Балалардың негізгі қимыл іс – әрекеттері

Негізгі қимыл жаттығулары:

Жүру:- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;

- бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып;

- заттарды аттап, заттар арасымен;

- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);

- тәрбиешінің белгісімен тоқтап;

- қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен;

- шашырап, заттар арасымен;

- жүгіруді алмастыра;

- адымдап алға қарай жүру;

- «жыланша» ирелеңдеп;

- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа қолға ауыстырып қысқа және кең адымдап;

- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып.

Жүгіру:

- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;

- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі жақта бұрылыс жасап;

- заттарды аттап, тізені жоғары көтеріп жиі және кең адымдап заттар арасымен;

- заттар арасымен шашырап;

- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен;

- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып, сапқа қайта тұрып;

- кедергілерден өтіп;

- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен - баяу, жылдам, орташа қарқынмен тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;

- қағып алу және жалтара отырып;

- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;

- 320 м дейін қиылысқан жермен баяу;

- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа (қашықтығы 20 м) жүгіру;

- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен алмастыру;

- барынша тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20 метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);

- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;

- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып;

- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).

Секіру:

- бір орында тұрып, алға қарай;

- тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап;

- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттың үстімен (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;

- жіптің үстінен;

- түзу бағытта (ара қашықтығы 6 м);

- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымеy

- оң және сол аяғын кезектестіріп;

- 30 см биіктіктен белгіленген жерге секіріп түсу;

- 20 см биіктіктегі зат үстіне;

- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);

- бір орыннан ұзындыққа (80 см кем емес);

- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см кем емес);

- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см кем емес);

- шахмат тәрізді қойылған ағаш кірпіштерден (арақашықтығы 50 см), толтырылған доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;

- алаңның ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа алға жылжып;

- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ыршып-ыршып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдыра отырып және қос аяқтап ыршып секіруді алмастырып алға, артқа секіру;

- бір орында жатқан, айналып және теңселіп тұрған секіртпеден;

- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;

- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап;

- қос аяқтап, аяқтың оң бүйірімен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып сол бүйірімен секіруді жалғастыру.

Лақтыру, қағып алу, домалату:

- қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен

лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (10 реттен кем емес) допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу;

- допты бір қатарға қойылған заттар арасымен домалату;

- 3-4 м арақашықтықтағы нысанаға допты, қапшықты, тасты, асықты дәлдеп лақтыру;

- 3-4 м арақашықтықтан қапшықты тік нысанаға иықтан асырып, оң және сол қолмен лақтыру;

- қапшықтарды себетке, алысқа көздеп тастау, бір қолымен қапшықты төменнен құрсауға, екі қолмен допты алысқа лақтыру;

- допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра лақтыру;

- тізбектеліп және тізерлеп тұрып допты бір-біріне қос қолымен басынан асыра лақтыру;

- 3 м арақашықтықта тізбектеліп допты төменнен қос қолдап, кеудеден және төменнен лақтырып, қағып аларда қолды шапалақтау;

допты қос қолдап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м) алып жүру, алға қарай (арақашықтығы 5-6 м) жүру;

- алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4-5 м);

- сақинаны лақтырып таяққа кигізу;

- допты қос қолмен себетке лақтыру;

- кішкентай допты бір қолымен лақтырып, екі қолмен қағып алу;

- допты бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен қағып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен қағып алу.

Еңбектеу және өрмелеу:

- биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен еңбектеу;

- гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу;

- көлбеу басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, сатыдан ұстай отырып қайта түсу;

- қатарынан қойылған биіктігі 50 см 3-4 доғаның

астымен қолына допты ұстап еңбектеу;

- қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей оң және сол жақ бүйірімен топталып шеңбердің ішінен өту (биіктігі 50 см);

- кеглилер арасымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеу;

- арқаға қапшық қойып төрттағандап еңбектеу;

- гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыдан аттамай бір және бірнеше тәсілмен өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу;

- доғаның астымен төрттағандап допты басымен итеріп еңбектеу;

- кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан еңбектеу;

- құрсауларды айналдырып, олардың ішінен өту;

- орындықтан еңбектеп өтуді жүрумен алмастыру;

- қырынан қойылған сатының тақтайшалары арасынан еңбектеп өту.

Тепе-теңдікті сақтау:

- заттардан аттап жүру;

- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;

- орындық үстімен текшелерден, толтырылған доптардан аттап, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан қолға ауыстыра отырып, басына қапшық қойып жүру;

- арқан бойымен бір жақ жанымен қырындап (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге) жүру;

- кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;

- көлбеу тақтай үстінен арқаны түзу ұстап жүру және жүгіру;

- көлбеу тақтай үстіне жүгіріп шығып, төмен қарай адымдап түсу;

- көлбеу тақтай үстімен бір жақ жанымен қырындап жүру;

- арқан, жіп бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап адымдап жүру;

- гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам алыс қойылған толтырылған доптардан аттап жүру;

- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;

- орындық үстімен текшелерден, толтырылған доптардан аттап, әр қадам сайын допты алдынан немесе артынан қолдан қолға ауыстыра отырып, басына қапшық қойып жүру;

- арқан бойымен бір жақ жанымен қырындап (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге) жүру;

- кедір-бұдыр тақтай үстімен жүру;

- көлбеу тақтай үстінен арқаны түзу ұстап жүру және жүгіру;

- көлбеу тақтай үстіне жүгіріп шығып, төмен қарай адымдап түсу;

- көлбеу тақтай үстімен бір жақ жанымен қырындап жүру;

- арқан, жіп бойымен басына қапшықты қойып, бір жақ жанымен қырындап адымдап жүру;

- гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам алыс қойылған толтырылған доптардан аттап жүру;

- педагогтің тапсырмаларын орындай отырып, жүру және жүгіру кезінде сапта тұрып бір қатардан үш қатар құру;

- қимыл процесінде жұптасу және қайтадан бір қатарға тұру;

- саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.

Сапқа тұру және сап құрылымын өзгертіп қайта тұру :

- бүкіл немесе шағын топтармен сапқа, шеңберге, қатарға тұру;

- орнында адымдап, бұрылу арқылы қатардағы өз орнын табу.

Музыкалық-ырғақты жаттығулар. Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Бір қырымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Түзу бағытта шоқырақтап жүру. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар ойластырып, шығармашылық таныту.

Дене жаттығулары

жаттығу ойындар спорттық қарапайым туризм

Негізгі қосымшалар; Дамыту; Сапқа тұру     Са
Жаяу жүру
Спорттық; Қозғалысты; Би жаттығулары
Қысқы; Жазғы

Жалпы дамыту жаттығулары. Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Қолды кеудеге қою, жан-жаққа созу, қолды желкеге қою, жоғары көтеру, жан-жаққа созу. Қол саусақтарын айқастыру - «құлып», жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алда шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.

Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және басты иіп жүрелеп жүру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа жіберіп отыру. Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасынтүзулеу, айналдыру.

Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып белінің тұсынан рейканы ұстап алға еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкейіп, алақанын еденге тигізу, айқасқан қолдарын артына көтеру, екі жанына созылған қолдарын жоғары көтеру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап жоғарыкөтеру.

Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолдарын орындыққа тіреп, аяқтарын артқа созып, қолды шынтақтан бүгіп жазу (5-10 рет); 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (5-10 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (5-10 рет).

Арқаға арналған жаттығулар: топтасып отырған күйі алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.

Наши рекомендации