Мұғалімнің біліктілігінің құндылықтарын меңгертудегі маңызы

Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде, оларды адами ізгі катынастарға үйретуде «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы ерекше. Өзін-өзі тануды оқытудың басты максаты әр адамның коршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ыкпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, коғамға кызмет ету әлеуетін көтеруге және әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Бұл мақсат өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесінің жалпы адамзаттық, ұлттык, этномәдени және тұлғалык құндылыктардың үйлесімді жинақталуымен ерекшеленеді. Олардың физикалык, психикалык, рухани, әлеуметтік, шығармашылык өсуі тұрғысынан үйлесімділікке кол жеткізу қабілеттерін дамытады. Балалардын өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінін ашыла түсуіне көмектеседі. Осы тұрғыдан келгенде «Өзін-өзі тану» пәнінің жас ұрпакты тәрбиелеудегі өзектілігі арта түседі.

Осындай күрделі де, жауапты міндетті «ізгі акыл» мен «жылы жүректі» ұстаздардың балалармен өзара түсіністік, сыйластық, ынтымақтастық жағдайында ғасырлар бойы жинақталған адамзат мұрасынын жалпыадамзаттық кұндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу болмақ. Себебі білім берудің шынайы мақсаты адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту болып табылады.

Мектептің бастауыш сатысында «Өзін-өзі тану» пәнін окытуды ұйымдастыруда мұғалім пәннің Қазакстан Республикасы жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міңдетті стандартын, бастауыш мектептерге арналған өзін-өзі тану бойынша оку бағдарламасын, бастауыш сыныптарға арналған оку-әдістемелік кешендерін негізге ала отырып, пәннің басты мақсат-міндеттерімен, осы міндеттерді жүзеге асыру мүмкіндіктерімен, оқу мазмұны және оның құрылымдық ерекшеліктерімен, колданылатын әдіс-тәсілдері және технологияларымен, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыратын ойындар мен жаттығулар жүйесімен, окушы білімін бағалаудың ерекшеліктерімен, пайдаланылатын оқу-әдістемелік кешендер мен қосымша оқу құралдарының тізімімен, қосымша оқу материалдарымен таныс болуы тиіс.

Оқыту үдерісі әдетте, сабақ арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мұғалім мен окушы бірлесе отырып, бірқатар оқу іс-әрекеттерін бастан өткереді. Сол себепті де мұғалім үшін жаңа білімді нақты әрі ұтымды етіп қалай жеткізе алуы, окыту үдерісін қалай басқаруы керектігі, оқу сапасын калай тексеріп, бакылауға алуға тиістілігі айқын болғаны жөн. Қазіргі дидактика оқушыны басты нысан ретінде қарастырады. Ал мұғалімнің рөлі пәннің өзіндік ерекшеліктерін, нақты оку жағдайын, баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып, оқушымен бірге таным баспалдактарымен жүріп өтеді, әлбетте, мұнда баланың белсендігі мен дербестігіне сүйенеді. Мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттері оқушылардың оқу мотивациясы; оқушының білім-біліктері, іскерліктері мен тәжірибелерін белсендіру; жаңа оку материалын меңгертуді ұйымдастыру; оқыту нәтижелілігін анықтау кезеңдерінен тұрады. Мұндағы мұғалім кызметінің мәні басқару болса, оқушылардың қызметі – оқу, білімді меңгеру, біліктер мен іскерлік дағдыларын игеру, оларды іс жүзінде қолдана білу. Әрбір мұғалім сабақка даярлық алдында проблемалық міндеттердің шешімін қарастырады. Онда мұғалім жаңа материалды меңгерту үшін өткен материалдардан нелерді тірек етіп алуға болады; осы кезге дейін калыптасқан кандай біліктер мен дағдыларды жанаша қалыптастыруға тірек бола алады; оқушының ойлау, қабылдау, сезіну, еске түсіру, сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін кандай тапсырмалар мен жаттығулар ұсынған жөн; оқушылардын алған білімдерін бақылап, тексеру үшін қаңцай практикалық материалдар қолданған дұрыс деген проблемалық сауалдарга жауап іздестіреді. Демек, мұғалім өзін толғандырған осынау мәселелерге жауап алуды алдын ала бағдарлайды.

Кіші мектептік жас тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады.

Бастауыш мектеп мұғалімі – ерекше мұғалім. Балалардың бойында адамгершілік касиеттерді дамытуда мұғалімнің үлгісі мен әсер-ықпалы ерекше орын алады. «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес», деген Я.А.Коменский. Мұғалімнің жеке басының, оның адами қасиетінің көрінісі бала үшін орасан рөл атқарады. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай болу мұғалімнің жеке басына қойылатын талап болмақ.

Әрбір жас мұғалім мектептегі басты құндылықтар окушы мен мұғалім, олардың бірлескен енбегі екенін жаксылап ұғынуы тиіс. Жалпы мектептің іс-әрекеті, мұғалімнің қызметі баланың табиғатына нұқсан келтірмейтін, балаға көмектесетін жағдай туғызуы болып табылады. Мұғалім өз ісінің шебері атану үшін адамгершілік пен кәсіби тұрғыдан сайма-сай тұлға болуы тиіс, яғни ен алдымен, оның адами қасиеті басты нәрсе болып саналады, сонымен катар ол кәсіби ойлап, әрекет ете алатын маман болуы керек.

Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз . Тек мыкты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Халкымыз әркашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, қастерлеп, аса жоғары бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамнын адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айткан ұлы Абай. Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлык ой мен кимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі», деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңі ел тұткасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп окушыларына тек білім беріп қана коймай, оларды халыктық педагогиканын нәрлі кайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік касиеттерін калыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани казыналармен байытуға, казақ халкының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оку үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, окытудың жана технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыкка құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандыктан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру максатында сабак барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылык кабілеті үлкен рөл атқарады.

Дегенмен, табыска жетудің ең басты көзі болып мұғалімнің әрбір баланың жеке түлғалық ерекшелігіне негізделген балаларға деген махаббаты саналады. Әрбір тәрбиеленушіге өз бойындағы дарыны мен талантын, қабілеттерін аша түсуге мүмкіндік жасау кажет, оларды өзімен және әлеммен үйлесімділікте өмір сүруге үйрету керек. Бұл – қоғамға қызмет етуде осындай күрделі де жауапкершілікті, игі істі таңдаған «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінінң ең басты міндеті.

Өзін-өзі тану мұғалімі кызметінің кұндылык бағдары оқушыларға білім алуға, даналыкты, адамзаттың мәдени жетістіктерін игеруге, коғамның барлық мүшелерімен өзара түсіністікпен, жағымды қарым-қатынастар жасауды үйренуге мүмкіндіктер туғызады. Мұғалім әрбір окушының ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың коршаған ортада өзінің тұлғалық «Менін» жете түсінуіне көмектеседі. Ол дайын білімдерді жеткізуші емес, балалардың өмірдегі маңызды іскерліктері мен дағдыларын игеруге жетелейтін өзін-өзі тану үдерісінің жетекшісі. Ол балалармен бірге ойланады, жаналықтар ашады, дауларды шешеді, таңданады, күмәнданады, бірлестік әрекеттерде қызығушылықпен өмірдің ақиқатына кез жеткізеді, сыныпта жағымды жағдай туғызады.

Кіші мектеп жасындағы окушыларды өзін-өзі тануға үйрету мұғалімнің жоғары адамгершілікті, мәдениетті, жан-жакты білімді, ізгі ойлы және жылы жүректі болуын талап етеді. Мұғалім баланың жанына ерікті немесе еріксіз әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекет мұғалім мен окушы арасында тең құқықтылық сакталатын ынтымақтастық, серіктестік ұстанымдары бойынша құрылады. Мұғалім рухани құндылықтарды талдай отырып бала жүрегіне мейрімділіктің, адамгершіліктің нұрын себеді. Кіші жастағы оқушылар өзін-өзі тану сабағында үйренгендерін өмірде көрсете алуы үшін үлкендер балаларға барлық уақытта үлгілі, досжанды, мейірбанды, шыдамды және сезімтал болуы тиіс. Кіші мектеп окушылары үшін мүғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-кимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондыктан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтер ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

Бастауыш сынып мұғаліміне тән ерекшеліктер:

-Ізгі журекті адам

-Ізденімпаз ғалым

- Нәзік психолог

- Жан-жақты шебер

-Тынымсыз еңбеккер

- Сұлулықпен сусындаған білімпаз

- Идеал адамның мүсіншісі

-Тереқ қазыналы білімпаз

- Кез келген ортаның ұйытқысы

-Рухани-адамгершілік білімді насихаттаушысы

- Ұлағатты ұстаз

Нағыз ұстаз бейнесін Әбунасыр Әл-Фараби сөзімен түйіндесек: «Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым катал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдык шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздык кадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына, шәкірті селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылык қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді.»

Осындай ұстазға тән мінез-құлык ізгілікпен ұштасып, бала жүрегінің терінен орын алған жағдайда жас ұрпактын рухани бай, адамгершілігі мол, жан-жақты үйлесімді дамыған елін сүйер абзал азамат болары сөзсіз.

Лекция №21-22

Наши рекомендации