Зерттеу жұмысының нысанына Астана қаласының №15 мектеп-лицейінің 2 «Ә» сыныбы алынды.

Пәні:Қазақ тілі

Тақырыбы:«Бас әріппен жазылатын сөздер»

Сыныбы:2«Ә»

Мерзімі:08. 02. 2016 жыл

Мақсаты:Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Жер – су аттарының бас әріппен жазылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс, түсініп оқуға үйрету.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың іскерлік, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын .

Көрнекілігі:А4 парақшасы, мақал-мәтел.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ойын: «Кім жылдам?» ойыны

Машықкер оқушылардың зейінін, есту, қабылдау қабілеттерін тексеру мақсатында оқушылармен «Дене мүшелерін тап?» ойынын ойнатады. Машыққер дене мүшелерін тез атау арқылы оқушылардың жылдамдақтарында тексеріп шығады.

Оқушылардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеремін.

II. Үй тапсырмасын тексеру.Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Зат есім дегеніміз не?

2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

3. Мысалдар келтіріңдер.

III. Жаңа сабақ:

Бас әріптен басталатын сөздерге жер-су, өзен-көлдердің, адам есімдері үлкен есімдермен жазылады.

Дәптермен жұмыс: 1-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.

Менің фамилиям- ... . Атым - ... . Әкемнің аты - ... . Шешемнің аты - ... . Мен өз отбасымды мақтан етемін.

Оқулықпен жұмыс. 2-жаттығу. Ауызша. Жаңылтпашты жатқа айт.

-Дұрыс! – деп Тұраш айтты,

-Бұрыс! – деп Бораш айтты.

-Жалған! – деп Жарас айтты,

-Рас! – деп Рәш айтты.

Қайсысы жалған айтты?

Қайсысы рас айтты?

Қ. Мырза Әли

Өзіндік жұмыс.3-жаттығу.

Өзің жақсы көретін үй жануарлары мен хайуанаттары туралы қысқаша әңгіме жаз. Оларға ат қой.

Тақтамен жұмыс: 4-жаттығу.Мәтінді оқы. Жер-су аттарын теріп жаз.

Қарағанды қаласы Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан. Ол – өндірістік қала. Өнеркәсібінің басты саласы – таскөмір өндіру. Қала Бұқпа өзенінің жағасында тұр. Қаланы сумен Нұра өзені, «Ертіс-Қарағанды» каналы қамтамасыз етеді.

Жер-су аттары: Қарағанды, Сарыарқа, Бұқпа, Нұра.

IV. Сабақты бекіту:

Көрнекілікпен жұмыс:А4 парақшалары таратылады.

Өзің білетін жер-су аттарын жаз;

Зендер: ..., ..., ..., ... .

Көлдер: ..., ..., ..., ... .

Алалар: ..., ..., ..., ... .

Таулар: ..., ..., ..., ... .

Адам есімдері: ..., ..., ..., ... .

VI. Сергіту сәті.

Ұшты-ұшты құлын ұшты.
Ұшты-ұшты мұрын ұшты.
Ұшты-ұшты кептер ұшты.
Ұшты-ұшты дәптер ұшты.
Ұшты-ұшты қарға ұшты.
Ұшты-ұшты арба ұшты.

VII. Қорытынды.

«Қыл көпір»ойыны

Бұл ойында оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

VIII. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау .

IX. Үйге тапсырма.

134-бет, 5-жаттығу.

Эксперимент барысында мұғалім оқушының сабақтағы әрбір әрекетін алдын – ала жоспарлау арқылы оның ойлау, болжау, тұжырымдау секілді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастырады.

Сабақтың нәтижесінен мейлінше жоғары көрсеткішпен шығу үшін, оны бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңіл аударуы қажет, нені біліп, нені игеріп шығатыны туралы толық мағлұмат беріледі.

Сабаққа осындай дайындықпен қатысқан оқушы одан көптеген

жаңалықты, қызықты материалдарды күтеді. Мұғалімнің міндеті – оқушының осы үмітін ақтау, оның маздап жануына қажетті бағыт беру.

Зерттеу-эксперимент жұмысының мақсаты – қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстарға оқушыларды баули отырып, шығармашылық қабілеттері мен іздемпаздықтарын дамыту.

Зерттеу жұмысындағы әрбір сабақ мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай мынандай түрлерге сай етіп өтті:

1) Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар – мазмұны әр түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырылатын жаттығулар.

2) Өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интеллектілік жұмыстар.

3) Өзіндік істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады, проблемалық мазмұнда болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.

4) Өзіндік істейтін шығармашылық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өзіндік жұмыс істеудің ең жоғарғы сатысы болыр табылады.

Сабақта оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оқушыларды өзіндік жұмысқа үйрету жолдары:

1. Оқулық бойынша өзіндік жұмыс.

2. Оқулықты жаңа материалды өтумен байланысты пайдалану.

3. Теориялық материалды түсіндіру алдында немесе соңында өткізілетін өзіндік жұмыс.

4. Әр алуан жаттығуларды орындағанда кітап бойынша жұмыс істеу деген сатылар бойынша жүзеге асырылды.

Оқушыларды өздік жұмысқа баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолдандық:

1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.

3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.

4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.

5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.

6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.

7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы).

8. Өлең, мақалдар құрастыру.

9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.

10. Кейіпкерге мінездеме беру.

11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу.

12. Рөлге бөліп оқыту.

13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)

14. Диалог-ертегі.

15. Образға кіру.

Өздік жұмысты ұйымдастыруда жүргізген диктанттар түрлері.

1. Суретті диктант. Бұл диктантты түрлендіріп өткізуге болады. Мысалы, суреттегі заттың атын ататып, ондағы сөзде неше дыбыс болса, сонша тор көз сыздыру. Немесе суреттегі заттарды атап, дауысты дауыссыз дыбыстарды көк не қызыл дөңгелекпен белгілеу, суреттегі заттарды буынға бөлгізіп жаздыру. Айтып отырып жазу әдісін қолдану.

2. Сөздік диктанты. Сөздік диктантын күрделендіріп алдық. Бірнеше сөздер жаздырып, осы берілген сөздердің жұрнақ, жалғауын сызба арқылы ажыратып шықты. Бұл жерде сөздік диктанты графикалық диктантпен байланыстырдық.

3. Шығармашылық диктанты. Үйрету диктанттар ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын білім деңгейімен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктер болды. Мысалы:

1. Ауамен, біз, дем, аламыз.

2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.

3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар.

4. Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып

Бұл жерде сөзді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрап жазу керек.

4. Терме диктант. Бұл диктант түрі белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізілді. Мұнда диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескерттік. Оқушылар мәтінді дұрыс жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мысалы, оқушыларды үш топқа бөліп деңгейлеп тапсырма бердік.

І топ: заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазу.

ІІ топ: тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазу.

ІІІ топ: жіктелген сөздерді теріп жазу.

5. Өздік диктанты. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөзбен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.

Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктантын қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Мысалы, көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру.

Көктем… Қар… Жер… Жаңбыр… Найзағай… Құстар туған жерге… Арықтарда су…

6. Бақылау диктанты. Бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенінің анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бұл диктант белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін өткізіледі. Ол төмендегіше жүргізіледі:

- Диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі.

- Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзілісте тақтаға жазып қояды.
- Диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алуын ескертеді.

- Егер диктант мәтіні жеке сөздермен сөз тіркестерінен немесе байланысты сөздерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім 3 рет қана қайталап оқиды.

Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отырғанан қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен келесі сөйлемді оқиды.

- Оқушылар түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.

Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіздік. Енді осы өздік жұмысқа неізделен шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік.

І.Қате құрылған мәтінді, сөйлемдерді орын-орнына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта құрастырып жазу керек. Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де, жылды кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлап табады. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты.

Олардың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәлелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Сонан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.

Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегіні қалай басталып қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде жазып беру жеңіл болады.

ІІ.Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту. Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалім үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Мұраттан басқа ешкім қалған еді. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады.

Оқиғаны әр бала бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойларымен аяқтауға қажет. Әңгіме соңынан Мұраттың іс-әрекетіне баға беріледі. Мұраттың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? деген сұраққа оқушылар дәлме-дәл нақты жауап беріп жатты.

ІІІ. Сөз туынды шешу, артық сөзді алып таста.

1. я,м,а,у,и,ғ,а (Мағауия)

2. й,а,қ,ы,б,а,л (Ақылбай)

3. қ,ш,у,ы,а,н,т,а (анықтауыш)

4. о,й,а,д,а,ғ (одағай)

5. й,ө,е,м,с,л (сөйлем)

Түсінік: Оқушы берілген әріптерден әр қатар бойынша бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін шығаруы тиіс. Яғни артығын алып тастау керек.

ІV. Буынды тап.

1. жұм…ша (бақ) жұмбақша

2. тыр…ша (нақ) тырнақша

3. дом…ра (бы) домбыра

4. қар…ғаш (лы) қарлығаш

5. жел…сан (тоқ) желтоқсан

Түсінік: Оқушы бір-бір сөз шығаруы тиіс ол сөздерден мағынасы бөлегін алып тастау керек.

V. Мағыналас сөздер.

Берілгені Жауабы

1. Батыр… тоқым ер

2. жылқы…есім ат

3. аспан…түс көк

4. әлем… зат дүние

5. бәйге… айтыс жары

VІ. Сөз тізбектерін жазу (ассоциация)

1. мектеп… парта, орындық, мұғалім

2. оқушы… дәптер, мектеп, кітап

3. қазақ тілі… жаттығу, сөйлем, тыныс белгісі

4. теледидар… үй, диван, ата-ана

5. мұғалім… жаңа сабақ, жетекші, ақылшы

Түсінік: Оқушы берілген тапсырмаға қауымдасатын басқа да сөзде жазуы мүмкін, егер ол қауымдастыққа кіретін болса, берілген жауаптағыдай болу керек деген ұғым болмасын. Ол оқушыға, мұғалімге нұсқау ғана.

VІІ. Суретті ертегі құру тапсырмасы.

Зерттеу жұмысының нысанына Астана қаласының №15 мектеп-лицейінің 2 «Ә» сыныбы алынды. - student2.ru

VІІІ. Өздік жұмысқа неізделген тағы бір шығармашылық жұмыс түрі:

1) образға кіру,

2) талдау және қиялдау,

3) суырыпсалма ақын,

4) диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.

Зерттеу жұмысының нысанына Астана қаласының №15 мектеп-лицейінің 2 «Ә» сыныбы алынды. - student2.ru

Қорыта келгенде, зерттеу жұмысымда оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында икемділіктер мен дағдылары қалыптасып, біліктілігін дамытуды педагогикалық, психологиялық ғылымдар бойынша анықтап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруда әр түрлі жұмыс түрлерін жүйелі жүргізудің нәтижесінде зерттеуге алынған сынып бойынша жоғары жетістіктерге жеттік. Оны мына көрсеткіш бойынша көруге болады.

Оқушылардың өздік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру деңгейінің көрсеткіштері

Деңгейлер Экспериментке дейін % Эксперименттен кейін %
БС ЭС БС ЭС
Жоғары Орта Төмен 9,2 20,7 35,1 10,6 25,4 39,0 20,4 26,0 38,6 29,3 41,6 33,1

Экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі сараптаулар нәтижесі оқушылардың қазақ тілі сабағында өздік жұмыстарын ұйымдастыруға бағыттылған, қалыптасу деңгейі бақылау топтары мен эксперимент топтарында әрқалай жоғарылағанын көрсетеді.

Орытынды

Қорыта келгенде, оқушылардың өздік жұмыстарының өздiгiнен орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану тиiмдi болып табылады.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын өз бетінше орындау бiлiктiлiгi, олардың белсендiлiгiн арттырып, ұқыптылыққа, ұстамдылыққа, өз бетінше іздене білуге үйренеді.

Өздік жұмыстарды орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру моделi компоненттер, ерекшеліктер мен көрсеткіштерден құралады. Модель оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру барысында бiлiм, бiлiктiлiк, дағды деңгейiн анықтауға негiз болады.

Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары дегеніміз - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс.

Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш – жігерін жұмылдыра отырып шешуші және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек, оқушылардың өзіндік істетейтін жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған өз бетінше жұмыстар үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой, күш-жігер, білімі мен қабілеті жұмсалады.

Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздік жұмысқа әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көз жеткізуге болады. Мысалы: кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады.

Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Өз беттерінше жұмыс жасауға үйретуде негізінен кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру және тапсырманы өзіндік жұмыс істей біуге, орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге ерекше жағдайлар жасау болып табылады.

Жаңа материалды игерумен байланысты әр алуан жаттығулар жүргізу сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу. Сондықтан ондай тапсырмаларды үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Бұдан шығатын қорытынды:

1) Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуі үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек.

2) Оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары ой-әрекет дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады.

Енді осы қорытындыға байланысты мынандай екінші мәселе туады: оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарының бәрі бірдей оның ой дербестігін дамыта, қалыптастыра ала ма? Мысалы, У-УІІ сыныптарда оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді, жасалған жоспар бойынша цитаттар, үзінділер жаттайды, оқыған мәтінінің мазмұнын айтып береді, жолдастарының жауаптарын толықтырады, сұрақтар береді т.б.

Оқушының бұл сияқты оқыға қатысы өзі істейтін жұмыстары оқу процесінде олардың белсенділігін туғызып, сол арқылы сабақтың әсерлілігін арттырады, оқушының қабілеті ұштап, жұмыс дағдыларына үйренеді.

Біздiңше, өзіндік істелетін жұмысты есепке алудың жолдары болуға тиiстi: сынып бойынша қысқаша байқау әңгiмесiн өткiзу және оқушылардан ауызша сұрау, көлемi ықшам жазбаша бақылау жұмыстарын өткiзу немесе жаттығулар орындату т. 6.

Оқушылардың бұл жөнiндегi бiлiмi мен жаттығу дағдыларына бағалар қойылып отырады. Бұл жұмысты оқушы ешкімнің көмегінсіз, жеке өзінің күшімен ғана орындап шығарады. Міне, бұл шын мәнінде оқушының өздігінен істеген жұмысы болып табылады.

Дебиеттер тізімі

1. Ахатаева К.Б. Жоғарғы сынып оқушыларының өз бетінше жұмыстарды

орындау біліктілігін қалыптатыру / Алматы. -Автореферт.-2007. – 35б.

2. Боранбаева З.К. Әдіс – тәсілдер барысындағы оқушының іс-әрекеті

// Бастауыш мектеп. – 2000. - № 12. – 28 – 30.

3. Илина А. Педагогика / Москва. Проссвещение. – 1985. – 195.

4. Қазақ тілі бойынша оқу-әдістемелік кешен /А.Құрманова.,

Р.Молдағалиева., И.Қайырбекова., т.б. Қазақстан Республикасының Білім

және ғылым министрлігі, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік

университеті. – 2008.-169б.

5. Қасымбеков Ә. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің кейбір

жолдары /Алматы: «Мектеп». – 1989. – 200б.

6. Намысбаева Е.Н. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру //Бастауыш мектеп.

-2004.-№4.-13-15б.

7. Оразбаева С.С. Оқушылардың сабақта өзіндік жұмысын ұйымдастыру

//Ұлағат.-2003.-№1.-21-22б.

8. Рахымбаева Н. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын сабақта

ұйымдастырудың жолдары // Бастауыш мектеп. – 1999. - № 10. – 30.

9. Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі / Алматы. Ана тілі. – 1998.

– 180б.

10. Сүлейменова Р. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың

ерекшелігі //Хабаршы педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2006. - № 1.

– 64б.

11. Шоқай С.С. Оқушылардың шығармашылыққа итермелейтін – өздік

жұмыс // Бастауыш мектеп. -2006.-№2.-10-11б.

12. Ырысбаева Н.Н. Бастауыш сыныпта оқушыларыдң өзіндік жұмыстары

//Бастауыш мектеп.-2002.-№4.-8-9б.

13. Ырыздық А.А. Сабақтағы өзіндік жұмыстар //Бастауыш мектеп.-2007.

-№3.-17-18б.

14. Уатаева Э. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыру // Мектептегі технология. – 2007. – № 11. - 55б.

Наши рекомендации