Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін
Зұлымдық пен айланы қылады сеп...
Жан тыныштығы мен қуаныш бұл біздің шынайы ішкі табиғатымыз.
Тыныштықты сумен теңестіреді: түбі тыныштық, беткі жағы - сезім.
Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың қош иісті гүлі шешек атады.
Шын мәнінде бүгінгі күні адамзат жоғалтқан үлкен тақырып – ішкі тыныштық.
Ішкі тыныштық салауатты және ахлаққа ие адамның сезімі мен қылығының маңызды ерекшеліктерінің қатарына жатады.
(Усиле Кафи, 2 том, Хоснул Зән бабы).
Ақылдың табиғаты
• Ақылды айға теңеуге болады. Себебі ай өзінен жарық шығармайды.
Ол басқалардан қуат алады. Сол сияқты ақыл да рухани деңгеймен
біріккенде парасатқа ұласады.
• Ақыл толассыз ой, пікірлер, қалаулар мен мазасыздықтардан тұрады.
• таза ақыл жалғыз өзі жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты
ажырата алмайды.
Сондықтан ақыл парасатқа бағынуы қажет (интеллекту).
• Ақылдың міндеті – сезімді қадағалау, егер ақыл сезімге бой алдырса,
онда ол сезімнің құлы болады да адамды бақытсыз етеді.
• Егер ақыл-ойды жоғары рухани «Мен» ге бұрсақ, онда ол
сезімді оңай, дұрыс басқарып, адамды бақытты етеді.
• Ақыл – бұл кілт, жүрек – құлпы.
• Ақылды құлқынның құлына айналдырсаң, онда жүректің
«құлпысы» жабылып қалады да біздің өмірімзіді, жан дүниемізді
мазасыздық билейді.
• Ал ақылды рухани дүниеге бұрсаң, жүректің «құлпысы» ашылып,
сіздің өміріңіз бен жан дүниеңізде тыныштық орнайды.
• Ажырата білу - ішкі ақылдылыққа, даналыққа жол бастайды.
• Ақыл-парасат (интеллект) адамның шынайы, жоғары «Мені» -нің күші.
• Адам ақыл-парасаттың негізінде өзінің шынайы табиғатын таниды, сезінеді.
• Ақыл-парасаттың (интеллекта) міндеті – ақылды бақылап, бағыттап отыру.
• Ақыл-парасат (интеллект) жақсы мен жаманды, өтірік пен шындықты, уақытша дүние мен мәңгілікті ажырата білу күшіне ие.
- Ақыл кілт, жүрек – құлып
- Ақылды құлқынның қолына айналдырсақ, онда жүректің «құлпысы» жабылып қалады да біздің өмірімізді, жан дүниемізді мазасыздық билейді. - ал ақылды рухани дүниеге бұрсақ, жүректің құлпысы ашылады.
Ішкі тыныштықты жоғалту – адам үшін ең үлкен азап.
Ешқандай сыртқы күштер адам ішкі тыныштығын бұза алмайды.
Тыныштықтан айрылу – тек оның өзінің мазасыз ойлары мен
іс-әрекетінің ғана нәтижесі.
Мұсылман ойшылы, мүттаһари ішкі тыныштық үйлесімділігі жөнінде былай дейді:
Кейбір адамдар іштей өздерін рахат сезінбейді, олар риза емес және ішкі тыныштыққа ие емес. Солғын және безбүйрек. Алайда олар осы дегбірсіздіктің себебін білмейді. Өмірінде барлық нәрсе мен барлық мүмкіндіктердің бар екенін көрсе де өзінің тұрмыс- тіршілігіне риза емес. Осындай кісілердің шешілмеген қажеттіліктерінің бар екені даусыз. Олар өз рухындағы бір кемшілікті сезінеді. Ол өзінің табиғи қажеттіліктерінің бірі, иманнан жұрдай екенін білуі тиіс. Әркез иманның қайнар бұлағына жетіп, Жаратушының нұрын көріп, оны өз рухани дүниемізде екенін сезінсек, сол кезде бақыт пен ләззаттың мағынасын түсінеміз.
Дейл Карнеги “Уайымшылдықты қойып, өмірді баста”деген кітабында: “Иманы бар адам абыржушылыққа берілмей, өз тұлғасының тепе-теңдігін сақтайды. Ол үнемі келеңсіздіктерге тосқауыл қоюға дайын”, - деп жазды.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді. Ізгілікке насихаттау сөздері болса, адамның жүрегіне нұр болып құйылады.
Жүректі қарайтатын сөз болса, ол міндетті түрде адамның жүрек қалыбын қарайтып, имани нұрын сөндіреді.
Сұрақ: “Жаны жай тапқан жүрек” пен “Жаны жай таппаған пенденің іс-әрекеті” қандай болмақ?
Адамның жаны тыныш болса, отбасында тыныштық орнатылады.
Отбасында тыныштық болса қоғамда да тыныштық болады.
Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте де тыныштық орнатылады.
Мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде де тыныштық болады.
Асан Омаров Абайтанушы ғалым Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу мақаласы тақырыбынан үзінді.
Қазіргі заманның түзелуі үшін әр адамның кірден тазаруы, рухы жетілуі мен иманы нығаюы шарт. Себебі, егер жеке тұлға “іштегі кірді қашырса”, яғни әр адамның рухани жан тәрбиесі жолға қойылса, мұндай тәрбие кемелдігінен бүкіл қоғамның кемелдігі құралмақ. Сонда ғана адамзаттың ішкі тыныштығы мен рухани жетілуінің өзгедей амалы, жолы жоқ болар еді...
Сенімді ақыл мен ерікке бағындыру қажет. Табандылық пен өзіңді-өзің билеу, өр рух пен қайыспайтын қайсарлық - ерліктің кепілі.
Бауыржан Момышұлы
Таза ақыл жалғыз өзі жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты ажырата алмайды. Сондықтан ақыл парасатқа бағынуы қажет.
Ақыл парасат жақсы мен жаманды өтірік пен шындықты, уақытша дүние мен мәңгілікті ажырата білу күшіне ие.
Жақсы адамды кездестірсен одан, үйренуге тырыс, ал жаман мінез құлықтағы адамды кездестірсен өзіңді-өзің зертте.
Конфуций
- Сөзіңізді: шын сөйлеңіз, көп сөйлемеңіз, өзгелерді жазғырып, сынап мінемеңіз, сүйіспеншілікпен, ілтипатпен сөйленіз – Ақиқат
- Іс-әрекетіңізді: ар-намысқа сәйкес, ұят болмайтында аркет етіңіз, көмектесіңіз, зиян келтірмеңіз, мемлекеттің заңы сәйкес әрекет ету - Парыз).
- Тек жақсылық ойлаңыз, өкпе-реніш, қызғаныштан аулақ болыңыз – Жан тыныштығы.
- Мінез-құлқынызды: өзіңіздің шынайы табиғатыныз болып табылатын мейірімділік пен бақытты көрсетіңіз – Махаббат.
- Жүрегіңізді: өзіңіздің шынайы рухани табиғатыңызды ұмытпаңыз – Қиянат жасамау.