркесі екені рас. Оған жауап сөйлемде емдеуге сөзі қатынаспай отыр ғой. Шынында, ерін сөзін ғана емес, емдеуге сөзінің де қайталанбады “Болады” сөйлемінің толымсыз болуына мүмкіндік жасап тұр.

г) Бастауыш тұлғалы сөздер мен сөз тіркестері кейде арнайы ой екенімен, дауыс ырғағымен айтылады да, сөйлем ыңғайында қолданылады. Мысалы: қара құрың. Түтін. Қазан. Ит. Бала. Ию-қию. Баяу ескен қоңыр жел (Ж. Ай)

Айтыллған ой бір сөз не сөз тіркесі арқылы аталып, тұрлаулы мүшелері саралана алмайтын сөйлемді атаулы сөйлем дейміз.

Атаулы сөйлемдердің сыртқы тұлғасы атау формасында тұратындықтан бір оқиға, көрініс туралы айтылатын ойдың атын атап ғана көрсету арқылы жұмсалады. Атаулы сөйлемнің сөйлемдік белгісі контексті, басқа сөйлемдерден интонация арқылы бөлініп, жекеленіп айтылуы арқылы көрінеді. Мысалы: Республика сарайының кең, зәулім залы. Лық толған халық (С.Б.). иесіз қыстау. Ақан. Тілсіз бала. (М.Ж.).

Атаулы сөйлемдер дербес жұмсалмайды басқа сөйлем қатарында айтылады. Сондықтан, ондағы ой өздігінен аяқталмайды, айтылуға тиісті негізгі ойдың жалғасын керек етіп тұрады. Мысалы: Айдала. Көлдің биік қабағы. Әлсіз жел. Күн батып барады (Ж.Ай.).

Атаулы сөйлемдерде көбінесе мекендік, мезгілдік және заттық ұғымдардағы атаулар арқылы болмыстағы заттар мен құбылыстар бейнеленеді. Мұндай сөйлемдер қаламгердің тіліне көркемдік сипат беріп, болмысты, табиғаты суреттеудің ерекше стильдік бір тәсілі ретінде көркем әдебиетте жиі ұшырасады. Мысалы: Тағыда жұмыс. Қара жұмыс. Жаяу жүріс (Ж.Ай.).

Сөйлеу тілі, оны меңгеру, игерту – қазақ тілі әдістемесіндегі басты да негізгі мәселе. Тіл үйренуге тілдік заңдылықтарға сүйенген, жүйеленген баспалдақтары бар. Сондай негізгі баспалдақтардың бірі – сөйлем құрау. Сөйлемнің түрі көп, ал сол сөйлемдерге негізінен, тірек болатын – жалаң сөйлем.Жалаң сөйлем – жай сөйлем түрлерінің ішіндегі ең қысқада нұсқасы. Тіл үйренушілер үшін жалаң сөйлем – сөздер мен сөйлемдер арасындағы көпір іспеттес, яғни - ол тіл үйренудің басты кілтерінің бірі.

Жалаң сөйлемдердің тілдік заңдылықтарын жүйелі меңгерген студент сөйлеу тіліне тез бейімделіп кете алады, өйткені жалаң сөйлем бүкіл сөйлем түрінің негізі болып саналады. Сондықтан да сөйлем құраудың, оны меңгерудің бастамасы осы жалаң сөйлемді үйренуден басталады.

Қү.рмалас сөйлемиің жай сөйлемге ұксас жақ-тары да, одан айырым жақтары да бар. Кұрмалас сөй-лем де, жай сөйлем сияқты, бірдеме жайында хабар бе-ру үшін қолданылатын синтаксистік конструкция болып саналады. Жай сөйлемпің сәздердің орналасу тәртібі және интонация арқылы түлғаданатыны сияқты, құр-малас сөйлем де езін кұрастырушы компонснттердін ор-наласу тәртібі жәнс интонация арқылы тұлғаланады.

Кұрмалас сөйлем жай сөйлемнен әзін құрастырушы компоненттердің табиғаты мен сипаты жағынан ажыра-тылады. Жай сөйлем сөздердің формаларынан, олардын тіркесуінеи кұралса, кұрмалас сәйлем жай сөйлемге тән касиеттері бар компоненттерден құралады. Құрмалас сөйлемді құрастырушы компонеиттер иредикативтілік категорияға ие болады. Анығырақ айтқанда, құрмалас сөйлем предикативтілік қасиеті бар единицалардан құ-ралады. Предикативтілік категориясы предикативтілік единицалардың құрылымы аркылы нс олардың өзара тіркескен жиыптығы, яғни құрмалас сөйлемнің жаса-луы арқылы берілуі мүмкін 207. Мысалы: 1. Кеше жаң-быр жауып еді, бүгін қар жауды. 2. Малшылар қыста — қыстауды, жазда— жайлауды мекендейді. БіріншІ кұрмалас сөйлемді карастырушы предикативті единица-лардың екеуі де жай сөйлемдердің құрылымдық үлгісін қайталаса, екінші құрмалас сөйлемде жай сөйлемнің құрылымдық үлгісін қайталайтын — тек соңғы единица (жазда жайлауды мекендейді), ал алдынғы (бірінші) единица (малшылар қыста қыстауды) синтаксистік шақ-тык мағынаға құрмалас сөйлемнің кұрамына енудін жә-не соңғы едипицамен өзара қарым-катыпаска түсудіп нәтижесінде гана ие болады. Бірінші құрмалас сөйлем өзінс тән құрылымдық үлгісі бар предикативті едини-цалардан жасалса, екіпші сөйлемнің құрамындағы бі-рінші предикативті единицанын өзіне тән құрылымдық үлгісі жоқ, ол соңғы предикативті единицанын кұрылым-дық үлгісіне негізделген.

Қүрмалас сөйлем компоненттсрінің арасындағы бай-ланыс салалас байлапыс және багыныцқылы байланыс түрінде болуы мүмкіп. Осыган орай, кұрмалас сөйлем-дер салалас құрмалас сөйлем және сабақтас (бағыныц-қылы) қүрмалас сөйлем бол.ып екі топқа бөлінеді.

Салалас құрмалас сөйлем деп кұр.астырушы комио-ненттері салаласа байланысқан сөйлемді айтамыз. Са-лалас құрмалас сөйлем іштей ашық құрылымды және жабық құрылымды салалас сөйлемдер болып бөлінеді. Ашық құрылымды салалас құрмалас сөйлем екі, үш не одан көп компоненттердің ашық қатарларынан жасала-ды. Мысалы, Жаңбыр жауды, оюер көгерді деген ашық құрылымды салалас сөнлемніц құрамыпа үстсме компо-ненттер қосылып, оныц іргесі кеңейе түсуі мүмкін. Мы-салы: Жаңбыр жауды, жер көгерді, күн жылына баста-ды, шаруалар жер жыртуға кірісті. Ал жабық құрылым-ды салалас сөйлем екі компопенттің тіркесуінен құрала-ды да, оның құрамына үстеме компоненттер қосыла алмайды. Мысалы: Күріш түқымы суға қолмен себіледі, өйткені сеялка суға жүре алмайды (С. Мұқанов). Ашық құрылымды салалас құрмалас сө$лем бірнеше преди-кативті единицалардыц жалғаулықтар арқылы байла-нысуынан да, жалғаулықсыз байланысуынан да жасал-са, жабық кұрылымды салалас құрмалас сөйлем екі предикативті единицаның тек жалғаулық арқылы бай-ланысуынан жасалады. Сабақтас құрмалас сөйлем деп құрамындағы компоненттерініц бірі екіншісіне бағына байланысқан сөйлемді айтамыз.

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді іштей топтастыруда орыс тіл білімінде кұрылымдық және семантикалық белгілер негізге алынып, осыган орай, бұл классифика-ңия құрылымдык-семантикалық классификация деп ата-лып жүр. Сабақтас құрмалас сөйлемді оны кұрастырушы компоненттердің ара қатысы тұрғысынан топтастыруда алғашқы қадам жасаған лингвист В. А. Богородицкий 1) бағгынынқының, неге қатысты екендігін, 2) сөздердің қандай формаларының (және интонаңия мен баска тәсілдерініц) қолданылуын және 3) басынқының белгілі бір мүшесінін емес, бүтіндсй бағыныцқының қандай мағыналық реңкке ие болатыпдығын ескеріп, сабақтас құрмалас сөйлемді классификациялауда бағыныңқының басыңқыға мағыналық қатысын негізге ала-ды. Сабақтас күрмалас сөйлемгс құрылымдық-ссманти-калық классификация -жасауда мол еңбек еткеп линг-вист Н. С. Поспслов214 сабактас қүрмалас сөйлемді екі мүшслі (двучленный) және бір мүшелі (одночлен-ный) деп екі үлкен топқа бөледі. Н. С. Поспеловтің пікі-ріншс, бұл екеуіиің арасындағы айырмашылық басың-қы компонент пен бағыныңқы комиоиенттіц арасындағы байланыстың сипатына келіп тіреледі. Екі мүшелі сөйлемде бағыныңқы компонент бүтіндей басыңқы компо-нентке катысты болса, бір мүшелі сөйлемде бағынынкы компонент басыңқы компоненттің бір сөзіне (немесе сөз тіркесіне) ғана қатысты болады да, оны дәлдей немесе толықтыра түседі.

Құрмалас сөйлемдерді топтастыруда әрбір тілдін немесе тілдердіц әрбір тобының грамматикалық құрылысындағы ерекшеліктер есепке алынуы кажет. Мұнымен бірге, түрлі тілдердегі құрмалас сөйлем жүйесіндегі ортақ бслгілер мен ұқсастықтар да ескерілуі керек.

Негізгі әдебиеттер

· Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. – М., 1999.

· Аханов К. Тіл білімі негіздері. – Алматы, 1973;

· Аханов У. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Жазушы, 1996

· Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Білім, 1998

· Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы, 1985.

· Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, Жазушы, 1999

Қосымша әдебиеттер

· Головин Б.Н. Введение в языкознание. – Москва: Высшая школа, 1977

· Кодухов В. Введение в языкознание. – М.: Высшая школа, 1997

· Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, Жазушы, 1997

· Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. – Алматы: Мектеп, 1995

· Хасенов Ә. Тіл білімі. – Алматы: Мектеп, 1996

· Амирова Т.О., Ольховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики. – М., 1975.

· Барт Р. Избранные работы: Семиотика. Поэтика. – М., 1994.

· Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М., 1979.

· Выготский Л.С. Мышление и речь. – М., 1996.

· Гак В.Г. Языковые преобразования. – М., 1998.

· Кривцун О.А. Эстетика. Учебник для гуманитарных вузов и факультетов. – М., 2003.

· Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. – Алматы, 2004.

· Мелетинский Е.М. О литературных архетипах. – М., 1994.

· Мечковская Н.Б., Плотников Б.А., Супрун А.Е. Общее языкознание. Сущность и история языка. – Минск, 1993.

· Миловидов В.А. От семиотики текста к семиотике дискурса. – Тверь, 2000.

· Общее языкознание. Внутренняя структура языка. / Под общей ред. Б.А.Серебренникова– М., 1972.

· Потебня А.А. Теоретическая поэтика. – М., 1990.

· Сулейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. – Алматы, 1989.

· Аракин В.Д. Типология языков и проблема методического прогнозирования. – М., 1989.

· Баранникова Л.И. Введение в языкознание. – Саратов, 1973

· Истрин В.А. Возникновение и развитие письма. – Москва: АН СССР, 1965

· Мурат В.П. Введение в языкознание. – М., 1973

· Сыздықова Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Жазушы, 1997

· Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу тарихы. – Алматы: Мектеп, 1987

· www. edu.gov.kz

· www. naukakaz.kz

· www. science.kz

· www. kazsu.kz

Наши рекомендации