Арнайы кәсіби бағыттағы материалға үйрету, оларды берілген кәсіби жағдаяттарда қолдану.

Екінші шетел тілін оқытудағы дидактикалық-әдістемелік ерекшеліктері.

* Екінші шетел тілін оқытудың дидактикалық-әдістемелік ерекшеліктері: екінші шетел тілін оқытудың ұстанымдары;

* Шетел тілін оқытуда дидактикалық және әдістемелік ұстанымдар басшылыққа алынады.Сонымен қатар шетел тілі оқыту әдістемеіснің жалпы,жеке арнайы ұстанымдары бар.

* Жалпы дидактикалық ұстанымға жататындар

* - оқытуды өмірмен ұштастыру ұстанымдары

* - тәрбиелей отырып оқыту ұстанымдары

* -оқушылардың оқудағы сапалы түрде түсіну

* -оқушылардың творчестволық белсенділігі

* -көрнекілік ұстанымы

* -ғылымилық ұстанымы

* -жүйелік пен бірізділік ұстанымы

* Білімді берік меңгеру ұстанымы

* -оқушылардың жас ерекшелігін ескеру.

* Шетел тілін оқыту әдістемесінің жалпы ұстанымдары

* Шетел тілін оқытудағы коммуникативтік бағдар

* Ана тілінің ерекшелігін меңгеру

* Жаттығудың басымдылық рөлі.Шетел тілі сабақтарда келесі жеке ұстанымды басшылыққа алу керек .

* Шетел тілін оқыту әдістемесінің жеке ұстанымдары

* Ш.т.о –да үлгі сөйлемдерді пайдалану

* Жеке тіл материалын жаттықтырудағы сөйлеу практикасымен ұштастыру

* Сөз әрекетінің түрлерімен жұмысты бір-бірімен байланыстыра отырып жүргізу

* Ш.т.о бастапқы сатысында ауызша сөзге үйретуді оқумен жазудың алдында жүргізу.

Екінші шетел тілін оқытудың құралдары.Екінші шетел тілін оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: негізгі және көмекші. Негізгі құралдарға оқулық, мұғалім кітабы, оқу кітабы және жұмыс дәптері. Көмекші құралдардың екі түрі бар: техникалық және техникалық емес.

Техникалық құралдар арқылы әртүрлі аутенттік мәтіндер тындатылады, видео фильмдер, телехабарлар көрсетіледі.

Техникалық емес құралдар аудиотиптік және визуалды деп ажыратамыз. Аудиотиптік құралдарға көркем-әдебиеттер, шығармалар, газет, журналдар, материалдар, түрлі жаттығу кітаптары, сөздіктер жатады.

Визуалды құралдарғы: грамматикалық таблицалар, схемалар, суреттер, геометриялық фигуралар жатады.

ЕШТО-ға арнайы құралдарды қолдану іске асады. Оған жататындар: бағдарламалар, оқулықтар, оқу әдістемелік комплекстер, дидактикалық функциялар жатады.

15 – 21. Екінші шетел тілін оқытуға арналған оқулықтарға және оқу-әдістемелік құралдарға талдау жасау Оқушылар үшін оқулық негізгі құрал болып табылады.Мұнда методикалық тұ,рғыдан іріктеліп алынған тіл материалы,оны меңгеру қажет жаттығулар ,теориялық түсініктемелер (грамматикалық ережелер) сондай-ақ қосымша кіреді.Оқулықтағы тіл материалы аналитикалық және синтетикалық оқуды үйретуге арналған текстерді,ауызша сөзге үйретуге,оны дамытуға арналған материалды қамтиды. Бұл материал оқулықта белгілі бір ретпен, жеңілден қиынға қарай орналастырылған.Оқулықтағы жаттығулар тіл материалын меңгеріп, сөз іскерліктері мен дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Онда берілген теориялық түсініктемелер оқушылардың тіл материалын дұрыс түсініп дұрыс қолдануына қажетті көмекші құрал міндетін атқарады.Қосымшада өлеңдер мен тақпақтар, қосымша оқуға арналған тексттер,өз бетімен орындаған тапсырмалар мен жаттығулардың дұрыстығын тексеруге арналған кілттер, тақырып бойынша орналастырылған сөздер тізімі беріледі.Оқу кітабында класстан тыс қосымша оқуға арналған текстер бар.Ондағы тіл материалы негізінен оқушыларға таныс.Мұғалімнің кітабында оқу кешенінің негізгі принциптері мен методикалық идеялары баяндалады, сабақтарды қалай құру туралыметодикалық кеңестер беріледі, сөйтіп бұл мұғалімдер үшін жетекші құрал болып табылады.Онда материалды қалай түсіндіру,жаттығуларды қандай ретпен орындау, материалды меңгергенін қалай тексеру т.б. кеңестер берілген.Мұнан басқа мүғалімнің қолында күй табақтар,магнитофонға жазылған таспалар,суреттер, кестелер,фланеленграффен жұмыс істеуге арналған суреттер,диафильмдер болады.Міне,бұлар шетел тілін оқытудың негізгі құралдары.Енді көмекші құралдарға қысқаша тоқталып өтелік.

Шетел тілдерін оқытуда қолданылып жүрген көмекші құралдар екі топқа бөлінеді:1.техникалық құралдар, 2.техникалық емес құралдар.Техникалық емес құралдарға: a)қосымша оқуға арналған кітаптар ә) шетел тіліндегі газеттер.Оларды класта да,үйде деи оқуға болады

б) көркем өнерпаздарға арналған шетел тіліндегі материалдар (тақпақтар,өлеңдер,инсценировкалар, викториналар) в) грамматикалық анықтама

г) ауызша сөзді дамытуға арналған құралдар ғ) жаттығулар жинағы.

Техникалық көмекші құралдарға мыналар жатады: а)жеке сабақтардың үзінділері жазылған магнитофон таспалары.Мұндай таспалар сабақты жандандыруға көмектесіп, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады.Оқушылар таспадан сабақтың белгілі бір үзінділерін тыңдап қателерді түзетуге белсене қатысады, ә) диафидьмдер де техникалық көмекші құралдар қатарына жатады.Мұнда оқушылар тек диа фильмнің жеке кадрларын суреттеп қана қоймай,сондағы оқиға туралы, оның басты кейіпкерлері туралы өз ойларын айтуға дағдыланулары керек.Бұл оқушылардың дайындықсыз сөйлеуге үйренуіне көмектеседі б)дәл осындай қызметті шет тіліндегі фильмдер де атқарады. в ) шетел тілінде радио хабарларды көмекші техникалық құрал ретінде пайдалануға болады.

17. Дыбыстап айтуға, лексикаға және грамматьикаға үйрету.Неміс тіліндегі дыбыстарды дұрыс үйретуге ана тілінің тиімді тиімсіз ықпал етететін жақтары бар. Неміс тілінің дыбыстарын тез игеру үшін тиімді ықпалын пайдаланып, тиімсіз ықпалға қарсы күресу керек. Тиімді ықпал тасымал деп аталады. Ал тиімсіз ықпал интерференция деп аталыды. Дыбысты үйретудің негізгі 4 компненті бар;

1. Дыбысты көрсету

2. Дыбыстың айтылу жолын, оның артикуляциясын түсіндіру

3. ұқсас дыбыстарды бір-бірінен ажыратуға арналған жаттығулар

4. Дыбысты оқушының айтып дағдылануы

Грамматикалық материалдарды түсіндіруде мынаны түсіндіру керек:

a) Түсіндірілуге тиісті грамматикалық құбылыстың ерекшелігі, оның сипаты;

ә) Бұл құбылыстың сөз әрекетінің қандай түрде қолданылатыны;

б) Оқушылардың жас ерекшелігі.

Грамматикалық құбылысты түсіндіру қысқа, айқын, дәл болып, негізгі уақыттың жаттығуларға бөлінгені жөн. Грамматикалық материалды лекцикалық жолмен түсіндірудің маңызы зор. Грамматикалық құбылысты лекцикалық жолымен түсіндіру дегеніміз- мұғалім ереженің орнына үлгі сөйлем береді. Грамматиканы үйреткенде функционалдық принципті қолдану керек. Грамматикалық материалдарды үйретудің функционалдық концентрлерге бөлу, нұсқау ережелер мен жалпылауыш ережелерін қолдану, сөз үлгілерін қолдану тәсілдері бар. Лекцикалық жолмен түсіндірудің себебі: оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты, төменгі класс оқушыларының сөздік қоры аз.

18-19. Екінші шетел тілі сабақтарында тілдік материалдарды үйретуге арналған әдістемелік нұсқаулар. ЕШТО-да тіл материалын игеру дегеніміз- оны тану ғана емес, сол материалды дұрыс түсіну, әрі дұрыс қолдана білу дағдысы. Шетел тілін оқыту процесінде тіл материалымен оқушыларды таныстырып, оларға осы материалдың қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс қолдануға дағдыландыру керек. Тіл материалын игеру ШТО-дың мақсаты емес, сол тілді қатынас құралы ретінде меңгерудің алғышарты, алаға қойылған мақсатқа жетудің құралы. Тіл материалына мыналар жатады: фонетика, грамматика, лексика, орфография, идеоматика мен фразеология.

23. Ауызша вербалды қатысымға оқытудағы жыңы технологияларҚатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.

Шет тілін оқытуда техникалық құралдардың маңызы өте жоғары, мысалы дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әр түрлі диалогтар түрінде беріледі. Басқа да техникалық құралдарға диафильм, кинофрагмент, үн таспа, аудио, видео материалдарды, интерактивті тақталарды, проекторларды, т.б жатқызамыз. Техникалық құралдар оқушылардың неміс тіліне деген қызығушылығын арттырады, материалдарды тиімді меңгеруге септігін тигізеді. Техникалық құралдар тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушылардың бойында тыңдап түсіну іскерлігі мен дағдыларды қалыптастыруға жәрдемдеседі. Аудио ,видео материалдар арқылы оқушы неміс тіліндегі сөздердің дұрыс айтылуын, сөйлемдегі сөздердің ретін меңгеріп, соны өзі сөйлегенде қолданады. Тілді түсіну оңай болып, сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Арнайы кәсіби бағыттағы материалға үйрету, оларды берілген кәсіби жағдаяттарда қолдану.

Қазіргі кездегі білім беру ерекшеліктеріне сай мектептерде ерте жастан бастап шетел тілі оқытылады. Оқушылар ортаңғы және жоғары сыныпқа барғанда тілді едәуір деңгейде біледі. Пәндерді шет тілінде үйренеді. Әсіресе жаратылыстану пәндерін. Сол үшін қазір жоғары оқу орындарында шетел тілі кәсіби бағытта оқытылып жатыр. Яғни болашақ маман өз мамандығын шетел тілінде оқиды. Педагогтар өз пәндерін шет тілінде оқиды. Шет тілінде білім алған педагогтар мектепте өз пәнін шет тілінде кәсіби тұрғыдан оқытатын болады.

29.Жазбаша вербалды қатысымға оқытудағы жаңа технологиялар. Қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді. Қатысымдық бағыт әуел баста тілді жеделдете оқытудың негізгі әдісі ретінде қалыптасты. Ол дайын сөйлемдерді жаттатқызу, тілдік материалды саналы түрде меңгермей, көбінесе ойланбастан қайталауға негізделгенмен, бірте-бірте оқыту мазмұны, әдіс-тәсілдері өзгеріп, толығып отырды.
Қатысымдық әдістің сипаты: Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде ұйымдастырылады; Ана тілі мүлдем қолданылмайды; Грамматика мен лексикалық минимум индуктивті түрде беріледі; Тіл үйренушілер мәтінді таспаға жазып, қайта тыңдап, негізгі таспамен салыстыра отырып, айтылым дағдысын қалыптастырады; Белсенді өзара әрекет жаттығулары қолданылады.

Қатысымдық бағыттағы оқу үдерісіне басты қатысушылар – оқытушы мен тіл үйренуші. Оқытушы - тіл үйренушінің әрекетін бақылаушы, түсіндіруші, ақыл-кеңес беруші, реттеуші, ал тіл үйренуші – қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі. Олардың арасындағы субъект-субъектілік қатынастар ынтымақтастыққа және тең құқықты сөйлеу серіктестігіне негізделеді. Тіл үйренушінің іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы – оның мықты оқу уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлеу әрекетінің түрлері тіл үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға бағытталуы тиіс.

Қатысым әрекеті арқылы сөйлеуші бір хабарды, ақпаратты ауызша баяндап, екінші біреуге түсінікті етіп жеткізеді. Оқушының қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе білуге үйрету үшін, ең алдымен, өмірде оны екінші адаммен түсінісе біліп, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала біліп, ұғынысып, тілдік қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету керек. Өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу. Қатысым әрекетінің жүзеге асуы үшін маңызды шарт бұл – тіл мен сөздік қордың болуы, байланыстырып сөйлеу мәнері.[

30. Екінші шетел тілін оқыту технологиясы. Екінші шетел тілін оқытудың жаңа білім технологияларын меңгеріп сабақты дұрыс жоспарлау мен өткізудің орны ерекше. Олай болса, шетел тілінің әрбір сабағының мақсаты шетел тілін оқытудың мақсатымен, яғни тілді терең меңгерумен тығыз байланысты.Екінші тілі сабағында тиянақты және сапалы білім беру тәрбие жұмысымен күнделікті бірлікте жүргізілуі тиісті екені күнделікті тәжірибеде дәлелденгені айқын. Осыған орай, ауызша фонетикалық, граматикалық жаттығу мен жаттаған өлең, тақпақтарды қайталау, магнитофон мен электронды оқулықтағы дикторлардың оқыған мәтіндерді тыңдау, әр түрлі ойындар, жұмбақ, мақал-мәтелдерді еске түсіру-өткенді пысықтау болса, бір жағынан оқушылардың жалыққан кезінде көмектеседі, екіншіден, олардың шетел тіліне қызығушылығы мен ынтасын күшейте түсетіндігі сөзсіз. Шетел тілінің мұғалімі жаңаша оқытудың технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін үйреніп, оларды шығармашылықпен өз жұмысында орынды да тиімді жемісті қолдана білуі- ХХІ ғасырдың шетел тілдері мұғалімдерінің алдына қойып отырған негізгі талабы болып табылады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру ұстаздарға үлкен міндет жүктейді. Сонымен қатар шетел тілі мұғалімі оқушы үшін тиімді. әрі пайдалы әдістемені қолдана алуы қажет. Соның ішіндегі озық әдістемелердің бірі - когнитивтік-коммуникативтік технология. Көп тілді оқытудың когнитивтік- коммуникативтік технологиясының негізін қалаған профессор Болатбаева К.Н. берген анықтамаға жүгінсек, оқу үрдісін ұйымдастырғанда оқытудың мазмұны, қағидалары ерекше іріктелгенде, жоспарлау, оқытудың сәйкестігі көзделген арнайы технология жасалып, осы оқытудың нәтижесі назарда ұсталғанда көп тіл білетін тұлғаның қалыптасуы мүмкін. сабақты когнитивтік-коммуникативтік технология бойынша ұйымдастыру оқушылардың диалогтік, монологтық сөйлеу қабілеттерін дамытады.

31. Оқыту идеясын іске асырушы танымдық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмалар. Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі». Танымдық іс - әрекет оқушылардың негізгі іс - әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б. сипатталады.Шетел тілін оқыту барысында баланың танымдық идеясын,жалпы танымдық белсенділігн арттыру үшін қолданылтын тапсырмалар:Бастауыш сыныпта шетел тілін дамыту сабақтарында ойланатын ойындар «Қайда, қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал» т. б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Оқушылардың шетел тілі пәнінде танымдық қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Сынып ішінде кітапханамен байланыс орнатып, оқушылардың шетел тілін әдебиетін оқуын қадағалау және оқушыларға көптеген ертегі, әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және оларға хабарлама дайындау тапсырылады.Шетел тілін басқа пәнмен байланыстыра оқыта отырып,танымдық белсенділігін дамыту.Мысалы,матемика сабағы. Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.

- Жылдың бесінші айын ата.
- Бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Көз адамға не үшін керек?
- 685 пен 687 арасында қандай сан бар?
- Есік қандай геометриялық фигура?
Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады.

32. Оқушылардың лингвистикалық тәжірибесін байыту... Білігілі әдіскер ғалым Ш.Х. Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесенің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйретілітін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым оқушыларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер сен сөз тірекстері бір- бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал- тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлеледенген бірсыпыра құнды пікірлері бар.

Ш.К.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелелдеген.

33–35. Екінші шетел тілін оқуға жазуға үйрету ерекшеліктері.Шет тілін үйретуде оқуға үйрету маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мұғалім оқушыларды өз бетімен оқуға, мағынасын түсінуге, оқушының санасында жаңа ой қалыптастыруға үйретеді. Шетел тілінде оқуға үйретудің мақсаты – аса ауыр емес мәтіндерді ана тіліне аудармай, тікелей түсінуге, тіл және мазмұн жағынан ауыр мәтіндерді сөздікті пайдалана отырып, ана тіліне аудару арқылы түсінуге үйрету. Оқу күрделі процесс. Оның күрделілігі мынаған байланысты: оқу, бір жағынан, оқу техникасынан тұрса, екінші жағынан, сол оқыған мәтіннің мазмұнын түсінуден тұрады. Оқу техникасын меңгеру деген сөз – мәтінді сөйлеудің нормаға сай жылдамдығымен қатесіз дұрыс оқу. Оқу техникасын меңгеру үшін мұғалім оқушыларды ең әуелі латын алфавитінің әріптерімен таныстырады. Латын алфавитіндегі әріптер қиындық дәрежесіне қарай үш топқа бөлеміз: 1) графикалық бейнесі де олар таңбалайтын дыбыстар да ана тіліндегімен ұқсас ірңптер: А а, Оо, Ее, Кк; 2) Графикалық бейнесі ана тіліндегі әріптерден мүлде өзгеше ірәптер: Ss,Vv,Ww,Zz; 3)графикалық бейнесі ана тіліндегі әріптермен ұқсас болғанмен таңбалайтын дыбыстыры екі тілде де басқа әріптер: В, Ғ, Сс, Рр.

Оқуға үйретудің алғашқы кезеңінде аналитикалық-синтетикалық дыбыстау әдісін қолданады. Яғни оқушылардың ауызша меңгерген сөздерінің дыбыс құрамын талдаймыз. Оқушылар сөз неше дыбыстан тұратынын анықтып, сол дыбыстарды атайды. Мұғалім осы сөзді тақтаға жазып қояды да, оқушылардан осы сөздің неше әріптен тұратынын анықтауын талап етеді.Сосын оқушылар сол әріптерді атайды. Егер сөздегі әріптер мен дыбыстардың саны бірдей болмаса, онда әріп-дыбыс қатынасы анықталып, оқу ережелері белгіленеді. Сөйтіп оқушылар жеке сөздерді оқуға дағдыланады.

Шетел тілінде оқу – шетел тілін оқытудың құралы, әрі мақсаты болып табылады. Оқуға үйрету барысында қарап шығу, таныса оқу және зерттей оқу түрлері меңгеріледі.

Қарап шығу – мәтіннің мазмұны, тақырыбы, негізгі мәселелері туралы мағлұмат алу.

Таныса оқу- мәтіндегі барлықтфактілердің кем дегенде 70%-ін түсіну, бірақ мәтіндегі барлық негізгі, басты фактілерді міндетті түрде түсіну қажет.

Зерттей оқу – түсінудің толықтық деңгейі – 100%, барлық ақпаратты дәл түсіну қажет.

Қажетті мәтінді талдау мен мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастыру оқуға үйретудің мәселелердің бірі болып табылады. Оқу мақсатында кез-келген мәтінді алуға болмайды, себебі ол оқушылардың тілді игеру деңгейіне сай келмеуі мүмкін.

Онымен қатар аутенттік материалдармен жұмыстың да пайдасы зор. Бұл материалдар өте қызықты әрі өзекті болады. Ондай мәтіндермен жұмыс кезінде оқушы оқу үрдісін шынайы өмірмен елестетіп байланыстыра алады.

Шет тілін үйретудегі өте маңызды және күрделі жұмыстырдың бірі – жазу.

Шет тілінде жазуға үйрету дегеніміз – сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлей, айта, қолдана білу. Жазуға үйрету барысында оқушылар белгілі қиындықтарға кездеседі. Бұл қиындықтар әсіресе графика мен орфографияның ерекшеліктеріне байланысты. Графика саласындағы қиындықтар мынаған байланысты: неміс тілінде жазылуы қазақ әріптеріне ұқсас, бірақ мүлде басқа дыбыстарды таңбалайтын әріптер бар (мысалы P p, I i, C c т.б). Оқушылар бұл әріптерді қазақ әріптерімен шатастыруы нәтижесінде толып жатқан қателерге ұрынады. Орфография саласында да белгілі қиындықтар бар. Бұл қиындықтар мыналар: 1. Дыбыс пен әріп арасында сан жағынан сәйкестік жоқ; 2. Бір әріп бірнеше дыбысты таңбалайды; 3.бірнеше әріп бір дыбысты білдіреді; 4. Кейбір әріптер , мысалы «h», «e» алдыңғы дауысты дыбыстың созылыңқы айтылатынын білдіреді.

Жазу механизмінің күрделілігіне байланысты жазуға үйрету екі сатыдан тұрады: а) жазу техникасын үйрету және ә) өз ойын жазбаша түрде жеткізуге үйрету.

Жазу техникасын үйретудің негізгі мақсаты – оқушылардың графикалық, калиграфиялық және орфографиялық дағдыларын дамыту. Графика және калиграфия дағдыларын дамыту негізі төменгі кластарда жүзеге асырылады да, оқытудың ортаңғы және жоғары сатысында тек жетілдіру үшін жаттығулар талап етеді. Ал орфография дағдыларын дамыту бүкіл оқу курсында, жаңа лексикалық материал жиналған сайын жүріп отырады. Жазу техникасын меңгеруде ең қиыны – орфографиялық дағдыларды меңгеру. Орфография ережелерін қолдана отырып жүргізілетін жаттығулардың екі тобы бар. Бірінші топқа ережеге сай келетін сөздерді тану жатады: көпше түрдегі зат есімдерді көшіріп жазу, зат есімнің септік жалғауларын қосып жазу т.б Екінші топқа сөздерді өз бетімен қолдануға арналған жаттығулар жатады: сөйлемдегі сөздерді көпше түрде жазу, етістіктерді белгілі шақ формасында жазу, белгілі орфограммаларға қарап, сөздерді топтастыру т.б Жазу техникасы мен орфографиялық дағдыларды жетілдіру үшін қолданылатын жаттығулардың бірі – мәтінді көшіріп жазу. Бұл жаттығуды орындау барысында барлық анализаторлар қатысады: көру, сөйлеу, қол қозғалысы. Сондықтан мұндай жаттығулар сөздердің орфографиясын есте сақтауға көп ықпалын тигізеді. Мәтінді ойланбастан көшірмес үшін оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі; белгілі орфограммалардың астын сызу. Сөйтіп, оқушылардың назары қиын сөздерге аударылады.

Өз ойын жазба түрде жеткізуде орта мектептегі түпкі мақсат – шетелдік достарына хат жаза білу.

34-36. Оқушылардың қатысымдық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға арналған жаңа технологиялар.Қатысымдық яғни коммуникативтік іскерліктер мен дағдылар қалыптастыруда оқытушының рөлі өте зор. Қатысымдық бағыттағы оқу үдерісіне басты қатысушылар – оқытушы мен тіл үйренуші. Оқытушы - тіл үйренушінің әрекетін бақылаушы, түсіндіруші, ақыл-кеңес беруші, реттеуші, ал тіл үйренуші – қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі. Оқытушы тіл үйренушунің коммуникативтік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін заман талабына сай жаңа технологияларды тиімді қолданғаны абзал. Қазіргі жаханданған заманда қатысымдық іс әрекетін ұйымдастыру үшін көп жағдай жасалған. Мысалы скайп, твиттер, фейзбук секілді әлеуметтік желілер арқылы үйреніп жатқан тілде сөйлейтін мемлекеттердің азаматтармен қарым-қатынасқа түсу арқылы тілімізді жаттықтырып немесе лесикалық сөздік қорымызды дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар аудо, видеоларды қолдану арқылы баланың қызығушылықтарын арттырып, тыңдау іскерлітерін қалыптастыруға болады.

37 Аутенттік-мәтіндік материалдар екінші шетел тілін оқытудың коммункативтік-когнитивтік технологиясының негізіОқу әр түрлі ойлaу оперaциялaрын тaлaп етеді. Олaр: сaлыстыру;- aбстрaкциялaу;- тaлдaу;- нaқтылaу;- жинaқтaу.- Берілген мәтінді оқып, мaзмұнын түсіну де әр түрлі сипaттa өтетіні aнық. Оқушы оқығaн мәтіннің мaзмұнын толық, дәл және түсінуге тиіс. Оқу іскерліктерін дaмытудың нәтижелілігі оқитын мәтіндердің сипатынa бaйлaнысты. Сондықтaн оқуғa aрнaлғaн мәтіндер төмендегідей тaлaптaрғa сәйкес болуы тиіс: мәтіндер мaзмұнының тәрбиелік тұрғыдaн құнды болуы;- мәтіндер мaзмұнының оқушылaрдың жaстaрынa, тілек-тaлaптaрынa,- интеллектуaлдық дaму деңгейіне сәйкес болуы; оқуғa aрнaлғaн мәтіндерде тілін үйренетін елдің тaрихы, экономикaсы, сaяси- өмірі, әдебиеті, мәдениеті, тұрмысы, сaлт-дәстүрлері турaлы мaғлұмaттaр болуы; aутентикaлық мәтіндердің бaсым болуы.- Соңғы жылдaры ғaлымдaр мен әдіскерлер шетел тілі оқулықтaрынa aутентикaлық мәтіндерде кеңінен енгізуді жaқтaйды. Aутентикaлық мәтін дегеніміз aдaптирленген, бейімделген емес, яғни жaсaнды мәтін. Бұл тілін оқып, үйреніп жaтқaн елдің реaльды өмірін сипaттaйтын, қaзіргі болмысын көрсететін мәтін. Aутентикaлық мәтіндерді оқушы оқи отырып, өз елін, тілін үйреніп жaтқaн тілмен сaлыстырып, сын елегінен өткізіп, ой- өрісін дaмытып, терең жaн-жaқты білім aлып, рухaни, сaяси-идеялық тұрғыдaн тәрбиеленуіне мүмкіндік aлaды. Aутентикaлық мәтіндермен жұмыс бaрысындa оқушылaр мәтіннің жекеленген бөліктерін бір-бірімен ұштaстыруды, фaктілер мен оқиғaлaрды логикaлық, хронологиялық тәртіппен ұйымдaстыруды, фaктілерді топтaстыруды, оқиғaлaр aрaсындaғы бaйлaнысты aнықтaуды үйренеді. Оқушы сонымен бірге мәтіннен aлынғaн aқпaрaтты өңдей отырып, қорытынды шығaрып, мәтіннің идеясын, түпкі ойын aнықтaп, олaрды бaғaлaй білуді, олaрды өздерінің білімдерін тәжірибелерімен ұштaстырып үйренеді.Aутентикaлық мәтіндермен жұмыс төмендегідей бөлімдерден тұрaды: 1 мәтінді оқуғa дейінгі кезең; 2 тікелей мәтінді оқу кезеңі; 3 мәтінді оқып болғaннaн кейінгі кезең. Мәтінді оқуғa дейінгі бірінші кезеңде біз оқушылaрдың мәтінді оқуғa деген құштaрлықтaры мен қызығушылықтaрын оятуғa тырысaмыз. Ең aлдымен біз оқушылaрдың нaзaрын мәтін тaқырыбынa aудaрып, қaжетті жaғдaйдa, суреттер, модельдер және т.б. көрсетіп, оқушылaрдың болжaу іскерліктерін дaмытaмыз. Aутентикaлық мәтіндерде, әрине, қысқaртылғaн сөздер, біздің болмысымызғa тән емес эквивaленті жоқ сөздер, сөз тіркестері, қиын сөздер болуы мүмкін, сондықтaндa бұл қиындықтaрдың aлдын aлу үшін, бұл сөздерді түсіндіріп кетеміз. Ең бaстысы бірінші кезеңде мәтін мaзмұнынa бaйлaнысты еш хaбaр aйтылмaғaны жөн, әйтпесе оқушылaр мәтінді оқуғa тырыспaйды. Екінші кезең мәтінді тікелей оқу кезеңі. Оқушылaр мәтінді оқиды, мaзмұнын түсінеді, мәтін мaзмұнындaғы aқпaрaтты толық түсіну қaжет болсa, яғни зерттей оқу түрінде, ондa мұғaлім оқушылaрды қaтыстырa отырa кейбір сөйлемдерді тaлдaтып, aнa тілдеріне aудaртып, мәтін мaзмұнын 100% түсінгенін aнықтaйды. Aл тaнысa оқудa оқушылaр мәтіндегі бaрлық негізгі, бaсты фaктілерді міндетті түрде түсіну қaжет, яғни бaсты aқпaрaтты дәл түсіну керек. Оқудың қaрaп шығу түрі оқушылaрдaн өте жоғaры дәрежеде дaмығaн оқу іскерлігін тaлaп етеді. Мәтінді оқып болғaннaн кейінгі үшінші кезеңде оқушылaр мәтін мaзмұнынa бaйлaнысты тaпсырмaлaрды орындaйды. Мысaлы: мәтін мaзмұнынa бaйлaнысты берілген сөйлемдердің дұрыстығын (не дұрыс- еместігін) aнықтaңдaр; берілген сөйлемдерді aяқтaңдaр/не толықтырыңдaр;- мәтінді оқып, оның негізгі мaзмұнынa қойылғaн сұрaқтaрғa жaуaп беріңдер;- берілген сұрaқтaрғa бірнеше дұрыс жaуaптaр бaр, дұрыс жaуaпты тaбыңдaр;- берілген сөйлемдерді мәтін мaзмұнынa қaрaй нөмірлеңдер;- қaй сөйлем мәтін мaзмұныны сәйкес келетінін/не сәйкес келмейтінін aнықтaңдaр;- мәтінге жоспaр құрыңдaр;- берілген мaқaл-мәтелдердің қaйсысы мәтін мaзмұнынa дәл келетінін aнықтaңдaр;- берілген сөйлемдерге сұрaқтaр қойыңдaр;- мәтін мaзмұнынa бaйлaнысты ой-пікірлеріңді aйтыңдaр/жaзыңдaр;- мәтінге бaйлaнысты эссе жaзыңдaр;- мәтін мaзмұнындaғы көтерілген мәселеге бaйлaнысты пікір-тaлaс- ұйымдaстырыңдaр; мәтін мaзмұнын әңгімелеп беріңдер;- мәтін мaзмұнынa бaйлaнысты сурет сaлыңдaр;- мәтінде көтерілген мәселеге бaйлaнысты қосымшa aқпaрaт жинaңдaр және т.б.- Мәтіннен кейін берілген тaпсырмaлaр оқушылaрдың сөйлеу және жaзу іскерліктерін де дaмытaды. Біз шетел тілі сaбaқтaрындa aутентикaлық мәтіндермен осындaй тәсілдерді қолдaнып жұмыс істеп, оқушылaрдың оқу іскерліктерін дaмытaмыз .

38 Жаңа технологияларды қолдану арқылы екінші шетел тілін оқып үйренуде оқушы тұлғасы үшін маңызды жағдай жасауШетел тілін жаңаща оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Үстаздардардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады . Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады . Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т б . Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақлау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу.

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзектімәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:

· білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.

· жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.

· әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б.)

· оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б.

39. Оқушылардың екінші шетел тіліндегі білімін, іскерлік пен дағдыларын тексеру және бағалауДұрыс дайындалған және жүйелі түрде жүргізілген тексеру мен бағалау оқушылардың үлгерімін арттыруға тиімді ықпалын тигізеді, оқушылардың бойында құнды қасиеттерді: борыш сезімін, жауапкершілікті, оқуға деген ынтасын, еңбеккерлікті қалыптастырады.Тексеру мен бағалау мектептегі оқу-тәрбие жұмысының маңызды құрама бөлігі болып табылады.

Қазіргі методикада тексерудің жүргізілу мерзіміне қарай оның мынандай түрлері бар:

1) Күнделікті (ағымдағы) тексеру;

2) Тақырыптық тексеру;

3) Мерзімді тексеру;

4) Қорытынды тексеру.

1.Ағымдағы тексеру әр сабақта, сабақтың әр кезеңінде жүргізіледі.

2.Тақырыптық тексеру шетел тілін оқытуда кеңінен қолданылады, өйткені шетел тілін оқытуда материал тақырыптық принцип негізінде ұйымдастырылады.

3.Мерзімді тексеру әдетте тоқсанның немесе жарты жылдықтың аяғында өткізіледі. Тоқсанның, жарты жылдықтың аяғында мұғалім осы мерзім ішінде игерлген іскерліктер мен дағдыларды тексереді.

4.Қорытынды тексеру дегеніміз оқу жылының аяғында оқушылардың осы жылда меңгерілген тіл материалын, сөз әрекетінің әр түріне байланысты іскерліктер мен дағдыларды қаншалықты берік меңгергенін тексеру.

Тексеруді ұйымдастыру жолдарына қарай оның мынадай түрлерін ажыратады:

А) Фронталды тексеру(яғни,бір мезгілде бүкіл кластың білімін,іскерліктерін, дағдыларын тексеру);

Ә) Жеке оқушының білім, іскерлік, дағдыларын тексеру;

Б) Ауызша тексеру;

В) Жазбаша тексеру;

Ғ) Екі тілде тексеру( яғни аударма арқылы тексеру).

40. Өзін өзі тексеру мен бағалауБағдарламаға сәйкес оқушылар сөз әрекетінің 3 түрін :А) Тыңдап-түсінуді;Б) Сөйлеуді;В) Оқуды меңгереді. Мұғалім сөз әрекетінің осы 3 түрінің меңгерілу деңгейін жеке-жеке тексеріп, бағалайды. Бағалау коммуникативтік тұрғыдан қаралады. Бағалау нормалары оқушылардың коммуникативтік міндетті атқару сапасына байлаысты.Ағымдағы тексеру барысында және бақылау жұмыстарының нәтижесінде журналға әр оқушыға тыңдап-түсінуден, сөйлеуден және оқудан жеке баға қойылады. Тоқсандық, жарты жылдық қорытынды бағалар оқушыларға шетел тілінен дайындығының анық көрсеткіші болуға тиіс. Бірақ бағаны сабақтың соңында қойған дұрыс. Сабақтың басында мұғалім ескертіп қояды: сабаққа белсене қатысқан оқушы сабақтың соңында істеген еңбегіне сай баға алады. Сондықтан оқушылар бүкіл сабақ бойына белсенді қатысып отырады. Оқушыға баға қойғанда мұғалім әр бағаны түсіндіріп отырады. Оқушы өзіне, кластасына қойылған бағаның әділеттілігіне көзі жететін болуы керек. Баға қойған кезде оқушыға оның жетістіктерін де, сондай-ақ кемшіліктерін де көрсетіп отырғаны жөн. Оқушының жетістігін, табысын баса айтып, кемшілігін көрсеткенде, оның қандай кемістігі барын, оны жою үшін не істеу керектігін көрсетіп отырса, тексеру мен бағалау өзінің білімдік, тәрбиелік қызметін атқара алады.

Наши рекомендации