Этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы.
Этиканың категориялары бip-бipiмен тығыз байланыстытықта болғаны соншалық, олар бip-бірінің, мазмұнын ашады. Яғни белгілі 6ip этикалық категориянын мазмұнын екінші 6ip этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптілік, батылдық, ержүректілік және т.б. категория оларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгештік және т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.
Этикалық категориялар тым көп, оларды сондықтан белгілері бойынша біріктіріп топтап қарастырады. Біз оларды пайдалануы және мән-мағынасы бойынша келесі дей үш топқа бөліп қарастырамыз:
Бірінші топты — моральдық сана категориялары құрайды. Оларға жататындар: қайырымдылық, зұлымдық, т.б. Жалпы негізгі этикалық категориялардың барлығын осы топқа қосуға болады.:оральдық кағида, моральдық норма, моральдық сезім, адамгершілік мақсат, моральдық таңдау және т.б.
Heгізгі этикалық категориялардың барлығын моральдық сана категориялары деп те атауға болады. ceбe6i, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркеледі. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, ар-ождан және т.б. Аталған категорияларды адамгершілік қарым-қатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, ce6e6i, мундай жағдайда олар өздершщ непздерінен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. Қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Kерісінше, олар демагогияға, немқұрайдылыққа әкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекеттерді көрсетіп, оларға белсенді түрде әсар етсе, онда олардьң маңызы да артатыны сөзсіз.
Екінші топ категориялары — бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиеленіс, моральдық бедел және т.б.Өзінің функционалдық ролі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектiлердің өзара қарым-қаты-настарыньң көрінісі болып табылады. Бұл қатынастардьң адамгершілік деп бағалануының ce6e6i олар достық, қастық, cepiктестік, ceнім, сыйластық, екіжүзілік және т.б. моральдық бағалаулармен сипатгалады.
Үшінші топ категориялары — бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық-жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі 6ip моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына жататындар: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т.б. адамгершілік сана категориялары көрінісі табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды реттеушілік ролі ретіндегі мақсаты ашылады.
Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін және мәнін қарастырудьң теорияльқ қана емес. жалпыәдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кәсіби-этикалық категорияларды талдау мүмкін емес, ce6e6i, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады. Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондыктан да, 6iз олардың ішіндегі маңыздыларына ғана тоқталдық.
Бақылау сұрақтары:
1. Этикалық категориялардың ерекшеліктерін атаңыз?
2. Этика категориялары дегеніміз не?
Дәріс 4. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.
Дәріс мақсаты: Моральдың түсінігі, мәні, құрылысының негізгі элементтері, функциялары және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптерін анықтау.
Тақырыптың сұрақтары:
1.Моральдың түсінігі және мәні.
2.Мораль құрылысының негізгі элементтері.
3.Моральдың функциялары.
4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мораль нормалары мен принциптері.
1. Моральдың түсінігі және мәні.
Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, себебі адамдардың қарым-қатынасын реттеуші тетік керек. Қоғамдық қатынастарды реттеу тетігі – нормалар.Нормалар өз кезегінде, әлеуметтік және техникалық болып екіге бөлінеді.
Техникалық нормалар – өлшемдік бірліктері бар (микрон, мм, мгр). Мысалы қосалқы заттардың допускісі.
Әлеуметтік нормаларға құқықтық, мораль, діни, саяси, эстетикалық, әдет, корпоративтік нормалар жатады. Мораль нормалары дегеніміз – бұл жамандық пен жақсылық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан адамдардың мінез-құлықтарын реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Оның құқық нормаларынан айырмашылығы мораль нормалары адамдардың сана-сезімінде жазбасыз сақталады, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріледі. Оларды орындамағаны үшін заңды жауапкершілікке тартылмайды. Мораль нормалары мемлекет пайда болғанға дейін пайда болған, ал құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған, сондай-ақ мораль нормаларының құрамы күрделі, кең мазмұнмен сипатталады және қоғамдық пікірмен немесе үйреншілікпен қамтамасыз етіледі. Мораль нормалары кез-келген қоғамда болады және адамдардың кез-келген тәртібі жан-жақты бағаланады. Мораль нормалары қоғамдық санада, әдет-ғұрып, салт-дәстүр түрінде көрініс табады. Мораль нормалары көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Мораль нормалары арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.