Дәріс Әлеуметтік- педагогикалық практикалық әрекеттің стратегиялары мен рөлі.

ІС-ӘРЕКТЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Адамның жеке тұлға болып дамуында іс-әрекет маңызды орын алады. Ол тұлғаның сапалары мен қасиеттерін дамытуға, жеке басына тән ерекшеліктерін өзгертуге ықпал етеді. Жалпы алғанда іс-әрекеттің әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау үшін, оның не екенін, мәнін және жеке тұлғаға тікелей немесе жанама ықпалын қарастыру керек.

Бұл тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:

1) іс-әрек

2) ет және оның әлеуметтік педагогикалық сипаты;

3) іс-әрекет түрлері, оның жеке тұлғаға прогрессивті және регрессивті ықпалы.

1. Іс-әрекет және оның әлеуметтік педагогикалық сипаттамасы

Іс-әрекет – адамның мақсатты түрде табиғи және әлеуметтік шындық ты өзгертуі. Оның құрамды бөліктері: мақсат, түрткі, құрал, қолданылатын іс-әрекет және нәтиже. Кез келген іс-әрекет субьектінің белгілі қатынасын қамтиды (қараңыз 1-ші сызба).

М--- Т---Қ--- (І + Қ)--- Н

1-ші сызба. Іс-әрекеттің құрылымы

Ескерту:

М – мақсат; Т – түрткі; Қ – құрал; І -іс-әрекеттегі қатынас; Қ- құралды қолдану әрекеті; Н – нәтиже.

Іс-әрекеттің әр құрамды бөлігінің (компоненті) жеке тұлғаға ықпал ететін өзіндік әлеуметтік-педагогикалық әлеуеті болады. Оның ықпалы тұлғаның жеке басында және іс-қимылында көрінеді.

Мақсат - өз іс-әрекетінің нәтижесін иделды түрде көруі. Ол адамның жасына, жеке бас ерекшелігіне лайық дамуымен және тәрбиесімен анықталады. Жастық кезінде өзінің кез келген қажеттілігін және танымын қанағаттандыруы. Уақыт өте келе адамның мейілінше даму деңгейіне байланысты мақсат оның ерекшелік сипаттарын көрсетеді, олар: қызығушылықтары, бейімділіктері, кейіннен кәсіби іс-әрекетіндегі кәсіпқойлық мақсатына және мамандығының түрткісіне айналады.

Мақсаттың бағыттары мен әлеуметтік себептері қоғамда орныққан талаптарға сәйкесуі немесе сәйкеспеуі де мүмкін. Осы көрсеткіштер бойынша мақсаттың жеке тұлғаға ықпалын байқауға болады: жекелей қарастырғанда, қалыпты (қалыпсыз), табиғи, жасы мен жынысының дамуына сәйкесуі (сәйкеспеуі); шығармашылық дамуы ерекше; деструктивті дамуы (асоциалдық, антисоциалдық) және т.б.

Іс-әрекет мақсатының сипаты субьектінің зерттеушілік немесе тәжірибелік, орындаушылық, шығармашыл-жасампаздық ісін қалыптас тырады. Сонымен бірге оның ерекше көзқарасы, жалпы бағыттылығы (қажеттері, қызығушылығы, мақсаты, өмірде көздеген жоғары мураттары, маманның субьектілік статусы, оның түрткісі пайда болады).

Түрткі – адамды іс-әрекетке бағыттайды. Көп жағдайда ол субьектінің өзіне тән ерекшелігін, өзін басқару қабілетін, өзбетінше қойған мақсатына қол жеткізуін немесе қысыммен әрекет жасатуы. Түрткінің негізінде түрлі қажеттіліктер жатыр (туа біткен және кейіннен пайда болған), таңдауы мен іс-қимылының себебін саналы түсінуі.

Түрткі (түрткі тудыру) іс-әрекет сипатымен байланыста қарастырылады. Мұндай жағдайда түрткінің адамға ықпалын түсінуге болады. Түрткілер жалпы, жеке және жағдаяттық сипатта болады. Жалпы сипаттағы түрткілер жеке тұлғаға тән типті (оның бағыттылығының ерекшеліктерін, субьектілік статусын) анықтайды; жеке сипаттағы түрткілер адамның бейімділіктерін бекітуі немесе әлсіретуі мүмкін; жағдаяттық – жеке тұлғаның субьектілік әрекеттерінде әр түрлі бейнеленеді.

Құралдар - адам іс-әрекет үдерісінде қолданылатын нәрсені таңдайды және сол арқылы мақсатқа жетеді. Олар өзінің әлеуметтік маңызына қарай: адамның жасы мен мүмкіндіктеріне сай; қоғамда және кәсіби ортада қабылданған; жаңа, типтік емес, ерекшеленген, бірақта тиімді, жеке тұлғаның өзіне тән шығармашылығын сипаттайтын; нақты әлеуметтік ортада қолдануға болмайтын, оның қалыптары мен ережелеріне қайшы келетін асоциалды тұлғаға тән (ондай тұлғаға қолданылатын кез келген құрал жарамды саналады, тек алынатын нәтижені қамтамасыз етсе болғаны).

Әлеуметтік-педагогикалық фактор адамның өзбетінше дамуына, іс-әрекет құралын таңдауына себепші болады. Ол бір қырынан, оның қандай тұлға екендігін, екінші қырынан, оның қалай сипатталатындығын анықтайды. Мысалы қалыпты дамыған адам жасына және қоғамдық талапқа лайық іс-әрекет құралдарын таңдайды; ерекшелігі бар, яғни дарынды адам - өзіндік ойы болғандықтан, шығармашылықпен қоғам талаптарына қайшы келмейтін құралды таңдайды; асоциалды тұлға үшін қоғам талаптарына сәйкеспейтін (көздеген нәтижеге жетуі үшін, кез келген құралды жарамды санайды) құрал таңдалынады. Адамның іс-әрекет құралдарын таңдауына қарай, ол оны сипаттайтын көрсеткіш болады. Соған байланысты ол қандай тұлға, оның даму бағыты қандай екендігі туралы білуге болады.

Американдық әлеуметтанушы Р.Мортон 1930-шы жылдары әлеуметтік аномия теориясын ұсынған еді (грек. а – терістікті білдіретін қосымша және nomos – заң), индивид іс-қимылының қалыптан тыс ауытқуының қалыптасуын негіздеген болатын. Әр мемлекетте белгілі мақсат пен оған қол жеткізу құралдары басымдылық етеді. Адам өмірлік қызметіне лайық мақсат пен құралды таңдауына байланысты жеке тұлғаның нақты бір қоғамның әлеуметтік қалыптарына сәйкесуі немесе сәйкеспеуінен асоциалды тұлға қалыптасуы мүмкін.

Іс-әрекет (құралды қолдану), алынатын нәтижеге қол жеткізетін мақсатқа бағытталады. Олар орындаушының іс-әрекет біліктері мен дағдыларының дамып жетілуіне және әрекеттік жаттығуға, жеке тұлғаның белгілі сапасын қалыптастырып, оны бекітуге ықпал етеді. Бір кезеңде практикалық іс-әрекеттер жеке тұлғаның бұрынғы дүниетанымдық көзқарастарын бекітуін немесе бекітпеуін және қалыптасқан (қалыптасатын) тәжірибесін жоққа шығаруы мүмкін.

Қарым-қатынс - бұл байланыс іштей қабылдауға және өзбетінше әрекет ету қажеттілігімен сипатталады. Ол барлық іс-әрекетпен бірге жүреді. Бұл адамның іс-әрекетіндегі өзіне деген сезімдік әрекет обьектісіне, орындайтын әрекеті мен оның нәтижесіне қатынасын білдіреді.

Адамның іс-әрекет барысындағы өзіне қатынасы біртіндеп қалыптасады. Ол кәсіби іс-әрекетінде айқын көрінеді. Әр түрлі адамдарда оның бейнелену формасы алуан түрлі болады: жауапкершілік, сындарлылық және талап қоюдан бастап, белгілі бір адамда алдындағы мақсатты шешуге деген абсолютті енжарлық танытуы, қойылған мақсатты орындамауы және тіпті оның жағымсыз тұсы - әрекет еткісі келмеуі. Адам тек өзін ғана жақсы көріп, әрекет барысында өзін сүюі, өзін жоғары бағалауы, өзіне, іс-әрекетіне мейілінше талап қоюы, сонымен қатар өзіне, іс-әрекетіне енжарлық танытуы, өзіне және өзінің мүмкіндіктеріне сенімсіз болуы және т.б.

Атқаратын іс-әрекетке қатынасы. Осы арқылы адамның жеке тұлғалық қасиеті байқалады, оның сапалылыққа ұмтылысы, кәсіби шеберлігін және жеке басына тән техникасын көрсете білуі. Осыдан маманның өз іс-әрекетіне деген қатынастары – қызығушылығы, жауапкершілігі немесе формалдылығы, енжарлығы т.б. көрінеді.

Іс-әрекет нәтижесіне қатынасы. Осы жерде іс-әрекеттің әрекет үшін енжарлықпен жасалатынын байқауға болады (қызметінің қажетіне байланысты іс-әрекет етуі), іс-әрекет үдерісі (ерте жас кезеңіне байланысты); нәтиже алуға шынайы және терең қызығушылық білдіруі. Маманның нәтиже әрекетіне қызығушылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жетістікке жетуі (жетпеуі) жеке тұлғаға ықпал етеді. Оң нәтиже маманның өзіне деген сенімін, мүмкіндіктері мен кәсібилігін арттырады; теріс нәтиже өз қабілетіне сенімсіздік тудырып, мамандық туралы ойын өзгертеді және т.б.

Адамның іс-әрекеті сезімге бай болса, іс-әрекетке деген құлшынысы мен табандылығы жоғары немесе керісінше төмен болады. Жағымды қатынас пен нәтижелілік сол әрекет түрімен айналысу тілегін арттырып, өзіне деген сенімін бекітеді; жағымсыз қатынас, керісінше, - қызығушылығын төмендетіп, енжарлық пен сенімсіздікке жол береді. Іс-әрекетке қатынас адамның сезім сферасына және ұмтылысына мейілінше ықпал етеді.

Нәтиже – ол іс-әрекет нәтижесіне қол жеткізу. Оның жеке тұлғаның дамуына ықпалы зор. Адамның іс- әрекет барысының нәтижесінде не және оны қалай алатынына байланысты, өзінің күшіне сенімі артады немесе, керісінше сенімсіздігі пайда болады; алынатын нәтижені алдын-ала болжап, оған қол жеткізу немесе белгілі жағдаятқа байланысты әрекет етіп, не болатынын күту және т.б.

2. Іс-әрекет түрлері, олардың тұлғаға прогрессивті

және регрессивті әсері

Іс-әрекеттің барлық құрылымы, жеке алғанда тек қана тұлғаның өз әрекетінен басқасы, оның дамуына тікелей және мейілінше ықпал етеді, оның қасиеттері (бағыттылығы, мінезінің сипаты, қабылеті); эмоциялық сферасы және кәсіби маңызы бар сапалары (белгілі деңгейді және іс-әрекет сапасын қамтамасыз етеді). Осы көрсетілген құрылымның жеке тұлғалық сапаға ықпалы көрінеді. Олар өз кезегінде, адамның іс-әрекетінің бейнеленуін (іс-қимыл) өзгертеді. Басқаша айтсақ, іс-әрекет құрылымының жеке тұлғаға ықпалы – бірінші болса, ал жүріс-тұрысы, яғни іс-қимылы – екінші сипатта болады.

Іс-әрекетті жүзеге асыру адамның білім, білік, дағдысын белгілі өзгеріске ұшыратады. Бұл өзгерістерді сипатына қарай «мінез-құлық, жүріс-тұрыс», бір сөзбен іс-қимыл деуге болады. Бұлар жеке тұлғаның практикалық іс-әрекетіндегі тиімсіз себептердің алдын алуға және оның дамуына көмектеседі. Адамның практикалық іс-әрекетіндегі бірінші ықпал мінез-құлқы, жүріс-тұрысын, ал екіншісі - тұлғалық сапаларын өзгертеді.

Жоғарыда айтылғандардың көрсетуі бойынша, кез келген іс-әрекет (бірсарындылықтан басқасы) жеке тұлғаны өзгеріске түсіреді. Ондай өзгерістердің ауқымы өте кең. Олар прогрессивті (неміс. progressiv – алға жылжу, жетістік – біртіндеп күшейеді, артады) немесе регрессивті (неміс. regressiv - қозғалыстың кері жүруі, бір нәрсе дамуының құлдырауы, кері кетуі, прогессивтілікке қарсы) сипатта болады. Адамның кәсіби іс-әрекетіндегі прогрессивті өзгеріске түсуі - бұл тұлғалық және мінез-құлық, жүріс-тұрысының, яғни іс-қимылының сапалы жетілуі, оның қызметтік міндеттерін сапалы орындау қабылетін, өзіне, іс-әрекет обьектісіне, өзінің кәсіби қызметіне, оның нәтижесіне және өзгелерге деген қатынасын жетілдіреді. Регрессивті – бұл да маманның тұлғалық және мінез-құлық, жүріс-тұрысының өзгеруі, өзіне, іс-әрекет обьектісіне, өзінің кәсіби қызметіне, оның нәтижесіне және өзгелерге деген қатынасының кері кетуін білдіреді.

Адамның атқаратын іс-әрекеттері оның тұлғасын және іс-қимылын өзгертуі тек бағытын ғана емес, қарқындылығына де ықпал етеді. Адам неғұрлым қарқынды түрде іс-әрекетке қатысса, соғұрлым оның тұлғасы мен іс-қимылы да өзгереді. Сөйтіп, белгілі бір кезеңде бұл адамның тұлғалық сапасын өзгеріске ұшыратады. Ол кәсіби деңгейі бойынша (осы іс-әрекетті атқару біліктілігі), өзіне, обьектіге және іс-әрекетке, өзгелерге мүлде басқа қатынас орнатады. Өзгерістің сипаты мен қарқындылығы, қарым-қатынасы және ондағы белсенділігі іс-әрекет түріне байланысты болады.

Іс-әрекет түрлері: кәсіби, педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-реабилитациялық және т.б.

Кәсіби іс-әрекет – маманның арнайы ұйымдастырған және регламентке тәуелді іс-әрекетіне белгілі құралдарды қолдана отырып, қоғамдық маңызды нәтижені алуды алдын ала ойластыруы.

Педагогикалық іс-әрекет – ересек адамдардың қоғамдық-пайдалы әрекетінің ерекше түрі, жас ұрпақты экономикалық, саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсатқа сай өзіндік іс-әрекетке дайындау.

Адамның әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеті өзіндік мақсаты, құралы, әлеуметтік жағдайды ескеруі және мәселелерді шешіп, нәтижеге қол жеткізуімен сипатталады.

Әлеуметтік іс-әрекет – бұл кәсіби іс-әрекеттің ерекше түрі, обьектінің (клиент) әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталады. Әлеуметтік қызметкер субьект түрінде әрекет етеді; оның іс-әрекет обьектісі - әлеуметтік мәселелері бар, маманның көмегін қажетсінетін адам; құралдары – экономикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық технологиялар, әдістер және педагогикалық техника.

Сонымен, кәсіби іс-әрекет жалпы іс-әрекетпен салыстырғанда өте күрделі, ол мақсатқа бағытталатын, ұйымдастырылатын, регламенттік сипатқа ие.

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1. Іс-әрекетті қалай түсінуге болады?

2. Іс-әрекеттің негізгі құрамы және олардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттары.

3. Жеке тұлғаның дамуына, қасиетіне ықпал ететін іс-әрекеттің құрылымы.

4. Мінез-құлық, жүріс-тұрыс, яғни іс-қимылына ықпал ететін іс-әрекеттің құрылымы.

5. Іс-әрекеттің прогрессивті (дамытушы) және регрессивті (теріс, кері әсер) сипатындағы ерекшеліктер.

6. Іс-әрекеттің негізгі түрлері және олардың әлеуметтік-педагогикалық сипаты.

РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Баланың іс-әрекеті және оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалы.

2. Түрткі және оның әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетке ықпалы.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. – М.: 1996.

2. Мардахаев Л.В. Профессиональная деятельность и деформация личности. – М., 2001.

3. Подвойский В.П. Профессиональная деформация специалистов социальной работы// Социальная работа.1997, №3.

4. Профессиональная деформация руководителя. – М.,1997.

5. Практическая психология для преподавателей.- М.,1997.

6. Шепель В.М. Управленческая психология. – М., 1984.

Педагогикалық теория мен практиканың бірлескен әрекетінің диалектикасы

Жоспар:

Наши рекомендации