Дәріс № 11. Дарынды және қиын балалармен жұмыс әдістемесі

Жоспар:

1. Дарынды балалардың ерекшелігі

2. Қиын балалардың пайда болу себептері

3. Балалармен жұмыс әдістемесі

Жеке тұлғаның дарындылығын дамыту мәселесі бүгінгі күні әлемде кең тараған және көптеген жоғары дамыған мемлекеттерде маңызды деңгейге жетіп отыр. АҚШ, Жапония, Германия және Ұлыбританияда берілген мәселе ХХ ғасырдың ІІ-жартысынан бастап, қоғамның интеллектуалдық потенциалын қалыптастыруға бағытталған жалпы мемлекеттік іс болып қабылданды. Қазақстанда бұл мәселе ХХ ғасырдың аяғында ғана мемелекеттік статусқа ие болды.

«Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылдың 24 мамырындағы № 3002 Жарлығы тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы жаңа деңгейді айғақтайтын ең алғашқы әрекет болды. Осы кезден бастап дарынды балалар қоғам мен мемлекеттің негізгі интеллектуалдық потенциалы ретінде қарастырылып, бағалана бастады.

Дарынды балалар мен жастарды оқыту және тәрбиелеу саласындағы мемлекеттік саясатты оряндау бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық, құқықтық-құрылымдық және мазмұнды іс-шараларды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы құрылды.

Бағдарламаның мақсаты:

- дарынды балалар мен жастарды оқыту, тәрбиелеу және іздестірудің негізгі стратегиясын анықтау;

- Қазақстан Республикасының интеллектуалдық потенциалының қалыптасуының біріккен, үздіксіз үрдісін дамыту және сүйемелдеу;

- талантты жастардың әлеуметтік-мәдени қалыптасуына ат салысу;

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

- дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық, медициналық және педагогикалық қолдау бойынша білім беретін мекемелердің іс-әрекетін реттеудің құқықтық базасын құру;

- дарынды балалар мен жастарды оқыту, тәрбиелеу және іздестіру бойынша практикалық іс-әрекетті дамыту үшін басқару жүйесін құрастыру;

- әр түрлі мекемелерде дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік, психологиялық, медициналық және педагогикалық қолдаудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырылуы;

- дарынды балалар мен жастарды дамыту мекемелерінде кешенді дамыту бағдарламаларын қалыптастыру, дарынды балалар және жастармен жұмыс жасау үшін педагогикалық кадрларды арнайы дайындауды ұйымдастыру;

- дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік қорғау және қолдауды жүзеге асыту;

- оқыту үрдісінде дарынды балалар мен жастарды анықтаудың және таңдау технологияларын құрастыру;

- бюджетте қарастырылған қаражат негізінде қаржылық бағдарламаларды жүзеге асыру;

- білім берудің жаңа технологияларын құрастыру және жүзеге асыру.

Қиын балалар дегеніміз – түрлі себептермен мектепте, отбасында жүргізілетін дәстүрлі тәрбиеге

көнбей, жағымсыз қылық, теріс тәртіп, бұзақылық көрсетулері тұрақтылыққа айналған балаларды айтамыз (педагогикалық энциклопедиядан алғанда –

баланың тәртібінің нормадан тыс ауыткуы).

Қиын балалар барлық жаста пайда болады, әсіресе жеткіншік шақта өте көп кездеседі. “Қиын” балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары қайнағанда

дәрідәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап-тілектер қоя білетін педагогтық шеберліктер қажет.

Қиын балаларды зерттеудің қорытындысы дәлелдегендей, олардың

пайда болуына бірден-бір себепші болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның бастылары:

1. баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадалағамау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу.

2. тәрбиенің көзі - баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждығын қамтамасыз ету деп санаушылық.

3. жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, оқушының жан-дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып енуі де себеп болады.

Демек, мұндай отбасындағы балалар жылылықты, сүйіспешілікті, бірін-бірі сыйлау сияқты қасиеттерді сезінбейтіндегі аян.

Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленісе түстіндігі айқын. Себебі, мектепте де баланың жеке

басын сыйламай, әкімшілік көрсете беру баршылық. Мектеп мұғалімдері

мен қиын балалардың қарым-қатынастары “ақыл” айтумен, ұрысу, ар-ожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекеттермен сипатталынады.

Мектептегі қиын балалардың сабақты үлгермеулеріне көп жағдайда мұғалімдер кінәлі. Себебі, сабақта оқушылардың дара бейім-қабілеттерін ескермеуден, оқу материалдарына, оқуға деген қызығушылықты дамыта білмеуден, факультативтік сабақтарды жоспарлы түрде ұйымдастырмаудан оқушылар үлкен зиян шегеді.

Көп жағдайда, қиын балалардың 80-90% сабақ үлгермеушелер: Сонымен қатар, әлі де болса көптеген мектептер оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тартуда. Әлсіздік көрсетсе, мектептен тыс мекемелер өз қанатының астына қиын балаларды қамтымай келеді. Отбасындағы, мектептегі тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктер жинақтала келе, қоғамдық тәрбиедегі қателіктермен байланысып қиын балалардың тәртібін одан әрі шиеленістіре береді.

Тәрбиедегі қиындықты туғазатын тағы бір жәйт - кездейсоқ балалардың, топтардың жекелеген оқушыға тигізетін теріс ықпалы педагогтың назарынан тыс

болмауы қажет. Өйткені, жеткіншек жастағы балада өз қатарындағы

құрбыларымен достық, жолдастық қарым-қатынаста болу мұқтаждығы сияқты ерекшелік болады.

Көптеген зерттеулердің дәлелдегеніндей, оқушылардың мектептен тыс кездеріне тиянақты түрде араласып, сырласып тұратын компаниялары, серіктері баршылық. Бұл серіктес достардың ұстаған бағыты дұрыс болса жақсы, ал оған керісінше болса уақыттарын қалай болса солай келеңсіз өткізіп, бір істен екінші бір іске ауысып, бұзықтық жасауға қолайлы жағдайлар туады.

Өтірік айту тек олардың арына тиетін жағдайларда, яғни күшпен әсер етуде ғана емес, ешқандай сырттай қысым жасалмай-ақ өтірік—фантазия құрып айтуға икем болады.

Тәрбиесі қиын балалармен жұмыста сынып жетекшілері мына мәселелерді ескеруі керек:

а) Балалардың жас және дербес ерекшеліктерін;

ә) Кемшіліктерін терең зерттеу;

б) Тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру;

Тәжірибеде оқушы тәртібінде, мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жұмысында қайта тәрбиелеу де орын алады. Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардың алдын-алуға және жеңуге бағытталады. Қайта тәрбиелеу - тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету деген

ұғым да бар. Оны оқушы сапасындағы және жүріс-тұрысындағы жеке кемшіліктерді жеңу деп түсінуіміз керек. Әрбір қиын балаға жинақталған мінездемелерді белгілі бір жүйеге келтіріп,оларды қайта тәрбиелеуде жеке тәрбие жұмыстарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырған жөн. Осы саладағы қайта тәрбиелеу әдістерінің бірі — этикалық әңгімелесу, ол оқушыны зерттеп тануда, тәрбиелеуде, қайта

тәрбиелеуде және жеке тәрбие жұмыстарында өз ерекшіліктерімен

танылуда.

Әңгімелесу оқу-тәрбие үрдісінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке уайым-қайғысы, кейбір моральдық нормаларға жатпайтын іс-әрекеттері, отбасы жағдайындағы ыңғайсыз келіспеушілік қылықтар жайлы этикалық мәселелерді оқушылар арасында жария етуге болмайды немесе қиын баланың кейбір қылықтарының себебін, ауыр сезімдер, қайғы-қасіреттерін сынып ұжымы түсінбеуі де мүмкін. Осындай жағдайда тәжірибелі сынып жетекшісі баланың басынан өткен оқиғаны немесе әр түрлі жағдайларды

дұрыс түсінуге, болмаса ұжымның объективті түрде ұғынуына әңгімелесу, сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Бір ескеретін ерекшелік, қиын бала

мағынасыз әңгімелерді жақтырмайды. Жөнсіз арнайы әңгімелесуге тарта

беріп мазасын алса, әр уақытта олар қарсылық көрсетеді. Қиын жас

өспірімдер дербес мінезді, өмір тәжірибелері ұлғайып, айналасындағы

адамдармен қарым - қатынасы күрденеліп, көп жағдайда

тәуелсіздікке талаптану әрекеттері жеке бастарын жоғары санаушылыққа, өркөкіректікке итермелеп, дау-жанжалдасуға, дөрекілікке, қатыгездікке себепші болатындығын жеке тәрбие жұмысында, соның ішінде жеке әңгімелесу тәсілдерімізде ескерген жөн.Қиын оқушымен әңгімелесуге қойылатын талап, олардың дара және жас ерекшіліктерін жан-жақты білу қажет.

Наши рекомендации