Рмалас сөйлем, түрлері

Екі не одан да көп предикативтік бөліктен құралып, мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастықта келетін сөйлемнің түрін құрмалас сөйлем деп атайды.

Құрамалас сөйлемнің жай сөйлемнен бірден-бір айырмашылығы – біріншісінің (құрмалас сөйлемнің) полипредикативті болатындығы. Дәлірек айтқанда, кез-келген жай сөйлем бір ғана предикативтік единица деп есептелсе, құрмалас сөйлем екі, не үш немесе одан да көп предикативтік единицадан тұрады. Демек, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің арасындағы айырмашылық олардың құрылымдық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Айталық, Бірау аңға серілікпен шығады және Біреу оны күн көріске жамау-жасқау етеді деген конструкциялардың жай сөйлемдер екеніне ешкім дау туғызбайды, себебі әрқайсысына тән бастауыштық-баяндауыштық қатынас (предикативтік) бар, басқа да сөйлем мүшелеріне талданады, оның үстіне, жай сөйлемнің толымды, жақты, жайылма түрі екендіктері де белгілі. Қысқасы, бұл екі сөйлемнің екеуіне де бір ғана предикаттық қасиет байқалдады. Егер екеуін біріктіріп, Біреу аңға серілікпен шығады, біреу оны күн көріске жамау-жасқау етеді (Ғ. Мүс) түрінде қарайтын болсақ, әлгі екі предикативтің тұтасқанын көреміз, бірақ бұл жолы жай сөйлем емес, құрмалас сөйлем деп есептеледі. Ілгеріде айтылғандай, құрмалас сөйлем екіден көп предикативті болып келе беруі мүмкін: Әр түрлі балаларға кездесті. Олардың кейбірі бұған жатырқап назар аударса, енді біреулері таңдана қарайды, енді біреулері таңдана қарайды, бағзы біреулері мұны байқамаған пішінмен үнсіз өтіп те кетеді. (М.И) деген құрмалас сөйлемде үш предикаттық единица бар.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді бір-бірінен интонациялық жағынан да айыра білу қажет болады. Құрмалас сөйлемнің алдыңғы компонентінің баяндауышы көсемше, есімше немес септік жалғауларының біріне аяқталғанда, бұл әсіресе, көзге түседі: Таң атқалы бұл бөлменің есігі ашылып, кісі кіргені осы еді (М.Ә). Салалас құрмаластың алдыңғы компоненті тиянақты тұлғаға аяқталғанның өзінде де интонациядағы әлгі айырмашылық аңғарылып отырады. Мәселен, Көп зат емес еді және Бірақ қымбат заттар еді тәрізді жай сөйлемдердің аяқталар сәттеріндегі интонация екуіне де бірдей, алайда Көп зат емес еді, бірақ қымбат заттар еді. (С.М) ыңғайындағы құрмалас сөйлем болып келгенде, бірінші предикаттық единицаның жай сөйлем түріндегі тиянақтаушылық интонациясы ұластырушы, келесі компонентпен (бірақ қымбат затар еді) байланыстырушы интонацияға айналып кетеді.

Жай сөйлем құраудағы жеке сөз бен сөз тіркестері сияқты, жай сөйлем құрмалас сөйлемнің құрылыс материалы болып есептеледі. Соның өзінде, мысалдардан көрініп отырғандай, дара сөйлемдік қасиетін белгілі бір дәрежеде жойғандықтан, құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер емес, предикативтік единицалар немесе предикативтік бөліктер деген атауға ие болады.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем бес түрге бөлінеді:

1. Ыңғайлас салалас құрмалас; 2. Қарсылықты салалас құрмалас; 3. Себеп - салдар құрмалас; 4. Талғаулықты салалас құрмалас; 5. Кезектес салалас құрмалас.

1. Ыңғайлас жалғаулықты салалас. Құрамындағы жай сөйлемдері бастауыштарының іс-әрекеті бір тектес, мезгілдес, орайлас, бір сарынды мағыналық қатынаста айтылған салалас құрмалас сөйлем ыңғайлас салалас деп аталады. Мысалы: Қашқын ұзап кетті және Кертөбелге жетер мұнда ат та жоқ ( Ғ. Мұст).

2. Қарсылықты салалас құрмалас. Құрмаластағы жай сөйлемдер өзара қарама-қарсы мәнде жұмсалатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен. Мысалы: Қараша айы жақындады, бірақ әлі күн суытқан жоқ.

3. Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдер өзара бір - біріндегі істің себебін не салдарын білдірсе, оны себеп - салдар салалас дейміз. сондықтан, себебі, өйткені, себептері, неге десең, т. б. Мысалы: Мақсат біреу, сол себепті оны екіге бөлу - ымырашылдық ( Ғ. Мұст.)

4.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің біреуіндегі істі жүзеге асатындығына болжам жасайтын сөйлемдерді талғаулы салалас құрмалас сөйлем дейміз. Шылаулар: не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, әлде, бірде. Мысалы: Сенің алдыңда екі - ақ жағдай бар: не сабақты жақсы үлгеруің керек, не оқуды тастап, аулыңа кетуің керек ( С. Шайм.).

5. Кезектес салалас құрмалас сөйлем

Кезектес салалас сөйлемде жай сөйлемдер істің, оқиғаның кезектесіп, алмасып келуін білдіреді. Жалғаулық шылаулары: біресе, кейде, бірде. Мысалы: Біресе жаңбыр жауады, біресе қар ұшқындайды.

Наши рекомендации