Балалардың церебральды параличі диагнозы бар балалардың сипаттамасы
Балалық жастың ауыр сырқаттарының ішінде Самый лучший мужчина не тот что сумел добиться самое большое количество девушек за жизнь, а тот что сумел добиться одну и удержать ее рядом с собой на всю жизнь ерекше орын алады. Ол әртүрлі сипаттағы бұзылулардан, бұлшық еттердің қызметіне бақылаудың болмауы немесе күрт әлсіреуінен көрінеді. Бала өзінің қол және аяқ қозғалысын қалыпты басқаруға күйі келмейді немесе басқара алмайды. Бұл сырқат жаңа туған баланың миының зақымдануы салдарынан пайда болады, оның өзі бірқатар себептердің әрекет етуінің нәтижесі болып табылады. Осы себептер ми тканьдерінің жатыр ішіндегі потологиялық қалыптасу және дамуын «туындатушылар». Бала қозғалысының шектеулі болуымен, қол және аяқ буындарында бүгілу контрактурасының (жұмсақ тканьдардың бұзылуы – тері, бұлшық ет немесе жүйкенің), көз қозғалысының координациясының бұзылуы және тіл кемістігімен ерекшеленеді. Осы нормадан ауытқулар және бұзылулар баланың мүгедек болуына әкеледі. Тілдің бұзылуы салдарынан, бала ақыл-ойының толық сақталып, бірақ бала толық желмегендіктің сипатын танытады. Мұны саналы сезінетін церебральды параличі бар балалар қоршағандардан ұялады, ұжымнан бөлектенеді, өзіне тұйықтаналы. Қимыл-қозғалыстың жеңіл формаларының бұзылуы бала дамуында көрініс беретінін атап айтуымыз керек, бұл әдетте мектепте оқу үлгерімінің нашар болуының салдарынан балады. Өз бетімен қимыл-қозғалыс жасау қабілетінін айрылған көптеген балалар жекелей оқуға мәжбүр болады.
Балалардың церебральді параличінің пайда болу себептері әртүрлі: олардың бірі БП-ның босануға дейінгі кезең, екіншісі – босану кезінде, үшіншілері – босанғаннан кейінгі кезеңде туындайды. Ұрықта БЦП-ның пайда болуына ықпал еткен себептер қатарына мыналарды жатқызуға болады: жұмыртқаның теріс (порочное) дамуы, токсоплазмоз, ұрықтың, бас миының кешеуілдеп дамуы, уақытынан бұрын босану, жарақаттар, жүктілік кезінде анасында жұқпалы аурулардың болуы, алдында болған жасанды түсіктер, құрсақ және ана қан тобының үйлеспеуі, анасында резусфактордың болмауы, жұқпалы аурулар, бала біткен кезде бір немесе екі ата-ананың ішімдік ішуі және т.б. БЦП-ның жиі кездесетін себептері босану кезіндегі әртүрлі бұзылулар. Солардың ішінде ең алдымен ұзақ уақытқа созылған босану кезіндегі бас ми аймағына қанның құйылуы, кіндіктің бала мойнына оралуы немесе асфиксияның басқа да формасы.
Жаңа туған баланың жүйке жүйесі ауруларының ерте пайда болатын белгілері байқалады. Олар әдетте мазасыздану, айқайлау, көгеру бозарумен алмасады, еңбектің күштенуі, бас сүйек қан тамырларының күшеюі, әлсіздік, ұйқының бұзылуы. Мұндай балаларда сонымен қатар тыныс алудың, жүрек – қан тамыр қызметінің бұзылуы, дене қызуының ауысулары, сору актісінің бұзылуы, бұлшық ет тонусының төмендеуі немесе жоғарылауы байқалады. Күрделі жағдайларда құсу, қол, аяқтың тартылуы орын алады. Кейіннен мұндай балалар физикалық дамуында артта қалып, салмақты дұрыс қоса алмайды. Ата-аналар қорқынышпен баланың басын ұстай алмайтынын, отыра алмайтынын, қоршағандарға жауап қайтармайтынын, ойыншықтарға қолын созбайтынын байқайды.
Қандай да бір белгілердің басым болуына байланысты БЦП-ның келесідей белгілерін бөліп көрсетеміз:
1. Спастикалық диплегия, мұнда екі аяқтың жартылай сал қолдардың жеңіл әлсізденуі болады. Ми жарақатының жиі кездесетін және клиникалық маңызды белгісі ЛИТТЛЯ болып табылады, мұнда балаларға туа берілген спастикалық диплегиясына қарағанда психика сақталып немесе оның зақымдануы айқын емес, ал сал балып қалғандар симметриялы дамиды.
2. Туа берілетін екі жақты диплегия. Диплегияның бұл формасында күрделі зақымданған тек аяқтары емес, сонымен қатар қолдары, әсіресе жоғары қозғалысы күрделі зақымданады. Ақыл-ойдың бұзылуы нақұрыстыққа дейін жетеді, бас ми жүйкесінің қызметінің бұзылыстары тән. Бұның анатомиялық сипаттамасы баланың көзінінің қозғалысының координатасының бұзылуы. Тілі бұзылады – тілі мүлдем жоқ немесе түсініксіз сөздер айтады, айқындық жоқ. Көру атрофиясы өте жиі байқалады.
3. Екі жақты тұрақсыздық. Бұл сырқаттың негізгі белгісі қозғалыс органдарын күштеу әрекеті. Бұл формада экстропирамидті сипаттағы бұлшық ет қысымын тасушы және бірлескен қозғалыстармен жоғарлату, бірде төмендетуі байқалады. Әртүрлі қозғалыста бұлшық ет тонусының (гипотония) төмендеуінің үйлесімдігі тән. Қозғалыстар салдарынан науқастар қиындықпен сөйлейді, ақыл-ойы әдетте сақталған, бірақ қоршаған адамдармен қарым-қатынасы жеткіліксіз және сөйлеуі қиын болғандықтан қандай да бір ақыл-ойдың артта қалуы көрініс беруі мүмкін.
4. Туа берілетін мишық атаксиясы – бұлшық ет тонусының төмендеуінде, жүрістің және тепе-теңдікті сақтаудың бұзылуы тән. Тонусы соншалықты бұзылған, тіпті бала басын ұстай алмайды, отыра алмайды, қозғалыс органдарын қозғалта алмайды. Дірілдеу әртүрлі бұлшық ет топтарының үйлесімділігінің бұзылуы, жеке дара қарапайым қозғалыстарды күрделі қозғалыстарға біріктіру қабілетін арылу, координаторлық талпынудың бұзылуы, көз қозғалысының координациясының алмасуларының діріл қозғалыстары тән. Мұндай балалардың сөйлеуі созылмалы және интонациясы айқын болады. Ерте жастағы балалардың церебальды параличі бар балаларға коррекциялық көмек көрсету жағдайында негізгі әдіс ретінде перзентханадан шыға сала түзету гимнастикасын, дәрі-дәрмектермен емдеу және физиотерапиямен үйлестіру болып табылады. Бас миының ауыр зақымдануы жағдайында бұлшық еттердің жоғарғы қысымын төмендетуге, күш салу қозғалыстарын азайтуға, сөйлеуін және баланың ақыл-ойының дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.