Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.

Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.

Біздің оқушыға қойған талабымыз:

·қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;

·ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

·алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

·өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;

·басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

·қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;

Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек. Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.

Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

69.Студенттер үлгерімін арттыруға бағытталған психолого-педагогикалық іс-әрекет.Психология мен педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – жастардың жеке тұлғасының дамуы. Жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру, қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі. Белсенділік оқушының әрекеті және пәнімен қосылғандағы дәрежесін айқындайды. Студенттер алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана алу керек және олардың танымдық іс-әрекеттер ұстанымдарына негізделіп қалыптасқаны жөн. Танымдық іс-әрекеттер оқыту үрдісінде қалыптасып, тұлғалардың бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде одан әрі дамиды.

Студенттердің танымдық іс-әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс-әрекеттер қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы — оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі жағынан қарастырған.

Пән бойынша өтілетін материалдарды игеруге қатысты танымдық іс-әрекеттерді нақты жағдайда түрік тілі курсын негізге ала отырып қарастырып көрейік. Әр түрлі мамандықтағы студенттерге түрік тілін үйретуде қолданылатын басты оқыту формаларын төмендегідей жинақтауға болады.

§ дәріске байланысты әдебиеттер мен қажетті оқу құралдарын өз бетінше оқып талдау, ой елегінен өткізу;

§ арнайы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау;

§ оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасау;

§ рефераттарды дайындап талдау;

§ өзіндік жұмыстарды дайындау;

§ ғылыми бағыттағы жұмыстарға қатысу, ғылыми зерттеулер жүргізу.

70. Педагогикалық шеберлік құрылымыОқушылар өздерінің мұғалімдерінің қаталдығын, талапкершілдігін кешіре алады, бірақ өз ісін нашар білетіндерді ешқашан кешіре алмайды. Олар педагогтың нақты білім, білігін, бойындағы өнерін, шебер қолдарын, жұмысқа деген жігерін, айқын ойын, тәрбие жөнінен біліктілігін өте жоғары бағалайды. Макаренко А. С. былай деген еді: «Мен тәжірибе арқылы мынадай шешімге келдім, сұрақты тек біліктілікке негізделген шеберлік арқылы ғана шешуге болады». Педагогикалық өмірбаян әр мұғалімнің даралығын көрсетеді. Кез-келген мұғалім бірден шебер болып кете алмайды. Кейбіреуі, өкінішке орай, орташа мұғалімнің қатарында қала береді. Ал кейбіреулерінде шеберлікке жетуіне жылдар кетеді. Шебер, өзгертуші, жасампаз болу үшін мұғалім педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен механизмдерін игеруі қажет. Бұл педагогикалық жүйеде ойлауға, әрекет етуге мүмкіндік береді, яғни, педагогикалық құбылыстарды өздігінен талдауға, оларды құрамдас бөліктерге бөлуге, әр бөлігін ой елегінен өткізуге, оқыту және тәрбиелеу теориясында қарастырылып отырған құбылыстың логикасына сәйкес идеяларды, қорытындыларды, қағидаларды табуға, құбылысты дұрыс диагностикалауға, оның қандай педагогикалық-психологиялық санатқа жататынын анықтауға, негізгі педагогикалық міндетті (проблеманы ) және оны ұтымды шешудің тәсілдерін табуға көмектеседі. Кәсіптік біліктілікті игеру, жетілдіру және педагогикалық қызметтің құрылымын және онымен байланысты теориялық білімдер жүйесі мен практикалық білік, дағдыларды нақты көз алдымызға елестетуіміз керек. Педагогикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай (Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков және басқалары), оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің мұғалімнің педагогикалық қызметінің өзара байланысты төмендегі түрлері бар:
1. диагностикалық; 2. бағдарлы-прогностикалық; 3. конструкторлық-жобалау; 4. ұйымдастырушылық; 5.ақпараттық-түсіндіруші; 6. коммуникативтік-ынталандырушы; 7. талдау-бағалау; 8.зерттеуші-шығармашылық;
Кәсіптік шеберлікке мұғалім өз қызметінде тек теорияға сүйенген кезде ғана жете алады. Әрине, бұл жолда оған көптеген қиындықтар тосқауыл болады. Ең алдымен, ғылыми теория- бұл жалпы заңдардың, қағидалардың, ережелердің ретке келтірілген жиынтығы, ал тәжірибеде қолдану үшін теориялық ойлаудың кейбір дағдыларының болуын талап етеді, алайда, бұл дағды барлық мұғалімдердің бойынан бірдей табыла бермейді. Екіншіден, педагогикалық қызмет-бұл білімдер топтамасына (синтезіне) сүйенген (философиядан, педагогикадан, психологиядан, әдістемеден және т. б.) толық үрдіс, алайда, мұғалімнің білімдері «сөрелер» бойынша бөлінген, яғни, жинақталған білік деңгейіне жеткізілмеген, бұл педагогикалық үрдісті басқару үшін қажет. Бұл өз кезегінде төмендегідей жағдайға әкеледі: мұғалімдер көп жағдайда, педагогикалық білікті теорияның ықпалымен игермейді, оған тәуелсіз, педагогикалық қызмет жөніндегі, тұрмыстық, ғылымға дейінгі түсініктер негізінде игереді.Педагогикалық қызметтің әр қадамын шығармашыл, қайталанбайтын және үнемі жаңа болуын талап етуге болмайды. Бірақ педагогикалық нормативтердің кері әсері де үлкен. Репертуарлық, жанама, педагогикалық теорияға деген жек көрініштілік, педагогикалық ойлаудың догмалылығы, педагогикалық ұстанымға жоғарыдан түскен нұсқау, өзгенің іс-тәжірибесін қабылдау-міне, келеңсіз құбылыстардың толық емес реті, бұл диалектикалық табиғатты білмей нормативтерді игеру деген сөз. Мұғалім қызметінде педагогикалық ғылымнан тартылған жіптер өзара түйіседі, ең соңында, барлық алыңған білімдер іске асады. Педагогикалық қызметтің дамуының жоғары деңгейін, педагогикалық технологияны игергенін сипаттай отырып, педагогикалық шеберлік педагог тұлғасын, оның тәжірибесін, азаматтық және кәсіптік ұстанымын сипаттайды. Мұғалімнің шеберлігі- бұл тұлғаның тұлғалық- іскерлік сапасы мен ерекшеліктерінің синтезі, ол педагогикалық үрдістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Педагогикалық шеберлік арнайы білімдерден, сол сияқты білік, дағдылардан тұрады, педагог қашанда жеке сұрақтарын шешкенімен, ол үнемі ұйымдастырушы, тәлімгер және педагогикалық әрекеттің шебері болып табылады. Осыдан барып, педагог шеберлігінде төрт жеке бөліктерді атап өтуге болады: балалар қызметін ұжымдық және жекелей ұйымдастыру шеберлігі; сендіру шеберлігі; білімді беру және қызмет тәжірибесін қалыптастыру шеберлігі; ең соңында, педагогикалық техниканы игеру шеберлігі. Шынайы педагогикалық қызметте бұл шеберлік түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірімен астасып жатыр және бірін-бірі өзара күшейтеді.
71. Оқытудың интерактивті әдістеріЕлде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р - а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді. Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. "Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – оқушылардың оқыту дағдыларын өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.
72. Жас ғалымды қалыптастырудың психологиялық аспектілеріЖоғары оқу орындарында психологиялық қызмет қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні барлық орта мектептерде психологиялық қызметі бар. Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің басты мәселесіне кәсіптік бағдарлау мен кәсіптік таңдау сұрақтары айналар еді. Көптеген студенттер өз мамандығын дұрыс таңдамайды. Жалпы психологияның негізі бойынша белгілі бір мамандықты таңдауда студенттің мамандықты таңдаудағы мотиві маңызды. Осы мотив саналы немесе саналы емес болады. Ал жоғары оқу орнын бітірген болашақ маман кәсіби таңдау жасауға тиісті. Проблеманың дұрыс шешіміне байланысты таңдаған кәсіптің меңгеру тиімділігі анықталады, келекшектегі іс-әрекет тиімділігіне, еңбекпен қамтамасыздануына, кәсіби дәрежесін көтеруге ұмтылысы мен кәсіби өсуіне негіз болады. Жалпы психология кафедрасының бірінші курс студенттері арасында өз мамандықтарын таңдаудың себептері туралы білу үшін, сонымен бірге 1-семестрде оларға оқылған пәндерге қатынасын анықтау үшін жүргізілген сұрақ-жауаптың нәтижесі келесідей болды:
Себептерін айтқанда: “адамдарға көмек беру ниетім бар”, “адамды танып білу қызықты”, “адамдарға әсер еткім келеді”, “өз проблемаларымды шешемін”, “психолог кеңес берді” және т.б. Сонда студенттерде әлеуметтік және таным мотивтері басым болады.
Оларды математика, қазіргі жарытылыстану, информатика пәндері аз қызықтырады, ал арнайы пәндерден – антропология мен анатомия тіптен қызықтырмайды екен.
Жауаптардың барысы бойынша тағы да бір анықталғаны, ғылым ретінде психология пәні және психолог мамандығы туралы пікірлері жеткілікті дамымаған. Психологтың кәсіби іс-әрекеті олармен түсініктіліктік және кеңесберушілік ретінде қаралады. Психология туралы тұрмыстық пікірлері 21 пайызды құрайды. Осыған орай психологтың іс-әрекеті туралы ғылыми зерттеу жұмысы ретінде көзқарасы қалыптаспаған. Психолог жұмысының қиындығы мен көптүрлілігін ұқпаған. Яғни психологтың жұмысы туралы пікірлері «аңыздар» негізінде қалыптасқан. Студенттердің 16 пайызы өз мамандығын түсер алдында бір жыл бұрын таңдағанын айтады. Олардың кейбіреулері өз болашағына қатысты нақты мақсаттарын белгілеген. Сонымен, бірінші курс студенттерінде 020400 мамандығы бойынша әлі де психология пәні мазмұны туралы және психологтың кәсіби іс-әрекеті туралы, психолог мамандығы туралы көзқарастары ғылыми тұрғыдан қалыптасып, дамымаған. Бұл дегеніміз абитуриенттер арасында болашақ мамандығы ерекшеліктері туралы насихаттап, үйрету қажеттілігін көрсетеді. Психологиялық қызмет басынан жалпы даму деңгейіне қарай оларды іріктеп анықтауға мүмкіндік берер еді.

Е.Б. Тесля болашақ мұғалімдердің кәсіби қызығушылығының қалыптасу жағдайларын қарастырып, іс-әрекет мағынасының ұғымына көңіл аударды. Тұлғалық маңызы бар оқытудың методологиялық аспектілері Н.Ф.Добрынинаның, С.Л.Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің, А.А.Вербицкийдің, Г.Олпорттың, К.Роджерстің және т.б. еңбектерінде қаралады. Сонымен бірге осы идеяның практикалық іске асуы кең дамуын таппады. Оқытудың теориясы мен технологиясы арасында, оларда оқу пәндерінің белсенді және әлеуметтік мазмұнының тұлға үшін маңыздылығына тоқталады, бұл жерде А.А. Вербицкийдің теориясы мен контексті оқыту технологиясын айтуға болады. Контекстік көзқарас негізінде кешенді зерттеу өткізілді, оның мақсаты – студенттердің оқу процесі және оқу сабақтары мазмұны маңыздылығы мен оларды кәсіби дайындықта іске асыру болып табылады. .Қазақстандық ғалымдар (С.С. Құнанбаева[44] және т.б.) университеттік білім беру ұстанымдарының маңыздылығын ерекше көрсетеді. Олар бүгінгі университетте мамандарды дайындау жүйесінің негізгі ұстанымдарын анықтайды:

· білім беру мазмұнының ғылыми іргелілігі мен жүйелілігі ұстанымы;

· білім берудің қол жетерлік ұстанымы;

· ғылым мен өндіріспен алынатын білімдер жүйесінің кешенділік және кіріктірілген ұстанымы;

· мамандар дайындаудың жаңашылдық және ақпараттылық бағдарлаушылық принципі;

· білім берудің болжаушылық және жан-жақтылық принципі;

· кәсіби құзырлылықтың көп варианттылық және таңдамалық ұстанымы;

· алынатын біліктіліктің қолданбалы нәтижелілігінің ұстанымы;

· білім беру мазмұны мен құрылымының көпдеңгейлі және үздіксіздік ұстанымы;

· біліктілік сертификатымен әр баспалдағының кәсіби аяқталу немесе академиялық ұстанымы;

· білім беру мақсаттарының әлеуметтік-экономикалық айқындаушылық ұстанымы;

· оқу процесін ұйымдастырудың проблемалылығының және интерақтивтілігінің ұстанымы;

· білім беруді гуманизациялау ұстанымы;

· оқыту үрдісінде ынтамақтастық пен серіктестік ұстанымы;

· білім беру мазмұнының коммуникативтілік мәдениет аралық ұстанымы;

· мамандардың кәсіби және академиялық біліктілігінің халықаралық-мәртебелік деңгейін қамтамасыз ету ұстанымы;

· бағдарлаушылық көзқарасы ұстанымын айтамыз.

оқытуда жеке және тұлғаға бағытталған көзқарас ұстанымы.
73. Аудиторияға ықпал ету психологиясының ерекшеліктері

Аудиториядағы оқыту барысы көрсету, қолдану және тексеру сияқты үш кезеңді қамтиды. Көрсету мақсаты -өтілетін сабақтың мазмұны мен міндетін айтуарқылы студенттерге жаңа сабақ мазмұнының басталғандығын білдіру. Қолдану кезеңінде -студенттер сөз сөйлемдерді жаттап жаттығу немесе практикалық тұрғыда пайдалану арқылы тіл білімдерімен түрлі тәсілдерді игереді. Тексеру кезеңінде оқытушы студенттердің сабақты игеру ахуалы мен тілдік тәсілдерді қолдану ахуалына көз жеткізіп, келесі сабақты орналастыруға мүмкіндік аладыСтуденттерге лайықты жақсы оқулық талдағаннан кейінгі шешуші нәрсе -оқытушының осы оқулықты мүмкіндігінше толық пайдаланып, студенттердің тілге деген қызығушылығын арттырып, оларға мол тілдік білім беруінде. Аудиториядағы ұйымдастыру-сабақты жақсы өтудің бірден-бір факторы, ол аудиториядағы оқыту іс-әрекетінің сәтті жүргізілуіне тікелей әсер етеді . Оқытушының аудиториядағы басты міндеті - үйренуге тиімді орта жарату (ұйымдастыру). Аудиториядағы сабақтың сәтті өтілуі ұйымдастыру тактикасының ұтымдылығына байланысты. Сабақты қалай бастап, қалай аяқтау, оқытушының қалай нұсқау беруі, сабақ өту барысында қандай атқаруы, міне, осылардың барлығы аудиториядағы сабақтың сәтті өтілуінің кепілі. Аудиториядағы сабақты ұйымдастырудың құрылымы. Аудиториядағы ұйымдастыру жалпы алғанда оқытушының позициясына, мақсатына,

ұйымдастыру шеберлігіне байланысты болады. Аудиториядағы ұйымдастыру – шешім жасау және әрекет ету болып екіге бөлінеді. Шешім жасау – қандай шара қолдану, бұл шараны қашан және қалай қолдану сияқты жақтарды қамтиды. Ал, әрекет ету – осы шешімдерді нақтылы орындау барысы болып табылады. Аудиториядағы ұйымдастырудың ең негізгі шеберлігі - түрлі мәселелерді бір жақты ету, мәселелерді шешудің әдісі мен ұтымды әрекетін дұрыс талдау сияқты жақтарынан бейнеленеді. Аудиториядағы ұйымдастыру, оқытушының нұсқау беру, іс-қимылды ұйымдастыру тәсілі, зейін қойып тыңдамайтын студенттерді қалай басқару және оқыту жұмысының ретін бақылау әдісі сияқтыларды қамтиды . Осы мәселелерді қалай дұрыс шешу әрбір оқытушының міндетті түрде игеруге тиісті тактикасы.3. Аудиториядағы ұйымдастыруға ықпал ететін факторларАудиториядағы ұйымдастыруға ықпал ететін факторлардың бастысы: оқытушының , аудиториядағы оқытушы мен студенттердің өзара байланыс іс-әрекеті, оқытушының нұсқау беруі.
74. Оқытушылар мен студенттерге психологиялық кеңес беруПсихологиялық кеңес беру туралы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе психологиялық тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдағы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқаларменқарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялық кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындағы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында тұрады. Жалпы алғанда студенттер үшін психологиялық кеңес беруді ұйымдастырудың маңыздылығы мынада:

- бірінші курсқа қабылданған студенттер жаңа оқу жағдайына бейімделу кезеңінен өтуі керек;

- студенттердің ішінде бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесіне қарай стресстік жағдайдан шыға қоймағандар кездеседі;

- мектеп бітірушілер мамандықты таңдауға қарағанда, мамандыққа қатысты емтихан тапсыратын пәнді таңдауға көбірек мән береді. Соңында пән мен мамандықтың сәйкес келмеуінен туындайтын қиындықтарға тап болады;

- жоғары оқу орындарындағы қазіргі заманғы кредиттік жүйеде оқу ерекшеліктеріне төселудің сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді;

- тұлғалық ерекшеліктері мен қажет болатын кәсіби сапалары арасында пайда болатын сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді;

- жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы адамаралық тікелей қарым-қатынасты шектейді, және т.с.с.

- жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы адамаралық тікелей қарым-қатынасты шектейді, және т.с.с.

Міне, осы себептерге байланысты бұл мәселенің өзектілігін келесі жағдайлар анықтай алады:

- жоғары оқу орындарында психологиялық көмек көрсететін орталықтар жоқ, ал студенттердің әлеуметтік-психологиялық проблемалары көптеп саналады;

- психология пәні барлық мамандықтар бойынша жүргізіледі (студенттер кредиттік оқу жүйесіндегі таңдау бойынша пәндердің ішінен психологияны таңдайтыны жиі кездеседі), дегенмен бұл пәннің студенттерге пайдалы тәжірибелік мүмкіндіктерін қолдану мәселесі негізінен психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістермен шектеліп отыр;

- студенттердің тұлғалық дамуы мен кәсіби даярлығына психологиялық ықпал ету мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде емес; қиындықтары жетерлік;
75. Студенттік ұжымды психологиядық зерттеу.Студентті ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа.
Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Студенттерді - болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне, мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесін-дегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі. Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-қайшы келсе, онда қарым-қатынас қиындыққа соқтырады.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, даму-дың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.

Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай,табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педаго-гикалық жағдайдың объективті себептері бар: іс-әрекет-тердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының атқаратын рөлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениеті-нің кемшілігі, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты қасиеттерін елей алмауы және т.б. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анық-талған: 1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм); 2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады. 3) Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).

Наши рекомендации