Дербес және шағын топпен оқыту

Дербес оқыту мен қамтып оқытудың жоспарына байланысты сөйлеу тілінің баолық кемістіктерін толығымен түзейді.

Қамтып оқыту

1. Дыбыс айту мен тіл дамыту (аптасына 3 рет)

А. Дыбыстың айтылуын қалпына келтіру

1. ц, ч, ц және бұрынғы үйретілген дыбыстардың барлығының дұрыс айтылуын қалпына келтіру.

2. ч-тб, ч-сб, ц-б-сб-ш, қ-п-в-ф дыбыстарын естілуінде ажырату.

3. ч-тб, ч-сб, ц-с, ц-ш, ц-ч, ц-сб дыбыстарын дұрыс айтылуында ажырату.

4. сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстардың дұрыс айылуын тллық тұрақтандырып, бекітілуіне байланысты сөздің дыбыстық-буындық құрамын, олардың өздігінен сөйлеу тілінде меңгеру.

5. Дыбыстық-буындық құрамы күрделі сөздерді талдау. Қамтып оқыту маусымның бірінде аяқталады. Маусым-тамыз айларында тек дербес шағын топты оқыту сабағы ғана жүргізіліп, балалардың сөйлеу тілінде қалған барлық кемшіліктер толығымен түзетіледі.

Тіл дамыту

1.Жекеше және көпше түрінде , септігіне шақтарының қимыл –іс, әрекеттеріне байланысты сөздің грамматикалық тұлғасының өзгеруніе назар аударуын жетілдіру.

Бұрынғы алған дағдысын тұрақтандырып бекіту.

2.Сөздікпен жұмыс істеу.

Сөз тудырушы және түрлендіруші жұрнақтардың тіркесуі мен қос сөздің қосылуы арқылы жаңа сөз тудыруға дағдыланғандығын тұрақтандырып бекіту, істейтін қызметі мен мамандығы бойынша пайда болған зат есімді жаңа сөздерге ( оқыту-оқытушы, оқушы, сау-сауыншы, мал-малшы) дағдылануын тұрақтандырып бекіту. Сөйлемнің құрамындағы жекеше және көпше сөздерді қолдана білу.

Тектес сөздерді іріктеп ала білуге үйрету ( бала –балақай, балапан, балажан).

Зат есім мен сын есімнің кішірейтіліп, еркелетіп айтылатынын тұлғасының пайда болуы.

Көп мағыналы сөзге назарын аудару (Қыл арқан, қыл көпір, қылды жүн, қыл үстінде ..., қыл тамақ, қылтанақ, өзеннің жағасы, көйлектің жағасы).

3.Сөйлем.

Жаңа лексикалық мәлімет беретін сөйлемді құрастыруға және кеңейтуге дағдылануын тұрақтандырып бекіту.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне назар аудару (Балалар жүгірді. Балалар секірді. Балалар жүгірді және секірді).

Тиянақты сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру. (Бала кірпіні ұстады. Бала орманның ішінен сұр кірпіні ұстап алды. Орманның ішіндегі бұтаның түбінен бала бір кішкентай сұр кірпіні ұстап алды).

Сондықтан, сол себепті, сол үшін, егерде жалғаулық шылаулар қатысып тұрған себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді (біз бүгін серуенге шықпаймыз, себебі жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр жауып тұр, сондқтан біз бүгін серуенге шыға алмаймыз. Біз бүгін серуенге шығамыз,егер жаңбыр жаумаса. Сілтеу есімдігі қатысқан сөйлемді (Асанға тратор қатты ұнады. Тракторды ағасы сыйлаған еді. Ағасы сыйлаған бұл трактор Асанға қатты ұнады,назарын аударды)құрастыру.

4.Байланыстырып сөйлеу.

а) Бұрынғы алған дағдысын тұрақтандырып бектіу.

б) Әңгіме айтқанда құрмалас сөйлемді қолдана білуге уйрету.

(Қоян қашып құтыла алмады,себебі оның бір аяғы ауыратын еді.)

в) Әңгімені айтқанда фонематикалық және грамматикалық жүйелігі мен байланысын дұрыс пайдалана отырып, мәнерлеп сөйлеуге үйрету.

г) Бейнелі сурет бойынша және оқиға желісіне құрылған көп сериялы суреттерге қарап әңгіме құрастыруға дағдыландыру.

д) Қара сөзбен және өлеңмен жазылған жолдарды, жаңылпаштарды жатқа айтқызып уйрету.

САУАТ АШУ ( аптасына 2 рет )

ДЫБЫСТАР МЕН ӘРІПТЕР

Дыбыстарды айыруға дағдылануын мұнан ары жетілдіре беру. В, я, ц, ч, ф, щ дыбыстарын меңгеру ( 24-3і- апталық оқу сабағы ).

Бұдан бұрын оқып үйретілген Е, е әріптерінің жазылуы кезін пайдаланып бекіту, дағдылануын мұнан әрі жетілдіре беру, ю, я әріптерін меңгеру. Ь ( жіңішкелік белгісі ) және ъ ( айыру белгісі ) әріптерін ля-лья сияқты буындар тіркесінің айтылу және салыстыру негізінде байқату.

СӨЗ

Айтылуы мен жазылуының айырмасы болмайтын күрделілігі әртүрлі сөздедрдің дыбыстық-буындық құрамын талдауға дағдылануын тұрақтандырып бекіту. Сөздерді нобайы мен үлгісі бойынша іріктеп алу. Сөздердің дыбыстық құрамын айқындау жаттығуын ойын түрінде қызықты етіп өткізу.

Күрделілігі әр түрлі сөздердің әріптік құрамын меңгеру.

Бұдан бұрын игерілген дағдылар мен барлық біліп үйренгендерді тұрақтандырып бекіту. Я, е, и әріптері бар сөздерді жазуға дағдылануын мұнан ары меңгере беру. Ю, ь ( жіңішкелік белгісі ) әріптері бар сөздерді жаза білуге үйрету.

Сөздің әріптік құрамын айқындауға бағытталған жаттығуларды бірте-бірте қиындатып ойын түрінде ( жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. ) қызықты етіп өткізу.

СӨЙЛЕМ

Қиынды әліппенің әріптерінен алдын-ала орфографиялық және дыбыстық талдаудан өткен 3-5 сөзден шағын сөйлемді құрастырып, өздігінен жазу.

ОҚУ

Оқуға дағдылануын мұнан әрі жетілдіру. Шағын әңгіменің сөздерін буынға бөліп оқудан бастап, бірте-бірте сөзді тұтасымен оқуға көшу.

Оқығаны бойынша тиянақты жауап беруге, жеңіл әңгімеге сұрақ қоюға, оқып шыққанын әңгімелей білуге дағдылануын тұрақтандырып бекіту. Оқыған өлең жолдарын, жанылтпаштарын, жұмбақтарын жатқа айтқызып үйрету.

Жазда сөздің әріптік құрамын айқындауға дағдылануды одан әрі жетілдіру бойынша, ойын түріндегі әртүрлі жаттығуларды жүргізу. Бұған дин егерген білімдері мен дағдыларының барлығын пайдаланып қиынды әліппеден сқздер мен, сөйлемдерді жазу, көшіріп жазуға дағдылануын тұрақтандырып бекіту, дағдылануды мұнан ары жетілдіру, саналы түрде тұтас оқуға дағдылануын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Ц дыбысы

Сабақтың мақсаты: Ц дыбысын буында,сөзде,сөйлемде дұрыс айтуға жаттықтыру, жұрнақтар арқылы зат есімнің кішірейтіп, еркелетіп айтылатын тұлғаларын айтуға дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, текшелер, кеспе әліппе, жолақшалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау.

Тақтаға цирктің көрінісі бар сурет ілінеді. Балалар, суретте не бейнеленген? (цирк). Осы сөздің басында қандай дыбыс естіледі? (ц). Ц дыбысын айтқанда тілдің ұшы қай жерде? Ерін қайтеі? Енді осы дыбысты кезекпен бәріміз айтып шығайық.

3. Кім зейінді? Ойынын ойнайық. Мен әртүрлі буындар мен сөдерді айтам , ал сендер ц дыбысы бар буын мен сөзді естігенде алдарыңдағы жалаушаларыңды көтересіңдер. Мысалы: ца-цо-цу-ас-ақ және т.б. Сабын,цирк,сағат ,циркуль, қасқыр, Самат, цемент, милиционер, велосипед, мотоцикл және т.б.

4. Енді «телефон» ойынын ойнайық, буындармен сөздерді қайталау.

Мысалы: са-цо-цу

ас-ац-оц

са-ца-цу-сы

Цемент, цирк, концерт

5. Қасық, конверт, алыс, станция деген сөздерден сөйлем құрастыру.

6. «Керісінше» ойынын ойнайық. (Ырғақты жаттығулардың орнына ойнауға болады. Мен сендерге доп лақтырып сөз айтам, сендер сол сөзді кішірейтіп,еркелетіп айтып допы қайтара маған лақтыруларың керек. Мысалы:

Көл-көлшік,

Үй-үйшік

Кілем-кілемше,

Көрпе-көрпеше,

Бала-балақай,

Кітап-кітапша және т.б.

7. Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.

8. Тексті тыңдап, сұрақ бойынша мазмұнын айтып беру.

Концерт

Анам екеуміз концертке бардық. Онда Роза апай ән айтты. Бақыт апай домбыра тартты. Бишілер биледі. Концерт бізге ұнады.

9. Сабақты қорытындылау. Ц дыбысы бар қандай сөзді айттық?

Ц дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ц дыбысын сөзде, сөйлемде дұрыс айту, дыбыстық талдау, жинақтау, дағдыларын дамыту. Ц әрәпәмен таныстыру, оқу, жазуға жаттықтыру.

Көрнекі құралдар: суреттер, текшелер, кеспе әліппе, кестелер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбымен таныстыру.

3. Ц әрпімен танысу

4. Ц дыбысымен таныстыру

5. Кеспе әліппеден буындар мен сөздерді құрастыру (ца, ац, оц, цирк)

6. Сөйлемдерді оқу, кеспе әліппеден құрастыру. Мен циркке бардым, цирк қызық болды.

7. « Ғажап сандық » ойынын ойнайық. Сандық ішінде 4-5 әріптің трафареті. Балалар қарамай Ц әріптің трафаретін қолымен сезіп табу керек.

8. Трафаретті пайдаланып, балалар Ц әріпін дәптерлеріне жазып, бояу.

9. Мәтінді тыңдап, мазмұнын сұрақ бойынша айтып беру.

Станция

Арман станцияда тұрады. Станцияға жүк поездары көп келеді. Вагондарға цемент тиелген. Цемент құрылысқа өте қажет.

Арман қайда тұрады?

Жүк поездары қайда келеді?

Вагондарда не бар?

Құрылысқа не қажет?

10. Сабақты қорытындылау.

Наши рекомендации