Оқытушы туралы мәлімет

Дәріскер Жылқыбаева Маржан Сәрсекешқызы
Білімі Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ
ЖОО жұмысы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
Ақпараттық байланыс Үй телефоны: 41-01-59 Ұялы телефоны: 8701 6549989
Консультация өткізу уақыты мен орны (ауд.) Сенбі Ауд. 107

Саясаты мен процедурасы:Курсты оқу барысында студентке қойылатын негізгі талаптар оқылатын курстың мақсаттары мен тапсырмаларынан келіп шығады.

Оқытушының бақылауымен студенттің жеке жұмыстарын жүргізу, сабақтарына қатысу студент дайындығының деңгейімен, оның сабақ үлгерімімен анықталады және міндетті немесе ерікті болуы мүмкін. Студенттің міндетті сабақтарға қатысу жағдайы оның ағымдық рейтингісіне әсерін тигізеді.

Студенттің міндеттері:

- сабақтан кешікпеу;

- сабақ үстінде артық сөйлемеу, газет оқымау, ұялы телефонын өшіріп қою, сағыз шайнамау;

- сабақтан себепсіз қалмау, ауырғанына байланысты сабақ жіберсе, денсаулығы туралы анықтамасын көрсету;

- оқу үрдісіне белсенділікпен қатысу;

- үй тапсырмасын толық орындау.

- оқытушымен бірлесіп жұмыс жасағанда, белсенділік таныту үшін пәнді оқуға мүдделі болу және топтың оқуына себебін тигізу, белсенділік пен жауапкершілік таныту.

- барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау.

- сабаққа жоғары дайындықпен, оқытушы қоятын мәселелерді түсінетіндей болып және олардың шешілуіне шығармашылық тұрғыдан келетіндей болу.

- себепсіз сабақ жібермеу, емтиханға мезгілінде келу.

Б.Бағдарлама:

Пәннің қысқаша сипаттамасы. Нормативтік қазақ тілі болйынша дәріс - 15, 15 сағат – практикалық сабақтар, 15 - сағат оқытушының басшылығымен студенттің өздік жұмысына (СОӨЖ), студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) 45 сағат арналған. Практикалық сабақтар бағдарлама негізінде жүргізіледі, өз бетінше жұмыс барысында әр студент оқытушымен келісе отырып өз бетінше жұмыс жасайды, белгіленген уақытта келіп тапсырады. Уақытында өткізбеген студенттің өздік жұмыстары бағалау кезінде кемшілік ретінде ескеріледі. Курс соңында емтихан тапсырады.

Пәннің оқытылу мақсаты:Курс студенттеріне мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, комплексті талдауды терең игерту, студенттердің жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, жоғары курстарда оқылатын қазіргі қазақ тілінің теориялық курсын жоғары деңгейде меңгерту.

Пәнді оқыту міндеттері:

- Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дыбыстардың жіктелуі, жасалу жолдары туралы білім меңгерту;

- Дыбыстарды жасалу жолдарына қарай жіктеуге, жеке дыбыстарды фонетикалық талдауға машықтандыру;

- Қазақтың төл дыбыстарының жасалу, жазылу, айтылу заңдылықтарын меңгерту;

- Екпін заңдылықтарын, орфоэпия нормаларын меңгерту.

- Студенттердің тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтуге тікелей қатысы бар тақырыптар, атап айтқанда, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналылық, омоним, синоним, антоним, тұрақты тіркестерді меңгерту;

- Студенттерге сөз құрамы, сөз тұлғасы, сөз таптарын және тілдік нормаларды меңгерту;

- Студенттерге синтаксис туралы жалпы мәлімет бере отырып, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлерін меңгерту

Пәннің пререквизиттері:Орта мектепте қазақ тілінен алған білімін кеңейту,өздігінен жұмыс жасауға, ізденуге төселдіру.

Пәннің постреквизиттері.Қазіргі қазақ тілі (фонетика, лексика, морфология,синтаксис). Тіл мәдениеті.Қазақ тілі стилистикасы.

Пән мазмұны

Пән модульдері

Пән модульдері мен олардың көлемін бөлу (сағатпен)

Семестр Модуль № Пән модулінің атауы Сағаттық көлемі
Д ТС СС ЗС Барлық аудиториялық сағат СОӨЖ СӨЖ Барлық сағат
Жазу, оның түрлері мен теориялық негіздері    
  Көне түркі жазба ескерткіштері және руникалық әліпби    
Көне ұйғыр жазба ескерткіштері және көне ұйғыр әліпбиі    
Араб жазуымен жеткен ескерткіштер және араб әліпбиі    
Латын жазуына көшу және латын әліпбиімен жазылған ескерткіштер    
Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы және қазіргі әліпби мәселесі    
Пән модулі бойынша барлығы:    

Дәріс сабақтар

№   Тақырып атауы мен мазмұны Сағат саны Әдебиет
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Нег.1,2,4 Қос.16
Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы Нег.1,2,6 Қос.3,11
Үндестік заңы. Нег.1,2,3 Қос.7,13
Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы. Нег.1,2,4 Қос.13,17
Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер. Нег.1,2,4 Қос.13,14
Кірме сөздер. Кәсіби сөздер. Нег.1,2,4 Қос.13,14
Диалектизмдер. Көнерген сөздер. Неологизмдер. Термин сөздер. Нег.1,2,4 Қос.3,11
Қазақ тілінің лексикографиясы Нег.1,2,4 Қос.11,13
Морфология. Сөз құрамы Нег.1,2,4 Қос.9,12,13
Сөз тұлғасы Нег.1,2,4 Қос.9,12
Сөз таптары Нег.1,2,3,4 Қос.12,13
Синтаксис. Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері. Нег.1,2,4 Қос.1,5
Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Қаратпа, қыстырма сөздер. Нег.1,2,4 Қос.4,6
Жай сөйлем, түрлері. Нег.1,2,4 Қос.2,3,8
Құрмалас сөйлем, түрлері. Нег.1,2,4 Қос.13
  Барлық сағат  

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Апта Тақырып № Жұмыс бағдарламасы бойынша тақырыптар және аралық бақылау түрі Аудиториялық сағаттар дың бөлінісі Бақылау түрі мен ұпайы СӨЖ № мен өткізу түрі Жоғары ұпай  
Ағымдық бақылау Аралық бақылау  
Дәріс Тәжірибе СОӨЖ СӨЖ  
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.   № 1    
Буын, тасымал, екпін, дауыс ырғағы   № 2    
Үндестік заңы.   № 3    
Лексика. Сөз және мағына. Сөздің көп мағыналылығы.   № 4    
Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер.   №5    
Кірме сөздер. Кәсіби сөздер.   № 6    
Диалектизмдер. Көнерген сөздер. Неологизмдер. Термин сөздер.   № 7    
Барлығы 1- аттестация         Тест 5      
Қазақ тілінің лексикографиясы   № 8    
Морфология. Сөз құрамы   № 9    
Сөз тұлғасы   № 10    
Сөз таптары     № 11    
Синтаксис. Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері.   № 12    
Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Қаратпа, қыстырма сөздер.   № 13    
Жай сөйлем, түрлері.   № 14    
Құрмалас сөйлем, түрлері.   № 15    
Барлығы 2- аттестация         Коллоквиум 5      
Барлығы семестр бойынша    
                         

ІҮ ТАРАУ

Наши рекомендации